СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1 сыныпқа арналған "Қызықты грамматика" вариативті курсына арналған сабақтар топтамасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сыныпқа   арналған  "Қызықты грамматика" вариативті курсына арналған сабақтар топтамасы

 

Просмотр содержимого документа
«1 сыныпқа арналған "Қызықты грамматика" вариативті курсына арналған сабақтар топтамасы»


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» ММ




«Қызықты грамматика» курсынан

Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің

1-сынып оқушыларына арналған

Құрастырған: Орынбаева Гаухар Тортайқызы

Койшыбаева Элия Жакуповна










Қостанай-2013 жыл


  1. Күні, айы, жылы:

  2. Мұғалім:


Сабақтың тақырыбы: Ойлаңыздар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: қазақ тілінің әлемдегі орны туралы оқушыларға қызықты деректер беру. Олардың ойларын ауызша сұрау.

2.Тәрбиелік: Елжандылыққа, бірлікке, бір-бірін тыңдай білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: : Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын әдісі.


Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, музыкалық орталық

Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару


ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

«Миыға шабуыл» оқушылардың интеллектуалдық білімдерін сынап көрейік.

1.Көпіктікүтетін жер (Аялдама)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

3.Бөле деген кім?(1 үйдің қыздарының балалары)

4.3 биді ата? (Төлеби,Қазыбекби, Әйтекеби)

5. Күрішті аймақ?(Қызылорда)

6.Қасиетті сан? (7)

7.Қазақстанның астанасы? (Астана)

8.Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы)

9.Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)

10. Ең үлкен жануар? (піл)

11.Аспанда қанша жұлдыз бар? (саналмайды)

12. Тышқанның жауы? (Мысық)

13.Ойды қалай , немен жеткіземіз? (Сөйлеммен)

14. Наурыз көжеге неше тағам саламыз? ( 7)

15. Құстың негізгі мекені? (Ұя)

16. Аяз атаның немересі? (Ақшақар)


ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту. а) Заттарды әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру.ә) Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы терминдерін енгізу. б) Түстері, пішінін салыстыру.ІҮ. Жаңа сабақ

а )Сымның жіптің қиындыларын, қағаз жолақтарды салыстыру. ә) Кітап пен дәптер қалыңдығын салыстыру. Екі оқушыны қатап тұрғызып, биік- аласа, сөзінің мән-мағынасын түсіндіру. Қарама-қарсы сөз тіркесін ажыратып, тани білу. Ұзын-қысқа. Қалың- жұқа т.б Биік-аласа

Сергіту сәті.

Бір, екі ,үш төрт те бес, Алты, жеті сегіз, тоғыз, он

Қайта сана көп те емес, Өлше , есепте санап жөн.

ІҮ. жаңа білімді бекіту.

Дидактикалық ойын арқылы сөз тіркестерін қолдану.

Қысқа-... аласа-... жұқа-...

Ұзын-... биік-... қалың---...










Ү. Дәптермен жұмыс

1-тапсырма. -- --


ІҮ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:


Сабақтың тақырыбы: Шахмат атының жүрісімен

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл - ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір - біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сауат ашу

көрсету, сұрақ - жауап.

Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психо жаттығу: «Күлімдейік».

- Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата - анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан - жағымызға күлкі сыйлайық.

Олай болса кел, балалар күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

- Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.

Жаттығу «Біз байсалдымыз»

Біз байсалдымыз,

Мұқият тыңдаймыз,

Есте сақтаймыз,

Бөгет жасамаймыз,

Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

- Балалар бұл ненің дыбысы?

Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)

Сәлеметсіңдер ме балалар бұл даярлық тап па?

Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.

Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр, ал олардың үйі міне қандай әдемі.

(ауызды көрсетші, аша ғой қане). Үйдің төбесі бар. Еден төменгі таңдай, Есік еріндер. Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар. Бәрі жақсы болар еді, бірақ үйдің шінде ашулы айдахар кіріп алыпты. Алайда кейбір дыбыстар емін - еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың. жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды. Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.

Мен жайлы не білесіңдер?

- Сөз, сөйлем, дыбыс, дауысты, дауыссыз дыбыс жайлы балалар айтады.

Менің әлемім жайлы білдіңдер енді мен сендермен қоштасайын. Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!


1. Жұмбақ

Бұл не? Сиыр.

Қай дыбыстан басталып тұр? (С)

С и ы р сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар? 4 әріп 4 дыбыс.

Сиыр сөзін буынға бөлу. Си - ыр екі буын. Қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз...

(Тақтаға бір бала басқа б - р орнында текшелермен жазады )

Қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс. оларды

Екі дауысты, ол и және ы дыбыстары. Ол үйткені созылып әндетіп кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.

С, Р - дауыссыз үйткені қысылып кедергіге ұшырап дыбыстауға келмейді.

Сиыр бұл сөз.

Сиыр қандай болады?

Ала бұл да сөз. Енді екі сөзді байланыстырайық. Ала сиыр. Бұл енді сөйлем болады.

Сөйлем сөздерден құралады. Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз. Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)

Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді. Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.

Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында.!? белгісі қойылады.


2. Балалар көзімізді жұмып ештемені көрмесек те менің дауысымды, иттің үруі, машинаның гүрілін естисіңдер. (таспадан тыңдату) Бұлар дыбыстар.

Оларды көзбен көрмегенмен құлақпен естисің. Оларды естиміз, айтамыз.

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.


3. Дидактикалық ойын «Қай дыбыстан басталады» Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады.

4. Буын ұйқастар:

ра - ра - ра – ұшып жүр ара; ар - ар - ар – дала толы қар; ыр - ыр - ыр – үйдің сыртында қыр; ры - ры - ры – жапырақтар сары; ір - ір - ір – үсті – басы кір;


5. К. Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін оқып беру.

Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көкорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. бір кезде қатты жел соқты. Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У - у - у

Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.

Қандай дыбыстар естіледі? Ш - ш - ш

Тоғайда жүру өте қиын болды.

Маса ызыңдап, мазасын алады. З - з - з

Ескендір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р - р - р

Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.

Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. С - с - с

Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар - Ж - ж - ж.

Ескендір ала бұзауын шақырады.- Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші: Ауқау - ауқау!

Жақын жерден бұзауын үйіне айдап қайтты.

Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік, біз дыбысты қайтеміз?


6. Сергіту сәті. Мен дыбыстарды дауыстап айтамын, ал сен « А» дыбысын естігенде алақаныңды шапалақта. Естігенде аяғыңды тыпырлат т. с. с қимылдар

О - О - О - У - У - У - А - А - А - Э - Э - Э - Ы - Ы - Ы А - А - А - Т – Т - Т - М - М - М А - А - Я - Я - Ө - А - Е


7. Мнеможолдар арқылы балаларға мазмұнын айтқызу.

8. Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Текшемен сөйлем жазу.



9. Сөздік ойын «Қарама – қарсы сөздер»

Мен «жоғары» десем, сен........

Мен «төбе» десем, сен.......

Мен «үлкен» десем, сен.....

Мен «алыс» десе, сен.....

Мен «биік»десем, сен.....

Мен «ауыл» десем, сен......

Мен «құрғақ» десем, сен.....


10. Ребус шешу

11. Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша жазу.

Сонымен балалар, сөз дыбыстардан құралады, дыбыстарды айтамыз, естиміз

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.

12. Кім жылдам? логикалық ойын

Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан). Кітап неден жасалған? (қағаздан)

Орманда не көп? (ағаш). Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы)

Қорытынды: «Өз көңіл – күйіңді сал»

Рахмет айтып сіздерге, күлкімізді сыйлайық.

Көріскенше күн жақсы, аман есен болайық!

Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: сөзжұмбақтарды шешейік.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Әріп, дыбыстар туралы еске түсіру, қайталау, жаңғырту. Олардың ойларын ауызша сұрау.

2.Тәрбиелік: Елжандылыққа, бірлікке, бір-бірін тыңдай білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: : Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын әдісі.


Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, музыкалық орталық

Пәнаралық байланыс: Музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Бекіту. Сөзжұмбақтар шешу.


2.



3.



4.



ІІІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.






Күні, айы, жылы:

Мұғалім:


Сабақтың тақырыбы: Жетілік ұғым

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.

Жас ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу түрін дамыту. Сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Әлемнің жеті кереметі», «Қазақстанның жеті кереметі» слайдтар, бейне фильм


Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Психологиялық дайындық


Өнер де, ой да, білім де,

Өркендер ана тілінде.

Ананың тілін сүйгендер,

Сапалы білім үйренер

Оқушылар хормен:

Алу үшін сапа білім,

Ардақтаймыз ана тілін!


ІІІ. Жаңа сабақ. Киелі сандардың қасиеті

Қазақ табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.

Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жалпы сандардың тек қана математика сабағында ғана емес, күнделікті тұрмыста да маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде ерекше қызмет атқарған. Қазақ халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Сол себепті қазақ халқы бұл сандарға «киелі» деген ұғымды байланыстырып айтқан.

Сол сандардың ішінде ерекше киелі сан−7

ІҮ. Сабақты пысықтау.

«Киелі жеті саны»

Жеті байлық

Жеті ата

«Сөз маржанын төгейік»

Оқулықпен жұмыс

Жеті байлық

Бірінші байлық - денсаулық.

Екінші байлық - еркіндік

Үшінші байлық - тіл байлық

Төртінші байлық - қайрат-күш

Бесінші байлық - ақ жаулық

Алтыншы байлық - балаңыз

Жетінші байлық - жүз саулық


Өзің талдап көр

Ауру−сырқаудан аман болу, есен−саулық

Еркіндік, бостандық, тәуелсіздік

Ел тәуелсіз, еркін ел болса, ол өз тілінде сөйлейді.

Қайрат−күш, батырлық, батылдық

Ақ жаулық−ер азаматтың жары, әйелі.

Бала−өмірдің жалғасы

Жүз саулық−адамның байлығы, қорадағы малы


Шежіре - Туыстас, бір руға тән ұрпақтардың таралу жолы; Рулық, туыстық кесте.

Жеті атаның балаларын бір атаның балалары деп атайды.

Жеті ата − қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады:

ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын


Өлең жолын оқу

Бай болмасам ақылға, айтуымен атамның,

Дұрыс па әлде қате ме, мен айтайын, санашы.

Болады екен әкеге

1-ші ұрпақ – баласы.

2-сі – немере,

3-сі – шөбере,

4-сі – шөпшегі,

5-ші – немене,

6-сы – туажат,

7-сі – жекжаты.

Сергіту сәті

«Ұрпақ есебі»

Зерек жаттап қуанар, жамағайын мыналар.

Бармағың бұл туажат,

сұқ саусағың – жүрежат.

Ортаң қолың – жекжат,

аты жоғың – жұражат,

Шынашағың – жамағат.

«Өзіңді сынап көр» Кестені толтыру


Бірінші байлық - денсаулық.

Екінші байлық - еркіндік

Үшінші байлық - тіл байлық

Төртінші байлық - қайрат-күш

Бесінші байлық - ақ жаулық

Алтыншы байлық - балаңыз

Жетінші байлық - жүз саулық


Сабақты қорытындылау:

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні...»

«Бүгінгі даналық ұғымы сабағынан не алды?», «Нені үйренуім керек?» - деп ойлайсыңдар?


- Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының 7 санын қалай құрметтегенін оқып білдік.

- Ендеше тақырып мазмұнына байланысты қандай мақалдар білеміз?

Жеті атасын білмеген жетесіз.

Бірінші байлық - денсаулық.

Оқушыларға және сабаққа қатысқан қонақтарға «Киелі сандар» кітапшасын естелікке тапсыру.


Бағалау:

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма беру:

Өз жеті атасын жазып келу.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасы

Мақсаты:

Білімділік. Білімді қалыптастыру, пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық. Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу

Тәрбиелік.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, сақтауға, құрметтеуге үйрету.


Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тарихы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

Сәлемдесу . Сабақ мақсатымен таныстыру.Бүгінгі сабақта біз қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуге, сақтауға, құрметтеуге үйренеміз. Бұрынғы алған мәліметтерімізді жинақтап, білгенімізді, сөйлеу, жазу, ойлау әрекеттерімізді жетілдіріп, көрсетуге тырысамыз.


2. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру

Қазақ дастарқаны. Қазақ халқы өте қонақжай халық.. Қонақ келсе, ол дастарқанға барлыгын қояды, сыйлап күтеді. Қасына өнерлі адамдарды шақырып, көңілдерін көтереді.


Интерактивті тақтамен жұмыс. Суреттер оқушыларға көрсету.


А)Ұлттық тағамдар.

1 Қандай ұлттық тағамдарды білесің?

2. Оның ішінде ет тағамдары?

3. Сиыр сүтінен жасалатын сусын?

4. Бие сүтінен жасалатын сусын?

5. Түйе сүтінен жасалатын сусын?


Б)Сергіту сәті.

Кәнеки, тұрып денемізді жаттықтырайық.

Басымызды он жаққа бұрып, көршімізге қарайық.

Басымызды сол жаққа бұрып, сол жақ көршімізге қарайық.

Төмен қарап, он құлақпен еденнің астында не болатынын тыңдайық.

Сол құлақпен тыңдайық.

Аспанға қарап, ұшып бара жатқан құстарға қарайық.

Басымызды иіп, аяк киіміміздің ұшына, тазалығына қарайық.

Қолымызды көтеріп ұшып бара жатқан құстарға сәлем айтайық.



В) Тамақ жегенде төмендегілерге абай болу керек.

Қазақ дастарқаны өте бай. Ол сүттен, еттен жасалатын тағамдар.Мысалы: бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая. Сүт тағамдары: айран, ірімшік, құрт. Сусын тағамдары: қымыз,шұбат, көже, тары көже, бидай көже, күріш көже, т.б. Тамақ ішіп болған соң, сыйлы, қадірлі, жасы үлкен адам бата береді, ас қайырады.


3) Интерактивті тақтадағы суреттермен танысу.


В) Хормен (бірлесіп) оқиды.

1. Тамақтың тазалығына қарау керек.

2. Тамақтың алдында қолды жуу керек.

3. Тамақты асықпай жеу керек.

4.Тамақты көп шайнау керек.

5. Ыстық тамақты суытып жеу керек.

6. Тамақтан кейін қолды және ауызды шаю керек.

3 Жаңа тақырыпты баяндау.

Сонымен бата дегеніміз не? Батаның қандай түрлері болады?

Ғасырдан-ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазына- ауыз әдебиетінің арналы бір саласы. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Оған дәлел: « Бата-сөздің анасы», « Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын», «Ботаның құны бір-ақ жұт, бата- балаға мәңгі құт», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас».Бата түрлері:

Ұлыстың ұлы күні берілетін баталар, сапарға бата, дастарқан батасы, соғым батасы, тұсау кесер бата, әскерге баратын жастарға,туған күнге бата, қыз балаға бата, ұл балаға бата, жас жұбайларға бата, ұзатқан қызға бата.

Бата- біреуге тілек ретінде айтылатын сөз.


5. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру.

Сонымен бата туралы не білдіңдер, қандай жаңа ақпарат алдыңдар, неге үйрендіңдер?

Сабақтың тақырыбы: Нағыз сөзді табыңыз.

«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі»

Халық мақалы

Мақсаты:

1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;

2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар:

Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар

( әдептілік туралы), құпия хаттар т.б.

Шаттық шеңбері

- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)

Әдеп.

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті де білемін

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Апама айтып өкпесін.

К. Байзақов

- Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?

• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?

• Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Түйіндеу


Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.


Кішіпейілділік Үлгілі бала

Су құйдым да құманмен, Бақшаны суарып, келді ол су алып,

Қолына мен әкемнің. Самауыр қайнатып, үйде де, түзде де

Содан кейін оған мен Қылығы өнеге, ұстазы бізге де

Орамалды әпердім. Ұнайды ол неге?

Әдептілік әліппесі


Атам маған әманда Алдын орап кісінің,

Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда - Ізетімен кішінің -

Жсы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп , қол берем.


Атам маған әманда Өзгелерден өзімді

Кішіпейіл бол деген. Санамаймын жоғары.

Ата сөзі санамда - Артық айтып сөзімді

Мақтанбауды жөн көрем. Желпінгенім жоқ әлі.


Атам маған әманда Қалдыратын ұятқа -

Әділетті бол деген. Жалған сөзге төзбеймін.

Ата сөзі санамда - Жеткізетін мұратқа -

Жүрем тура жолменен. Тек шындықты көздеймін.


А. Асылбек

Мәтінмен жұмыс

Әдептілік

Ы. Алтынсарин

Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.

Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.

Қасындағы бай:

- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.

Сонда ғалым тұрып:

Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.


• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?

• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Суретпен жұмыс

Сурет бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.

Ойын «Жалғастыр»


«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)

- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)

- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)

- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)

- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)

- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)

- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

«Құпия хаттарға» жауап беру

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.

Хоттардың мазмұны:

1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері»

Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырады.

Әдептілік ережелері

• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.

• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

Дәйексөз

«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Қорытындылау

- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.

Жүректен – жүрекке

Арасанбай Естеновтың «Әдеп» өлеңі

Әдеп

А. Естенов

Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың,

Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа.

Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,

Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.



Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Асыл сөздерді жаттайық.

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушыларға қазақ халқының шешендік сөз өнері, оны айтушылар, тәрбиелік мәні, сөйлеу мәдениеті туралы түсінік беру.

ә) Сыпайы, мәдениетті сөйлей білуге, ана тілін сүюге тәрбиелеу.

Б) Мәнерлеп, нақышына келтіре оқуын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: ЖИГСО, мағынаны ашу, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, би-шешендер суреті, цитаталар, кескін карталар, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Оқушыларды топқа бөлу: 1 топ: «Төле би» 2 топ: «Әйтеке би»

Сабақтың өту жоспары:

Кіріспе.

Аталар сөзі-ұрпаққа аманат.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Болмасаң да, ұқсап бақ.

Менің пікірім.

Бес жолды тұжырым.

Кестемен жұмыс.


Топтық жұмыс.


1. Жаңа сабаққа кіріспе:

Шешендік сөз дегенді қалай түсінесіңдер?

Шешендік сөздерді кімдер айтқан?


Қазақ халқының қандай би-шешендерін білесіңдер?

2. Аталар сөзі-ұрпаққа аманат.

Әр топ үйден дайындалып келген би-шешендердің сөздерінен үзінділерді жатқа айтады.


1-топ. «Төле би»: «Дүниеде не өлмейді?» деген әз Жәнібек ханға Жиренше шешеннің айтқаны:

Ағын судың өлгені-

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені-

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені-

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені-Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ,

Бір алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.


2 топ: «Әйтеке би»: Төле бидің айтқаны:

Жаңбыр жаумаса жер жетім

Басшы болмаса ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім…

Атың жақсы болса,


Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иланың,

Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы.


ІІІ. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».


Әр топ сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтел айтып жарысады.


IV. «Болмасаң да, ұқсап бақ…»

Әр топқа би-шешендердің сөздері таратылады, соны рөлге бөліп оқиды.

V. Менің пікірім.

Әр топ сұрақтарды алып, өз пікірлерін білдіреді.


Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?


Сыныпта кім қалай сөйлейді?

Мектепте сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасқан оқушы бар ма?

Мектепте, үйде кімді тілге шешен, жақсы сөйлейді деп ойлайсың?


VІ. Бес жолды тұжырым

Қандай сөздер? Шешендік сөздер

Неге жатады? Сөз өнеріне

Кімдер айтады? Ақындар, би-шешендер

Кімге аманат? Ұрпаққа аманат

Би-шешеннің айтқаны? Соңғы шешім.


ІІ. Әр топқа кесте таратылады, кестені толтыру:

Не түсіндің?

Нені өзіңе тоқыдың?

Нені білгің келеді?


Қорытындылау.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Күй атасы-домбыра.

Мақсаты: Ұлттық аспаптар туралы мағлұат беру.

1. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы-домбыра туралы түсінік беру. Оның шығуы, құрылысы туралы аңыздарға тоқталу.

2. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.

3. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, проблемалық

І. Алғашқы ұйымдастыру

- Біздің еліміз егемен ел.

-Егемендігімізді қашан алдық? 1991 жылы 16 желтоқсанда

-Елімізге тән қасиеттерді (ерекшеліктерді) атау: Рәміз, тіл, дін, тағам, шаруашылық, аспап, салт-дәстүр т.б.


Ассосация құру арқылы талдау, санамалау.

Ұлттық аспаптарды атау, слайдтан көрсету: домбыра, дауылпаз, жетіген, буғымақ, сазсырнай, қобыз т.б.

Ұлттық аспаптарды әр түрлі жағдайда пайдаланған. Белгі беру, аң аулау, билеу, бұғы шақыру, жан келгенін білдірту т.б.

Екі ішектің бірі қатты,

Бірін сәл-сәл кім бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра-деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап-домбырамен танысамыз.


Кімнің үйінде домбыра бар?

-Домбыраның құрылысын кім біледі? Сұрап, толықтыру. Басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі.

-Слайдтан көрсете отырып, құрылысын түсіндіру.

Домбыраны шебер тартатын өнер адамдары бар. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті ішекті шертіп ойнайтын аспабы. Домбыраны балқарағайдан жасайды. Шерктенде үні таза болу үшін ағашты суға қайнатады. Ішегін ешкінің ішегінен жасайды.

-Небір қуанышты, қайғылы, мұңды оқиғаны домбырамен жеткізген. Домбыраның шығуы мен құрылысына байланысты аңыздар бар. Кім біледі?

«Ақсақ құлан» ертегісін слайдтағы суреттердің орналасуы бойынша айтк.

-Міне бұл ертегіден не тү»діңдер? Оқушылар түсінік айту.

-Күй деп нені айтамыз?

Домбыра немесе басқа ұлттық аспаптарда орындалатын музыкалық шығарма.

-Күйші дегеніміз кім?

-Қандай күйлерді білесіңдер?

-Құрманғазы, Қорқыт, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сүгір, Қазанғап т.б.

Көрініс «Халық кегіні күйшісі» ұлттық аспап домбыраға жан бітірген сөйлеткен.

-Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

Құрманғазының күйлерінің бірін тыңдайық.

«Сарыарқа» күйі тыңдалды.

-Ал Құрманғазы күйлерін халыққа жеткізген кім?

Дина апамыз. Кішкентай кезінен бастап-ақ осы өнерге әуес болған. «Халыққа жеткіз күйімді» Әбу Сәрсенбаевтың әңгімесінен үзіндіге кезек берейік.

9 жасында әкесі білетін ән мен күйді жатқа білген. Құрманғазы кішкентай қыздың өнеріне сүйсініп, халық өнерін дамытатын бір адамның дүниеге келгеніне шын жүректен риза болады. Динаның күйі «Дүбелең». Тыңдау.

Домбыраға қосып тек күй емес ән мен терме де айтуға болады.

-Домбыраны қолына алып, ән айтатын қандай әншілерді білесіңдер?

-Мирамбек Беспаев, Мақпал Жүнісова, Жанар Айжанова және т.б.

-Ал, біздің қаламызда күй, терме өнеріне (домбыра тартуға) үйрететін жер бар ма?

Дұрыс, оқушылар сарайы мен музыка мектебі. Онда домбыра, терме кластары бар.

Осы Қазанғап күйлерін зерттеуші Садуақас Балмағанбетов пен Нұрбол Жанамановта елге аты шыққан күйші атамыз. Күйлері «Торы ат», «Орынбюай Ақшелек» т.б.

-Домбыра тарту арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Қазақ халқының музыкасының белгілі академигі А.Жұбанов «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы-домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ойы, көңіл күйі жатыр»-дегендей.

Кеібайтақ еліміздің түкпір-түкпірін шарлап, қазақ музыкасының небір інжу-маржандарын бізге жеткізген Қазанғапты да елге танытқан.


Ән «Домбырасыз сән қайда»

Қортындылау.



Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Құрылыс заттары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй салуға қажетті заттар туралы, құм мен саз, қатты тау жыныстары – әктас пен мәрмәр туралы түсінік беру;

олардың айырмашылығықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру;

табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс

Сабақтың формасы: Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, слайдтар, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, Бейнелеу өнері, т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: Балалардың назарын сабаққа аудару. 2. Өткен тақырыпты пысықтау:


Балалар, пайдалы қазбалар жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын шикізаттар екен.


І. Жаңа сабақ

Психологиялық дайындық. Ойын:«Біз құрлысшымыз»


-Балалар өздерін құрлысшы ретінде сезініп, әңгімелейді:

-«Үй салу үшін ең алдымен құрлыс материалдарын дайындап алу қажет»

-Қандай құрылыс материалдарын білесіңдер?

(Бетон, кірпіш, тас, құм, цемент,саз,әк т.б.)

-Олар не үшін пайдаланылады?

(Үй, ғимараттар салу үшін пайдаланады.)

-(Слайд)


Құм-сусымалы тау жынысы,табиғатта жиі кездеседі. Ол сары, ақ, сұр түстес жеке түйіршіктерден тұрады. Құм жер бетінде жатады. Сондықтан оны ашық карьерден өндіреді. Құмнан шыны жасайды. Бетонға араластырады да, қабырға, тас көпір, бағана, т.б. заттар құйяды.


Саз-тау жыныстарының үгілуінен пайда болады, көл, теңіз түбіне жиналады. Ашық әдіспен өндіріледі. Саз – ақ, қызғылт, көкшіл келеді. Одан кірпіш, қаптама плитка жасайды. Фарфор табақша, бокал, кесе, құмыра, мүсіндер т.б. заттар жасалынады.


Әктас-ақ, ақшыл сұр тас. Оны кірпіш, бетон тақта, блоктарды бекіту үшін қолданылатын цемент дайындауға пайдалынады. Әк, бор алынады. Тағы бір түрі – мәрмәр. Ол өте берік, қатты, жақсы жылтырайды. Онымен сарай бағаналары, қабырғалар, метро бекеттері қапталады.


-Міне, балалар осы қазба байлықтарды біз жерден қазып алып, күделікті өмірде қажетімізге пайдаланамыз.


1. Өзен, көлдің жиегі мен түбінде, шөл далада жатамын. Мені құрлыста және әйнек шығаруда пайдаланады. (құм)


2. Суға салса қайнаймын. Менен бор мен цемент дайындайды. (әктас).


3. Созылмалы қасиетім бар. Менен кесе-шәйнек, құмыра жасайды. (саз).




Қаныш Сәтбаев кім?


(Ол-көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, алғашқы акадимик. 640-тан астам ғылыми еңбек жазды. Еліміздің табиғат байлықтарын зерттеуші, Жезқазған мыс кеніші ауданын ашты. Металлургия мектебінің негізін салушы).


-Балалар металлургия мен Н.Ә. Назарбаевтың арасында қандай байланыс бар? – (Еңбек жолын темір өндіретін зауытта жұмыс істеуден бастады).


(Слайд) Қорыту: Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан өзінің табиғи байлықтарын тиімді пайдалану арқылы уақытша қиындықтарды жеңіп, қарқынды экономикалық даму сатысына көтерілуге қабілетті»-деді.


Адамдар пайдалы қазбаларды іздейді, табады, қазып алып, пайдаланады. Пайдалы қазбалардың қоры да сарқылатынын ескеру керек және де оларды үнемдеп пайдалану қажет.


Бағалау: (әр топты жинақтаған жұлдызшалары арқылы бағалау).


Үйге тапсырма: Өздерінің арманындағы үйді салып келу, оған қажетті құрылыс материалдарын жазу.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Үйдегі жиһаздар.

1. Білімділік: оқушыларды үйдегі жиһаздарды орналастыру тәртібін және түс үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп таңдауға үйрету;

2. Дамытушылық: жиһаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушыларды ой- өрісін, білімдерін шындау;сөздік қорларын молайту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа ,әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру ;

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың түрі: аралас.

Пәнаралық байланыс: әдеп, психология, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа сабақ.

Пәтерді жиһаздау

Пәтерді жабдықтаған кезде бөлменің ішін қалыптастырудың негізі болып табылатын пәтерді жоспарлаудың, бөлмелер санының, көлемің және пророрциясының, олардың өзара байланыс схемасының маңызы зор. Жиһаздарды іріктеп орналастыру, пәтерді жиһазбен жабдықтау бөлмені көркейтудің маңызды шарты. Бөлмеге жиһазды орналастырғанда олардың дұрыс үндестік табуын және қолдануға ыңғайлы болуын есте ұстаған абзал. Ас ішетін стол мен қабырғаның арақашықтығы кемінде 75 см, ал отырғыштар қозғауға оңай, отырып тұруға қолайлы болуға тиіс.Диван мен журнал үстелінің арасында 30см ашық жер қалуы керек.

Пәтер бөлмелері: қонақ бөлме, балалар бөлмесі, жалпыға арналған бөлме, ас үй болып бөлінеді.

Жатын бөлмеде: кереует, киім кешекке арналған шкаф, терезе алдында жазу столы жағалай кңтап қоятын сөрелер орналасқаны дұрыс. Бұрышта демалуға ыңғайлы кресло тұрса болады.

Балалар бөлмесінде: әдемі плакаттар, географиялық карталар, балалардың өздері салған суреттері, жататын дивандар, кітап сөрелері болады.

Ас үйде: асханалық гарнитур, ас ішетін стол, плита, төбеге ауа тазартқыш орнатқан жөн.


Пәтердегі түстер үйлесімділігі

Қазіргі заман ғылыми түстердің біздің өміріміздегі рөлінің ерекше екенін дәлелдеп отыр. Ол адамның жүйке жүесіне, көңіл кійіне әсер етеді. Бөлменің түсі бөмедегі жиһаздардың, кілемнің, перденің түстерімен композиция құруы керек.

Сары, қызғылт сары қызыл түстер жылы, сәулелі, белсенді түстер болып есептеледі. Мұндай түстер адамға қуныш, қөтерінһңкі күй, өмірге деген құлшыныс сыйлайды. Жасыл және көгілдір түс адамға жақсы әсер қалдырады, жүйке жүйесін тыныштандырады. Жұмыс қабілетін, есте қабілетін арттырады.

Бөлменің төбесін ақ түспен бояған дұрыс, ақ түс кең етіп көрсетеді, барлық түстер үйлесімділігін қосып ұстап тұрғандай көрініп, адамға тыныштық сыйлайды.

Жарық түсіру

Қазіргі заманы пәтерлерді жарықтандыру мәселесін шешудің екі түрлі жолы бар жалпы және жергілікті жарықтандырғыш қолдану. Жалпы жарықтандыру бөлмедегі бір келкі жарықты қамтамасых етеді, оның жарығымен көзге онша күш түспейтін жұмыстармен шұғылдануға болады.

Жалпыға арналған бөлмеде оқуға, қол өнермен айналысуға арналған жалпы жарық болуы керек. Ол ілінген шамдар, қабырғалы тоспалы ұзын тіреуіштерге орнатылған шамдар болуы мүмкін.

Балалар бөлмесінде: жалпы шашыраңқы және жергілікті бағытталған жарықтар болуы керек.

Бекіту, қортындылау «Адаспай тап ойыны»

Берілген сурет бойынша жиһаздарды өздеріне сәйкес бөлмеге қажетті орынға орналастыру.

Оқушыларды бағалау. Үйді жиһаздау. Өз бөлмелерінде не барын жазу, әңгімелеу.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:Бәйтерек-Астана

Сабақтаң мақсаты:

1. Білімділік: Бәйтерек монументі туралы мәлімет беру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, шығармашылық –танымдық қызметтерін арттыру, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Туған жерін елін сүюге қазақ тілін үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі:

1.Сұрақ-жауап, ойын, суретпен жұмыс, сөзжұмбақ , тірек-схема, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: Слайдтар, техникалық құралдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг.

ІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе сөз:

Балалар біз бүгін елімізде өзіндік маңызы бар тақырып төңірегенде әңгіме қозғаймыз.Бүгінгі біздің сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады, осы бөлімдер бойынша сабағымызды бастаймыз.

І.Ойашар. «Ойлан, тап» ойыны.Мына әріптерді дұрыс орналастырсаңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.



(к е р б е й ә т е н у м е н о м і т )


ІІ. Ділмәр. Жаңа сөздермен жұмыс

Сөз сөз тіркесі сөйлем

Мысалы: Бәйтерек Алып Бәйтерек Бәйтерек – киелі ағаш.

ІІІ. Венн диаграммасы.


«Анашым» әні тыңдалады.

ІV. Ой салу.

Бәйтерек ағашы неге өмір ағашы деп аталады?(оқушылардың алдын ала дайындаған шығармашылық жұмысын талқылау)

V. Мәтінмен жұмыс.

1-топтың тапсырмасы: Мәтінді мәнерлен оқыту. Мәтін боыйнша сұрақ дайындау. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді жалғастыру.

2-топтың тапсырмасы: Мәтінді негізінде өлең шығару.

VІ. Сергіту сәті.Сөзжұмбақ шешу.

1.Ұлы ақын

2.Ай атауы

3.Ауыз әдебиетінің жанры

4.Елорда

5.Сөз өнерінің асыл қазынасы

6.Қара алтын өңдірілетін қала

7.Еңбек түбі – …

8.Жыл мезгілі

VІІ. Қорытынды сөз.(Әр оқушы Елордасы-Астанаға деген өз тілектерін айтады).


VІІІ. Бағалау кезеңі.


ІX. Рефлексия. Кілемшеге өз ниеттері бойынша және де осы сабақтан алған әсері бойынша қызыл (жақсы), сары (қанағаттанарлық) оюларды жабыстырады.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: «Күн тәртібі»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі – балалардың бос уақытын үнемді пайдалануға білімін шыңдаймыз.

2. Дамытушылық – оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру т.б.

3. Тәрбиелік – оқушыны досын сыйлауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға,сабырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ

Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану

Сабаққа қажет көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, деңгейлеп бағалау таңбашалары т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап

Сабақты енді бастаймыз.


«Уақыт» модулі бойынша өткен сабақтарды тиянақтай отырып достарыңның білімін өздерің тексеріңдер. Мысалы: Бір жылда неше ай бар? т.б.

  • Бір жылда 12 ай бар.


  • Бүгін қай күн, балалар?

  • Күн ретін дәптерлеріңе жазайық.

  • Енді демалып алайық.

Сергіту жаттығуы:

Қоян, қоян тұршы,

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы.

Шашыңды тарашы

Киіміңді киші

Мектебіңе қарай жүрші

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы!

ІІ.Жаңа білім беру

  • Балалар, осы қоян бүгін бізге жалғыз өзі келмепті өзінің досын алып келіпті. Қане қоянның досымен танысайық.

  • Бүгін сабақта осы екі достың күн тәртібімен таныс боламыз. Қане мұқият суретке қарайық. Қонжық пен қоян не істеді? (Оқушылар слайдтағы суреттерге қарап жауап берді, оқыды)

Мұғалім 3 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)

  • 2 деңгей тапсырмасы сурет бойынща әңгіме құрау.

– 3 тапсырмада реттік сан есімдердің жұрнақтарын еске түсіре отырып дәптерлерімізге сан есімге – ыншы, - інші, -ншы, -нші жұрнақтарын жалғай отырып жазайық.

Мұғалім 2 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)

  • Оқушылар тақтадағы керекті сөздерді пайдалана отырып, Қоян мен ая сияқты сендер де достарыңмен өткізетін күн тәртіптеріңнің ретін айтыңдар.

  • Жұмбақты оқы, шешуін тап.



Жұмбақ.

Тық – тық ұрып,

Шегесін қадап,

Мезгілді саған,

Айтады санап.

(сағат)

  • Ал балалар «Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік. Тақтадағы берілген уақыттың бірін таңдап 1 сөз тіркесі немесе 1 сөйлем құрастырыңдар.

Мұғалім 1 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)

  • Енді арамыздан көшбасшыны таңдайық. Тақтадағы кестеге бағаларды жазайын. (Құттықтадық)

Қорытынды:

  • Ал, балалар қоян мен аюды неге достар деп айтады?

  • Өйткені олар бірге ойнайды, бірге сабаққа барады тату жүреді т.б.

Бізде аю мен қоян сияқты достарымызбен бірге уақытымызды қызықты өткізейік, қамқор болайық.

Балалар, біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады олар бір- бірімен тату дос. Осы достығымыз жалғаса берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.

Үй тапсырмасы:

Өздеріңнің күн тәртіптеріңді жазып келіңдер.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй құрылысы, киіз үй жиһаздары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының қонысы киіз үй туралы түсінік беру, киіз үйдің ішкі бөлшектерімен таныстыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрісін , ойлау қабілетін арттыру ,саяхатқа шығу .

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер. Пән аралық байланыс: Әдебет,тарих. Көрнекілігі: интерактивті тақта, киіз үй

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстан Республикасы туралы кім айтады?

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

Біз балалар бүгінгі сабағымызда Абай ауылына саяхатқа шығайық. Көшпенділер өмір бойы жыл мезгілдеріне сәйкес көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. Негізгі тұрғын үй қыстауда болған.

Олар жылдың жылы мезгілдерін көктеу мен жайлауда өткізіп, күн салқындаған кезде күздеуге көшті. Осы жерде көктемде егіп кеткен егінін жинап, қыстауға қайта оралды. Көшпенділердің осындай өмір салтына ыңғайлы тұрғын үй-киіз үй болып табылды

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.

Киіз үйді жасауда әр түрлі шеберлер тартылды. Ағаш шеберлері үйдің сүйегін жасаса, әйелдер киіз бастырды. Киіз үйдің жиһаздарына қажетті ілінетін түрлі заттарды тоқымашылар, киіз басушылар, тері өңдеуші шеберлер дайындайды.Киіз үй 4-қанаттан 30қанатқа дейін көбейтіледі екен.30- қанатты киіз үй хан ордасы деп аталады екен.Киіз үйдің түрлері көп.Осының ішінде біз пайдаланатын қара үй.Балалар киіз үйді қай кезде көре аламыз? Наурыз мерекесінде, ауылға барғанда, тойларда, үй салғандар қолданады.

Абылайша – керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.

Ақ шаңқан үй – сүттей ақ, аппақ киіз үй.

Ақтағыр – екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

Жаппа – керегесіз, киізбен жабылған баспана.

Жолым үй – уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.

Қара құрым үй – киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

Қара үй – киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.

Қараша үй – қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.


Орда – еңселі, салтанатты киіз үй.

Отау – ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.

Төңқайма – бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.

Ұраңқай – уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

Балалар киіз үйді тігетін кезде көрші ауылдағы ер адамдарды шақырып тігеді екен Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау

Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.

Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады.

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

.Шаңырақты сол үйдің ер адамы көтереді. Көтеріп жатқанда сөйлемеу керек.

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.

1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.

2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.

3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.

4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.Балалар шаңырақ рәміз белгілеріміздің қайсысында кездеседі? Елтаңбамызда.

Киiз үй – ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы.

Шаңырақ – күннiң символы.

Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi – төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, кұт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ – адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды дейді үлкендер.

Енді шаңырақ көзіне иілген уық қадалады.Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.

Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.




Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.

Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою – өрнектермен безендіреді.

Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.

Үзік-уықтың үстіне жабылатын жабуы.Оның баулары үйдің ішкі бөліктеріне тасталып айқастырылып керегеге байланады. Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін. Азанда ерте тұрған әйел түндікті ашу керек.

Киіз үйдің маңызды көрсеткіштерінің бірі ішкі көрінісі. Ішкі жиһаздары:

Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.

Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.

Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.

Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.

Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.

албақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.

Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.

Алайда тоқыма бұйымдары арасында тықыр және түкті кілемдер, алаша, қоржындар ерекше орын алады. Әсіресе көшпелі тұрмыста қоржындардың орны ерекше болды.

Қазақтың дәстүрлі өнерінің көне нұсқаларының бірі – түскиіз, төсек жапқыш. Түскиіз де әдемілік үшін киіз үйдің керегесін айналдыра ілінеді.Сонымен балалар мына әженің қасына демалып алайық. Әже сіздерге мынадай сұрақ қоям дейді. 1.Киіз үйдің қазақ халқы үшін маңызы қандай? 2.Киіз үйдің ағаштары туралы айтып бер? 3.Домбыра киіз үйдің төрінене себепті ілінеді? Енді балалар сыныпқа оралайық . Сабағымызды пысықтау үшін осы сабақтан қандай әсер алдыңдар соны дәптерлеріңе түсіріп , оқып бересіңдер.

4.Қорытынды: Сабағымызды қорыта келе біз киіз үйдің қазақ халқы үшін өте маңызы зор екенін білдік. Қыста жылы жазда салқын.Қазіргі таңда өзіміздің наурыз мерекемізде киіз үй тігіп қонақ жайлайды екенбіз.

5.Үйге тапсырма беру: 1.Қазақ халқы үшін киіз үйдің маңызы туралы оқып келу.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

І. Сабақтың тақырыбы: «Жеті қазына»

ІІ. Сабақтың мақсаты: .Балаларды жеті санының киелі екенін, мысалдар арқылы, жеті суреті бойынша ажырату. Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, айтылған ертегі бойынша анық сұраққа жауап беруге дағдыландыру, ертегі арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету. Венн диаграммасы, сызба бойынша еркін жұмыс жасай білуге жетелеу.

Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеп, дәріптеуге тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, әңгімелеу, сахналау.

ІҮ. Көрнекі-құралдар: Суреттер, сызба, Венн диаграммасы, бейнетаспа

Ү. Сөздік жұмыс: берен мылтық, тазы ит, жүйрік, т.б.

ҮІ. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Қане, балалар, тынысты қалай дұрыс аламыз? (Балалар айтып, көрсетеді)


Ендеше әдеттегідей тынысқа арналған жаттығуларымызды бастайық.

Балалар екі топқа бөлініп (1-топ: жапырақтарды, 2-топ: суда жүзетін кішкентай кемелерді) үрлейді.

Қазір біз тілімізді дайындап алайық. Тілге арналған жатттығулар: аттардың жүрісін, иттің өз ыдыс-аяғын жалап жатқандығын көрсету.

Жаттығуларды орындап болған соң, топтың есігі қағылып топқа қорап әкелінеді, қорапты сипаттау қажет. Қораптың ішінде заттар бар. Тәрбиеші бірінші затты алып шығады.

Мынау сиқырлы көзілдірік екен. Кім оны тағады, сол бала досының ішкі жақсы қасиеттерін, яғни адамның ішкі жан дүниесін бізге көрсетіп біледі.

Қане, мен оны тағып көрейінші.

Ах, сендер қандай ақылдысыңдар, қандай көңілдісіңдер. Мен бәріннің бойларындағы бір қасиетті көріп тұрмын ғой?! Реалаксация.

(Балалар кезекпен көзілдірікті тағып, бір-бірінің бойындағы қасиеттерді айтып шығады. Мысалы: «Сен өте ақылды екенсің!», « Сен өте білімді екенсің!», т.б.)

Көрдіңдер ме, мынау сиқырлы көзілдірік бағалы зат болып шықты. Мұны топта  қалдырып, жоғары жерге іліп қояйық.

2. Кіріспе бөлімі:

Ақ қалпақпен жұмыс: БАК.

Балалар, сендер «7» санын естігенде, естеріне не түседі?

Балалардың жауаптары:

- Бір аптада 7 күн бар.

- Жұмада 7 шелпек пісіреді.

- Жеті ата бар

- Жеті ана бар

- Жеті ұлттық аспап бар

- Жеті ғаламшар бар

- Жеті қазына бар.

Тәрбиеші:

- Балалар, бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты. Қазақ халқы жеті санын қасиетті сан деп есептеп, жеті санына байланысты түсініктер қалыптасқан.

3. Негізгі бөлім:

Қазір біз «Арыстан мен ит» атты ертегінің сахналауын тамашалайтын боламыз.

Сахналау.

Мазмұны бойынша әңгімелеу.

-Балалар, осы ертегінің мазмұнынан нені білдік?

Балалардың жауаптары: АҚП.

-Ит – жеті қазынаның бірі екенін білдік.

-Ал иттен басқа жеті қазынаға кімдер, нелер жатады?

- Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы ит.

Тәрбиеші:

- Балалар, біз қорап туралы мүлдем ұмытып кетіптік қой. Оның ішінде тағы да    бірнеше заттар бар еді. (Қораптың ішінен «7» саны қиылған көк, сары түсті  текшелерді және видеотабақты алып шығады).

- Балалар, бізге 2 түрлі текшелер берілген екен, сол себептен біз 2 топқа бөлінуіміз қажет.

Көк текшені алған балалар бейнелеу орталығына барады да, шашырату тәсілі арқылы ұжымдасып тазы ит пен адамның суретін салады.

Сары текшені алған балалар оқу орталығында қалады.

Тәрбиеші:

Балалар, мына видеотабаққа хат жапсырылған, алып оқиық: «Видеотабақты қос. Сұрақтарға жауап бер»

Видетабақты қос:

Әже:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер қазан туралы не білсеіңдер?


Балалардың жауаптары №1 сызба тірек арқылы айтылады.

Балалар:

- Қазанды көшкен кезде жұртта қалдыруға болмайды. Себебі отбасында көшіп барған жерінде ырыздық болмайды деп ырымдаған.

Тиым сөз: «Қазанды төңкеруге, ошақты тебуге болмайды».

Әже:

- Қазан туралы көп білесіңдер екен. Рақмет. Сау болыңдар!

Экранға ер адам шығады:

- Ассалаумағалейкүм, балалар! Менің атам аңшы болған. Аңшы туралы не білесіңдер?

Балалардың жауаптары № 2 сызба арлық айтылады.

-Ер жігіт – елімізді, жерімізді қорғайтын ер азамат.

-Жүйрік ат – адамзат баласын барамын деген жеріне жеткізеді. Бұрын ат болса, қазір көлік ретінде.

-Аңшы аңдарға шабуыл жасайды.

Ата:

- Аңшы туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Өмір жастарын ұзақ болсын, үлкен азамат болыңдар! Сау болыңдар, шырақтарым!

Сергіту сәті:

Мен арыстанмын, арыстанмын,

Кім мұныма таласар.

Жан-жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын,

Мен өзімді орманның патшасы деп санаймын.

Әйел адам экран алдына шығады.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қыз тәрбиесі, ақыл-білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Балалардың жауаптары:

1)Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі.


2)Қыз бала болашақ анамыз, ақылшымыз.


3)Күш – білімде.


4)Көп біл – аз сөйле.


5)Оқусыз білім жоқ,

Біліміз күнін жоқ.


6)Кітап – ғылым,

Тілсіз мұғалім.

Әйел адам балаларға өз ризашылығын білдіреді.

Экранға бала шығады:

- Балалар ертегіні оқыдыңдар ғой? Сондағы ит пен арыстан бір-біріне ұқсайды ма?! Қалай ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары Венн диаграммасы арқылы беріледі.

Тәрбиеші: - Ал енді бейнелеу орталығында жұмы жасаған балалардың жұмыстарын қарайық.

Жұмыстары тақтаға ілінеді.

- Балалар, ненің суретін салдыңдар?

- Ит пен адамның суретін салдық.

- Қандай тәсілммен суретті салдыңдар?

- Шашырату тәсілімен, трафареттің көмегімен суретті салдық.

4. Қорытынды бөлім:

Жасыл қалпақпен жұмыс:АМТ.

- Егерде біз жеті санымен таныс болмасақ, не болар еді?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

5. Бағалау:

- Балалар біз мектепте дәл бүгінгідей жауап берсек, қандай баға алар едік?

- Бес.

- Ендеше, бүгінгі сабақтағы жауабымызды 5 саусағымызбен бағалап шығайық.

Бас бармақ – өз денсаулығым үшін не істедім?

Балан үйрек – Көңіл-күйім қандай?

Ортан терек – сабақта неге үйрендім?

Шылдыр шүмек – нені білдім?

Кішкентай бөбек – не ұнады?

  • Ал енді екі топ орындарымен ауысады.


Бейнелеу орталығындағы балалардың жұмысы:

Тәсіл: шашырату.

Трафареттің көмегімен жұмыс жасалды.

Тақырыбы: «Ит – адамның досы»


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Туыстық атаулар

Сабақтың мазмұны: Оқушыларға тақырыпты терңнен түсінік беру

Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған.

Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білген, сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. Сөйтіп Жеті аталық ұстаным қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесінде біртұтас жанұя секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер басып жүргендер ғана емес, жадта сақталған баяғы ата-бабалар да тірілердің санасында тірлігін жалғастырған. Халықтың мұндай зердесі әрбір қатардағы далалықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. Бабалар рухы — аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. Сөйтіп Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларының негізі қаланған. Сөйтіп туыстық қарым-қатынас қалыптары күнделікті моральдік санаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. Мұндай құқықтар мен міндеттер жүйесі біртұтас әдеп деңгейінде көрініс тапқан. Әдепті бұзғандар қатал жазаланып, ең ақыры туған жерінен қуылған, яғни гипержанұядан аластатылған. Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара жаза болмаған. Жеті ата ұстанымы бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз мейлінше тегеурінді рухани бірлік сезімін терең сіңірді. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды

Немере– туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады.

ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады.

Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды.

Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ.

Жүрежат

Жүрежат – алыс туысқандықты білдіретін атау, яғни туажаттан туған бала. Жүрежат – адамның өзінен санағанда жетінші буыннан қосылатын туысы. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы бойынша Жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, құдандалы бола алады.

Туажат – дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы. Туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын. Ол туыстық қатынас жағынан бір атаның баласы саналғанымен, одан кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық қарым-қатынасы алшақтай бастайды.

Жұрағат

Жұрағат – алыс туыстықты білдіретін ұғым. Жеті атасынан туысқандар үлкені кішісін Жұрағат дейді. Әдетте, бір рудан тараған адамдар да бірін бірі Жұрағат дей береді.

Жегжат

Жегжат, жамағайын, жамағат — бір-біріне құдандалық, т.б. жақындығы бар адамдар. Жегжат атауы қандас туыстарға қатысты қолданылмайды. Жегжат — туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашының бөлесі, жиеннің балдызы сияқты туыстық қатысы бар адамдар арасындағы жақындықты білдіретін атау. Олар құда, нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық құқықтарды талап ете алмайды.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:Кітапхана, менің сүйікті кітабым.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Кітапхана туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорын молайту.

Жаңа сөздерді оқушылардың санасына меңгерту.

Тәрбиелігі: Қазақ тілін құрметтеуге, кітапты сүюге құштарлығын арттыру.

Дамытушылығы: Оқушыларды ң сөздік қорын, ойлау қабілетін, жазу мәдениетін дамыту. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру , сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, слайдтар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Кезекшімен сұхбат жүргізу


ІІ. Жаңа сабақ


Мектеп кітапханасында


Бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы «Мектеп кітапханасында»


Кітап – алтын қазына


Кітап – білім бұлағы


Мынау біздің кітапхана . Кітапханада кітаптар мен газет –журналдар көп. Кітапханада кітапханашы отыр. Онда оқушылар көп. Біздің кітапхана үлкен. Біз кітапханаға не үшін барамыз ?


Бұл не ?

Бұл кітапхана.

Кітапханада кімдер бар ?

Кітапханада кітапханашы және балалар бар

Балалар кітапханада не істеді ?

Олар қызық кітаптар оқыды

Сен кітап туралы мақал білесің бе ?

Ия білемін. Қандай мақал ?

«Кітап – білім бұлағы» деген мақал

Жарайсың дұрыс.

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру .

Бұл не ?

Кітапханада кімдер бар ?

Балалар кітапханада не істейді ?

Сендер кітап туралы қандай мақал білесіңдер ?



Мақал-мәтелдерді аяқтап жазыңдар.

Кітап пен ғылым – тілсіз . . .

Кітап алтын . . .

Күш – білімде,

Білім – . . .

( мұғалім, кітапта, қазына )


Тапқыр болсаң , айтып көр

Қабат- қабат қатталған, Қобдиында қайырлы

Асыл сөзбен апталған. Қазынаның бәрі бар

Парағы бар сөйлейтін Тауыссаң көз майыңды

Ол қазына өлмейтін . Қалағаның табылар


Қабат- қабат қаптама Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Ақылың болса атама Қорек қып пайдаланар тамам халық



Сансыз ойлар бетінде ,

Сайрап жатыр бар тілде,

Қорекпін мен әр күнде

Өшпейді бір әрпім де.




4-ші тапсырма. Есепті шығар .

Ерланның 5 кітабы бар , ал Нұрланда одан 2 кітап кем. Нұрланның кітабы нешеу ?


Әріп жұмбақ

Алмада бар , Кірпікте бар ,

Жүзімде жоқ . Қаста жоқ.

Анарда бар , Кірпіште бар,

Шиеде жоқ. Таста жоқ.


Ініде бар, Өнерде бар ,

Бауырда жоқ. Талапта жоқ.

Жеңілде бар , Өрмекте бар,

Ауырда жоқ. Оюда жоқ.


Әжеде бар ,

Анада жоқ.

Әкеде бар ,

Атада жоқ


Әріптердің орындарын аустырып , дұрыс сөз құра.


т. і. п. к. а

м. б. і. і. л

ө. е. р. с

б. м. ө. л. е.

ә. п. е. т. р .д


Ү. Сабақты бекіту.

Сурет бойынша өткен тақырыпты бекіту. Сұрақ – жауап

ҮІ. Оқушыларды бағалау. Қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма :

Сөздік жаттау. Мектеп кітапханасынан бір кітап алып оқып, мазмұндау.


Күні, айы, жылы:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Елім деген-Елбасы.

Мақсаты:а)Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.

ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран, т.б.


Әнұран

-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкінг емес еді.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Кіріспе.


Елін сүйген Елбасы (презентация сабақ)

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».


Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977

жылы қайтыс болды

Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді.


Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»

1.Мемлекетіміздің аты?

2.Елбасының әкесінің аты?


Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.


Мұғалім:

Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.

Зухра: Қазақ елі желбіреп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Орынжан: Нұрсылтанды тудырған, заманалар

Желтоқсан жел. Ұл мен қыз

Ажал құшқан сондағы


Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы

Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Мирас: Нұрсылтанға рух берген кәрі тарих парағы

Дара шыңы қазақтың

Дана басып тудың халық – алыптан

Топырағы ол туған жердің киелі


1. Президенттің атын кім қойған

- Наурызбек

- Тілші: Қазақстанда көптеген Нұрсұлтан атты азамат өсіп келеді. Осы туралы не дер едіңіз?

- Іңкәр

Тілші: Абзал азаматтарға балдырған аттастарыңызға тілектеріңіз?

Интерактивті тақтамен жұмыс

Қолмен жазылған хаттар

-Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері

Тілші: Елбасының кітап-журналдар оқуға уақыты бар ма екен?

Тұратұғын болашақтың үні кеп

Т артылар күй айтылатын жыры көп

Ерекше бір еркіндиік, бауырлар

Басшымыздың бүгін туған күні деп


Нұрлы: Әнге толсын барлық қала ауыл бар

Қағылсын бір барабандар, дабылдар

Елбасының туған күнін ардақтау

Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Астанаға саяхат

Тілші: - Астанадан қангдай әсер алдың?


Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу

Ұлт тағдырын ойлауымыз керек

Ұлттық теңгеміз өз бабында

Сағындық:

Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.

Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын


Хор: Қазақстан - Ақ Ордасының іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.


Қорытынды:

1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?

2. Басшы адам қандай болу керек?

Интерактивті тақтамен жұмыс

Дипломдар

Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын.

********************************************************************************


Шарадалар, метагарммалар.






































Тест тапсырмалары.

1 Қазақ тілі. Тест. 1-сынып

1.Сөйлеу не үшін қажет?

а) ойнау ә) сөйлеу б) ән айту

2. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

а)тіл ә) ауыз б) көз

3. Тіл арқылы не үйренуге болады?

а) білім алады, ғылымды үйренеді

ә) ойнайды, жүгіреді, көреді

4. Сөз неден құралады?

а) дыбыс ә) сөз б) буын

5. Дауысты дыбыстарды тап

а) а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,э,е,и,(у),ю,я

ә) б,в,г,ғ,д,ж,з,й,л,м,н,ң,р

б) к,қ,п,с,т,ф,h,ц,ч,ш,щ,(у)

6. Жуан дауысты дыбыстарды тап

а) а,о,ұ,ы ә) ә,ө,ү,і,е б) е,и,у,ю,я

7. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап

а) а,о,ұ,ы ә) ә,ө,е,ү,і б) и,у,ю,я

8. И дыбысы жуан естілетін сөзді тап

а) сақина ә ) инелік б) икем

9. И дыбысы жіңішке естілетін сөзді тап

а) тиін ә) жиын б) қиын

10. У дыбысы жуан естілетін сөзді тап

а) жусан ә) серуен б) дәуіт

2 Қазақ тілі. Тест. 1-сынып

1.У дыбысы жіңішке естілетін сөз

а) әуен ә) қауын б) жауын

2. У дыбысы қай сөзде дауысты дыбыс қызметін

атқарады?

а) саулық ә) жуан б) дәуіт

3. У дыбысы қай сөзде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады?

а) ауа ә) ту б) жу

4. Жуан айтылатын сөзді тап

а) жолбарыс ә) түлкі б) елік

5. Жіңішке айтылатын сөзді тап

а) бүркіт ә) қоян б) құлын

6. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды

тап

а) а-ә,о-ө,ұ-ү,ы-і

ә) ұ-у,ү-і,ы-ұ,ү-у

б) ұ-і,ү-ы,у-ы,у-і

7. Сөз неге бөлінеді?

а) әрі ә) дыбыс б) буын

8. Қай сөз буынға дұрыс бөлінген

а) оқу-шы ә) о-қу-шы б) о-қ-у-шы

9. Қай сөз дұрыс тасымалданған?

а) құ-рылысшы, құры-лысшы, құрылыс-шы

ә) шебер-хана, ше-бер-хана, шеберха-на

б) кітап-хана, кі-тап-хана, кітапха-на

10. Жақсылық сөзін қалай тасымалдауға болады

а) жақ-сылық, жақсы-лық

ә) жа-қсы-лық, жақс-ылық

б) ж-ақ-сы-лық, жақс-ылық


3. Қазақ тілі. Тест 1-сынып

1. Тасымалдауға болмайтын сөзді тап

а) күн,әже,емен,түн,ата

ә) оқушы,бала,тиын,жүрек,ұстаз

б) толқын, қала, бақыт, еңбек,өрмекші

2. Бір буынды сөзді тап

а) жер ә) кітап б) күнделік

3. Екі буынды сөзді тап

а) тал ә) Отан б) жауқазын

4. Үш буынды сөзді тап

а) қала ә) балалық б) ақын

5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

а) 40 ә) 42 б) 39

6. Қазақ әліпбиінде қанша дауысты дыбыс бар?

а) 10 ә) 15 б) 12

7. Қазақ әліпбиінде қанша дауыссыз дыбыс бар?

а) 20 ә) 22 б) 25

8. Мәтін неше түрге бөлінеді?

а) 1 ә) 2 б) 3

9. Сөйлем неден құралады?

а) әріп

ә) буын

б) сөз

10. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай

жазылады?

а) бөлек

ә) бірге

б) жұптасып

4 Қазақ тілі. Тест 1-сынып

1. Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады

а) нүкте, сұрақ, леп белгісі ә) үтір,дефис,қос нүкте

2. Хабарлы сөйлемді тап

а) Оқушылар мектепке келді?

ә) Сендер жарысқа қатыстыңдарма?

б) Ауа райы қандай тамаша!

3. Сұраулы сөйлемді тап

а) Атам ауылдан келді

ә) Сен сабағыңды оқыдың ба?

б) Алақай, ауылда той болады!

4. Лепті сөйлемді тап

а) Балалар мұражайға барды

ә) Олар қай үйде тұрады?

б) Бүгін күн қандай жақсы!

5. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай

білеміз?

а) оқу ә) жазу б) сұрақ қою

Бұл сызба қай сөйлемге сәйкес?

а) Қыс келді ә) Қалың қар жауды

б) Балалар қардан аққала жасады

. Бұл сызба қай сөйлемге сәйкес?

а) Оқушылар концерт көрді ә) Сабақ басталды

б) Мұғалім жаңа сабақ түсіндірді

8. Бұл сызба қай сөйлемге сәйкес?



а) Күн жылынды ә) Балалар далада ойнады

б) Балалар құстарға ұя жасады

9. Оқушылар аулаға гүл… сөйлемді аяқта

а) отырғызды ә) су құйды б) шашты

10. Тиісті сөзді тап. Бақта … сайрады

а) қарлығаш

ә) бұлбұл

б) аққу

5 Қазақ тілі. 1-сынып

1. «Биік» сөзінің қарсы мағынасын тап

а) қашық ә) аласа б) жақын

2. «Жақын» сөзінің қарсы мағынасын тап

а) алыс ә) таяу б) төменде

3. «Батыр» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап

а) әлсіз ә) батыл б) момын

4. «Әдемі» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап

а) сұлу ә) көріксіз б) жуас

5. Әр түрлі мағына білдіріп тұрған сөзді тап

а) түс ә) тамақ б) кел

6. Әртүрлі мағына білдіріп тұрған сөзді тап

а) таң ә) жаз б) кітап

7. Заттың атын білдіретін сөзді тап

а) оқушы ә) әдемі б) оқыды

8. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай

Сұрақтар қойылады?

а) кім? кімдер? не? нелер?

ә) қандай? қай?

б) не істеді? қайтті? неғылды?

9. Адамдарға қандай сұрақ қоямыз

а) кім? кімдер?

ә) не? нелер?

б) қандай? қай?

10. Кез-келген заттарға қандай сұрақтар

Қоямыз

а) кім? кімдер?

ә) не? нелер?

б) не істеді? қайтті?

6 Қазақ тілі. Тест 1-сынып

1.Көп затты білдіретін сөзді тап

а) кітап ә) балалар б) киім

2.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап

а) мұғалім ә) парта б) киім

3. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді тап

а) дәптерлер ә) әншілер б) күйлер

4. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап

а) оқулық ә) бала б) көрші

5. Нелер? Сұрағына жауап беретін сөзі тап

а) ойыншықтар ә) аталар б) әжелер

6. Кісінің аты-жөнін білдіретін сөзді тап

а) Асылхан ә) мектеп б) жер

7. Жер-су аттарын білдіретін сөзді тап

а) Астана ә) қала б) ауыл

8. Үй жануарларының аттарын білдіретін


Сөзді тап

а) Құлагер ә) түйе б) сиыр

9. Кісінің аты-жөнін білдіретін сөзді тап

а) Абай Құнанбаев ә) көпір б) сағат

10. Жер-су аттарын білдіретін сөзді тап

а) Алатау ә) жайлау б) өзен



7. Қазақ тілі. Тест 1-сынып

1. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап

а) компьютер ә) оқыды б) жиырма

2. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай

Сұрақтарға жауап береді?

а) кім? кімдер? не? нелер?

ә) қандай? қай?

б) не істеді? неғылды? қайтті?

3. Не істеді? Сұрағына жауап беретін сөзді тап

а) жазды ә) жеті б) жұмсақ

4. Қимылды білдіретін сөзді тап

а) жаттады ә) ауа б) қатты

5. Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тауып белгіле

Сәуле гүлге су …

а) алды ә) берді б) құйды

6. Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тап

Оқушылар сабаққа …

а) ойнады ә) жүрді б) дайындалды

7. Заттың сынын білдіретін сөзді тап

а) мемлекет ә) көркем б) үйретті

8. Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұраққа

жауап береді

а) кім? кімдер? нелер?

ә) не істеді? қайтті? неғылды?

б) қандай? қай?

9. Қандай? сөзіне жауап беретін сөзді тап

а) сүйкімді ә) балапан б) берді

10. Қай? Сөзіне жауап беретін сөзді тап

а) кешкі ә) телефон б) он бес

8 Қазақ тілі. Тест 1-сынып

1. Заттың сапасын білдіретін сөзді тап

а) ақылды ә) өсімдік б) жүрді

2. Заттың түсін білдіретін сөзді тап

а) жануар ә) қызыл б) жеті

3. Заттың дәмін білдіретін сөзді тап

а) тәтті ә) тамақ б) жүзді

4. Заттың көлемін білдіретін сөзді тап

а) үлкен ә) сусын б) көлік

5. Заттың пішінін білдіретін сөзді тап

а) қарындаш ә) сопақ б) түсінді

6. Заттың сынын білдіретін сөзді тап

а) қайратты ә) наурыз б) тоқсан

7. Тиісті сөзді тауып белгіле

Біз … оқушымыз

а) ақылсыз ә) әдепті б) нашар

8. Тиісті сөзді тауып белгіле


Біздің туымыздың түсі …

а) қызыл ә) ақ б) көгілдір

9. Тиісті сөзді тауып белгіле

… тау

а) биік ә)алыс б) жақын

10. Тиісті сөзді тауып белгіле

… алма

а) қызыл ә) ақ б) қоңыр


9 Қазақ тілі. Тест 1-сынып

1. Заттың санын білдіртетін сөзді тап

а) көгілдір ә) тоқсан б) биледі

2. Заттың санын білдіртетін сөздер қандай

сұраққа жауап береді?

а) кім? не? кімдер? нелер?

ә) қандай? қай?

б) неше? қанша? нешінші?

3. Есептік сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қанша? ә) нешеу? б) нешінші?

4. Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қанша? ә) нешеу? б) нешінші?

5. Нешеу? сұрағын қандай сандарға дейін қоюға

болады

а) 5 ә) 6 б) 7

6. «Қос» сөзі қандай санды білдіреді?

а) біреу ә) екеу б) үшеу

7. Заттың санын білдіретін сөзді тауып белгіле

Құстың қанаты, аяғы …

а) біреу ә) екеу б) төртеу

8. Заттың санын білдіртетін сөзді тауып белгіле

Бір аптада … күн бар?

а) 5 ә) 6 б) 7

9. Сен нешінші сыныпта оқисың?

а) бірінші ә) екінші б) үшінші

10. Бір жылда неше ай бар?

а) 10 ай ә) 12 ай б) 15 ай


10. Қазақ тілі. Тест 1-сынып

Жыл бойы өткенді қайталау

1. Жуан айтылатын сөзді тап

а) оқушылар ә) әншілер б) күйшілер

2. Жіңішке айтылатын сөзді тап

а) теңізшілер ә) малшылар б) доптар

3. Мына сөйлемде неше сөз бар?

а) 2 ә) 3 б) 4

4. Біз саяхатқа шықтық ( тиісті тыныс белгісін

тауып белгіле)

а) . ә) ? б) !

5. Сен тетарға барасың ба ( тиісті тыныс белгісін

тауып белгіле)

а) . ә) ? б) !

6. Бүгін күн қандай тамаша

а) . ә) ? б) !

7. «Татулық», «ынтымастық» сөздерінде неше


буын бар?

а) 2 ә) 3 б) 4

8. Заттың атын білдіретін сөзді тап

а) дүкен ә) жасыл б) сексен бес

9. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап

а) секірді ә) машина б) сары

10. Заттың сынын білдіретін сөзді тап

а) үлгілі ә) шұбат б) көмектесті

11. Заттың санын білдіртетін сөзді тап

а) жетінші ә) атамекен б) тәрбиеледі



Тест жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

ә

а

а

а

а

ә

ә

а

ә

а

2

а

ә

а

б

а

а

б

ә

б

а

3

а

а

ә

ә

ә

ә

а

а

б

ә

4

а

а

ә

б

ә

а

а

а

б

а

5

а

а

ә

б

а

а

б

ә

б

ә

6

а

а

б

а

ә

а

б

а

ә

б

7

ә

б

б

а

а

а

ә

ә

ә

ә,б

8

а

ә

б

а

а

а

б

б

б

а

9

а

а

б

а

а

а

а

а

а

а

10

а

а

а

ә

ә

а

а

а

ә

а















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!