СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

4 сыныппен ?оштасу кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Глазунов орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс іс-шара

 

«Бастауыш сыныппен ?оштасу

СЕНБІЛІК КЕШІ»

 

 

 

Та?ырыбы:

 

 

 

 

 

?йымдастырушы:                        Ар?ынбек ?сем Сабыржан?ызы

?атысушылар:                                       4 «Б» сынып о?ушылары

Мерзімі:                                          23.05.2015ж

 

 

 

 

2014-2015 о?у жылы

 

 

СЕНБІЛІК КЕШ

Бастауыш сыныппен ?оштасу кеші

Ма?саты:

1. Білімні? сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта ал?ан  білімні?  негіз болып ?аланатынына к?з жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , ал?аш ?олына ?алам ?стат?ан ал?аш?ы ?стазымен ?оштаса отырып, орта буында д?ріс беретін ?стаздармен таныстыру,?р баланы? ерекшелігін  таныта отырып, с?т – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ?стаздарын ??рметтеп, білімге деген ??штарл?ын арттыру.?з Отаныныны? адал ?лы мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: «Шуа?ын т?ккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

?анатты с?здер мен та?ырып.

 

 «?ош бол, бастауыш»

М??алім:

Б?гін міне жа?сы к?н жар?ыра?ан,

К??ілдер ?уаныштан сар?ыра?ан.

?оштасатын к?н келді бастауышпен,

?иындау болып т?р-ау б?гін ма?ан.

Кеше ?ана алдыма келген еді,

Именіп ?лы ?я?а енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

?шатын ?анат ?а?ып келді кезі.

 

Кеше ?ана т?лымдары желбіреп, ж?ректері л?пілдеп мектеп табалдыры?ын ?уана атта?ан ?л-?ыздарымыз ойлары толып, бойлары ?сіп бастауыш сатысымен ?оштас?алы отыр.

 

Олай болса 4 «Б» сыныбыны? «?ош бол, бастауыш» атты бастауышпен ?оштасу салтанатына ?ош келді?іздер.

 

Б?л салтанат ?уаныш баршамыз?а,

М?ндай к?й бол?ан сір? ?анша?ызда.

?ол со?ып, ?ошеметтеп ша?ырайы?,

4 сынып о?ушыларын ортамыз?а

 

Мен ?шін б?рі? бірдей ?ара?тарым,

Орындалсын арман тілек талаптары?.

А? пара?тай келді?дер с?би болып,

??ындым, ?рбірі?ді пара?тадым.

 

Музыка ?уенімен бастауыш сынып т?лектері орта?а келеді. 

 

М?лдір: Бала ша??а болаша?ты  жырлатып,

Ш?кірттерге ой т?зеткен сымбатты .

К?н н?рындай с?уле ??й?ан к??ілге,

Армысыздар , ?стаздарым ?ымбатты!

 

Н?рлыбек: Армысыздар ?желер мен аналар

?рпа?ы?ыз к?нде ?зі?нен бата алар.

Ел д?ст?рін м??гі сыйлап о?ы деп,

?йреткен ?ой Абай, Ыбырай бабалар 

 

Айдын:  Армысыздар ?р т?л?алы ?келер!

?ыран ??стай балапанын м?пелер.

Б?гін міне бастауышпен ?оштасады,

Азамат боп , кешегі с?би- еркелер!

 

М?рат?али: Армысы? сен , алтын ?я мектебім

Са?ан айтар жыр- ал?ысым к?п мені?

Ж?ректерге жа??ан білім шыра?ын ,

Мектебіме арналады б?л ?нім!

 

М?лдір: Д?рыс айтасы? М?рат?али! Б?л мектептен ?аншама адам т?лім алды. Мені? ата-?жем де, ?ке-анам да, енді мен де мектептен т?лім алудамын.

 

М?рат?али: Олай болса алтын ?я мектебімізге арнап ?н шыр?айы?

 

?н: «?стазым» Магзумханов Диас, То?тарбай Айдын

Т?л?а?ды арманыма ??сат?анмын, ?лгі?ді к??іліме ?ыстат?анмын. Есімде ?ліппені жаттат?ызып, Е? ал?аш ?ол?а ?алам ?стат?аны?. ?айырмасы: ?стазым, мені? ?стазым, ?зі?мен ?ткен ?ыс-жазым. ?алдыр?ан ізі? м??гілік, Жадымда т?рар жа??ырып, ?стазым, мені? ?стазым! Зердемді сен ашпаса? не етер едім? ?мірден сыба?асыз ?тер едім. ?ажайып д?ниені? сырын жайып, ?ия?а ?ызы?тырып жетеледі?.

?зі?нен ?мірге азы? ала бердім, ?шырып мені алыс?а ?ала берді?. Бойымда оты? кетті ?ш?ын ат?ан, Келеді жана бергім, жана бергім!  

Н?рлыбек : И? мектебімізге ?андай жыр арнаса? да жарасады. Ендеше сыныптастарымызды? мектепке арна?ан жырларын ты?дайы?.

 

 

 

 Ма?жан :                                                                            Тал?ат:

Мектеп деген білім кені , жыр кені,                     Армысы? сен алтын ?я мектебім,

Мектеп деген ?ылымны? е? ?лкені.                     Са?ан айтар жыр ал?ысым к?п мені?.

Мектеп деген т?рбиеші адам?а.                             Ж?ректерге жа??ан білім шыра?ын,

Мектеп деген даналарды? мекені.                                    Ма?тан етем сені м??гі мектебім

 

Мектебім- білім берер алтын ?ям.                         ?лылы?ты арда? т?тар ?немі,

Ер жетіп сенде с?зім, артты санам.                       Алтын ?я, а? боса?а киелі.

 

 Баулы?ан 4жыл бойы ата- анамдай.                     ?анат ?а??ан білім алып ?зі?нен,

?р?ашан ?асиетті аты? ма?ан.                              К?ллі ш?кірт са?ан басын иеді.

 

Арада ?тсе да?ы д?ркіреп жыл ,

?р к?ні балалы?тай бір ж?рек б?л.

?зі?е борыштармын ?мір бойы

Есейген ш?кірті?ні? серті деп біл.

 

 

 

.

 

?ли:                                                                                     То?тар:

Мектебім , алтын ?ям , н?ры? жары?,                  Мектебім- с?йікті мектебім,

Жайнатты? ?мітімні? г?лін жарып.                      Бауыры?да т?леймін , к?ктеймін.

С?йкімді сені? к?міс ?о?ырауы?,                                     Сен – б?ла?, мен- ?айы? б?р аш?ан,

Т?рады ??ла?ымда сы??ыр ?а?ып.                       ?зі?нен н?р алып к?ктедім.

 

Мектеп – ?йім , ?стазым мені? – ата- анам,         Мектеп – кеме , білім – те?із,

Сеннен ?сіп, сеннен ?ана н?р алам.                      Барар жерге тез жетеміз.

Сая? ысты? , сен м?уелі б?йтерек.                        Т?рт жыл ал?ан білім н?рін ,

Тамырланып , сан тарап?а тара?ан.                      Азы? етіп ер жетеміз.

 

 

?н : «Ал?аш?ы ?стаз» хор

  1. ?олыма ?ліппе ?стат?ан ал?аш?ы ?стазым ?зі?сі?

Т?рбиелеп біздерді ?сірген, ?ріпті жазуды ?йреткен

 

?-сы: ?атеміз болса кешірген, тентектікті т?сінген

Мейірім т?кті біздерге аяулы ысты? ж?ректен

 

  1. Самайы?ды а?артып, білім берді біздерге

Ал?ыс айтып ?зі?е ш?кірт бала кезімнен

 

  1. Есейсек те, біздерге ?стаз болып ?аларсы?

Т?лімі? т?йіп ж?рекке ?мірге ?анат ?а?амыз

 

Айдын:  « ?стазды? еткен жалы?пас ?йретуден бала?а»,-деп Абай атамыз айт?андай , ал?аш ?олымыз?а ?алам ?статып, о?ымыз бен солымызды таныт?ан мектептегі анамыз- ?стаз екені б?рімізге м?лім.  Балаларды? ?стаз?а арна?ан ?н -жырларын айтпас б?рын, ?стаз туралы не айтар еді? М?лдір?

 

М?лдір: ?р ш?кіртін ?з баласынан кем к?рмей, о?у?а , жазу?а ?йреткен  м??алім е?бегі шексіз. «М??алім – мектепті? ж?регі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпа?ан.

 

М?рат?али:Д?рыс айтасы? М?лдір,  ?алым да , батыр да, а?ын да ,  ж?мысшы да, к?кті шарла?ан ?арышкер де, б?рі- б?рі ?стаздан білім  мен т?рбие ал?ан.

 

Н?рлыбек: И? ,б?л туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болаша?ты? басшысын да, данасын да, ?алымын да, егіншісін де, кеншісін де ?стаз ?сіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ?стаздарымыз?а арнаймыз!

 

 

Диас:

Ал?аш?ы ?стазымыз анамызбен те? келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

?анатымен су себелеп асыл жан,

?р ш?кіртін баласынан кем к?рмейді.

 

Тек ?йретті? ?ділдікті , адалды?ты,

Жирендік , ажыратты? жаманды?ты.

Жал?астырар а? жолы? сені? сал?ан,

Бар деп ???ын ?р?ашан бала? мы?ты.

 

Наби:

Жары? к?ннен жылы ж?зі? елестер,

??ла?ымда ?зі? берген ке?естер.

Жанарымда алыс тарт?ан ?ара жол,

К?з ж?мсам да к?ре т??ын белестер.

 

?о?ыр ?нді даусы? ?сем та?дардай ,

?стазымны? ж?зіндегі н?р ?андай?

Мейірлене ?арап ?ойып біздерге,

К?н астынан саба? беріп т?р?андай

 

 

М?лдір: ?н де айтып береміз

Биді билеп береміз

Би дегені? керемет

Биді жа?сы к?реміз. – дей келе жігіттерімізді «?ара жор?а»  биімен орта?а ша?ырамыз.

 

М?лдір: М??алім ?стазысы? балаларды?,

Болаша? ?алымдарды? , даналарды? .

?мірде сені? алар орыны?а ,

Бірі де жеткізе алмас ба?аларды?.

 

?н: «?стазыма» Сады? То?тар мен Маркабаева Молдир

1. ?алым да, шахтер де бас иетін, ?стазым, бар сені? ?асиеті?. Білім берген, ой берген, а?ыл берген, К?з алдымнан кетпейді асыл бейне?. ?айырмасы: ?стазым! А?ылшы дос, ой-арманым, Арналсын са?ан осы аяулы ?нім. 2.К?теді біздерді ?міт алдан, ?стазым, мен сені ?мыта алман. ?йретем деп ?мірді? парасатын, А?арды ?ой біз ?шін ?ара шашы?

 

М?рат?али: И? осыдан 4 жыл б?рын , біз с?мкемізді зор?а к?теріп, мектеп табалдыры?ын  атта?ан бала едік.

 

М?лдір: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін ?ала?ан бастауыш мектеппен ?оштасып, орта буын ?атарына ?осыл?алы т?рмыз.

 

Н?рлыбек: И?, міне са?ымдай ?те шы??ан  4жыл ішінде бізді? ?стаз анамыз сауатты, т?рбиелі, ?негелі азамат етіп шы?арды.

 

Айдын: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпас?а !

Орта?а 4 сыныпты? жайдарманшыларын ша?ырамыз.

 

 

ЖАЙДАРМАН

  1. Амандасу.

Наби:  О-о-о друзья! Как дела? Как учеба? Что нового?

 

То?тар: бауырым, біз ?аза?пыз, Наби. ?аза? баласы ?аза?пен ?аза?ша с?йлесу керек, ?аза?ша ?ле? айту керек, ?аза?ша амандасу керек. ?ане басынан амандас, ?аза?ша амандассай.

 

Наби: О, достарым! ?алай жа?дайлары??

 

То?тар: Ниче нормально, как сам?

 

  1. Достарды? кездесуі

Н?рлыбек: С?лем, достар! ?алайсы?дар? Ии білесі?дер ме бізді? ?андай сынып бол?анымызды? Тал?ат, білесі? бе, б?рын 2-сыныпта сенен ?алам берш, ?алам берш деп с?рай беретін едім ?ой. Міне, сол ?аламдары?.

Ма?жан есі?де ме, жылды? басында сені? костюмі?ді жыртып тастап ем ?ой, міне сол костюмі?.

М?лдір есі?де ме, сені? арты?да отырып алып, шашы?ды ж?ла беретін едім ?ой. Міне сол шаштары?.

То?тар, сен білетін шы?арсы?, сенен к?нде экстра баланс ала беретін ем ?ой

 

То?тар: Ооо, сол а?шаларды ?айтарып берейін деп жатсы? ба?

 

Н?рлыбек: Жо?, та?ы алайын деп едім.

 

  1. О?ыту. (1-сынып о?ып ж?ргенімізде ата-анамыз бізді осылай о?ытатын.)

Анасы: Міне, о?ы. Ба – ла – лар.

Баласы: Ба – ла – пан.

Анасы: Бала-лар деймін, балалар-лар! О?ы д?рыстап: ба – ла – лар.

Баласы: Ба – ла – пан.

Анасы: ?й, лар дейм, лар, лар!

?кесі: Не болды, не болды? Бала?а неге ?рысып жатсы?? К?не, о?ы ?лым. Ба – ла – пан!

Баласы: ия,ия. Ба-ла-пан!

Анасы: и жа?а ?ана лар еді ?о ??рысын..

 

  1. М?селе шешу. 4 сыныпты? ?лдары жиі с?зге кеп ?ала береді.

Диас пен Н?рлыбек жа?а ?стасып т?рады.

  1. 4 сынып бітіру 

?атысушылар: Н?би, Н?рлыбек, М?лдір, Диас

 

М?лдір: Туууф, ?лдар 4-сыныпты бітіретін уа?ыт та жа?ындап ?алды-ау. ?сем апаймен бірге 4 жыл зулап ?те шы?ты...

 

Диас: (музыкамен)

1-сынып?а кішкентай боп келгелі

Бастауыш сыныпта о?у-білім тергелі

Білмей ?алды? ?те шы??анын к?німізді?

4-сыныпты бітірдік міне біз б?гін.

 

Туу, достарым! Сендерді ?айдам, ?зім бастауыш сыныпты ?имаймын.

?сем апайды ?имаймын..

Е?бек саба?ын ?имаймын..

Д/ш саба?ын ?имаймын...

Матем саба?ын ?иямын, ?иратамын, жойып жіберемін!

 

Н?рлыбек: Мынаны ?ара?дар! Мен 4 жыл бойы 5-ке шы?ып, табелімде 4-тер т?р. Мынау болса 4 жыл бойы ілініп-салынып 4-ке ша??а шы?ып ж?ріп, 4 бітіргенде табелі 5-ке толып м?з боп ж?р.

 

Диас: Енді, анам директор емес пе?! ))

 

Наби: Ана? ?мір бойы ?асы?да болмайды, к?п ??тырма!

 

Диас:  Анасы ?асында ж?ргендер жаман боп ж?рген жо?. Анам ма?ан ?оштасу кешіне к?зілдірік сыйлады.

 

Б?рі: ал, киіп к?рші ал!

 

Диас: ?алай достарым, жараса ма? Достар, сендерді ?атты жа?сы к?ремін! 5-сынып?а аман-есен к?ші?деееер!!! (?.Н?ртас «Ол сен емес» ?ні)

 

М?рат?али:Бастауышта шыр?алма?ан жыр бар ма?

Бастауышта айтылма?ан сыр бар ма?

Бастауышта ал?ан білім, жырларым,

Азы? болар , м??гі талай жылдар?а.

 

Айдын: Бастауышым- бал б?ла?ым ,

Алдым сеннен балды? д?мін.

?ріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

 

М?лдір:Біз бастауыш сыныпта жо?ары сыныптарда ?тілетін ?дебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б п?ндерге негіз болатын ана тілі, математика,д?ниетану, орыс тілі,п?ндерін зер салып о?ып ?йрендік.

 

Н?рлыбек:Олай болса осы п?ндерге ?ызы?тыра білген кітаптарымыз?а ал?ыс айтамыз!

«Кітаптар?а мы? ал?ыс!» атты ша?ын к?рініс

 

Наби:Анашымдай сыр шерткен,

А?ыл- білім ?йреткен.

Ана тілін о?ыды? ,

Ерекше зор ??рметпен.

Ана тілін с?йеміз,

??рметпен бас иеміз.

Ана тілмен ?оштасамыз,

?дебиетпен достасамыз.

 

Магжан: Ойланып есеп шы?артып,

Т?рт та?баны білдірген.

?ылымдарды? патшасы,

Математика данасы

 

Диас: ?аза? тілі п?нінен,

Білім алды балалар.

С?йлемді, с?з таптарын,

Етістікті? ша?тарын,

 

 

Жал?аулар мен ж?рна?тар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге бар?ан со?,

Айн?р апай ба?алар.

 

То?тар: Ой жіберсе? б?ріне ,

Д?ниетану п?ніне.

?мір сырын ?йретер,

П?нні? жа?сы бірі де.

Жер байлы?ы к?п екен,

Игеруді ?алайды.

Осыны? б?рін білдірген ,

Д?ниетану саба?ы. 

 

Талгат:?йренеміз жалы?пай,

А?ылшын тілін шары?тай.

Тіл сындырып,?н айтып,

Шаттанамыз ?алы?тай,

Айгерім апай т?лімі

С?улесін шаш?ан жары?та

 

 

Айдын: Бізді? жаманды?ымызды жасырып, жа?сылы?ымызды асырып ж?рген бізді? ата- анамыз. Тама?ымыз то?, к?йлегімізді? к?к болып ж?руі де  сол кісілерді? ар?асы. 

 

М?рат?али: ?р ана ?з баласын мейірімді болса екен, жа?сы о?ып,ел ма?танышы болса екен дейді.

 

 

М?лдір:  И?, д?рыс айтасы? М?рат?али. Біз болаша?та саналы да, а?ылды  бала болып ?ссек ананы? арманы орындалды деген осы емес пе?

 

?н  «Мама» - С?лімжан Н?рлыбек

 

?уелі алла Кейінгі пай?амбардай Шаршамайтын талмайтын ойлан?аннан Тез жазылып ?ашан сен ?уантасы? Мені? шашым А?арды ойлан?ан ?-сы

Мама мама мама маматайым 2рет ?німмен оятайын

Мама мен к?рмеппін ?ой б?рын ?ай?ы

Тез жазылып кетсе? екен

Мендегі ??лын ж?рек шырылдайды

 

Сен ауырса? Ж?регім ауырды шын Мен ?ала?ан отанны? жары?ысы? Байлы? ба?ыт Жолы?а б?рі ??рбан Мама б?гін ?алайсы? т?уірмісі? Ш?бересін с?йер деп ?иялдаймын ?мір с?рап Д??амды жиі арнаймын Ана жасы? 100 ден ассада?ы Мен сені еш?айда ?ия алмаймын

 

 

М?лдір: Кеудемнен сезім селі а?тарылсын,

Болармын к?ні ерте?- а? ма?танышы?.

Білім алып, тер т?гем , е?бек етем,

?зі?ні? сенімі?ді а?тау ?шін!

 

Айдын: Ал?аш?ы ?стаз, ерекше т?л?а дара шы?,

?мытылмастай к??ілде м??гі ?алатын.

Са?ына ?ркез суреттерді пара?тап.

Ш?кірттерін жиі еске алатын.

 

Н?рлыбек: Ш?кірттер сіздерді айтып ма?танамыз,

Бейне?із ж?ректерде са?талады.

Б?рі : Мы? ал?ыс сізге біздей т?лектерден,

          Мы? ал?ыс мына отты ж?ректерден!

 

?Н: «Аяулы мектебім» Магзумхан Наби.

 

1. Мектебім, аяулы мектебім, ?зінсі? ?мірді? к?ктемі. Н?р алып, ?олымды созамын, Арман?а к?ктегі. Мектебім келеміз та?ыда, К?н сайын ?зі?ді са?ына. Сы??ырлап со?ылды ?о?ырау, Бар бала ба?ына, ?айырмасы: Мектебім, аяулы мектебім, Ба?ында г?лдей боп к?ктедім. ?зі?сі? білімні? б?ла?ы, Н?р алып келемін. 2. Келеміз куанып біз д?йім, Мектебім, сен жайлы жыр дайын. Ай?ара есігін ашады, ?арсы алып к?н сайын. Мектебім, ?зінді с?йемін, Білімді санама т?йемін. Аяулы ?стаздар алдында, Басымды иемін.

 

 «Вальс биімен» орта?а бастауыш т?лектерін ша?ырамыз!

 

?сем Сабыржан?ызы:

?лкемізді? айналы?дар ерте?іне,

Сенімдерді? айналы?дар серперіне.

?стазды? а? ж?ректен  мен тілеймін,

Тек с?ттілік – ш?кірттерім ерте?і?е.

 

Айналайын жап- жар?ын ж?здері?нен,

Аластайтын жаны?ды к?з к??ілден.

Мен сендерге м??гілік тілекшімін,

Тілек тілеп т?ратын іздері?нен.

 

Мектеп директорыны? ж?не бас?а да м??алімдерді? ??тты?тау с?зі

 

 

Просмотр содержимого документа
«4 сыныппен ?оштасу кеші»

«Глазунов орта мектебі» ММ











Сыныптан тыс іс-шара


«Бастауыш сыныппен қоштасу

СЕНБІЛІК КЕШІ»




Тақырыбы:





Ұйымдастырушы: Арғынбек Әсем Сабыржанқызы

Қатысушылар: 4 «Б» сынып оқушылары

Мерзімі: 23.05.2015ж





2014-2015 оқу жылы



СЕНБІЛІК КЕШ

Бастауыш сыныппен қоштасу кеші

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.


«Қош бол, бастауыш»

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.


Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.


Олай болса 4 «Б» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.


Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 сынып оқушыларын ортамызға


Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.


Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. 

 

Мөлдір: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 

Нұрлыбек: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар 



Айдын: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!



Мұратқали: Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

 

Мөлдір: Дұрыс айтасың Мұратқали! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алды. Менің ата-әжем де, әке-анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.



Мұратқали: Олай болса алтын ұя мектебімізге арнап ән шырқайық



Ән: «Ұстазым» Магзумханов Диас, Тоқтарбай Айдын

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын, Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!

Зердемді сен ашпасаң не етер едім? Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып, Қияға қызықтырып жетеледің.


Өзіңнен өмірге азық ала бердім, Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан, Келеді жана бергім, жана бергім!

Нұрлыбек : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.



 Мағжан : Талғат:

Мектеп деген білім кені , жыр кені, Армысың сен алтын ұя мектебім,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Мектеп деген тәрбиеші адамға. Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектеп деген даналардың мекені. Мақтан етем сені мәңгі мектебім



Мектебім- білім берер алтын ұям. Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Алтын ұя, ақ босаға киелі.

 Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай. Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Әрқашан қасиетті атың маған. Күллі шәкірт саған басын иеді.



Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.





.

 

Әли: Тоқтар:

Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, Мектебім- сүйікті мектебім,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. Өзіңнен нәр алып көктедім.



Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. Барар жерге тез жетеміз.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. Төрт жыл алған білім нәрін ,

Тамырланып , сан тарапқа тараған. Азық етіп ер жетеміз.





Ән : «Алғашқы ұстаз» хор

  1. Қолыма әліппе ұстатқан алғашқы ұстазым өзіңсің

Тәрбиелеп біздерді өсірген, әріпті жазуды үйреткен


Қ-сы: Қатеміз болса кешірген, тентектікті түсінген

Мейірім төкті біздерге аяулы ыстық жүректен


  1. Самайыңды ағартып, білім берді біздерге

Алғыс айтып өзіңе шәкірт бала кезімнен


  1. Есейсек те, біздерге ұстаз болып қаларсың

Тәлімің түйіп жүрекке өмірге қанат қағамыз



Айдын: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Мөлдір?



Мөлдір: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 

Мұратқали:Дұрыс айтасың Мөлдір,  ғалым да , батыр да, ақын да , жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

 

Нұрлыбек: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 

Диас:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.



Наби:

Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

 

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай



Мөлдір: Ән де айтып береміз

Биді билеп береміз

Би дегенің керемет

Биді жақсы көреміз. – дей келе жігіттерімізді «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.

 

Мөлдір: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.



Ән: «Ұстазыма» Садық Тоқтар мен Маркабаева Молдир

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.
2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың



Мұратқали: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын аттаған бала едік.



Мөлдір: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.



Нұрлыбек: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

 

Айдын: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Ортаға 4 сыныптың жайдарманшыларын шақырамыз.

 



ЖАЙДАРМАН

  1. Амандасу.

Наби: О-о-о друзья! Как дела? Как учеба? Что нового?



Тоқтар: бауырым, біз қазақпыз, Наби. Қазақ баласы қазақпен қазақша сөйлесу керек, қазақша өлең айту керек, қазақша амандасу керек. Қане басынан амандас, қазақша амандассай.



Наби: О, достарым! Қалай жағдайларың?



Тоқтар: Ниче нормально, как сам?



  1. Достардың кездесуі

Нұрлыбек: Сәлем, достар! Қалайсыңдар? Ии білесіңдер ме біздің қандай сынып болғанымызды? Талғат, білесің бе, бұрын 2-сыныпта сенен қалам берш, қалам берш деп сұрай беретін едім ғой. Міне, сол қаламдарың.

Мағжан есіңде ме, жылдың басында сенің костюміңді жыртып тастап ем ғой, міне сол костюмің.

Мөлдір есіңде ме, сенің артыңда отырып алып, шашыңды жұла беретін едім ғой. Міне сол шаштарың.

Тоқтар, сен білетін шығарсың, сенен күнде экстра баланс ала беретін ем ғой



Тоқтар: Ооо, сол ақшаларды қайтарып берейін деп жатсың ба?



Нұрлыбек: Жоқ, тағы алайын деп едім.



  1. Оқыту. (1-сынып оқып жүргенімізде ата-анамыз бізді осылай оқытатын.)

Анасы: Міне, оқы. Ба – ла – лар.

Баласы: Ба – ла – пан.

Анасы: Бала-лар деймін, балалар-лар! Оқы дұрыстап: ба – ла – лар.

Баласы: Ба – ла – пан.

Анасы: Өй, лар дейм, лар, лар!

Әкесі: Не болды, не болды? Балаға неге ұрысып жатсың? Кәне, оқы ұлым. Ба – ла – пан!

Баласы: ия,ия. Ба-ла-пан!

Анасы: и жаңа ғана лар еді ғо құрысын..



  1. Мәселе шешу. 4 сыныптың ұлдары жиі сөзге кеп қала береді.

Диас пен Нұрлыбек жаға ұстасып тұрады.

  1. 4 сынып бітіру 

Қатысушылар: Нәби, Нұрлыбек, Мөлдір, Диас



Мөлдір: Туууф, ұлдар 4-сыныпты бітіретін уақыт та жақындап қалды-ау. Әсем апаймен бірге 4 жыл зулап өте шықты...



Диас: (музыкамен)

1-сыныпқа кішкентай боп келгелі

Бастауыш сыныпта оқу-білім тергелі

Білмей қалдық өте шыққанын күніміздің

4-сыныпты бітірдік міне біз бүгін.



Туу, достарым! Сендерді қайдам, өзім бастауыш сыныпты қимаймын.

Әсем апайды қимаймын..

Еңбек сабағын қимаймын..

Д/ш сабағын қимаймын...

Матем сабағын қиямын, қиратамын, жойып жіберемін!



Нұрлыбек: Мынаны қараңдар! Мен 4 жыл бойы 5-ке шығып, табелімде 4-тер тұр. Мынау болса 4 жыл бойы ілініп-салынып 4-ке шаққа шығып жүріп, 4 бітіргенде табелі 5-ке толып мәз боп жүр.



Диас: Енді, анам директор емес пе?! ))



Наби: Анаң өмір бойы қасыңда болмайды, көп құтырма!



Диас: Анасы қасында жүргендер жаман боп жүрген жоқ. Анам маған қоштасу кешіне көзілдірік сыйлады.



Бәрі: ал, киіп көрші ал!



Диас: Қалай достарым, жараса ма? Достар, сендерді қатты жақсы көремін! 5-сыныпқа аман-есен көшіңдеееер!!! (Қ.Нұртас «Ол сен емес» әні)



Мұратқали:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

 

Айдын: Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

 

Мөлдір:Біз бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.



Нұрлыбек:Олай болса осы пәндерге қызықтыра білген кітаптарымызға алғыс айтамыз!

«Кітаптарға мың алғыс!» атты шағын көрініс

Наби:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

 

Магжан: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 

Диас: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,





Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Айнұр апай бағалар.

 

Тоқтар: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы. 



Талгат:Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Айгерім апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықта





Айдын: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы. 

 

Мұратқали: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,ел мақтанышы болса екен дейді.



Мөлдір: Иә, дұрыс айтасың Мұратқали. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?



Ән «Мама» - Сәлімжан Нұрлыбек

Әуелі алла
Кейінгі пайғамбардай
Шаршамайтын талмайтын ойланғаннан
Тез жазылып
Қашан сен қуантасың
Менің шашым
Ағарды ойланған

Қ-сы

Мама мама мама маматайым 2рет
Әніммен оятайын

Мама мен көрмеппін ғой бұрын қайғы

Тез жазылып кетсең екен

Мендегі құлын жүрек шырылдайды



Сен ауырсаң
Жүрегім ауырды шын
Мен қалаған отанның жарығысың
Байлық бақыт
Жолыңа бәрі құрбан
Мама бүгін қалайсың тәуірмісің

Шөбересін сүйер деп қиялдаймын
Өмір сұрап
Дұғамды жиі арнаймын
Ана жасың 100 ден ассадағы
Мен сені ешқайда қия алмаймын



Мөлдір: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!



Айдын: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

 

Нұрлыбек: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

          Мың алғыс мына отты жүректерден!




ӘН: «Аяулы мектебім» Магзумхан Наби.

1. Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.

Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,

Қайырмасы:
Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.

2. Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін.



«Вальс биімен» ортаға бастауыш түлектерін шақырамыз!

 

Әсем Сабыржанқызы:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.



Мектеп директорының және басқа да мұғалімдердің құттықтау сөзі





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!