СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Реттік санау.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

asjxchhgnmwerthjkiuytrdxcvbnmmnbvcdtyjutfutitri

Просмотр содержимого документа
«1.1 Натурал сандар және 0 саны. Реттік санау.»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Мектеп:Көкшетау қаласы

2 орта мектеп лицей

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1А бөлімі :Сандар және цифрлар

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Казенова Анар Кайратовна



Сынып:1

Қатысқандар:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Реттік санау.


Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

(ОБ сілтеме)

1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну;10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау




Сабақ мақсаттары









Барлық оқушылар: 10 көлеміндегі сандар жолынын құрылуын түсіну

Көптеген оқушылар: 10 көлемінде тура және кері бағытта санау

Кейбір оқушылар:Сандардың натурал сандардың қатарындағы орнын аңықтау



Жетістік критерийлері

10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді.

10 көлемінде тура және кері бағытта санайды.

Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды



Тілдік мақсат


Тілдік мақсаттар:

  • сөйлеу барысында реттік сан есімдерді пайдалану, сұрақтар қою.

  • Әртүрлі пікірлерді ескеру, келісу және ортақ шешімге келу.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

  • 1-ден 10-ға дейінгі сандардың атауы,

  • санау, санап шығу, барлығы

  • Қанша? Саны бойынша нешінші?

  • алдыңғы сан, келесі сан

  • жанындағы сандар

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

-Бір қолда неше саусақ?

-Екінші қолда неше саусақ?

-Екі қолда неше саусақ?

-Ортан терек нешінші?

-Кішкентай бөбек нешінші?


Құндылықтарды дарыту

Өздігінен жұмыс жасауға және басқаның ой пікіріне көңіл бөлу.



Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, жаратылыстану


Алдыңғы меңгерілген білім

1 -10 дейін санай алады,сандарды ажыратады




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


7 мин


































5 мин



(ҰЖЖ) Ширату жаттығу «Бес саусақ» әдісі

Оқушыларға ақ қағаз таратылады.Олар қағазға қолдарының

үлгісін басып және оны қиып алу керек. Әр оқушы бір қолда

неше саусақ бар екенін санайды және қасындағы оқушымен

жұптаса отырып екі қолда неше саусақ бар екенін санайды.

Сұрақ қою арқылы тапсырманы ашамыз.

-Бір қолда неше саусақ?

-Екінші қолда неше саусақ?

-Екі қолда неше саусақ?

-Бас бармақ нешінші?

-Балан үйрек нешінші?

-Ортан терек нешінші?

-Шылдыр шүмек нешінші?

-Кішкентай бөбек нешінші?

«Санамақ»өлеңін хормен айтқызу

Кел санайық,санамақ,

Саусақтарды даралап

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы,

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы,

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.

Он қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ

Екі қолды қосқанда,

Болады он саусақ.


Сабақтың мақсаты натурал сандардың және нөл

санының құрылуын түсін және10 көлеміндегі сандарды тура

және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы

орнын анықтау




(Д)Тапсырма «Тез сана»Оқушыларға ұсынған немесе өздері

таңдаған ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың

заттарды санау мүмкіндігі бар екеніне көз жеткіземін

Олардың бір-біріне және нені санап, қанша шықанын

айтуы керектігін түсіндіремін








Ақ қағаз,қайшы





























ОМЖ 1 сынып Есептеуге арналған санау таяқшалары, түймелер т.б


Сабақтың ортасы


5мин





7мин









5мин
















3мин




(Ж ) «Орындап көр». Оқушыларға бірінші партадан бастап

санауды тапсырмын. Оқушылар жұпта жұмыс істей алады:

біреуі тура ретпен санайды, екіншісі кері ретпен санайды.





(Т)Тапсырма «Сандарды мүсіндеу» Оқушыларды екі топқа

бөліп 1-10 көлеміндегі сандарды бірігіп тақтайшаға ермексазбен мүсіндеуді сұраймын.Бірінші топ сандарды тура,екінші топ сан

дарды кері ретімен қою керек.




(Ө қ)Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен

байланыстырыңыз.

10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз:





Дескриптор: Білім алушы

- Гүлдерді өсу ретімен санай отырып,сәйкес санмен

байланыстырады;

-10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады.




(Ө қ)3 санынан кейінгі санды жазыңыз:

8 санының алдында тұратын санды жазыңыз:

Дескриптор:

Білім алушы

  • 3 санынан кейінгі санды жазады;

  • 8 санының алдындағы санды жазады.












Тақтайша ермексаз



















ҚБ жинағы

1-сынып 6,7 бет


















Сабақтың соңы

3 мин



3мин






2мин

(Ұ) «Сандарды ретімен ілу» Оқушыларға1 -10 сандар жазылған карточкалар ұсынамын.Олар тақтанын алдында ілініп тұрған лентаға қысқышпен 1-10 дейін сандарды ретімен іліп беру керек


(Ұ)Рефлексия: «Микрофон»әдісі арқылы қалаған оқушылар өз ойларын білдіреді.

-Мен білдім...

-Мені қызықтырды...

-Қиын болды...

-Мен түсіндім...

-Мен үйрендім...

-Мен білгім келеді...

(Ө) Бағалау:

Бағдаршам түсі арқылы бағалайды


Өте жақсы түсіндім


Жақсы түсіндім


Түсінбедім



Оқушылар орнында отырып,бағдаршамның түсіне қарай өздерін бағалайды Өте жақсы түсіндім деген оқушы қызыл түсті көтереді, жақсы түсіндім деген оқушы сары түсті көтереді, түсінбедім деген оқушы жасыл түсті көтереді.



Сандар жазылған карточкалар,

лента,қысқыш

тар


Микрофон









Бағдаршамның суреті тақтада,қызыл,

сары,жасыл түсті дөңгелектер




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!