І топ. Программа интерфейсі, нысандар
Blender программасы – үшөлшемді компьютерлік графиканы құруға, анимация және интерактивті қосымшалар жасауға арналған программа.
Blender бағдарламасын голландық анимациялық NeoGeo студиясы құрастырған. 1998 жылдың маусым айында Blender-дің авторы Тон Розендаль NAN компаниясына ұсынады. Бірақ 2002 жылы NAN компаниясы банкротқа ұшырайды. Автордың сұрауы бойынша $1000000 кері сатып алуға мүмкіндік береді. 2002 жылдың қазанның 13 жұлдызында Blender Foundation компанияcы лицензиялық GNU GPL өнімді ұсынды. Қазіргі кезде Blender бағдарламасы Blender Foundation компаниясының арқасында кең тарауда.
Негізінде бірінші шыққан кодына байланысты Blender –дің туған күні қаңтардың 2 күні 1994 жылы болып есептеледі.
3D Blender программасының интерфейсі 3 бөліктен тұрады:
- Мәзір қатары
- 3D көрінісінің терезесі
- Батырмалар панелі
Программада пернетақтадан орындау тиімдірек. Сондықтан жұмыс барысында меңзерді өзгеріс жасайтын бөлікке орналастырамыз. Сахнадағы нысандар: текше, шам және камера.
Жұмыс терезесінен қиылысқан Х, У осьтерін, 3D меңзерін, текше, камера және шамды байқауға болады.
Текше – терезедегі көрініп тұрған нысан. Егер ол сізге керек жоқ болса, оны алып тастауға болады. Шам жарық көзі қызметін атқарады, ал камера кескіннің соңғы көрінісін көрсетуге керек. Камера арқылы кескінді әртүрлі бұрыштан көре аламыз.
ІІ топ. Рендеринг.
Сахнада құрылған нысанды сурет деп айта алмаймыз. Графикалық кескінді алу үшін рендеринг жүргізу керек. Ол үшін Render бұйрығын қолданамыз.
Blender программасында нысанды ерекшелеу тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы іске асады. Ерекшеленген нысанның контуры басқа түске өзгереді. Бірнеше нысанды бірден ерекшелеу үшін Shift батырмасын басып тұрып, нысандарға кезекпен тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту керек. Пернетақтадан А батырмасын бассақ, нысандар ерекшеленуден босайды, ал тағы бір рет А батырмасын шертсек, барлық нысандар ерекшеленеді.
Сахнаға керекті нысандарды ADD мәзірінен таңдап аламыз. Бірақ нысан сахнаға редакторлеу режимінде түседі. Редакторлеу режимінен жай режимге ауысу үшін немесе керісінше жасау үшін Tab батырмасын басу керек. Ал нысанның қабырғаларын, биіктігін, бұрыштарын өзгерту үшін, айналдыру үшін, көлемін өзгерту үшін G, S, R батырмаларын пайдаланамыз.
Бірнеше нысандарды бір бүтін қылып біріктіру немесе топтастыру үшін нысандарды ерекшелеп аламыз да, Ctrl+J батырмалар тіркесін қолданамыз.
|