«Шытырман жолдың жауабын тап» ойыны Шытырман жолдан адаспай шыққан соң жаңа сабақтың тақырыбы шығады. ІІІ. Жаңа сабақ Адиабаталық процесс . Адиабаталық дегеніміз жүйе мен сыртқы орта арасында жылу алмасу болмайтын процесс . Адиабаталық процесс кезiнде жылу алмасу болмайды. Сонда жүйенiң iшкi энергиясы тек қана онымен жасалған жұмыстың есебiнен өзгередi. Адиабаталық процесс жүретiндей етiп, белгiлi бiр тұрақты температураны алыңыздар да, жұмыс жасалуына қарай газдың iшкi энергиясының қалай өзгеретiндiгiн бақылаңыздар Егер цилиндр түбiне эфирге батырылған мақтаны салып, дереу поршендi қозғалтсақ, онда мақтадағы эфир буы жалындайды. Бұл эффект Дизель двигателiнiң жұмыс iстеу принципiнiң негiзiне алынған. Бұл жерде цилиндрге жанармай қоспасы емес, кәдiмгi атмосфералық ауа сорылады. Сығылу тактының соңында арнайы форсунка арқылы сұйық отын - солярка шашыра- тылады. Осы сәтте сығылған ауа температурасының жо-ғарлағаны сондай, тiптен жанармай тұтанады Күн көзiнiң әсерiнен жылыған ауа, жоғары көтерiледi де, биiктiкке көтерiлген сайын қы- сымның азаюына байланысты тез арада ұлға- йып-таралады. Бұл ауаның ұлғайып-таралуы оның салқындауына әкелiп соғады. Осының нәтижесiнде су булары конденсацияланады да, бұлттар пайда болады (1 - сурет). | 1-сурет | Адиабаталық процеске барлық тез өте- тін процестерді (жылу алмасу болуға үлгер- мейтін) мысалы, жарықтың ортада тара- уын, ішкі жану қозғалтқыштарының, суыт- қыш қондырырғыларының ұлғаю және сығылу циклдерін жатқызуға болады. ІV. Сабақты бекіту 12-жаттығу есептерін шығару, (уақыт артылса төмендегі есептерді шығару) №1. 127 0С температурадағы массасы 4г гелийдің ішкі энергиясы неге тең? (М(Не)=4*10-3 кг/моль) №2. Бір атомды идеал газдың 2 молін 50 К-ге қыздырған. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі? (R=8,31 Дж/моль ) №3. Молекулаларының саны 1028 бір атомды идеал газдың температурасы 73°С-дан 127°С -ға дейін артқанда ішкі энергиясының өзгерісі неге тең? №4. 500 г темір кесегін -100С-тан +100С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780Дж/кг0С) №5. Газдың 800 молін 500 К-ге изобаралық қыздырған. Газдың жұмысын анықтаңыз? (R=8,31 Дж/моль ) №6. Массасы 4 кг гелийді 100 К-ге изохоралы қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін және газдың жұмысын анықтаңыз? ( М=4*10-3 кг /моль); |