СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2 сыныпқа арналған "Қызықты грамматика" вариативті курсынан сабақ топтамалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 сыныпқа  арналған  "Қызықты  грамматика" вариативті  курсынан сабақ топтамалары

Просмотр содержимого документа
«2 сыныпқа арналған "Қызықты грамматика" вариативті курсынан сабақ топтамалары»


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» ММ




«Қызықты грамматика» курсынан

Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің

2-сынып оқушыларына арналған

Құрастырған: Орынбаева Гаухар Тортайқызы

Койшыбаева Элия Жакуповна










Қостанай-2014 жыл

22 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ойлаңыздар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақ тілінің әлемдегі орны туралы оқушыларға қызықты деректер беру. Олардың ойларын ауызша сұрау.

2.Тәрбиелік: Елжандылыққа, бірлікке, бір-бірін тыңдай білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: : Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын әдісі.


Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, музыкалық орталық

Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару


ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

«Миға шабуыл» оқушылардың интеллектуалдық білімдерін сынап көрейік.

1.Аптаныңбіріншікүні /дүйсенбі/
2. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгі / нүкте, леп, сұрақ/

3. Нағашы деген кім? /Анамның туыстары/

4.Ұлы жүздің биі /Төле би/

5. Бидайлы аймақ?(Қостанай)

6.Балалар оқитын орын ? (мектеп)

7.Қазақстанның елордасы? (Астана)

8.қарлығаш жоғары ұша ма,әлде тауық па? (қарлығаш)

9.Мұнайлы аймақты астана? (Маңғыстау)

10. Қалталы жануар? (кенгуру)

11.Адам басында қанша шаш бар ? (саналмайды)

12. Арқасында тауы бар жануар? (түйе)

13.Ойды қалай , немен жеткіземіз? (Сөйлеммен)

14. Шаш қиятын орын? ( шаштараз)

15. Күзде кетіп,көктемде қайтатын құстар қалай аталады? (жыл құстары)

16. Сен,мен біз екеуміз.Сонда біз нешеуміз? (2)


ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту. а) Буын түрлерін қайталау.ә) Сөздерді буынға бөліп жазу,буын түрлерін шартты белгілерімен белгілеу . б) тұйық буыны бар сөздер жазу

.ІҮ. Жаңа сабақ

а )Қазақ тілінің әлемдегі орны жайлы мәлімет беру.

ә) Отан туралы ойларын сұрау, мақал-мәтел, нақыл сөздер жаттату

б) Төбешік қима қағаздар арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздердің мағынасын ашу

Сергіту сәті.

«Балапандар»биі

ІҮ. жаңа білімді бекіту.

Дидактикалық ойын арқылы тұрақты сөз тіркестерін қолдану.

Қас пен көздің арасында-... Төбе шашы тік тұрды-...

Қырғи қабақ- ... Ит өлген жер- .....










Ү. Дәптермен жұмыс

1-тапсырма. -- --


ІҮ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл - ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір - біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сауат ашу

көрсету, сұрақ - жауап.

Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психо жаттығу:

«Қуанамын мен де

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.».

- Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата - анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан - жағымызға күлкі сыйлайық.

Олай болса кел, балалар күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

- Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.

Жаттығу «Біз байсалдымыз»

Біз байсалдымыз,

Мұқият тыңдаймыз,

Есте сақтаймыз,

Бөгет жасамаймыз,

Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

- Балалар бұл ненің дыбысы?

Таңғажайып кезең. Сыныпқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)

Сәлеметсіңдер ме балалар бұл 2 сынып па?

Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.

Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр, ал олардың үйі міне қандай әдемі.

(ауызды көрсетші, аша ғой қане). Үйдің төбесі бар. Еден төменгі таңдай, Есік еріндер. Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар. Бәрі жақсы болар еді, бірақ үйдің шінде ашулы айдахар кіріп алыпты. Алайда кейбір дыбыстар емін - еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың. жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды. Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.

Мен жайлы не білесіңдер?

- Сөз, сөйлем, дыбыс, дауысты, дауыссыз дыбыс жайлы балалар айтады.

Менің әлемім жайлы білдіңдер енді мен сендермен қоштасайын. Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!


  1. Жұмбақ

Мүйізі, 4 аяғы бар,

Иегінде сақалы бар

Бұл не? ешкі.

Қай дыбыстан басталып тұр? (Е)

Ешкі сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар? 4 әріп 4 дыбыс.

Ешкі сөзін буынға бөлу. Еш – кі екі буын. Қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз...

Осы сөздегі буын түрлерін айтады. (Тақтаға бір бала басқа б - р орнында текшелермен жазады )

Қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс. оларды

Екі дауысты, ол е және і дыбыстары. Ол өйткені созылып әндетіп кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.

К, Ш - дауыссыз өйткені қысылып кедергіге ұшырап дыбыстауға келмейді./дауыссыз түрлерін айтып кетеді/

Ешкі бұл сөз.

Ешкі қандай болады?

Ақ , қара бұл да сөз. Енді екі сөзді байланыстырайық. Ақ ешкі. Қара ешкі. Бұл енді сөйлем болады.

Сөйлем сөздерден құралады. Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз. Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)

Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді. Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.

Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында.!? белгісі қойылады.


2. Балалар көзімізді жұмып ештемені көрмесек те менің дауысымды, мысықтың мияулауын, көліктің гүрілін естисіңдер. (таспадан тыңдату) Бұлар дыбыстар.

Оларды көзбен көрмегенмен құлақпен естисің. Оларды естиміз, айтамыз.

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.


3. Дидактикалық ойын «Қай дыбыстан басталады» Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады.

4. Буын ұйқастар:

ра - ра - ра – ұшып жүр қарға;

ар - ар - ар – бөлме толы шар;

ыр - ыр - ыр – басың сенің тақыр;

ры - ры - ры – жапырақтар сары;

ап-ап,ап- есікті ақырын жап;


5. « Қара ешкі» атты әңгімесін оқып беру.

Әжемнің қара ешкісі бар.Ол әрдайым ұсақ малдарды ертіп жайылымға апарып,алып келеді. Әжем оны ақылдым деп мақтайды. Оның екі лағы бар. Әжем ешкінің сүтін сауып алады.Ешкінің сүті көп ауруларға ем балады.


6. Сергіту сәті. Мен дыбыстарды дауыстап айтамын, ал сен дауысиы дыбысты естігенде алақаныңды шапалақта. Дауыссыз дыбыстырды естігенде аяғыңды тыпырлат т. с. с қимылдар

О - О - О - У - У - У - А - А - А - Э - Э - Э - Ы - Ы - Ы А - А - А - Т – Т - Т - М - М - М А - А - Я - Я - Ө - А - Е


7. Мнеможолдар арқылы балаларға мазмұнын айтқызу.

8. Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Оған ат қою, жоспар құру


9. Сөздік ойын «Қарама – қарсы сөздер»

Мен «аласа » десем, сен........

Мен «зәулім» десем, сен.......

Мен «ақылды » десем, сен.....

Мен «білімді » десе, сен.....

Мен «қара »десем, сен.....

Мен « дәу» десем, сен......

Мен «жаман » десем, сен.....


10. Ребус шешу

11. Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша жазу.

Сонымен балалар, сөз дыбыстардан құралады, дыбыстарды айтамыз, естиміз

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.

12. Кім жылдам? логикалық ойын

Машинада мотр, адамда ? (жүрек).

Дәптер неден жасалған? (қағаздан)

Мысықты тұмсық- адамда ? (мұрын).

Сиырда 4 аяқ-адамда ше ? (2)

Қорытынды: «Өз көңіл – күйіңді сал»

Рахмет айтып сіздерге, күлкімізді сыйлайық.

Көріскенше күн жақсы, аман есен болайық!




6 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Сөзжұмбақтарды шешейік.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Әріп, дыбыстар туралы еске түсіру, қайталау, жаңғырту. Олардың ойларын ауызша сұрау.

2.Тәрбиелік: Елжандылыққа, бірлікке, бір-бірін тыңдай білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: : Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын әдісі.


Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, музыкалық орталық

Пәнаралық байланыс: Музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Бекіту. Сөзжұмбақтар шешу.


2.



3.



4.



ІІІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.






7 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жеті киелі сан.
Оқыту нәтижесі: Киелі сандар туралы ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорларын молайту. Өлеңді оқи отырып, өз сөздерімен баяндай білу, идеясын ашуға дағдылан Дереккөздер: Интернет материалдары. Газет - журналдар, кітаптар.
Көрнекіліктер: Тақта, интерактивті тақта, постер, флипчарт, маркерлер
Сабақтың жүрісі.

Жалпы мақсаттар: Оқушылардың ұлттық - дәстүрде сөйлеу тілін дамыту, сауаттылығын Танымдық қызығушылықтарын дамыту. Үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата тегінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Негізгі идеялар: Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұғымдардан хабардар
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныппен сәлемдесу. Әр топқа көшбасшы сайлап алу.
Бағалау критериімен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Қайта бағыттау сұрақтары:
- Сөздер туралы не білеміз?
- Шешендік сөздер дегеніміз не?
- Сырымның шешендік сөздерін жатқа айтып мағынасын түсіндір.
- Бала би мен Сырымның шешендік сөздерін салыстыр.
- Тағы қандай шешендерді білесіңдер?
Қызығушылығын ояту.
Түстер бойынша топқа бөлу.
Сұрақ – жауап.
- Кім нешеге дейін санап біледі?
- Санның шегі барма?
- - Соның ішінде негізгі сандар қайсысы?
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Сандарды қайда қолданамыз? Осы сандардың әрбіреуінің тәрбиелік мәні, саналы орны, қасиеті болған. Мысалы...
1 санының киелілігі
2 санының киелілігі туралы мағлұмат беріледі.
Алдындағы смайликтердің артында сандар салынған соған байланысты топтарға бөлу. Мысалы,
І топқа -- 3 саны
ІІ топқа -- 4 саны
ІІІ топқа -- 5 саны
Тапсырма: Әр топ өз сандарының киелілігі туралы жазып, қорғайды.

Мағынаны тану
Тақтаға сурет шығады. Онда 7саны бейнеленген. Оқушылар өздері табады. Олай болса бүгін біздің жаңа сабағымыз не туралы болуы мүмкін?(Ауызша болжау арқылы)
- 7 саны туралы
- 7санын қандай сан деп атайды?
- Киелі сан.
- Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз "Киелі жеті саны" деп аталады.
Ой толғаныс.
7 саны қандай сан? Байлық дегенді кім
Ол туралы не білеміз? І топ. ІІ топ
Оқулықтан "Жеті байлық" өлеңін оқыту.
І топ - І, ІІ байлық
ІІ топ - ІІІ, ІV байлық
ІІІ топ - V, VІ байлық
Әр топ өздеріне берілген байлықтарды өз сөздерімен түсіндіреді.
Ойлан - жұптас - талқыла.
Болжау кестесін толтыру.
Қалай ойлайсыңдар? Олай ойлауларыңа не себеп болды? Дәлелде.

ІІ өлең "Жеті ата" өлеңін оқыту.
Фостерге 7 атаны топтастырады.

Мен... тұжырымдамасы бойынша төмендегі кесте толтырылады.
баламын ---------...
... немеремін ---------...
Мен... шөберемін ---------...
... шөпшекпін ---------...
... неменемін -----------...

Ой толғау. Сонымен 7 ата дегенді қалай түсінесің?
Бүгінгіге 5 тапсырма
1 Бүгінен бастап...
2 Бүгінен бастап...

Бағалау.
Топ мүшелері
Жалпы бағалау критерийлері:
1 Сандарды топтастыру.
2 Байлық сөзін қалай түсінесің?
3 Кесте толтыру.
4 Жеті атаны топтау.
5 Сөйлемді аяқта...


Рефлексия.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.








12 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Асыл сөздерді жаттайық.

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушыларға қазақ халқының шешендік сөз өнері, оны айтушылар, тәрбиелік мәні, сөйлеу мәдениеті туралы түсінік беру.

ә) Сыпайы, мәдениетті сөйлей білуге, ана тілін сүюге тәрбиелеу.

Б) Мәнерлеп, нақышына келтіре оқуын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: ЖИГСО, мағынаны ашу, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, би-шешендер суреті, цитаталар, кескін карталар, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Оқушыларды топқа бөлу: 1 топ: «Алғырлар » 2 топ: «Жүйріктер »

Сабақтың өту жоспары:

Кіріспе.

Аталар сөзі-ұрпаққа аманат.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Болмасаң да, ұқсап бақ.

Менің пікірім.

Бес жолды тұжырым.

Кестемен жұмыс.


Топтық жұмыс.


1. Жаңа сабаққа кіріспе:

Шешендік сөз дегенді қалай түсінесіңдер?

Шешендік сөздерді кімдер айтқан?

Қазақ халқының қандай би-шешендерін білесіңдер?

2. Аталар сөзі-ұрпаққа аманат.

Әр топ үйден дайындалып келген би-шешендердің сөздерінен үзінділерді жатқа айтады.


1-топ. «Алғырлар»:

Билердің сөздерінен үзінді оқиды

2 топ: «Жүйріктер »:

Сол үзіндіге жауап қайтарады.

ІІІ. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».


Әр топ сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтел айтып жарысады.


IV. «Болмасаң да, ұқсап бақ…»

Әр топқа би-шешендердің сөздері таратылады, соны рөлге бөліп оқиды.

V. Менің пікірім.

Әр топ сұрақтарды алып, өз пікірлерін білдіреді.


Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?


Сыныпта кім қалай сөйлейді?

Мектепте сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасқан оқушы бар ма?

Мектепте, үйде кімді тілге шешен, жақсы сөйлейді деп ойлайсың?


VІ. Бес жолды тұжырым

Қандай сөздер? Шешендік сөздер

Неге жатады? Сөз өнеріне

Кімдер айтады? Ақындар, би-шешендер

Кімге аманат? Ұрпаққа аманат

Би-шешеннің айтқаны? Соңғы шешім.


ІІ. Әр топқа кесте таратылады, кестені толтыру:

Не түсіндің?

Нені өзіңе тоқыдың?

Нені білгің келеді?


Қорытындылау.



























16 сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Метаграммалар»

Сабақтың мақсаты: .Метаграммалар арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, әңгімелеу.

Көрнекі-құралдар: Суреттер, метаграммалар

Сөздік жұмыс: берен мылтық, тазы ит, жүйрік, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

МЕТАГРАММАЛАР

«Ш»-дан бастап жазғанда, 
Шай қайнатып аласың, 
«Ш»-ны орнынан алғанда, 
Терезеге саласың 
(Шәйнек -Әйнек) 
*** 
«К»-ден бастап оқысаң, 
Құс атауы, қарашы! 
«Е»-ден бастап оқысаң, 
Жалқау бала бағасы. 
(Кекілік-Екілік) 
*** 
Егер «И»-ден бастасаң, 
Хайуанаттың түрімен. 
«И»-ді алып тастасаң, 
Әріптердің бірімін 
(Ит-Т) 
*** 
Қиғылықты қыңыр қылды, 
Құрықты қиды, қырықты. 
Құрықты қырқып құртты. 
*** 
Қайратжан қой бағады, 
Қойы егізден табады. 
*** 
Оңға қарай, 
Оқысаң да – бір халық. 
Солға қарай 
Оқысаң да – бір халық. 
Бір буыным – құс, 
Бір буыным – түс. 
(Қазақ, Қаз, Ақ) 
*** 
«К»-деп егер бастасаң, 
Шомыласың суына 
(Көл) 
*** 
«Т»-дан егер бастасаң, 
Төрт түліктің баласы 
(Төл) 
*** 
«Ш»-дан егер бастасаң, 
Жазда аунайсың құмына. 
(Шөл) 
*** 
«С»-дан егер бастасаң, 
Ақ қайыңнан аласың 
(Сөл) 
*** 
Сөз басында «Б»-болса, 
Бас киімің боламын. 
Сөз басында «Ө»-болса, 
Жазда пісін соламын. 
(Бөрік-Өрік) 
*** 
Егер «М»-ден бастасаң, 
Тағамның бір түрімін. 
«М»-ны алып тастасаң, 
Түнгі аспанның нұрымын. 
(Май-Ай) 
*** 
О-дан бастасаң, 
Тәуір дейді, мені кім? 
О-ны алып тастасаң. 
Мен ешкінің төлімін 
(Ол – ақ-лақ) 
*** 
Егер «С»-дан бастасаң, 
Бір баласы қазақтың. 
С-ны алып тастасаң, 
Ең тәуірі ол, тамақтың. 
(Сайран-айран) 
*** 
«Ж»-дан бастасаң, 
Жыл мезгілі болады. 
«К»-дан бастасаң, 
Құсқа айнала қалады. 
(Жаз-қаз) 
*** 
«К»-дан егер бастасаң 
Түндей қара бір түспін. 
«Ш»-дан егер бастасаң 
Ернеуі кең ыдыспын 
(Қара-шара) 
*** 
Алғашқы буыны – құс, 
Соңғы қос әрпі – түс. 
Екеуін қосып жіберсең, 
Көл жағалап тік өсем. 
(Құр; Ақ; Құрақ) 
*** 
«Ү» тұрса қызып табаны, 
Қыртысты жазып тегістер, 
«Ү» түсіп қалса жаманы, 
Құлама болар тегіс жер. 
(Үтік-Тік) 
*** 
Майысқақпын, нәзікпін, 
Садақ болып иілем. 
Соңғы әріп «Н» болса, 
Қалдығына азықтың, 
Қоқыстарға үйілем. 
(Шыбық-Шыбын) 
*** 
Ұқсайтұғын жылқыға, 
Қамыс құлақ көлікпін. 
«К» орнына «П» қойсаң, 
Ойлантуға берікпін. 
(Есек-Есеп) 
*** 
Шалқимын арнамда – бесікте, 
Ал бірақ тұрмаймын тесікте. 
Алғашқы дыбысым өзгерсе, 
Көкте ұшып жүремін, көшіп те. 
(Су-Бу) 
*** 
Кезерді ерінің, 
Шөбі болмас жерінің. 
«Ш» орнына «К» тұрса. 
Өсімдіктің нәрімін. 
(Шөл-Көл) 
*** 
Бір адам шаттанса, 
Мен оған бауырмын. 
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса 
Өлшеммін, дәуірмін. 
(Бақыт-Уақыт) 
*** 
Қақ тіліп жотаны, 
Қасқайып жатады. 
«Ж» орнын «Қ» басса, 
Адамнан табады. 
(Жол-Қол) 
*** 
Сән берем, әркімге, көңілге, 
Ұқсаймын көктемгі өңірге. 
Әріпті бастапқы сызса егер. 
Жөн сілтер ұстазбын өмірге. 
(Мата-Ата) 
*** 
«Қ» әрпінен бастасаң, 
Көмірге ұқсас түрім бар. 
«Қ»-ны сызып тастасаң, 
Жасаймын шөп гүлін бал. 
(Қара-Ара) 
*** 
«Қ» орнына «Д» қойсаң, 
Боламын кеңістік. 
(Қала-Дала) 
*** 
Шеге қағар шеберге, 
Ең қажетті құралмын. 
«Б»-ны өшірсең егер де, 
Жігер берер ұранмын. 
(Балға-Алға) 
*** 
Қатты соғып жүрегім, 
Қорқып, үркіп жүремін, 
«Қ» орнына «Н» қойсаң, 
Күшке толар білегім. 
(Қоян-Ноян) 
*** 
Жатам құстар тобына, 
Азығымын адамның. 
«Ы»-ны қоссаң соңыма, 
Жылқы етімін – тағаммын. 
(Қаз-Қазы) 
*** 
«Ж» әрпімен бастасаң, 
Көрінеді бар маңым. 
«Ж»-ны сызып тастасаң, 
Су ағатын арнамын. 
(Жарық-Арық) 
*** 
Ақ бояуға қанықпын, 
Бағалымын, мамықпын. 
Бас әріпім алмасса, 
Төрт бұрышты жазықпын. 
(Мақта-Тақта) 
*** 
Жасыл желек алабым, 
Жыл маусымы боламын. 
Алғы әріпті өшірсең, 
Ең әдепті боласың. 
(Сүлгі-Үлгі) 

*** 
Бойында өссем тоғанның, 
Кіргізем дәмін тағамның. 
Соныма қоссаң бір әріп, 
Үндемей жүрер адаммын. 
(Жуа-Жуас) 

*** 
Құт дарыған қотанның, 
Қаруымын шопанның. 
«Т»-ны сызып тастасаң, 
Мүшесімін адамның. 
(Таяқ-Аяқ) 

*** 
Тәтті дәм үш әріп алғашқы, 
Соңына қос әріп жалғасты, 
Сен одан өзіңе табасың 
Дауылдан қорғанар панасын. 
Екеуі біріксе егерде, 
Суда өсіп, жүзеді тереңде. 
(Бал; Ық; Балық) 

*** 
Желбіретіп үкімді, 
Сулы жерде жайқалам. 
«Қ» орнына «Т» қойсаң, 
Қоныстанып жай табам. 
(Құрақ-Тұрақ) 

*** 
Сұйықпын да тазамын, 
Басамын жер тозаңын. 
«С» орнына «Б» қойсаң, 
Бозғылт боп тозамын. 
(Су-Бу) 

*** 
Бір құлаштай матамын, 
Жуынғанда аласың, 
Сая жермін, 
Тұратын 
Құстар әні естіліп, 
Сөз соңына «А» қоссаң, 
Сауық сайран құрамын, 
Шалшық көлде кешкілік. 
(Бақ-Бақа) 

*** 
Алғашқы буыным, 
Көшті бастар ұлымын. 
Сосын тоғай нуының 
Жыртқышының бірімін. 
Екеуін қоссаң ірімін – 
Көп аңдардың дүрімін. 
(Жол-Барыс-Жолбарыс) 

*** 
Жайнаған жер үсті, 
Мекенмін келісті. 
Бірінші әріп ауысса, 
Айдынға ұшып қонамын. 
(Жаз-Қаз) 
*** 
Шуақты мол төгемін, 
Гүлге бөлеп беремін. 
Бас әріпті өшірсең, 
Көкіректі керемін. 
(Көктем-Өктем)




Қорыту

Сұрақ-жауап арқылы қорыту

























21 сабақ
Тақырыбы: Өз орныңды тап

Мақсаты: Оқушылармен жұмыс жасауда ақпараттық технологияның мүмкіндігін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық, ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Типі: Жаңа материалды меңгерту
Формасы: Сайыс
Көрнекілігі: Қима қағаздар, математикалық жұмбақ.

Барысы:
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Ойлы болсаң, озып көр» сайысына қош келдіңіздер!
«Мергеннің көзі де, мерген, қолы да мерген болуы керек» дегендей, бүгінгі сайыста сендер өз мергендіктеріңізді танытасыздар.

Сайыс бағдарламасы:
1. Бәйге
2. Сөзмерген
3. «Жасырамын жұмбақ»
4. Сөз тіркесі
Олай болса іске сәт!
Ендеше, бірінші шартымыз

«Бәйге»
Сіздердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін сайыс «Бәйге,- деп аталады,
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығару,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,
Барлықтарыңызға сәт сапар тілейміз.

1 - кезең Бәйге
1. Қазақтың ұлы ақыны? ( А. Құнанбаев)
2. Ең тұңғыш саяхатшы кім? ( Ш. Уәлиханов.)
3. Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. ( Ы. Алтынсарин)
4. Дала жұлдызы кімнің әңгімесі? ( С. Мәуленов.)
5. «Әке арманы» кімнің әңгімесі? ( М. Әуезов)
6. Қырдан келген жас қазақ кімнің әңгімесі. ( М. Дулатов.)
7. Ұшқыш болғым келеді кімнің әңгімесі. ( Қ. Аманжолов.)
8. Еліміздің мемлекеттік рәміздері. ( ту, елтаңба, әнұран)
9. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?( Крылов И)
10. Ш. Уәлихановтың шын аты (Мұхаммедқанапия)
11. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын? (Сөре)
12. А. Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары? (1845 - 1904) ж
13. «Мен әуелі қазағымды жақсы көремін» кімнің сөзі? (Шоқан)
14. Қ. Р. Мемлекеттік әнұранының сөзін жазған кім? (Ж. Нәжмеденов. Н. Назарбаев.)
15. Қ. Р. Мемлекеттік Әнұранының өлеңін жазған кім? (Ш. Қалдыаяқов)
16. «Күздің кереметі» кімнің әңгімесі? (Ә. Табылдиев.)
17. А. Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (46 қара сөзі)
18. Ы. Алтынсариннің өмір сүрген жылдары? (1841 - 1889) ж
19. «Оқуға шақыру» кімнің өлеңі? (А. Байтұрсынов.)
20. Қасым Аманжоловқа неше жыл (100 жыл)

2 - Кезең «Сөзмерген»

1. Сөз топтары.(зат есім, сан есім, сын есім, етістік)
2. Зат есім деген не? (заттың атын білдіреді)
3. Сан есім деген не? (заттың саннын білдіреді)
4. Сын есім деген не? (заттың сынын білдіреді)
5. Жай сөйлем деген не? (белгілі бір тиянақты ойды білдіреді)
6. Жайылма сөйлем деген не?(бастауыш пен баяндауыштан құралады)

3-кезең

«Жасырамын жұмбақ»
Жүргізуші:
- бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылатын қысқаша өлеңді не дейміз?
- Жұмбақ
Мұғалім жұмбақ жасырады, ойыншылар шешімін табады.

1. Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды.
Ауылды, қаланы, халықты
Ойлан тап, көтерген алыпты.
(жер)
2. Жып - жылтыр, жалпақ бір
Жатыр көк айна.
Жүгіріп, жығылып,
Жұлынып, сонда ойнап,
Тек тайма
(мұзайдын)
3. Жайса - көлдей,
Жиса - жеңдей
(киіз)
4. Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің
(Кітап)
5. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды
(ағаш)
6. Қиналмай көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді
Жүкшідей кәдімгі
(құмырсқа)
7. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы
(мектеп)
8. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл
(ұстаз)
9. Ат та емес, ит те емес,
Тістейтінін қайтерсің
(аяз)
10. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
(күн)
(Әрбір жұмбаққа 10 ұпайдан қосылып отырады.)

4-кезең

«Сөз тіркесі».
Жүргізуші: Келесі кезектің шарты – тұрақты тіркесін тап. Әрбір дұрыс жауапқы 10 ұпай
А) Төбе шашы тік тұру (қорқу)
Ә) Екі езуі екі құлағында (қуану)
Б) Ит өлген жер (алыс)
В) Қолды болды (із - түссіз жоғалды, ұрланды)
Г) Маңдайынан шертіп жүріп (таңдап жүріп)

ІV кезең «Жаңылтпашты жаңылма»
Жүргізуші.
- Балалардың тілін жаттықтыру үшін шапшаң айтылатын бір шумақ өлеңді не дейміз?
- Жаңылтпаш
Қазір мен жаңылтпашта оқимын балалар жаңылмай, қатесіз оқу керек

1. Алғыс алғыш - тіл алғыш,
Тіл алғышқа мың алғыс

2. Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен

3. Балалар көп тентек,
Күшіміз теп - тең деп,
Күреспе тектен - тек.
Құлайсың көптен - көп,
Аяғың көктен кеп

4. Ішті,
Тісті
Ауыртқан көк өрікке
Ренжулі Берік те,
Ренжулі Серік те

5. Аппақ бала аппақ па?
Сатпақ бала аппақ па?
Аппақ бала аппақ та!
Сатпақ бала сатпақ та!

Қорытынды:

Көгере бер, көркейе бер, өсе бер.
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер деп.
Марапаттау.
І орын.......
ІІ орын.......
ІІІ орын.....

Осы сайысты мына өлең шумағымен аяқтайын.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Тілсіз хайуан – бейшара.
Бейшараға не шара?


























25 сабақ

Тақырыбы: Ойлан тап

Мақсаты: Жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту; шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интеративті тақта.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір - біріне сәттілік тілеп тілектер айтады.
2. Сайыстың өту барысы.
«Жұмбақтар сыр шертеді» атты сайысымыз мынадай бөлімнен тұрады.
♦ Сөзжұмбақ шешу.
♦ Кім жылдам?(Әр топ ұяшық таңдап, сұрақтарға тез жауап беруі тиіс.)
♦ Үй тапсырмасы (Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.)
♦ Сурет жұмбақ (Ұяшықты таңдайды, суреттің төрттен бір бөлігі ашылады, қалған суретті өздері табады, сол суретке байланысты жұмбақ жасырады)

Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
Сайысқа қатысушылар «Алғырлар», «Білгірлер» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың әділ бағаларын беретін қазылар алқасы тағайындалады.

1. Бөлім: Сөзжұмбақ шешу.(Алғырлар тобына)
ЖҰМБАҚ
1. Төрт түліктің бірі.(жылқы)
2. Не көрсең көзін аш?(бұлақ)
3. Тышқанның жауы.(мысық)
4. Араның қорегі.(бал)
5. Періште не көрсе жолдан таяды?(алтын)
6. Тамақ ішетін құрал.(қасық)

2. Сөзжұмбақ (Білгірлер тобына)
ЖҰМБАҚ
1. Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық)
2. Әже айналдыратын таяқ (ұршық)
3. Жеті қазынаның бірі (мылтық)
4. Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)
5. Көктемнің бірінші айы. (наурыз)
6. Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық)

2. Бөлім «Кім жылдам?» ойыны
Айналадағы дүниелер:
10ұпай: Төрт түліктің бірі (сиыр);
20 ұпай: Сырты сары, іші дәрі (лимон)
30 ұпай: Қыста демалып, жазда тынбайды, Көкке атылып, жерге құлайды. (субұрқақ)
40 ұпай: Алып баланың атымен аталған тау (Толағай)

Әріпті жұмбақтар:
10 ұпай: Қар да бар, Мұзда жоқ.
Жарда бар, Құзда жоқ.(Р әрпі)
20 ұпай: Өмірде жоқ, Өңірде бар.
Ауырда жоқ, Жеңілде бар (ң әрпі)
30 ұпай: «Ащы»дейсің қазақта, Келу үшін осы әріп.
Құрық жалғап азапқа, Түсті «ш» - ға дос әріп. (Щ әрпі)
40 ұпай: Дыбысы жоқ өзінше, Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер, Өзге әріпті көзіңше (Ъ белгісі)

Жан - жануарлар:
10 ұпай: Алабота тамағы, Шөлге шыдай алады (Түйе)
20 ұпай: Мойны ұзын болғанымен, Әрең жетер төменге.
Теңбіл - теңбіл денесі, Келеді не дегенге? (Керік)
30 ұпай: Суда жүзеді, Тұмсығы ұзын, Махаббат құсы.(Аққу)
40 ұпай: Қанаты бар суда ұшпайтын құс (балық)

Әр түрлі жұмбақтар:
10 ұпай: Бір таудың екі күзетшісі, Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар(бас, көз, құлақ, тіс)
20 ұпай: Екі бала қатар тұрса да, Бірін бірі көрмейді. (Көз)
30 ұпай: Тұмсығы мықты, Ой мен қырды тегістеп шықты (Үтік)
40 ұпай: Біреуін бердім, Оның тердім (Тұқым)

3. Бөлім. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы бөлімінде екі топ бір - біріне үйден дайындаған жұмбақтарын жасырады.

4. Бөлім. Сурет жұмбақ
Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Сол суретке байланысты жұмбақ жасыру керек.

Қорытындылау: Әр топтың жинаған фишкаларына байланысты жеңімпаздарды анықтайды



Начало формы



2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс түрлері
Сабақтың мақсаты:

  1. Дыбыс түрлерін еске түсіру, пысықтау
    2. Тапсырмаларды орындай отырып дыбыстық талдау, әрі дыбыстың ерекшелігін білу.
    3. Отанды сүю, қастерлеу
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ
    Сабақтың әдісі: Сатылай - кешенді талдау
    Сабақтың көрнекілігі: Сурет мазмұнды сөздер, әріптер, оқулық
    Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
    Психологиялық дайындық

    ІІ. Өтілген дыбыстарға шолу жасау
    Барлығы 27 әріп бар. Оның 10 - ы дауысты дыбыс, 17 - і дауыссыз дыбыс
    Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы ережені пысықтап еске түсіру
    А, о, ы, і, ә, е, ө, ұ, и, у – дауысты дыбыстар. Себебі..................
    Р, л, ш, с, д, т, м, н, ң, ғ, ж, к, қ, б, й, г, з – дауыссыз дыбыстар. Себебі.................

    ІІІ. Жаңа сабақ
    - Отан дегеніміз не?
    - Біздің Отанымыз қай ел?
    - Қазақстандағы тіл қай тіл?
    Сурет бойынша сөйлету ,құрастырған сөйлемдері бойынша дауысты дауыссыз дыбыстарды атап,олардың қай түріне жататынын айту
    -Дауысты дыбыстардың еріндік, езулік, ашық, қатаң түрлерін үйрету /кестемен жұмыс/
    IV. Кітаппен жұмыс.
    1. Өлеңді оқу
    2. Тізбектеп оқу

    V. Тақтамен, дәптермен жұмыс
    Асыл өлкем ерекше, Қазақстан мекенім!
    СКТ - технологиясы бойынша «асыл» сөзіне дыбыстық талдау
    Қазақстан сөзіне фонологиялық талдау жасау.
    1. Айтылуы, жасалу, жазылу жолдарына қарай....................
    2. Буын................................
    3. Тасымал..........................

    VІ. Берілген буындар арқылы сөз құрау, мағынасын ашу, дәптерге жазу.
    1. Мау + сым, Е + сіл, жай + лау, ө +зен, Ал + тай
    2. Өзен, Отан, ұшқыш, әнші сөздердің ішінен дауысты дыбыстар табу
    А, ө, е, о, ұ, ы, ә, і – дауысты. Себебі.........
    Тілдің қатысына қарай 8 = 4(а, о, ы, ұ) тіл арты немесе жуан. Себебі............
    4(ә, е, і, ө) тіл алды немесе жіңішке. Себебі..........
    Жақтың ашылу дәрежесіне қарай. Себебі..................
    8 =1(а, ә) ашық. Себебі.... + 3(ө, е, о) жартылай ашық. Себебі.........
    Ерін мен езудің қатысына қарай
    8 = 3(о, ө, ұ) еріндік Себебі........
    5(ы, і, е, ә, а) езулік Себебі.........
    VІІ. Қорыту. Бүгін Қазақстан туралы диалог 2 оқушы арасында
    - Уа кімсің?
    - Қазақ деген елмін, байтақпын кеңмін.
    - Қанша елсің?
    - 17 млн. бұл күнге мың өліп, мың тіріліп келгенмін
    - Қандай елсің?
    - Егеменді, бәрін жеңгем енді
    - Тілің қандай?
    - Қазақ тілі
    VІІІ. Мадақтау
    ІX. Үйге тапсырма





































17 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жазу жазамыз жарысып
Білімділік мақсаты: Өткен сабақты пысықтау барысында бастауыш қызметін ұғындыру, бастауыш мүшесіне жаттығу жұмыстарын орындату.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Дамытушылық мақсаты: Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру, ақылын, ойын дамыту, зейінін тұрақтату.
Сабақтың түрі: сайыс - сабақ.
Сабақтың типі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жетондар.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі
- Құрметті қонақтар, сайыс мүшелері!
Кең байтақ Қазақстан жерінің бір түкпірінде орналасқан берекелі Бейнеудің Бейнеу гимазиясында өткелі отырған «Намыс дода - 2007» сайыс сабағына қош келдіңіздер! Алдарыңызда «Намыс дода» сайыс - сабағына қатысушы жеңістен үміткерлер – ел болашағы деп таныңыздар.. Көпшілігіңізге мәлім бүгінгі сайыс – сабағымыз ерекше болмақ. Олай дейтінім, осы жарыстың өтуіне ат салысып, алыстан ат терлетіп келген қонақтарымыз да арамызда.
Сондықтан да: Намысы қозбайтұғын қазақ бар ма,
Әділдік пен ақиқат тұрған шақта,
- дей отырып, сайыс сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:
1 - бөлім Үй жұмысын тексеру. (154)
2 - бөлім Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу(155)
3 - бөлім Кітаппен жұмыс. Бастауыш мүшесін табу.(156)
4 - бөлім « Кім шапшаң» ойыны
5 - бөлім «Шабытты шәкірт» шығармашылық жұмыстар байқауы.(159)
6 - бөлім Қорыту
7 - бөлім Бағалау
Сайысымызды бастамас бұрын әріпті жұмбақты шешу арқылы топ аттарын тауып алайық:
Ана да жоқ.
Әке де бар.
Әже де жоқ
Көкеде бар.
(К)
Жүз де бар,
Мың да жоқ.
Түз де бар,
Сыртта жоқ.
(Ү)
Қазы да бар
Қарта да жоқ.
Жаз да бар,
Жал да жоқ.
(З)
К – дегенім күштілер ғой керекті,
Ү – дегенім үздіктер ғой үлгілі,
З – дегенім зерделілер зеректі.
Әр жұмысты орындап болған оқушыға тур соңында топқа ортақ жетон беріліп отырылады. «Бірлік болмай, тірлік болмас», « Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деп намысқа тырысып жұмыстанайық.
1 бөлім. Үй жұмысын тексеру.
Үйге тапсырма 154 - жаттығу. Бастауышты табу
1- сөйлемнен 1 топ (үй)
2- сөйлемнен 2 топ (жұрт)
3 - сөйлемнен 3 топ ( ерулік)
Әр сөз айтқанға жетон беремін.
Толықтыруға бастауыш ережесін қосып айту









































9 сабақ

Сабақтың тақырыбы:Нақыл сөзді табыңыз

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру.
Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
Мұғалім:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.
Топтарымызды таныстырып өтейік.
І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер»
Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.
1топ «Алғырлар»
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

2 - топ. «Білімділер»
Ұраны:
Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І. Ой жүгірту.
ІІ. Көсемдікке ұмтылу.
ІІІ. Ғажайып сурет.
ІҮ. Шешімін тап!
Ү. Полиглот.
Мұғалім
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.

І кезең «Ой жүгірту»
Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.
1топ «Алғырлар»

1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)
8. Есту мүшесі не? (құлақ)
9. Көру мүшесі. (көз)
10. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)
11. Дәм сезу мүшесі. (тіл)
12. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
13. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? (Ғылым таппай мақтан ба?, Жазғытұры. Т. б)
14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
15. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр.
Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
16. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
17. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)
18. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
19. 12 – сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)
2 - топ. «Білімділер»

1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)
2. Тау жыныстары дегеніміз не? (Жер қыртысын толтырып жатқан денелер жер қыр - ы деп аталады
3. Көптік жалғауларын ата. (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)
4. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)
5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
6. Бос тау жыныстарын ата. (құм, саз)
7. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымшадан)
8. Көлемнің өлшем бірлігі және неше өлшемі бар? (куб см, үш өлшемі бар. Ұзындық, ені, биіктік)
9. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (Жерден қазып алып, қажетіне жұмсалатын тау жыныстары п/қ д. а.
10. Судың неше күйі бар? Ата (бу, сұйық, мұз)
11. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге)
12. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)
13. Кез келген санды нөлге бөлгенде неше шығады? (сол санның өзі)
14. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем)
15. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
16. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.
Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
17. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? (тазы)
18. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? ата. (жанғыш, кенді, кенге жатпайтын)
19. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай)

ІІ кезең «Көсемдікке ұмтылу»
«Мақал – сөз мәйегі» дегендей, бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыпта мақал – мәтел жарыстырады. Қане, қай топ көп мақал біледі екен. Берілетін тақырыптар:
Отан, туған жер, туған ел, атамекен.
Оқу, білім.
Ерлік, батырлық.
Достық, жолдастық.

ІІІ кезең «Ғажайып сурет»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік! – деп, мұнда оқушылар беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін ашып, қалағанын табу керек.
Бәйтерек. Мемлекеттік ту.

Мұғалім:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
ІҮ кезең «Шешімін тап!»
Мұнда оқушыларға кесте беріледі, сол кестені орындайды. Қай топ тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз болады.


Қорытындылау

Жеңімпаз топты анықтау






















































6 сабақ
Тақырыбы: Сөзжұмбақтар Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниетанымын арттыру Ойларын еркін айтуға үйрету
Дүниетану бойынша осы тұрғыда жасалған сөзжұмбақтар оқушының сабаққа деген зейінін, белсенділігін, танымдылығын, қызығушылығын, білімділігін арттыруға көп септігін тигізеді. Үнемі бір сарынды сабақтан көрі оқушы сабақта әр түрлі әрекет, жұмыстар жасағанды ұнатады. Әртүрлі әдістер арқылы тереңдете және жеделдете оқытуға арналған пәндік деректер, тапсырмалар өз ойларын, білімдерін толық жеткізе алуларына мүмкіндік береді. Оқушылар тақырып бойынша қажетті деректер жиынтығын есте сақтай отырып, қосымша мәліметтер ала алады. Сабақ тақырыбын қорытындылауға да жақсы, көмегі зор.

1. Сөзжұмбақ « Адам ағзасы»
Дене тірегі не?/Қаңқа/
Жүрек, өкпені қорғайтын қай сүйек?/Кеуде/
Жалпақ иілген сүйектер /қабырға/
Адамның бас қолбасшысы не?/Ми/
Сендегі ең бағалы зат, миды қорғайтын не?/Бас/

Дене сөзіне мағынасы жуық сөз./Ағза/
Шынықтыру мәдениетіне не жатады?/Жүзу/
Кеуде сүйегіне кіретін сүйектердің бірі не?/Омыртқа/
Бұлшық еттер сүйекке қалай бекінеді?/Сіңір/
Сүйектердің бір - бірімен жалғасатын жері /буын/

2 Сөзжұмбақ «Жүрек»
Жүрек - қан айналым жүйесі
1. Сенің жүрегіңнің мөлшері./Жұдырық/
2. Қандай сәтте жүрек соғуы ұлғаяды?/Жүгіргенде/
3. Жүректен қандай тамыр арқылы қан бүкіл мүшелерге тарайды?/Артерия/
4. Қандай тамыр арқылы жүрекке қан қайтадан құйылады? /Вена/
5. Қандай дене ағзадағы бактерияны жояды?/Лейкоцит/
3. Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесі не?/Өкпе/
Тыныс алғанда ауа не арқылы өтеді?/Көмекей/
Тамақтан алатын ауру /Баспа/
Ауа не арқылы өтеді?/Кеңірдек/

4. Ас қорыту жүйесі
Ас қайдан өтеді?/Ауыз/
Тамақ түсетін жер./асқазан
Тіршілік үшін адамға не керек? /тамақ/
Қорытылмаған ас қандай ішектердің бірі арқылы сыртқа шығарылады? /тоқ ішек/
Сілекей ауыз қуысында не кездеседі?/Микроп/
Ішектегі қоректік заттар қай бездерінің бірінің сөлі арқылы ыдырайды? / Ұйқы бездері/
Асты қабылдайтын, шайнауға қатысатын не?/Тіл./
Организмдегі улы заттарды залалсыздандыратын мүше./Бауыр/

5. Сөзжұмбақ «Сезім мүшелері»
Мұрынның ортаңғы бөлімінде қандай сезу жүйкелері орналасқан? (иіс)
Ерекше арнайы сезімтал мүшелері бас бөлігінің қай жерінде кездеседі? (Ерінде)
Көру мүшесі не? (көз)
Құлақтың үш бөлімінің бірі қандай бөлік? (ішкі)
Қандай кезде иісті сезе алмаймыз? (Тұмау)
Иіс сезу мүшесі не? (Мұрын)
Иіс сезу дабылын миға өткізетін не? (Жүйке)
Көз ортасында не болады? (Қарашық)
Құлақ қандай мүше? (Есту)
Дәм сезу мүшесі не? (Тіл)
Ақпаратты қабылдайтын қандай жасушалар? (Сезімтал)
Көру жүйкесі арқылы бейнені миға өткізетін қандай қабық? (Торлы)
Тұмаудың әсерінен мұрындағы кілегей қабықшалары не істейді? (Ісінеді)

Қорыту

Сұрақ жауап арқылы қорыту

































28 сабақ

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту, логикалық ойлауын, шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіру.
2. Оқушыларды ана тілін сүюге, адамгершілік ізгі қасиеттер қалыптастыру, тереңнен ой толғауға үйрету.
3. Топпен бірлесіп ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, шығармашылық ізденістерге баулу.

Сайыстың жүру барысы:
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру.
2. Бәйге жарыс
3. Сөзжасам
4.»Кім көп біледі?» Ана тілі
5. «Кім жылдам?» математикалық сайыс
6. Ұшқыр ой сайысы «Дүниетану»
7. Балғын балалық шақ.
Сайысқа қатысатын топ атаулары: «Алғырлар», «Тапқырлар»

Мұғалім :

Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз.
Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Олай болса, 2 - ші сыныптар арасында «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты сайысымызды бастаймыз.


Алғашқы кезегіміз таныстыру,
Топтарды бір - бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларын қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.
Топтар өзара кезегін анықтайды.


«Алғырлар» Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар,
Білімді санасына тоқушылар.
Білімімен, өнерлерін ортаға сап,
Шықты міне, Алғырлар атты сайысшылар.

Топ атын алғыр қойған алғырлармыз,
Шетімізден білімді балғындармыз.
Топ жарып, алға шығып озып жатсақ,
Бұл қалай болды екен деп таң қалмаңыз.

Біздің топ ұраны: Нақты жауап, саналы шешім береміз,
Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!
«Тапқырлар» Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе күш - қуаты жалындар.
Логикалық тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.
Біздің топ ұраны: Тапқыр болу - ізгі арман, мұратымыз,
Талмасын әрдайым да қанатымыз!

2 - кезең: «Бәйге» жарысы:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
Келесі кезекті Бәйге жарысқа берейік:
1. Жыл мезгілдерін ата?
2. 1 жылда неше ай бар? Екі жылда ше?
3. 1 аптада неше тәулік бар?
4. 1 тәулікте неше сағат бар?
5. 1 сағатта неше минут бар?
6. Ж. Жабаев қанша жыл өмір сүрген.?
7. Жұмбақ: Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара (Жыл, ай, күн мен түн)
8. 5 жыл бұрын Айжан 3 жаста болды. Қазір жасы нешеде?

Мұғалім: Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.

3 - кезең: «Сөзжасам; Балдырған, Жауқазын
2 - жүргізуші: Жылдар - жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелсең жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат – сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен ертеңі,
Ана тілі пәнінен сараптаймыз
Сұрақтар мен тапсырмалар тізбегін.

4 - кезең: «Кім көп біледі?» Ана тілі пәні
1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім? Кел, балалар, оқылық! Өлеңін жатқа айт:
2. Күн шыққанда өлеңінің авторы кім? Өлеңді жатқа айт
3. Абай Құнанбаев кім? Туған жерін ата?
4. Абай өлеңдерін еске түсір
- Күз
- Ғылым таппай мақтанба
5. Ертегі түрлерін ата?

5 - кезең: Математикалық сайыс:
1 - жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік!
«Кім жылдам?» ойыны:
15 - 10 ж ------- 19 - 10 р ----------- 17+3с ---------- 15+15 т
10+6 й ---------- 20 - 6 а ------------ 20+5ә ----------- 20+20 л
12+2 а ---------- 19+2 ы ------------- 35+2 і ----------- 30+7 і
27 - 7 с ---------- 23+3 ң ------------ 40 - 10т --------- 70 - 20 к

5 14 9 14 16 20 21 26
Ж а р а й с ы ң

20 25 30 30 37 40 37 50
с ---ә ---т- -т --і –л-- і --к

1. Мен бір сан ойладым, оған 30 - ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?
2. 1 дм неше см бар?
3. Ең үлкен бір таңбалы сан, ең кіші екі таңбалы сан, ең кіші үш таңбалы санды ата?
4. 10 ондық неше бірлік?
5. 3 онд. 8 бірл. 9 онд, 5 бірл 6 онд. о бірл 8 онд. 7 бірл

Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (5қаз)

6 аламаның 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Табақта 7 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (12алма)

6 - кезең:
Мұғалім: Халқымыз шешендігімен танылады,
Жүйрік тіл, ойлы сөзі мағыналы.
Шешен тіл, мақал сөзбен сөз бастаса,
Көпшілік басын изеп бағынады.
Мақал сайысы:
7 кезең:

Мұғалім: Айналадағы дүниенің
Тылсымы көп ғажайып,
Қызықтырған әлемге
Кәне назар салайық!
1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
2. Құлағы үлкен жануар? (піл)
3. Ағаш тазалайтын орман дәрігері (тоқылдақ)
4. Шөлге шыдамды жануар? (түйе)
5. Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын көл - шалшықта
Бірін – бірі мақұлдап,
Бірін – бірі жақтайды? (бақа)
6. Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (аққу)
8 - кезең: «Балғын балалық шақ» Өз шығармашылықтарын қорғау.



























24 сабақ

Тақырыбы: Білгенге маржан
Мақсаты:
а) білімділік: Атадан қалған асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру. Оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;
ә) тәрбиелік: Аталы сөздерден үлгі, өнеге алуға, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп өсуге тәрбиелеу;
б) дамытушылық: Оқушылардың аталы сөздер арқылы рухани байлығын, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін, сөздік қорын дамыту, ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру;
Көрнекіліктер: Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің суреттері, қанатты сөздер, оқушылардың ұлттық киімдері, сиқырлы таяқша, шарлар, бағалаушылар.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Әнұранды орындау
Сынып оқушыларын топқа бөлу.
Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
І топ: «Сұңқарлар»
Топ басшысы: Сұңқармыз ұша жетілер,
Төменде бәрін қалдырып.
Жамбы тұр көкте біз ілер,
Қанатты нұрға малдырып!
ІІ топ: «Тұлпарлар»
Топ басшысы:
Тұлпармыз шаба жетілер,
Жаралған жігер, намыстан.
Жеңістің туы желбірер,
Жүйрікпіз желмен жарысқан!
Топтардың ұрандары:
І. Сұңқарлар ұша жетіледі.
ІІ. Тұлпарлар шаба жетіледі.

Мұғалім: Атадан қалған асыл сөздерді үйренуге біз «Сөзстанға» саяхатқа шығамыз. «Сөзстан» дегеніміз - атадан қалған асыл сөздер, көп ғасырлық тарихы бар қазақ әдебиеті. Халқымыз «Өнер алды - қызыл тіл» деп аса жоғары бағалаған. Сондықтан біз сол «Сөзстанға» саяхат жасауды мақсат еттік. Бүгінгі ашық тәрбие сағатында асыл сөздер еліне бет алған жолда көп кедергілер кездеседі екен. Біз сол кедергілерден табандылықпен, тапқырлықпен өтуіміз керек.
- Қалай ойлайсыңдар, атадан қалған асыл сөздерге не жатады?
Оқушылар: Нақылдар, ырым - тыйым сөздер, мақал - мәтелдер, өтірік өлеңдер, көркем сөздер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер.
Мұғалім: Бұларды неге асыл сөздер дейміз?
Оқушылар: Өйткені аталарымыз асыл сөздер арқылы ақыл айтып, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұрынғы аталарымыз өмірден көрген - түйгендерін жинақтап, бай тәжірибесін бізге сөзбен өрнектеп, мұра қылып қалдырған. Ендеше, біз «Сөзстанға» жету үшін үлкен үш кедергі бекеттен өтеміз. Бекеттерге жеткенше мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
І кедергі бекет: «Өнер жастан»
І.«Бәйге» Бұл кезеңде топтарымыз салт - дәстүр, әдет - ғұрып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
1. Мұсылманның қасиетті кітабы? (құран)
2. Қазақ шопандарының шахматы не? (тоғызқұмалақ)
3. Қылыштан өткір не бар? (тіл)
4. Ең киелі құс не? (аққу)
5. Қазақ ырымында балаға ми жегізбейді. Ол нені білдіреді? (Себебі мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып өседі дейді)
6. Киіз үйдің құрылысында кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлігі не?(уық)

ІІ. «Мақал - сөздің мәйегі» Бұл кезеңде сұрақтарға мақал - мәтелдер арқылы жауап бересіңдер.
1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
2. Түкірік көл бола ма? (Көп түкірсе, көл болады)
3. Қандай жағдайда айнаға өкпелемеу керек? (Аузың қисық болса, айнаға өкпелеме)
4. Семіздікті көтеретін жануар? (Семіздікті қой ғана көтереді)
5. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)
6. Жыланды інінен қалай шығарамыз? (Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады)

ІІІ. «Кім көп біледі?» ( топ мүшелері өтірік өлеңдерден жарысқа түседі)
ІҮ. «Ескірмейтін есті сөз» (топ мүшелері өздері білетін ырым - тыйым сөздерден жарысады)
Би:

ІІ кедергі бекет: «Білгенге маржан»
Ү. Сауалдарға жауап беру.
1. Жеті атаны ата.
2. Жеті қазына не?
3. Үш арсызды ата.
4. Жолаушының мұраты не? (жету)
5. Саудагердің мұраты не? (сату)
Ал біздің мұратымыз не? (оқып, білім алу)
Ән: «Сәлем берем үлкенге»
Сөзі: Өтепберген Ақыпбековтікі
Әні: Дабыл Омаровтікі
ІІІ кедергі: «Ойлан, тап!»
ҮІ. Жұмбақтар шешу. (топ мүшелері бір - біріне жасырады)
ҮІІ. Қазақта тұңғыш...
1. Ең тұңғыш шешен (Жиренше)
2. Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы (Шоқан Уәлиханов)
3. Ең тұңғыш қазақ әліппесін жазған (Ахмет Байтұрсынов)
4. Ең тұңғыш биші (Шара Жиенқұлова)
5. Ең тұңғыш елбасшымыз (Н. Ә. Назарбаев)
6. Ең тұңғыш дүниежүзі чемпион атаған алған палуан (Қажымұқан Мұңайтбасов)

ІҮ. Қорытынды.
Мұғалім: Атадан қалған асыл сөздер - біздің өмір серігіміз, ақыл - кеңесшіміз. Ол сөздер ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Ал енді атадан қалған асыл сөздерді ұғыну үшін не істеуіміз керек? Ол үшін Абай атамыздың өсиетті сөздерін есімізде сақтайық.
І топ: Бес нәрседен қашық бол,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
ІІ топ: Бес нәрсеге асық бол,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз.

Қорыту :
«Сиқырлы таяқша» әдісі. Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдің?
Нені үйрендің?
Жеңімпаз топты марапаттау.































27 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдердің сыңарын тап
Сабақтың мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойларын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы: I кезең. «Мен бастаймын, сен қоста»; II кезең. «Жасырамын жұмбақ»; III кезең «Сөз тіркесі»; IV кезең. «Жаңылтпашты жаңылма»
Барысы:
Бүгінгі сабақ күнделікті сабақтардан ерекшелеу болып өтеді. Өйткені сайыс сабақ болғаннан кейін жеңіс те, жеңілу де бар. Қатысатын сайыскерлер өздеріңнің білімділіктерін, тапқырлықтарын, шапшаңдылықтарын да көрсетулері керек. Енді сайысқа қатысатын топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

І топ «Алғырлар»
ІІ топ «Ұшқырлар»


Мұғалім : Мақал – мәтелдер талай замандардан қалыптасқан ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра. Осы алтын мұраларымызды жоғалтып алмайық. Мақал - мәтелдердің көп түрлері бар. Атап айтсақ ерлік, батырлық туралы, достық, өнер - білім, Отан, ынтымақ бірлік, тіл, ел, халық, әдептілік, еңбек туралы т. б. Бүгінгі «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы осы жайлардың бәрін қамтиды. Ендеше сайысты бастайық

I кезең. «Мен бастаймын, сен қоста».

Мұғалім - үлгі - өнеге ретінде айтылатын қысқа, әрі нұсқа нақыл сөзді не дейміз?
- Мақал

А) Оқу, білімге байланысты
1. Білім таппай мақтанба,
(Өнер таппай баптанба)
2. Күш - білімде,(білім - кітапта)
3. Білім( ортақ)
4. Білім ауысады,(Ырыс жұғысады)
5. Оқу – инемен( құдық қазғандай)

Б) Туған жер, отан, ел
1. Ел - елдің бәрі жақсы,(өз елің бәрінен жақсы),
2. Туған жердің жері де көрікті,(Елі де сүйікті)
3. Туған жердің қадірін шетте жүрсең,(білесің)
4. Отан - аттан да( ыстық )
5. Отансыз адам (, ормансыз бұлбұл)

В) Еңбек:
1. Еңбек етпеген( ішіп жемейді)
2. Еңбектің көзін тапқан( байлықтың өзін табады).
3. Еңбек бәрін (жеңбек)
4. Еңбегі аздың (өнбегі аз)
5. Ердің атын( еңбек шығарады)

Г) Әдептілік, әдемілік:
1 Үлкенге - құрмет,(Кішіге – ізет)
2 Әдептілік белгісі( иіліп сәлем бергені)
3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
(әдепсіз бала ата - анасын қақсатар)
4. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала»
5. Әдептінің (абыройы биік)

Д) Тазалық, денсаулық туралы
1. Денсаулық (зор байлық)
2. Тазалық - (саулық негізі)
3. Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса(тамағыңды тый)
4. Тәні саудың(жаны сау)
5. Аурудың (алдын ал)
6. Ас - адамның(арқауы)

(Әрбір мақалға 10 ұпай қосылып тұрады. Жауап бере алмаған топтың ұпайы кеміп отырады.)

IІ кезең.
Шығармашылығыңды шыңда
Кім жүйрік?
Бәйге
Бәйге сұрақтары:
І топқа:
1. Өнер алды не? (қызыл тіл)
2. .Ең бірінші бақытым (халқым)
3. Үш биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4. Тілдің негізгі қызметі? (сөйлесу, қарым-қатынас жасау)
5. «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? (сын есім)
6. «Аққу дұшпан - ...» (ақыл дос)
7. «Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
8. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997ж 11 шілдеде)
9. Қазақта топ аттылардың жарысы қалай атайды? (бәйге)
ІІ топқа:
1.Бал тамған тілдегі не? (у тамар)
2.Ал екінші бақытым (тілім менің)
3. «Туған тілім» өлеңінің авторы кім? (Д. Әбілов)
4. Екі адамның сөйлесуін не дейді? (диалог)
5. «Құрғақ» сөзінің қарсы мағыналы сөзі? (ылғал)
6. Сөз анасы ... (құлақ)
7. Бес арысты ата. (Мыржақып, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан, Ахмет)
8. Бір топ аттылар тартыспағы қазақта қалай аталады? (көкпар(
9. «Қр-ның мемлекеттік тілі –қазақ тілі» деп Ата заңның нешінші бабында көрсетілген? (7-бабында)
3 кезең

Полиглот
Сұрақ қойылады, жауабы үш тілде берілуі тиіс. Әр жауап 10 ұпаймен бағаланады.
І топқа:
1. Тілі бар, үні жоқ,

2) Көз қорқақ, не батыр?
Өзінде адам түсінген. (қол-рука-hend)
(кітап-книга-woоk)
1. Адамды адам еткен не? 2) Аяғы біреу, қолы жоқ, 
(еңбек-труд- work) Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді, 
Салған ізі сөйлейді.
(қалам-ручка-ren)

4-кезең

Мақал сөздің мәйегі
Бұл бөлімде әр топқа мақалдың жартысы айтылады, әрі қарай жалғастыру керек.
1-топқа:
Жеті рет өлшеп, ... (бір рет піш)
Тіл тас жарады, ... (тас жармаса бас жарады)
Тіл – жұтамас ...(байлық)
Көп тыңда ... (аз сөйле)
2-топқа
Өнер көзі - ...(халықта)
Ана тіліңді ұмытқаның ... (өз тіліңді құртқаның)
Ақыл азбайды, ...(білім тозбайды)
Өнерлі ... (өрге жүзер)
«Шығармашылығыңды шыңда»
Бұл бөлімде тіл туралы өлең шығару.
1-топқа 2-топқа
____________ сүйемін, ____________ ән-жырым, 
____________ өлеңім. ____________ сырым.
____________ асыр сап, ____________ арналат, 
____________ келемін. ____________ өнерім.

«Кім жүйрік?»
«Тұлпар», «Қызғалдақ» сөздері беріледі, осы сөздерден сөз құрауға болады?
Бұл бөлім оқушылардың сөздік қорын дамытады.
Қорытындысы шығарылып, дипломмен марапатталады.
Қорытынды:


13 сабақ

Сабақтың тақырыбы:"Көркем жазу"жарысы
Сабақтың мақсаты:
1. Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға, өз ойын толық жазбаша жеткізуге, және баяндауға баулу.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

-Сабаққа назарын аудару.Құрал-жабдығын ретке келтіру. Ән: Жас тірек. 1 мин.

-Психологиялық дайындық.Орындарынан тұрып қайталайды:

Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Күнделікті қызықты

Кезекті сабақты бастаймыз.

Көркем жазу. Ққ Ққ Қымбат, қарындаш, қуыршақ. 1мин

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын айту, талқыға салу.

«Ой ашар» бөлімі. Тақтаға шие, таға ,ата, ұста - суреттерін іліп, Осы суреттер бойынша не айтуға болатынын сұрау. Балалардың жауаптарын толық алу. 10 мин.

-Қызықты тапсырма . Әріптерді қой да, оқы.




-н, -і -е, -ш, -к, -р, –с, -т.


Еріншек екі істер. Мақал мағынасын ашу. Дәптерге жазу. 3 мин

-Мақалды талдау. Дауысты дыбыстарын тауып, олардың жуан жіңішке екендігін талдау.

-сөздердің қалай естіліп тұрғандарын талдау.

Дауысты дыбыстар


Жуан жіңішке

Жаңа сабақ . Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. 4мин.

Тақтада орындап, талдау жұмысын жүргізу.

Дәрігер ауруға дәрі берді. Әскер күзетте тұр. Әбішұлы Әріп – тәртіпті, ұқыпты оқушы.

Әріп дәптерлерін таза ұстайды. Әсем сәнді киініп жүреді.


Карточкамен жұмыс. 4мин

Оқушының аты:

Сөздер

Жуан

дауыстылар

Жіңішке

дауыстылар

1

дәптер



2

қалам




ІІІ.Сергіту сәті. 1мин

Достығы жарасқан, Бәріміз бір болсақ,

Сыйлы біз баламыз. Бәрін де жеңеміз

Келісіп бәрімен Күндей боп күлімдеп

Татулық табамыз Таудай боп өсеміз.


3мин.Сөздерді салыстырып оқу. Ондағы жуан –жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атау. От-өт, ор-өр, тол-төл, қол-көл.

-Жұп дауыстыларды қайталау.


Ү.Қорытынды :

Топпен жұмыс:

2мин «Адасқан әріптер» бөлімі : (әріптерді орнына қойып , сөз , сөзден сөйлем шығару. )

I топ -Ү, к, л,е г, н, е – үлкенге

II топ - Қ, р, ұ, е, м, т – құрмет –

III топ - Б, а, л, а, ғ, а, - балаға

М, н і, е, д, т, - міндет

Рефлексия :30сек. -Не білдік?-Не үйрендік?





























10 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға буын туралы түсінік беру,буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.

2.Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту.

3. Тәрбиелік :жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:      Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Көрнекілігі:           Сызба,плакат,улестірмелі қағаз.

Сабақтың әдісі:     Проблемалық әдіс,түсіндіру,оқу,сұрақ-жауап.

                 Сабақтың барысы:   1.Ұйымдастыру.

а) оқушылардың зейінін тұрақтандыру.

ә)сабақтың ұранымен таныстыру.

                      Зейін қойсаң-ұғарсың,

                          Іздесең-табарсың,

                       Талаптансаң-жетерсің.

б)оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу.

(оқушылар қол ұстасып тұрып,бір-біріне сәттілік,жақсы тілектер тілейді.)

 

Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат-міндеттерін айту.Бүгін сабақта мына кезеңдер бойынша жұмыс жүргіземіз.

 

1. Қайталау –  оқу анасы.

2. Кітап-  досың , ақылшың.

3. Білімді  мыңды  жығар.

4. Кім тапқыр?  Ойыны.

5. Біліміңді байқап көр.

1.        Қайталау  - оқу  анасы.

(оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру арқылы буын тақырыбынан өткенді қайталау.)

а)Бірін –бірі тексеру .(сұрақ-жауап) Буын. 

1.Буын дегеніміз не?

2.Балалық-деген сөзде неше буын бар.

3.О-қу-шы-лар са-бақ-қа кел-ді. Деген сөйлемді буынға бөл.

4.Дыбыс нешеге бөлінеді.

5.Дауысты дыбыстардың жігін ата.

6.Жуан сөз айт.

7.Дауыссыз нешеге бөлінеді.

8. Қатаң сөзге мысал келтір.

             11. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан ,оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.

                         Буын

1. Ашық буын.       2.Тұйық буын.        3.Бітеу буын.

Қа-ла, да-ла,           ұл,ұн, ант.                 дос-тық, жаз,

Ата, ша-ға-ла.                                           күз-дік, мал.

А.  Сөздерден  сөйлем құрастыру.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді.

2.        Кітап – досың, ақылшың.

а).(ауызша, жазбаша.)

Ашық,тұйық,бітеу буындарға бөліп жазу.

Мына сөздерді: ел,жер,көл,құс,жоқ,ер,бала,дана,ата, мал.

ә) .(ауызша)

Күй құдіреті.

Топтастыру.

      ақын    ----Әбунасыр  Әл Фараби-------ойшыл

      математик        ұлы ғалым    философ    сазгер

                      музыка  зерттеушісі

    б) жазбаша)

·          Өздерің болашақта қандай маман болуды қалайсыңдар?

·          Пікірлеріңді айтыңдар.

3. Білімді мыңды жығар.

а.б +а.б +а.б.  (ша-ға-ла, са-на-ма, қа-ла-ға.)

б.б +б.б +б.б. (дос-тар-дың, мек-теп-тер.)

б.б  +б.б. (қыз-дар, тас-тар.)

а.б  + а.б. (ба-ла, ша-на.)

т.б +б.б. (ұл-дар, ат-тар.)

4.Кім тапқыр?

1.ата.                  1.Тұйық буынды сөз.(өрт,ұл,ат.)

2.ат.                    2.Ашық буынды сөз.

3.бала.                     (ата,бала, қала.)

4.тал.                   3.Бітеу буынды сөз.

5.қант.                     (тал, қант.)

6.өрт.

7.ұл.

8.қала.

5.Біліміңді байқап көр.

а) Сөздердің орнын тап.

Ашық буын.

Тұйық буын.

Бітеу буын.

 

 

 

ә) Тест.

Тестік тапсырмалар (оқушылар жауап кілті арқылы өздерін бағалайды.)

1.Ашық буынды сөзді тап.

а) аз.            ә) қаз.         б) боса.

2.Бітеу буынды сөзді тап.

а)оқушы.     ә) дауысты.   б) мектеп.

3.        Бірыңғай ашық буынды сөзді тап.

а) тамаша.     ә) еркіндік    б) басылым.

4.Тұйық буынды сөзді тап.

а) анар.   ә)ант.  б) қант.

  1. Буынның неше түрі бар.

а) екі   ә)  төрт.   б) үш

6. Буын түрін көрсет.

А)  қысаң.    ә)бітеу   б)езулік.

 

111. Сабақты қорыту кезеңі.

Не өттік?

Не білдік?

 

 













































8 -сабақ

Сабақ тақырыбы: Екпін 
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу, екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу;

Тәрбиелік: Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін дамыту, үндестік заңына сай орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Сабақ типі: Жаңа сабақ 
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау
Сабақ барысы: 
І .Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ Оқушы білімін жан-жақты тексеру
1.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
2.Данышпан атаның сұрақтары :
А) Фонетика нені зерттейді?
Ә) Орфография мен орфоэпия деген не?
Б) Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата
В) Үндестік заңы деген не?
Г) Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата

ІІІ Жаңа сабақ 
1. Данышпан ата түсіндіреді:Балалар, алдымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын , яғни, « Екпін» сөзінің мағынасын ашып алайық. Мысалы: Бар екпінімен құлап түсті, екпіндетіп сөйледі, екпіні қатты жел соқты, оқу екпіндісі.Даусы ерекше шықты. Даусы ерекше шықты. Даусы екпінді шықты. Біз екпін сөзін аз қолданбайды екенбіз. Екпін ... күшті, көтеріңкі, қатты, ерекше. Мысалдарға қарағанда екпін мағына жағынан қандай сөз?
- Көп мағыналы сөз
- Ал тіл ғылымында қолданылуы қандай сөз болады?
- Тіл ғылымында термин сөз болады.
- Термин сөз 
2. Оқулықпен жұмыс
Ережені түсініп оқу. Екпін нелерге түседі екен? Ереже бойынша атаңдар.
- Бір сөзге. Бір буынға. Бір дыбысқа. Бір тіркеске
Ережені жинақтап, тірек - сызба жасайық...
.....................................бір сөздің
.....................................бір буынның 
Екпін............................бір дыбыстың ..............................................көтеріңкі , күшті айтылуы 
.....................................бір тіркестің 
Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін
Сөз екпіні
Дыбыс екпіні
Ой екпіні
Тіркес екпіні
Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады: Екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Мектеп – кеме, білім – теңіз.
Білім-паз- дар-ға. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен.

Орыс тілінде
Замок - құлып
Замок – қорған
Мука - азап
Мука - ұн
Қазақ тілінде
Оқу
Оқушы
Оқушылар
Оқушыларға

Әдебиет пәніндегі С. Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» үзіндісінен тірек сөздерді атап, сөздерге екпін қойыңдар.
Мектепте үздік оқушыларға «Мақтау қағазы» беріледі. Беріледі сөзіне екпін түспейді. Оны дәлелдеп көрейік.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар сияқты екпін түспейтін сөздің соңғы буынында тұратын қосымшалар болады. Олар : жіктік жалғауы, болымсыз етістік жасайтын жұрнақтар : (- ма ,- ме, -ба,- бе,-па,- пе; -тай, -тей, -дай,- дей, - лай,-лей)
Ұмай ана түсіндіреді:
Орыс тілі пәні мұғалімі екпін (ударение) туралы айтып өтеді.

ІV. Сабақты бекіту
Данышпан атаның тапсырмасы: Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Оқушымын
Айтайын
Мұздай
Айтпа

Баласың
Көрелік
Оқтай
Барма

Адамбыз
Айтшы
Тастай
Сызба
Данышпан атаның тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс (Мұзафар Әлімбаев)
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың, 
Молайсын елге қосқаның.
Тапсырма: Өлеңді жатқа жазу. Өлеңдегі сөздерге сөз екпінін қойыңдар.

V. Сабақты қорыту
1. Екпін дегеніміз не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3.Сөз екпіні деген не?
4.Екпін түспейтін қосымшаларды атаңдар



































14 сабақ

Тақырыбы: Комплексті талдау

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қазақ тілінің төл технологиясы сатылай кешенді талдау арқылы фонетикадан алған теориялық білімдерін қайталау. Сөздерге ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізіп, теориялық білімді бекіту, тиянақтау.
2. Дамытушылық. Тіл байлығын ауызша, жазбаша арқылы дамыту. Ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу. Ана тілін құрметтеуге, ұлы тұлғалардың өсиеттерін бойына сіңіре отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау, жинақтау сабағы.
Әдісі: Тілдік талдау, тест жұмыстары, ойын элементтерін пайдалану.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта материалдары, үлестірмелі қағаздар, ұялы телефондар.
Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиет.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақ жабдықтарын бақылап, назарларын аударту.
2. Сабақтың негізгі бөлімі: 1 - тапсырма. Диалогті талдау «Телефон» ойыны арқылы жүргізіледі.
Жүргізуші: Қожабекова Айнұр.
«Отқа күйгеннен де, ұятқа күйген жаман» мақалындағы «Отқа» сөзіне фонологиялық талдау жасау.
- Эльдар, сәлеметсің бе? Мен үй тапсырмасын орындап отыр едім. Көмек бересің бе?
- Иә, көмектесемін.
- Отқа сөзі қандай буынды сөз?
- Бұл сөз айтылу, жазылу, жасалу жолдарына қарай жуан буынды сөз.
- Неге?
- Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
- Бұл сөзде қанша буын бар?
- Бұл сөз от - қа болып екі буынға бөлінеді.
- Неге?
- Себебі сөз құрамында екі дауысты дыбыс бар.- от буыны тұйық буын.
- Неге?
- Себебі буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.
- Қа буыны ашық буын.
- Неге?
- Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр.
- Бұл сөз қалай тасымалданады?
- Бұл сөз от - болып 1 жағдайда тасымалданады.
қа
- Неге?
- Себебі сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.
- Екпін сөздің қай дыбысына түсіп тұр?
- Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбысына қарай ығысып отырады. Сондықтан екпін қа буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр.
- Бұл сөзде буын үндестігі бар.
- Неге?
- Себебі түбірі от жуан болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның қа жуан нұсқасы келіп тұр. Сондықтан біз оның ке жіңішке нұсқасын алмаймыз.
- Бұл сөзде түбір мен қосымшаның арасында дыбыс үндестігі ілгерінді ықпал бар.
- Неге?
- Себебі түбірдің соңғы дыбысы т қатаң болғандықтан өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының қ қатаңнан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның ға ұяңнан басталатын нұсқасын алмаймыз.
- Рахмет, сау бол.
- Сау бол.
2 - тапсырма. Сұлу, гүлдер сөздеріне қысқаша жазылым бойынша фонологиялық талдау жасаңыздар.
1. Жуан. б. с.
2. Сұ - лу
а. б а. б
3. Сұ - лу
4. Сұ - лу/
5. + ---
6. С + л --- 0
3 - тапсырма. Ш. Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» - ой толғау
Сергіту сәті. Кім жылдам? Дүниежүзілік сөзінен бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздер шығару.
4 - тапсырма. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беріңіздер.
Астана сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
5 - тапсырма Тест жұмысы.
Сабақты бекіту: Нені үйрендім?
Бағалау
Үйге тапсырма: Өнеге сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Қорыта айтқанда, сатылай кешенді талдау технологиясымен сабақ өткізу барысында оқушылар көптеген жетістіктерге жетеді. Яғни, бір сабақ үрдісінде бүкіл тарау бойынша берілген білім түгелімен қайталанып, қорытылады; сабақ барысында бүкіл сынып оқушыларының белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі; оқушылардың ізденісі артады, түрлі әдебиеттер мен сөздіктер, анықтамалар және мерзімді басылымдармен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игеруге көмектеседі; оқушылар сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысын игереді; көп сөзділіктен аулақ болады; оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысы дамиды; шығармашылық қабілеті артып, оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.





29-сабақ

Тақырыбы: Екі жақтылы мағынасы бар сөздер

Сабақтың мақсаты:
1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
● Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.
● Мәндес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау, үтірдің қойылу себебін сұрау.
IIІ. Жаңа сабақ
1. Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.
2. Бұл қандай сөздер?
• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)
• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарама - қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.
Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру – оңай, түзету – қиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.
Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.
қатты -...... жүру -..........
таяз -.......... кию -............
жылы -........ кіру -...........
кең -.......... сөйлеу -.........
● әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;
● тасымалданбайтын сөзді табу.
IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.

V. Өзіндік жұмыс ● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.
● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.
1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;
2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.
Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін
Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.
VI. Жұмбақ шешу
● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.
Жақыннан әкеп хабарды.
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)
Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)
● Бес жолды өлең құрастыру
1. Пияз
2. Ащы, пайдалы.
3. Аршылады, ашытады, өседі.
4. Жуа
5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.

VII. Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
• Жақсы, жаман - синоним сөздер
○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.
○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
• Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
• Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.
Бетегеден биік, жусаннан аласа.

Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.
Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.

23-сабақ

Тақырыбы : Модуль сөздер

Мақсаты
Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен таныстыру; бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажырата білу;. Қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы айырмашылығын таныту. Қос сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра алу дағдыларын дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Міндеттері  Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қос сөздердің бір түбірдің қайталануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынына көз жеткізу; 
 оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже  топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
 жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
 әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Түйінді түсініктер бір түбірдің қайталануы арқылы жасалуы, жаңа ұғым беруі, бір ғана мағына беруі, бір сұраққа жауап беруі;
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері, модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Тапсырмалар мазмұны Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру

3 мин.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды топқа бөлу Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді. Стикерлер үлестіріледі. Әркім өз таңдаған сөздер туралы түсінік бере отырып, топқа бөлінеді.

Бағалау критерийлері және оқушының аты-жөні жазылған кесте беріледі. Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады. 
Күрделі сөздер жазылған үлестірмелі карточкалар
Көркем жазу 3 мин. Ауызша сұрау Дәптерге Ж ж жаңалық көркем жазу Жаңалық – сөйлем құрастыру Өзін-өзі бағалау

Зерттеу жұмысы
АКТ-ны пайдалану
№ «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
5 мин. АКТ- ны пайдалана отырып топтық тапсырмаларды орындату.
Тапсырманы орындау барысында топтың жұмысын қадағалау, бағыт-бағдар беру.

Топта біріге отырып, талқылау.
Талқылау барысында топта бір-бірін тыңдау, ортақ шешімге келу. 

1-тапсырма
Қос сөз дегеніміз не? Мысал, қос сөздерді жай сөздерге айналдырыңдар.
2-тапсырма
Қос сөздердің біріккен сөздерден қандай айырмашылығы бар?
Мысал, қос сөздер, біріккен сөздер.
3-тапсырма
Қос сөздердің тілімізді байытуда қандай маңызы бар? Мысал, жеке сөздерден қос сөздер жасаңдар.
4-тапсырма
Қос сөздер қалай жасалынады? Мысал, қос сөздерді жай сөздерге айналдырыңдар.
(қосарлану, қайталану, күшейтпелі буын арқылы) Бірін-бірі бағалау Флипчарттар, маркерлер, 
түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б.













30- сабақ

Тақырыбы: Сөз атасы.
Мақсаты:
1. Оқушыларға ауызша сөйлеу тілінің маңызын түсіндіру. Сөйлеу мәдениетінің ұлттық салт - дәстүрмен сабақтастығы туралы және оның бастауы тіл екендігі түсіндіріледі.
2. Келтірілген мысалдар арқылы оқушы бойына қазақ халқының бата - тілек, амандасу ризашылық білдірудегі ғасырлар бойғы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған сөз мәдениеті үйрене отыра эстетикалық, этникалық тәрбие беру. Сөйлеу тілін дамыту ойын жүйелі баяндауға, сөзге мән бере сөйлеуге үйрету.
3. Ой ұшқырлығына, тіл тазалығына баулу. Грамматикалық амал - тәсілдері меңгерту. Тіл тазалығын сақтауға үйрету. Тіл мәдениетіне тән нормаларды сақтауға және өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрену. Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

Түрі: қайталау сабағы.

Сабақ көрнектілігі: Сұрақ салынған қоржын. Тақырыпқа байланысты таблицалар.
Сабақ әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, ойын элементтері, топтық жұмыс.

3. Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу зейінін сабаққа аудару. 1. Оқушылардың қазақ тілі сабағынан меңгерген білімдері туралы сұрақ - жауап арқылы қайталау жүргізу 2 топ жұмыс істейді.
1 - топ Сұңқар тобы. 2 - топ Тұлпар тобы.
Кіріспе сөз.
Сөз мәдениеті ауызша сөйлеу тілі және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді. Екеуінің де бастау негізі Ұлттық салт - дәстүрмен сабақтасады. Күнделікті өмірде адамдар бір - бірімен сөйлеу тілі арқылы қарым - қатынас жасайды. Сондықтан сөйлеу, сөйлесе білу - өнер, сүйекке сіңіп қалыптасқан үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Адам таңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ойып жүйелі жеткізе алады. Сөйлеген кезде әр сөздің заңдылықтарын мысалы: орфоэпия сақтап, мағынасына орай сөйлемде дұрыс қолдануға дағдылану керек. Мысалы, айтылуы құлұн, жазылуы құлын. Сөйлесіп отырғанда, пікір айтқанда қолды сермеуге, қатты күлуге, бет - ауызды көп қимылдатып, жөні жоқ қисаңдата беруге болмайды. Аса қызығып, тез сөйлеудің жөні жоқ. Мазмұнды сөзге құлақ қойып, ықыласпен тыңдай білуге де дағды керек. Кісіні тыңдай білу де – мәдениеттілік. Тіл тазалығын сақтау маңызды. Сөзді шұбарламай, басқа тілден сөз қоспай, бір сөзді жиі қайталамай мәдениетті сөйлей білу - үлкен өнер.
- 3 -
Сұрақ - жауап. (оқушылармен жұмыс)
Білім кезеңі. Қоржыннан сұрақ алғызып, оқушыларды жеке - жеке шығарып жауап
Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Сөздің тура мағынасы деген не? Мысал келтір.
Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Дыбыстық түрлерін ата.
Буынның неше түрі бар? Мысал келтір.
Екпін нешеге бөлінеді?
Тыйым сөздерге мысал келтір.
Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша?
Бір өлеңді жатқа айт.
- 4 -
Жалпы топпен жұмыс
Мұғалімнің 2 топқа қойылатын сұрақтары.
1 - сұрақ. Сөйлеу мәдениеті туралы не білеміз?
2 - сұрақ. Тіл туралы кім қандай өлеңдер жатқа айта алады?
3 - сұрақ. Сәлем - сөздің анасы туралы үйге берілген тапсырма туралы ойларыңды ортаға салыңдар.
4 - сұрақ. Сөйлеу мәдениетінің түрлеріне қайталау жүргіземіз. Кім түсіндіріп бере алады?
5 - сұрақ. Бата - тілек, алғыс сөздер, айналу, толғану, сыйыну, табыну сөздеріне қандай мысал келтіре аласыңдар?
Мұғалімнің қорытындысы

Сәлемдесу - тұрмыстық қатынастағы сөз басы.
Адамдардың бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлемдесу - тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті сондықтан оның мағынасына мән беру - әдептіліктің, адамгершіліктің, сөз мәдениетінің байыптаудың баспалдағы. Кішінің үлкенге сәлем беруі - үлкеннің құрмет көруі, жастың ізет білдіруі. Сәлемдесу - ағайын мен туысты, дос - жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы жарастыру ғана емес, ата - салтын жалғастыру, алысты жақындастыру. Адамның кейіп - кескінін тану, оның болмысын байқау, көңіл - күйін білу, әрі өзін өз ниетін ұғындыру.
Үлкен - кіші, қатарлас құрбы - құрдастар, әйел адамдар қазіргі күнде көбіне «Сәлеметсіз бе», «Аман - есенсіз бе», «Есен - саусыз ба» деп сәлемдеседі. Ал ер адамдар үлкен адамға ұлттық дәстүрді сақтап, «Ассалаумағалайкум» - деп Алланың нұры жаусын, тәңірден есендік тілеймін, тыныштық болсын деп тілесе, «Уағалейкумассалам» деп сізге де соны тілеймін деп жауап қайтарады. Сәлемдесудің ең басты шарты - жылы лебіз. Сәлемді дұрыс алмау көргенсіздік болып табылады. (дәптермен жұмыс) Оқушы дәптерлеріне мақал - мәтелдер жаздыру.

Сабақты бекіту.
Балалар, сендермен бірге біраз жұмыстар жүргіздік. Өткен сабақты қайталай отырып алған білімдерімізді көрсете, айта білдік. Ойларың тереңдеп, сөзге мән беретіндіктеріңді байқадық. Білімді, мәдениетті болып ержетесіңдер. Енді. Қорытындылайсыз ба кесте арқылы балалар білімін жинақтаймын. Үйге тапсырма берейін.
Бағалау. 2 топ оқушыларына жауаптарына қарай естелік сыйлық ұсынылады. Қоржыннан блокнот, қаламсап, бояу қарындаш сияқты заттар ұсынамын.

Мақал - мәтелдер және өлең жол.

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.

Тіл - адам ойының айнасы.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Айтылған сөз - атылған оқ.
Таза сөйлеу - биік мәдениеттілік.
Көңілсіз құлақ - ойға олақ.
Өнер алды - қызыл тіл.
Жақсы лебіз - жарым ырыс.
Шешеннің сөзі - ортақ.
Әр халықтың тілі - білімнің кілті.
Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма.
Абай.
Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз.
Ж. Баласұғын
Сүйемін туған тілді – анам тілі
С. Торайғыров
Мақалдар
Бір күн танысқа қырық күн сәлем
Базардың жүз кісі бар біріне ғана сәлем бер.
Сәлем - сөздің анасы.
Иіліп сәлем береді әдепті елдің баласы.

























32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып еркін тіркес пен тұрақты тіркес айырмашылығын ажырата білу.
Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушылар жай тіркес пен тұрақты сөз тіркесін практикалық жолмен ажырата білу.
Негізгі идея: Балалар бірлесе отырып ереже шығарады. Тұрақты тіркес ерекшеліктерін айқындайды.

Тапсырма мен жаттығулар:
1 - тапсырма. Сыныпты кәмпит арқылы 3 топқа бөлу.(2 мин)
2 - тапсырма. Топ ережесін шығару. (3 мин)
3 - тапсырма. Топ рөлін анықтау.
Баяндамашы
Хатшы
Төраға
Таймкипер
Оқушыларға еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесінен мысалдар таратылып беріледі.
Ит өлген жер – ит өлді
Төбе шашы тік тұрды - шашын кес
Он саусағынан бал тамған – бал жеді
1. Ит өлген жер деген сөз тіркесін басқа сөздермен ауыстырып көрші?

Құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайды.

2. Төбе шашы тік тұрды сөзінің мағынасы неде?
3. Әр сөзде бір - бірімен байланыс бар ма?
Тұрақты сөз тіркестері тұтасып, бірнеше сөз бірігіп бір ғана мағынаны береді.
4. Он саусағынан бал тамған деген тіркесті пайдаланып сөйлем
құрау.
5. Әр сөзге жеке сұрақ қойыла ма?
Тұрақты тіркестерді бөлуге, бөлшектеуге болмайды. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап береді, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Осыдан кейін әр топтың хатшылары берілген қағазға сөз тіркесінің белгілерін жазып тақтаға іледі.

Енді әр топ бірге тұрақты сөз тіркесінің ережесін құрастырады.
Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологизмдер деп аталады.
111 - жаттығу.
Көзге ілмеу – қарамау
Аузына құм құйылды – үндемеу
Зәресі ұшу – қорқу
Көзді ашып жұмғанша – тез, жылдам
Жүрегі зу ету – қорқу
Тас жүрек – қатал
Әр топқа тапсырма беріледі. Онда оқушылар тұрақты сөз тіркестері мен жай сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды және екі сөйлемді салыстырмалы түрде оқып, өз ойларын айтады.

Сергіту сәті: (Мимикамен көрсету) мұғалім – үндемеу
1 - топ – ұрысу
2 - топ – қорқу
3 - топ – қуану
Тұрақты сөз тіркесі тілімізге не үшін қажет?

Бес жолды ойлау
1. Тақырып
2. Суреттеу
3. Қимыл
4. Сезіну
5. Мәнін қайта айтатын сөз (синоним)

Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады, не ұнамады, не білдіңдер?



































19-сабақ

Тақырыбы: Буын үндестігі

  Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік: оқушылардың   үндестік  заңы,  буын  үндестігі    туралы түсінік  беру,  жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.   

 2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді    құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  фонетика  жайындағы,  тіл  дыбыстары  және  олардың  түрлері  туралы және үндестік  заңы,  буын  үндестігі    туралы  ұғымдарын  кеңейту, ойлау  қабілеттерін   дамыту,  талдау  дағдыларын арттыру.

     Сабақтың типі: аралас

     Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

     Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

     Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

     Сабақтың барысы:

     I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Психологиялық тренинг «Жүректен жүрекке»

 II.Үй тапсырмасын тексеру: “Ұшқыр сұрақ, жылдам жауап”

 ІІІ. Топтық жұмыс. Тақырыпқа байланысты топтық таныстырылым қорғау.  Жаңа  сабақтың тақырыбын өткен тақырыппен байланыстыра отырып ашу, мақсатын оқушылардың өздері қоя білулеріне мүмкіндік беру. 

ІҮ. Терме  диктантБуын үндестігіне бағынбайтын сөздерді теріп жазу.

Сәнқой, әдемілік, дәптермен, өнерпаз, тарихта, бокстен, айлакер, арбакеш, 

сезімтал, ұрғыш, балтамен, лагерьге, паркке, стаканда, гүлге, банкке.

Сергіту сәті. Грамматикалық ойын «Адасқан буындар» 

 V. Жаңа сабақ  бойынша  түсініктерін  тексеру.

1.Дәптермен жұмыс

 *  Жуан  сөздерді  бір бағанға,  жіңішке  сөздерді  бір  бағанға  жазыңдар.

• Кірме  сөздерге  қосымшалар  жалғануындағы  үндестік  заңының  ерекшелігін  айтыңдар..  

• Мәтіндегі  көп  нүктенің орнына тиісті  дыбыстарды қойып,  көшіріп  жазыңдар.

VІІ   Сабақты  бекіту

Өздік жұмыс.

 І топ 

1.Тасымалдауға  болмайтын  сөзді  және  буынды  тап.

Ата – ана, жасырынбақ,  ат,  шебер,  бет,  талап,  көктем,  көк,  жаз,  ай,  жұлдыз,  мол,  айқын.

ІІ топ  

1.Төмендегі  сөздерді  тасымалдауға  бола  ма? 

 Электр, станция,  ансамбль,  вольт.

ІІІ  топ 

1. Қай  жағынан  оқысаңда  бірдей  жазылып,  бірдей  айтылатын  сөздер  тауып  жазыңдар.

2. Төмендегі  сөздерге  фонетикалық  талдау  жаса

 Жұлдыз,  Ұлдай.

     VІ. Сабақты  қорыту

Кері байланыс «Бес саусақ»

• Сабақтан қандай әсер алыңыз?

• Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

• Қай тапсырма орындауда қызықты болды?

• Біліміңіздіқайтапсырманыорындағандатолықжеткізеалдыңыз?

• Нені білгің келеді?







































31-сабақ

Тақырыбы : Адасқан сөздер әлемі

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту,ойын арқылы фонетика саласын қайталау ,

Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: Қима қағаздар,интерактивті тақта.

Өтетін орыны:Қазақ тілі бөлмесі

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Тіл-халық қазынасы» атты апталықта өткізіліп отқан «Дыбыстар әлемі» атты зияткерлік  сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!   

Барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.

Сайыстың кезеңдері:

І кезең «Ойлан,тап!», ІІ кезең «Ғажап сөз»,ІІІ кезең «Адасқан әріптер»

ІY кезең «Метограмма құрау»,Y кезең «Сөздер сыры»,YІ кезең «Қатесі болса түзе».YІІ кезең «Терме диктант»,YІІІ кезең «Тест»

І  кезең «Ойлан,тап» Берілген сұрақтарға жауап берсе, бес ұпай алады.

1.  Ашық дауысты дыбысы бар  5 ұлттық аспаптардың аты ата?

2. Қатаң дауыссызы бар 5 ұлттық киім атауы?

3.  Қысаң дауысты дыбысы бар 5 халық әні

4. Ұяң дауыссызы бар  табиғат құбылысы 
ІІ кезең  «Ғажап сөз» Қай жағынан оқысаң да бірдей дыбысталатын сөз ойлау жазу керек.Қай топ көп жазса, сол топ жоғары  ұпай алады.
ІІІ кезең «Адасқан әріптер» М, д, и, н, т, е, і, т, е, ә. Б, л, а, б, қ, ш, а, а, а.

Ұ, а, т, с, з . Ұ, а, т, с, з . у, ш, о, ы, қ деген сөздердің жүйесін табу.

ІY кезең «Метограмма құрау».Топ ойыншылары жеке немесе топпен әр түрлі тақырыпта метограмма құрастырады.

Y кезең «Сөздер сыры».«Жазғытұрым» деген сөзден әр түрлі толық мағыналы сөздер құрастырып жазу керек.Мысалы: жаз, зат,тым,тұр т.б

YІ кезең «Қатесі болса түзе» .Топ ойыншылары қима қағаздарда  жазылған сөздердің қатесін  тауып жазу керек.

Мысалы:Айақ, қойан, баиандауыш, ойу, хайуан, айаз, қариа, тайақ, қою, айуан, тақиа, байандама, бойа

Дұрысы: Аяқ, қоян, баяндауыш, ою, хайуан, аяз, қария, таяқ, қою, айуан, тақия, баяндама, боя.

 YІІ кезең «Терме диктант».Топ мүшелері берілген мысалдардан тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазады.

Ашық, қасық, 5 кг, ара, балық, тал, алма, Қ.Сәтбаев, адам, көлеңке, ТМД, қара, бал, аю, кітап

 Дұрысы:5 кг, ара, тал, Қ.Сәтбаев, ТМД, бал, аю
Қорытынды:

         Әділ қазылардың шешімі бойынша жеңімпаз топты анықтап ,мақтау қағазымен марапаттау.Қатысқан оқушыларға алғыс айта отырып,сыйлықтар ұсыну.













































18- сабақ

Тақырыбы : Шарадалар

Мақсаты:Оқушылардың сауаттылығын арттыру, дыбыстарды терең меңгеруге көмектесу.

Алуан түрлі дағды, мәліметтерді беріп, шеберліктерін шыңдау 

Білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденімпаздығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту. 

 1.Ұйымдастыру кезеңі

Шарадалар жайлы мәлімет беру

  

ШАРАДАЛАР

Бас буынмын-батырмын,

Зат есіммен келесі

Талай асқа батырдың.

Біріктіріп екеуін,

Елімде ағып жатырмын.

(Ер-тіс)

Бастайтыным -сан

Неше?

Қостайтыным-бір мүшең.

Енді келер жалғасын

Асқа күнде саласың.

Бәрін қоссаң,

Табасың 

Қазақстан қаласын. 

(Екі-бас-тұз)

Бір бөлігі-сын есім,

Екіншісі-топырақ.

Біріккенде,

Білесің 

Атын үлкен атырап.

(Қызыл-құм)

 

 

Басың тәтті дер едім,

Бұйрық райда-ал соңы

Тұтас-

Атын береді

Таныс көлдің,

Тап соны.

(Бал-қаш)

 

СӨЗЖҰМБАҚ ОЙЫНЫ

1. Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,

Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.

Ол қай сөздер?

2. К-ден басталсам,

Маған қарап сабақ айтады.

П-дан басталсам,

Маған балалар жүгін артады.

3. Басы-ашық, аяғы-қысаң,

Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.

Саған да ол керек болар,

Өзен-көлге жақын тұрсаң.

4. Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына беретін басқы және саңғы  дыбыстары бірдей сөздерді кім тауып жаза алады?

Е-е             н-н

Қ-қ            с-с

К-к            а-а

М-м           ы-ы

 

ФОНЕТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР

1. Дыбыс емес, таңба

   Оқылмайды, жазылады.

   Бірақ сөзден табылады

  Ол қай әріп еді?

 Ойлап көрші, есіңде бар ма?

 

2. Бір дыбыстан құралған қандай сөздерді білесіңдер?

 

3. Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Кім мысалмен дәлелдеп бере алады?

 

 

4. Бес дыбыспен айтылып, алты әріппен жазылатын қай сөз, ол кімнің аты?

 

5. Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?

Қауын, жуан, миуа, қияқ, жуу.


Қорыту

Сұрақ-жауап арқылы қорыту















11 сабақ

Тест
1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) өз-ен
ә) ө-зен
б) ө-зе-н
2. Дұрыс тасымал жасалған сөзді табыңдар:
А) сыз-ғыш
ә) сы-зғыш
б) сызғ-ыш
3. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
А) оқыу
ә) оқу
б) оқұу
4. «Тәуекел» деген сөзде неше буын бар?
А) 4
ә) 3
б) 2
5. «Саусақ»деген сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар?
А) 3 буын, 3 дауысты дыбыс
ә) 2 буын, 2 дауысты дыбыс 
Б) 2 буын, 3 дауысты дыбыс
6. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.
А) та-уық
ә) тау-ық
б) т-ау-ық
7. Артық сөзді тап.
А) қайық
ә) дауыл
б) оқушы
8. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.
А) а-уы-рып
ә) ау-ыр-ып
б) а-уыр-ып
9. Дұрыс жазылған сөзді тап
А) силады
ә) сыйлады
б) сыйылады
10. Артық сөзді тап
А) жаңбыр
ә) жетпей
б) жау








33- сабақ Қайталау

1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А) 33 Ә) 37 Б)42



2. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата:

А) ә,ү, і, е Ә) а, и, ұ, ы Б) ы, ә, ұ, ы



3. Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыстар бар?

А) 3 Ә)12 Б) 4

4. р, л, м, н әріптері дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

А) қатаң дауыссыздар Ә) ұяң дауыссыздар Б) Үнді дауыссыздар



5. Өнер, сурет сөздеріне тиісті қосымшаны тап.

А) лі, ші Ә) шы, лық Б) тық, шы

6. "Құрылысшы" сөзіне қандай қосымша жалғанып тұр?

А) жұрнақ Ә) жалғау Б) түбір



7. "Әдемі, өнерлі" деген сөздер қай сөз табына жатады?

А) зат есім Ә) сын есім Б) етістік

8. Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?

А) кім? не? Ә) қандай? қай? Б) қанша? Неше?



9. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) көкшетау Ә) Көкшетау Б) Көкше тау



10. Қай бағанадағы сөз дұрыс тасымалданған?

А) ал-ты-бақан Ә) алты-бақан Б) алтыба-қан









33- сабақ Қайталау

1.      Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

         А. 22          Ә. 18          Б. 30           В.42

2. Қазақ алфавитінде қанша дауысты дыбыс бар?

         А. 8                     Ә. 3            Б. 15           В.12

3. Дауысты дыбыстарды көрсет.

         А. Ы,И,А            Ә. Ә,В,Г    Б. Ж,О,Л    В. Қ,И,Е

4. Ұяң дауыссыз дыбыс нешеу?

         А. 7                     Ә. 3            Б. 5             В. 4

5. Үнді дауыссыз дыбыс нешеу?

         А. 6                     Ә. 7            Б. 5             В. 8

6. Еріндік дауыстыларды көрсет.

         А. А,О,Ө,Е                   Ә. Ұ,Ү,О,Ө         Б. О,Ү,И,Ә         В. Қ,Ұ,О,Е

7. Қысаң дауыстылар нешеу?

         А. 8            Ә. 7                     Б. 6             В.8

8. Езулік дауыстылар нешеу?

         А. 4                     Ә. 5            Б. 3             В.7

9. Ашық дауыстылар нешеу?

         А. 4                     Ә. 8           Б. 6             В. 5

10. “Ә” қандай дыбыс?

         А. Ашық, еріндік                  Ә. жуан, езулік  

         Б. жіңішке, ашық                   В. Қысаң, езулік

11. Көп нүктенің орнына қойылатын әріптерді белгіле

         ...ке, ...же, ...ж...р, к...л, г.. л, т...р 

12. Ұяң дауыссыздан басталатын сөзді белгіле. 

         А. Ардақты                  Ә. Биязы    Б. Салмақты       В. Көңілді





4 сабақ

 2-сынып

1.  Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

А) 2 Ә) 12 Б) 18

2. Зат есімді табыңыз.

А) қоян Ә) жасыл Б) сексен бес



3. "оюлар" сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?

А) 6 әріп, 5 дыбыс Ә) 5 әріп, 6 дыбыс Б) 5 әріп, 5 дыбыс

4. қ, к, с, т әріптері дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

А) Қатаң дауыссыздар Ә) Ұяң дауыссыздар Б) Үнді дауыссыздар

5. Сөйлем ішінен дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз.

Анасы азаматты далада күтті.

А) далада Ә) азаматты Б) күтті

6. Заттың атын білдіретін сөздерді қалай аталады?

А) Зат есім Ә) Сын есім Б) Сан есім

7. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Биік, аласа Ә) Келді, кетті Б) Сұлу, көрікті



8. бала, қыз, ана сөздерінен төмендегі сұрақтың қайсысын қоюға болады?

А) Қандай? қай? Ә) Кімдер? нелер? Б) Кім? не?

9. Оның бұл қылығынан мейірімді бала екені байқалды.

Сөйлем ішінен сын есімді табыңыз.

А) Оның Ә) Мейірімді Б) Бала

10.  Кім?деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап

А) Жамбыр жауды Ә) Арайлым әдемі Б) Автобус жүрді









15 сабақ

2-сынып

1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?

А) Зат есім Ә) Сын есім Б) Етістік

2. Сөйлем соңынан нүкте қойылса, ол қандай сөйлем?

А) Лепті сөйлем Ә) Сұраулы сөйлем Б) Хабарлы сөйлем

3. Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап

А) құстар, үйлер, аталар Ә) алды, ақ, келді Б) үстел, гүл, кімдер



4. «Сен қашан келесін?» Сөйлемнің қай түрі?

А) Хабарлы сөйлем Ә) Сұраулы сөйлем Б) Лепті сөйлем

5. Реттік сан есімді белгілеңіз.

А) үш Ә) төрт-төрттен Б)  бесінші



6. "Аққулар" сөзіне қосымшаның қай түрі жалғанған?

А) жалғау Ә) жұрнақ Б) түбір



7. «Ала қарға қарға қонды

Қара қарға жарға қонды.»

Омоним сөздерді табыңыз.

А) қарға Ә) қонды Б) жарға



8. Жалқы есімді табыңыз.

А) Ғабит Ә) көркем Б) мемлекет



9. "Қызылжар" сөзі неше түбірден тұрады?

А) 2 Ә) 3 Б) 1

10. Үш буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Керемет Ә) Бұлбұл Б) Екі





34-сабақ

 1. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөзді көрсетіңіз.

А) ара Ә) кітап Б) балмұздақ

2. Зат есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.

А) кім? не? Ә) не істеді? қайтты? Б) қандай? қай?



3. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

А) бір сөзден Ә) екі-үш сөзден Б) Дұрыс жауабы жоқ.

4. Алақай, мен жендім!

Сөйлемнің қай түріне жатады?

А) хабарлы сөйлем Ә) сұраулы сөйлем Б) Лепті сөйлем



5. Төмендегі сөздерден дауыссыз у дыбысын көрсет.

А) қауын, ауыз Ә) қулық, қуыршақ Б) ауыз, суық

6) Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсет.

А) гу-леу, жу-ық-тау Ә) гул-еу, жуық-тау Б) гу-леу, жу-ықтау



7. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) қиу, жиу Ә) жию, қию Б) жиу, қию

8. Заттың атын білдіретін сөздерді тап

А) қызыл, жасыл Ә) Майра, доп Б) он жеті, екі



9. Заттың сынын білдіретін сөз табы қалай аталады?

А) зат есім Ә) сын есім Б) етістік



10. Сөйлем ішінен сан есімді табыңыз.

Мен екінші сыныпта оқимын.

А) мен Ә) екінші Б) сыныпта







20 сабақ

Тест тапсырмалары
1. Бес сөзі бар сөйлемді белгіле
А) Айгүл ауылға барды
Ә) Әсия төсекті әдемілеп жинады
Б) Әжем маған қолғап тоқып берді.
В) Атамның көзілдірігін алып бердім.
2. Қай сөз буынға дұрыс бөлінген?
А) бұл – т
Ә) көл – ең – ке
*Б) жо – ңыш – қа
В) аб – ай – сыз – да
3. Тасымалданбайтын сөзді тап:
А) шағала
*Ә) асық
Б) белдік
В) жылқы
4. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
А) 34
Ә) 40
Б) 41
*В) 42
5. Жуан сөздерді тап:
А) білім
*Ә) алтын
Б) киім
В) көмек
6. Жіңішке сөздерді тап:
А) ағаш
Ә) жиһаз
Б) киім
*В) көмек
7. Туыстықты білдіретін сөзді тап:
А) кереге
Ә) шегеле
Б) бота
*В) немере
8. У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап:
А) ауа
*Ә) көшу
Б) уақыт
В) жауын
9. Қай сөз дұрыс жазылған?
А) киыз
*Ә) киіз
Б) кеиіз
В) киз
10. Қай сөз дұрыс жазылмаған?
*А) қойан
Ә) шаян
Б) таяқ
В) оян
11. Қай сөзге б әрпін қоямыз?
А) кіта...
*Ә) до... ы
Б) қа...
В) кет... ен
12. Қай сөз дұрыс?
А) Менің лақым
*Ә) Сенің лағың
Б) Оның лақы
В) Олардың лағың
13. Хабарлы сөйлемді тап.
А) Апырай, сондағы қорыққаным – ай.
*Ә) Мектепке әншілер келді!
Б) Ертегіні жақсы көресің бе?
В) Сенің атың кім?





































5 сабақ

Тақырыбы : Жасырын мақалды тап

Мақсаты : Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Сабақ жарыс түрінде өтеді. Жарысымыз 3 кезеңнен тұрады

Жарысымызды бастаймыз

1-кезең «Полиглот»
«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс тілінде айтады.
Жұмбақтар:
1). Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап – книга)
2). Падишадай жатысы бар,
Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка)
3). Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка)
4). Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су – вода)
5) Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік - двер)
6) Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ – самолет).

2-кезең
Ендігі кезекті «Кім тапқыр?» берейік!

Әр топтың жанкүйер оқушылары берілген мақалдарды шапшаң жалғастырады.
1). Еңбектің наны тәтті,

2). Кітап – білім бұлағы, ………

3)Батыр бір өледі,

4). Бірлік болмай, ……
5). Әдепті бала – арлы бала, ……

6). Қына тасқа бітеді, …7).

Жүз теңгең болғанша,
8). Ашу дұшпан, ……………………..

3 - кезең: «Біліміңді шында»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
Мұғалім:
Ашық – жарқын жүзді,
Әділқазы біздің.
Таңдап баға беруге

26 сабақ

Тақырыбы : Жаңылмай жазу жарысы

Сауатты жазуға үйрету
Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге үйрету - әр мұғалімнің міндеті. Бұл жұмыстарды қалыптастыруда жазба жұмыстарының орны ерекше. Соның бірі диктант.
Сауатты жазудың негізі әліппеніңсауаты ашу кезеңінде қалыптасады. Алғашқы әріптерді үйренісімен сабақ сайын сын жұмысы жазылады. Мұның бірі әріп диктанты. Онда үйренген дыбыстарының әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқап, ілесе алмаған оқушылармен мынандай жұмыстар дүргізіледі.
- Баспа түріндегі әріпті көрсетіп, жазба түріне аударып жазғызу.
- Дәптерге үлгі бойынша жазғызу.
Әріп диктантын жазуға дағдыланңан соң, сол әріптерден құралған буын диктантын жазу жалғастырылады. Бұл кезде оқушылар өздіктерінен дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып оқи алады.
Буын диктантын әр түрлі үлгіде дүргізуге болады. Мысалы:
- Баспа әріптерден буын құрату, оны жазғызу.
- Буындардан сөз құрату.
- Сөздерді буынға бөліп жазғызу.
Дұрыс жазып төленген соң, сөз диктантын бастауға болады. Диктант жазарда әр сөздің мағынасын сұрап, білмеген жағдайда мұғалім өзі түсіндіріп, дайындық жұмыстарын жүргізіп алу тиіс.

9 сабақ

Тақытыбы :Нақыл сөзді жаттайық
Мақсаты: Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: сахналау.
Көрнекіліктер: үш бидің суреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.
1. Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - сопақ, өзі нәр.
2. Ата салты - ардақты,
Әрбір сөзі - салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Жоспары:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Сұрақ - жауап /мұғалім - оқушы/
3. Досбол бидің шешендік сөзі.
4. Билердің отырысы/сұрақ - жауап оқушылар арасында/
5. көрініс «Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім.»
6. айтыс «Біржан мен қыз»
7. Көрініс «Қожанасырдың май сатып алуы»
8. Ертегілер еліне саяхат «Алтын балта»
9. Ескірмейтін сөздер/тиым, ырымдар/
10. Мақал - мәтел жарысы
11. Тәуелсіздік тұмары /билердің сөзі./
Барысы:
Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер көп.
Біз сөйлеу мәдениеті, ана тілі сабағында халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстық. Кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын – жыраулар мен сал - серілерден мұра - мирас болып қалған шығармаларды оқыдық.
- Халық шығармаларының түрлерін кім айтады?
- ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, батырлар жыры.
- жырлардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Төрт түлік туралы, батырлар жыры т. б.
- Жырау деп кімді айтамыз?
- Жыршы деген кім?
- Жырды шығаратын адамды жырау деп атайды.
- Жыршы деп сол жырды халыққа таратушы адамды айтады.
- Шешендік сөздердің қандай түрлері болады?
- шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
- Балалар сендер қандай шешендік сөздерді білесіңдер?
/бірнеше оқушы жатқа шешендік сөздер айтады/
- шешендік сөздердің мақал – мәтелге ұқсастығы бар ма?
Айырмашылығы ше?
- Балалар, шешендік сөздердің ерекшелігі бір оқиғаға байланысты болады. Белгілі бір адамдардың атынан айтылады. Ұқсастығы қысқа, әрі нұсқа болады.
Шешеннің бағалы қасиеті - қиядан жол, қиыннан сөз табу.
/Досбол бидің шешендік сөзі. 1 - оқушы/
- Қандай белгілі шешендерді білесіңдер? Олар кімдер?
- Қазбек би, Төле би, Әйтеке би, Жиренше шешен, Сырым батыр, Аяз би т. б.

- Ал, қазір, ортаға шешендік өнерді бағалап, оқыған білгендерін көкейге тоқып жүрген оқушыларды ортаға шақырайық.
/ортаға Қазбек би, Төле би, Әйтеке би болып киінген оқушылар шығады/
Қазбек биге қойылатын сұрақтар: Дүниеде не қымбат? Дүниеде не жақын? Дүниде не қиын?
- Кім жақын? - деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Тату болса – ағайын жақын,
- Ақылшы болса - апайың жақын.
- Бауырмал болса - інің жақын,
- Инабатты болса – келінің жақын.
- Алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
- Не қымбат? – деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Алтын ұяң - Отан қымбат,
- Құт берекең атаң қымбат.
- Аймалайтын - анаң қымбат,
- Мейрімді – апаң қымбат.
- Асқар тауың - әкең қымбат,
- Бәрінен де ар мен ұят қымбат.
- Не қиын?- деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Арадан шыққан - жау қиын,
- Таусылмайтын - дау қиын.
- Шанышқылаған - сөз қиын,
- Жазылмаса - дерт қиын.
- Іске аспаған - серт қиын,
- Ақылыңнан - адасып.
- Өзің түскен - өрт қиын
- Не істеріңді біле алмай,
- Ашиды сонда бас миың.
- Төле биге қойылатын сұрақтар:
- Төле бидің төрелігі
- Төле бидің билігі.
- Төле бидің шешендік сөздерінің бірін жатқа айтуы керек.
Әйтеке биге қойылатын сұрақтардың түрлері.
- Жігіттің жақсысы қандай болады?
- Бала Әйтекенің билігін айтыңыз.
- Әйтеке бидің кең тараған кең тараған шешендік сөздерін айтып беріңіз.
«билер» кезек - кезек оқушылардың сұрағына жауап берген соң
көрініс қойылады.
« Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім»
Мұғалім: айтыс деген не, кім айтады?
- Айтыс өлең түрінде болады. Оны айтысқа түсетін ақындар қолма - қол ойдан шығарып айтады.
- Айтыстың мақсаты - өзімен айтысушының қапысын тауып, қисынды сөзбен ұту, жеңіп шығу.
- Ал біздер айтыс білеміз бе?
Ұл бала мен қыз бала «Біржан мен қыз» айтысын орындап береді.
Келесі жұп «Оқушылар айтысын» айтып береді.
Мұғалім:- Ал, аңыздар деген не екен?
- Аңыздардан бізге кімдердің есімі белгілі?
- Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала.
Оқушылардың орындауында « Қожанасырың май сатып алуы»
- Ал, балалар, ертегілердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер.
« Алтын балта» ертегісінен көрініс.
Мұғалім: күнделікті өмірде ата - әжелерің, ата - аналарың айтып отыратын тыйым сөздер жарысын өткіземіз, кәне кім көп біледі?
- Жағыңды таянба, құдыққа түкірме, босағаға тұрма, ақты төкпе т. б. /балалар жарысып айта береді/

Үш би тәуелсіздік тұмарына айналған өсиет сөздерін айтады.
Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады,
Халық азса хандыққа таласады.»
Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт қашпасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз»
Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын
Ар мен абырой өмірлеріңе азық болсын.
Бірің ту ұстаған қолбасшы,
Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар,
қанаттарым!
Бердім батамды!
Аллауакбар!»

Міне, балалар, сендер тәлім - тәрбие аларлықтай «Нақыл сөздер » өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзін зер сала тыңдап, ұғып, әр сөздің астарына үңілу керек.
- Ал, балалар, осы сабақтан сендер өздеріңе не алдыңдар?
- Қай жері ұнаған жоқ?
- Әсіресе, оқушылардың рольдері қалай шықты?
- Осы тәрбие сағатының тақырыбын тағы басқаша қалай атауға болады? Неліктен?
- Үш арсызды талдайық.
- Неге ұйқыны, күлкіні, тамақты арсыз дейміз? Қалай ойлайсыңдар?
- Балалар сабақ сендерге ұнаса алдағы уақытта не істеулерің керек?
- Шешендік сөздерді оқып, жаттап, үлкендерді тыңдаймыз, көп оқып, билер сияқты шешен болуға тырысамыз, ырым - тыйымдарды еске сақтап, салт - дәстүрді қадірлейтін боламыз.


3 сабақ Сабақтың тақырыбы Дыбыс  үндестігі

Сабақтың мақсаты :
                                  а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;
                                  ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;                                                                                                                                                                                                                                                    
                                  б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                  Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                             Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Үндестік заңы дегеніміз не?                 2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
3.Буын үндестігі дегеніміз не?                    4.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
5.Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшаларды білесіңдер?
6.Фонетика нені зерттейді?                      7.Буын дегеніміз не?
8.Буынның түрлерін ата?
                            б)   Жаңа сабақты түсіндіру :
                       Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы : қаздар (қазтар емес ), есептер ( есепдер емес ).
  Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді : ілгерінді ықпал,кейінді ықпал.
   Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз : тас-тан,жаз-ға,адам-нан.
  Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса,оған жалғанатынқосымша қатаңнан басталады.Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса,қосымша ұяңнан,ал соңғы дыбыс дауысты  немесе үнді дауыссыз болса,қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз.Мысалы :теп – теуіп.

Жаттығумен жұмыс : Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап,олардың неге түрліше жалғанатынын қандай дауыссыз дыбыстардан кейін көптік жалғауның бір түлі дыбыстың вариянты қолданылатынын түсіндіріңдер.
  Ана,әйел,әшекей,мерген,көрме,сөз,бұрым,көркемөнер,қзақ,қолғап,көзілдірік,жігіт.

Білімді бекіту : 1.Дыбыс ундестігі дегеніміз  не ?          

     2.Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
          3.Ілгерінді ықпал дегеніміз не?          

         4.Кейінді ықпал дегеніміз не?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!