СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ат тергеу дәстүрі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Ат тергеу дәстүрі»

           Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Филология факультеті   Ат тергеу Орындаған: Жаңабергенова Гүлашқан Филология мамандығының 2-курс магистранты  Пән оқытушысы:  Садирова Күлзат Қаниқызы, филология ғылымдарының докторы, «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультеті

Ат тергеу

Орындаған: Жаңабергенова Гүлашқан

Филология мамандығының

2-курс магистранты

Пән оқытушысы: Садирова Күлзат Қаниқызы, филология ғылымдарының докторы, «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры

 Қазақ салт-дәстүрі адамға сыйластық пен құрмет көрсетуге құрылған. Соның бір мысалы – ат тергеу. Ат тергеу – ізеттілік, көрегенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің ең биік көрінісі. Келіндер қауымының қайын жұртындағы әулет мүшелерінің, ауыл үлкендерінің атын атамай, әрбіріне ерекшелігіне қарай жеке-жеке ат қоюы .

Қазақ салт-дәстүрі адамға сыйластық пен құрмет көрсетуге құрылған. Соның бір мысалы – ат тергеу. Ат тергеу – ізеттілік, көрегенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің ең биік көрінісі. Келіндер қауымының қайын жұртындағы әулет мүшелерінің, ауыл үлкендерінің атын атамай, әрбіріне ерекшелігіне қарай жеке-жеке ат қоюы .

Ат тергеу

  • Әдебиетте бірінші рет Н.И.Ильминский «Күйеуінің туыстарының атын келін еш уақытта атамайтын. Оның аға-інілеріне, апа-қарындастарына арнайы ат қоятын...» деп ат тергеу туралы жазған. 
  • Әдебиетте бірінші рет Н.И.Ильминский «Күйеуінің туыстарының атын келін еш уақытта атамайтын. Оның аға-інілеріне, апа-қарындастарына арнайы ат қоятын...» деп ат тергеу туралы жазған. 

Ат тергеу

  • Келін тарапынан ат тергеу күйеу туыстарының жасына, жынысына, туыстық қатынасының алыс-жақындығына байланысты. Бұл арада келінннің тапқырлығы, байқағыштығы да оған көп көмек беретін. Өйткені әркімнің әр түрлі сырттай, іштей ерекшеліктеріне, мінез-құлқына қарай ұнамды ат қоя білу кез келген кісінің қолынан келе де бермейтін .
  • Келін тарапынан ат тергеу күйеу туыстарының жасына, жынысына, туыстық қатынасының алыс-жақындығына байланысты. Бұл арада келінннің тапқырлығы, байқағыштығы да оған көп көмек беретін. Өйткені әркімнің әр түрлі сырттай, іштей ерекшеліктеріне, мінез-құлқына қарай ұнамды ат қоя білу кез келген кісінің қолынан келе де бермейтін .

Ат тергеу

  • Егер жас келін сол әулеттің, сол елдің үлкен адамдарының атын атап қалса, ол тәрбиесіздік, құрметсіздік саналып, үлкен сөгіске қалады, қатал сынға ұшырайды. Ат тергеу дәстүрі қазақ келіндерінің ибалы-ибасыздығын, текті-тексіздігін, сұңғыла-сарамастығын, тілге шешен-шорқақтығын сынайтын қатаң өлшем.
  • Егер жас келін сол әулеттің, сол елдің үлкен адамдарының атын атап қалса, ол тәрбиесіздік, құрметсіздік саналып, үлкен сөгіске қалады, қатал сынға ұшырайды. Ат тергеу дәстүрі қазақ келіндерінің ибалы-ибасыздығын, текті-тексіздігін, сұңғыла-сарамастығын, тілге шешен-шорқақтығын сынайтын қатаң өлшем.
Жаңа түскен жас келіндер түскен үйдің баласы болып кетеді. Сондықтан күйеуінің үлкен әкесін «әке» не «ата» десе, әжесін «әже» дейді. Ал күйеуінің әкесін  «үлкен ата», «ата», «кіші ата» дейді . Күйеуінің ағаларына: «үлкен аға», «жақсы аға», «ағакем», «көке» деген аттар қойса; Қайын сіңлілеріне: «шырайлым», «жігіт жат», «еркежан», «еркем», «еркекшем», «молдақыз», «айдарлым», «кекілдім » Інілеріне: «сал жігіт», «молда жігіт», «мырза жігіт», «ортаншым», «тетелес», «інішегім», «кенже»

Жаңа түскен жас келіндер түскен үйдің баласы болып кетеді. Сондықтан күйеуінің үлкен әкесін «әке» не «ата» десе, әжесін «әже» дейді. Ал күйеуінің әкесін  «үлкен ата», «ата», «кіші ата» дейді .

Күйеуінің ағаларына: «үлкен аға», «жақсы аға», «ағакем», «көке» деген аттар қойса;

Қайын сіңлілеріне: «шырайлым», «жігіт жат», «еркежан», «еркем», «еркекшем», «молдақыз», «айдарлым», «кекілдім »

Інілеріне: «сал жігіт», «молда жігіт», «мырза жігіт», «ортаншым», «тетелес», «інішегім», «кенже»

Мұнымен бірге жас келіндер күйеуінің бірге туған, немере, шөбере туыстарының өздеріне де жоғарығыдай ат қоюмен қатар, олардың әйелдеріне, яғни абысын-ажындарын да үлкен апа, апа, кіші апа, жақсы апа, жеңешем, бәлен апам, түген жеңешем деп атай береді . Әркімнің туыстық жақындығына, туыстар арасындағы, жалпы қауым алдындағы алатын орны мен беделіне қарай орынды ат қойғыш келіндерді халық аса ұнататын. Мәселен, би, болыс болып жүрген қайнағаларын би ата, би аға, болыс ата, болыс аға дей береді. Әдепті келіндер ат тергеуге соншалықты мән беріп, сыйлы үлкен адамдардың атын атауды өзіне кешірілмес күнә деп санап, өзі атын атамайтын қайын ата, қайын ағаларымен аттас бөтен адамдардың да аттарын тура айтудан именіп, мәселен, қажы аттас, ағакем аттас деген.

Мұнымен бірге жас келіндер күйеуінің бірге туған, немере, шөбере туыстарының өздеріне де жоғарығыдай ат қоюмен қатар, олардың әйелдеріне, яғни абысын-ажындарын да үлкен апа, апа, кіші апа, жақсы апа, жеңешем, бәлен апам, түген жеңешем деп атай береді .

Әркімнің туыстық жақындығына, туыстар арасындағы, жалпы қауым алдындағы алатын орны мен беделіне қарай орынды ат қойғыш келіндерді халық аса ұнататын. Мәселен, би, болыс болып жүрген қайнағаларын би ата, би аға, болыс ата, болыс аға дей береді.

Әдепті келіндер ат тергеуге соншалықты мән беріп, сыйлы үлкен адамдардың атын атауды өзіне кешірілмес күнә деп санап, өзі атын атамайтын қайын ата, қайын ағаларымен аттас бөтен адамдардың да аттарын тура айтудан именіп, мәселен, қажы аттас, ағакем аттас деген.

Қазақ аттары жер, су, аң, құс және төрт түлік малдың атауларымен байланысты қойылатындықтан, ондай атаулардың өзін өзінше өзгертіп айтатынын А.Самойлович та атап өткен еді. Мәселен, атын атамайтын адамдардың аттары Сарыбай, Сұлушаш, Бүркітбай, Биеке, Бүйен болсын. Мұндайда келіндер Сарысу өзенін шикіл су десе, Сұлу төбе деген жерді әдемі төбе, Бүркітті — қыран, биені — сауар, малдың бүйен ішегін жуан ішек деп өзгертіп айтады. Қазақ әйелдері күйеулерінің де атын атамай оларды «отағасы», «біздің үйдің кісісі», «бәленнің ағасы» дейтін. Күйеуінің құрдастарының да атын атамай, оларды «құрдас» атандыратын . Халық дәстүрі бойынша ауылдағы қарт кісілер мен қайнағаларын атамау үшін мазмұны бір басқа балама тауып қойылатын. Мәселен, Қасқырбайды — Бөрі ата, Қазыбайды — Топ ата, Айтуғанды — Түнгі жарық, Алтынбайды — Бестен артық, Қыстаубайды — Көң ата деп те атай беретін.

Қазақ аттары жер, су, аң, құс және төрт түлік малдың атауларымен байланысты қойылатындықтан, ондай атаулардың өзін өзінше өзгертіп айтатынын А.Самойлович та атап өткен еді. Мәселен, атын атамайтын адамдардың аттары Сарыбай, Сұлушаш, Бүркітбай, Биеке, Бүйен болсын. Мұндайда келіндер Сарысу өзенін шикіл су десе, Сұлу төбе деген жерді әдемі төбе, Бүркітті — қыран, биені — сауар, малдың бүйен ішегін жуан ішек деп өзгертіп айтады.

Қазақ әйелдері күйеулерінің де атын атамай оларды «отағасы», «біздің үйдің кісісі», «бәленнің ағасы» дейтін. Күйеуінің құрдастарының да атын атамай, оларды «құрдас» атандыратын .

Халық дәстүрі бойынша ауылдағы қарт кісілер мен қайнағаларын атамау үшін мазмұны бір басқа балама тауып қойылатын. Мәселен, Қасқырбайды — Бөрі ата, Қазыбайды — Топ ата, Айтуғанды — Түнгі жарық, Алтынбайды — Бестен артық, Қыстаубайды — Көң ата деп те атай беретін.

 Бір келін: «Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр» Білемені жанамаға жанап-жанап, тез келіңдер!» депті. Бұл келіннің Өзенбай Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Пышақбай деген қайынағаларының атын атамау үшін тапқан тұспалы болса керек. Келін ауыл маңынан өтетін өзен бойындағы қалың қамыстың арасында жатқан қойға қасқыр тигенін ауылдағыларға осылай жеткізгісі келген.   Ел ішінде таралған осы бір мысалдан-ақ келін тарапынан қайын жұртына көрсетер ерекше құрметті аңғаруға болады.
  • Бір келін: «Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр» Білемені жанамаға жанап-жанап, тез келіңдер!» депті. Бұл келіннің Өзенбай Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Пышақбай деген қайынағаларының атын атамау үшін тапқан тұспалы болса керек. Келін ауыл маңынан өтетін өзен бойындағы қалың қамыстың арасында жатқан қойға қасқыр тигенін ауылдағыларға осылай жеткізгісі келген. Ел ішінде таралған осы бір мысалдан-ақ келін тарапынан қайын жұртына көрсетер ерекше құрметті аңғаруға болады.
Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден: «бұл кімнің ауылы?» деп жөн сұрапты. Сонда келіншек «өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы» депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен. «Ат тергеу» басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы, халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан, шешек, қызылша сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым. Жас келіндердің үлкен кісілер мен құрметті адамдардың атын тергеп, оларға ат қоюы басқалардың келінге деген туыстық, жақындық, жанашырлық сүйіспеншілігін арттырып, келіннің қоғамдық қарым-қатынасын жақсартып, өрісін кеңейтеді. Келінді əдепті, ибалы, арлы, адал болуға баулып, адамгершілікке, ізгілікке, кеңпейілді, кешірімділікке, үлгілі, өнегелі болуға дағдыландырады, əрі ақыл-ойын кеңейтіп, зейін-зердесін арттырып, тапқырлыққа, сергектікке, сезімталдыққа жететейді.

Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден: «бұл кімнің ауылы?» деп жөн сұрапты. Сонда келіншек «өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы» депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен.

«Ат тергеу» басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы, халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан, шешек, қызылша сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым.

Жас келіндердің үлкен кісілер мен құрметті адамдардың атын тергеп, оларға ат қоюы басқалардың келінге деген туыстық, жақындық, жанашырлық сүйіспеншілігін арттырып, келіннің қоғамдық қарым-қатынасын жақсартып, өрісін кеңейтеді. Келінді əдепті, ибалы, арлы, адал болуға баулып, адамгершілікке, ізгілікке, кеңпейілді, кешірімділікке, үлгілі, өнегелі болуға дағдыландырады, əрі ақыл-ойын кеңейтіп, зейін-зердесін арттырып, тапқырлыққа, сергектікке, сезімталдыққа жететейді.

Ситуациялық сұрақ Сіз бір әулеттің үлгі тұтар, салт –дәстүрді берік ұстанған келінісіз делік. Әулетіңізде үлкен той болмақшы, сізді енеңіз базардан осы тойға арналған сый-сияпат, әшекей бұйымдарды әкелуді тапсырды. Алайда, сіздің барған жанұяңызда әйелдер қауымының аты осылармен байланысты яғни, есімдері: Алтын, Жақұт, Күміс, Алқа, Бұйым, Қымбат және Арзангүл. 5 алтын, 10 күміс, 3 алқа бұйымдарын саудагерден саудаласып алуыңыз қажет. Сіз қандай тапқырлықпен тығырықтан шығар едіңіз?

Ситуациялық сұрақ

Сіз бір әулеттің үлгі тұтар, салт –дәстүрді берік ұстанған келінісіз делік. Әулетіңізде үлкен той болмақшы, сізді енеңіз базардан осы тойға арналған сый-сияпат, әшекей бұйымдарды әкелуді тапсырды. Алайда, сіздің барған жанұяңызда әйелдер қауымының аты осылармен байланысты яғни, есімдері: Алтын, Жақұт, Күміс, Алқа, Бұйым, Қымбат және Арзангүл.

5 алтын, 10 күміс, 3 алқа бұйымдарын саудагерден саудаласып алуыңыз қажет. Сіз қандай тапқырлықпен тығырықтан шығар едіңіз?

Тест тапсырмалары Маусымдық шөп шабу кезінде көмекке келгендерге берілетін ас:  А. Нәзір  В. Үме  Д. Ілу  С. Асар Үйлену тойы кезінде айтылатын тәрбиелік маңызы бар дәстүрлі жыр:  А. Бесік жыры  В. Аушадияр  Д. Сүндеташар  С. Жар-жар Қонақтар сойылған қой етін тауысып жемесе, екі қой төлейтін қазақтың сайыс дәстүрі қандай?  А. Жолдық  В. Жарысқазан  Д. Деңгене  С. Төлем Қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген адамдар мен өзі қатарлас адамдарға үлестіру:  А. Мұра  В. Тұлдау  Д. Сыйыт  С. Бөліс Қалың малы төленген қалыңдық қайтыс болса, қазақ дәстүрі бойынша қалыңдықтың сіңлісін алу кезінде төленетін қосымша қалың мал:  А. Той ақысы  В. Балдыз қалың  Д. Қыз қашар  С. Төлем

Тест тапсырмалары

  • Маусымдық шөп шабу кезінде көмекке келгендерге берілетін ас:

А. Нәзір

В. Үме

Д. Ілу

С. Асар

  • Үйлену тойы кезінде айтылатын тәрбиелік маңызы бар дәстүрлі жыр:

А. Бесік жыры

В. Аушадияр

Д. Сүндеташар

С. Жар-жар

  • Қонақтар сойылған қой етін тауысып жемесе, екі қой төлейтін қазақтың сайыс дәстүрі қандай?

А. Жолдық

В. Жарысқазан

Д. Деңгене

С. Төлем

  • Қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген адамдар мен өзі қатарлас адамдарға үлестіру:

А. Мұра

В. Тұлдау

Д. Сыйыт

С. Бөліс

  • Қалың малы төленген қалыңдық қайтыс болса, қазақ дәстүрі бойынша қалыңдықтың сіңлісін алу кезінде төленетін қосымша қалың мал:

А. Той ақысы

В. Балдыз қалың

Д. Қыз қашар

С. Төлем

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!