СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баянауыл өңірінде жайлау туризмін дамыту" ғылыми-жоба

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баянауыл өңірінде жайлау туризмін дамыту" ғылыми-жоба

Просмотр содержимого документа
«Баянауыл өңірінде жайлау туризмін дамыту" ғылыми-жоба»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Дакенова Аяжан Адильхановна

9-сынып





Тақырыбы: Баянауыл ауданында жайлау туризімін дамытудың маңызы



Бағыты: Өлкетану

Секция: Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау



Ғылыми жетекшісі: география пәнінің мұалімі Э.К. Мусина

Ғылыми кеңесшілер:

1.Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының география кафедрасының аға оқытушысы М.Омаров

2. Астана қаласының Политехникалық колледжінің «Сервис» бөлімінің меңгерушісі – А.М. Абдрахманова

3. «Компания «Пять звезд» ЖШС-і туристік фирманың директоры –

С.И. Аргинова











Екібастұз қаласы

2017-2018 оқу жылы



Мазмұны

Бет

Андатпа

3

Кіріспе

6

І бөлім Қазақстандағы туризмнің даму жағдайы


1.1 Белсенді туризм түрлері. Жайлау туризм

7

1.2 Баянауыл Мемлекеттік Ұлттық Табиғи саябағына сипаттама

9

1.3 Жайлау туризмнің орталығы – Біржанкөлдің орналасуы

10

ІІ бөлім. Көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі


2.1 Жайлау- жазғы қоныс

11

2.2 Киіз үй құрылымы мен ішкі жабдықталуы. Қару-жарақ

11

ІІІ бөлім Туристерге ұсынылатын туристік өнім


3.1 Туристік пакет құрылымы


Қорытынды

21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

22

Пікір


Қосымша

  1. «Жайлау көрінісі» макет

  2. «Жайлау туризм» буклеті

  3. Екібастұз-Біржанкөл маршруты (спутниктік карта-схема)


Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты: Баянауыл өлкесінде белсенді демалыстың жаңа түрі жайлау туризмін дамыту арқылы байырғы көшпелі қазақтардың тұрмысын, салт- дәстүрін, мәдениетін, қонақжайлылығын көрсету .

Зерттеу болжамы (гипотеза): Өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады, инфрақұрылымы ретке келеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ең бастысы отандық және шетел туристері байырғы қазақтың салт- дәстүрімен және тұрмыс- тіршілігімен танысады.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезең: қажетті материалдарды жинақтау, материалдармен танысу.

Екінші кезең: зерттеу жеріне бару, сызбалар жасау, фотоға түсіру, жақын орналасқан елдімекен халқымен сұхбат жүргізу;

Үшінші кезең: Ішкі және кіру туризмімен айналысатын отандық туристік фирма өкілдерімен кездесу, сұхбат алу.

Төртінші кезең: Жайлаудың макет үлгісін, план сызбасын дайындау;

Бесінші кезең: материалдарды талдау, сұрыптау, жүйеге келтіру.

Алтыншы кезең: сынып оқушылары алдында осы мәселе бойынша баяндама жасау.

Зерттеу жұмысының әдістері: кітапханалар қорынан баяндамаларды жинақтау, сараптама жасау, зерттеу, сызбалар жасау, сұхбат жүргізу.

Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі: Өңірімізде жайлау туризмін дамыту рухани құндылықтарымызды , табиғи байлықтарымызды сақтау және ұтымды пайдалану, инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекетке валюталық түсімді, халықаралық байланысты нығайтудың бірден- бір көзі.

Жұмыстың практикалық маңызы: Жобаны мемлекет тарапынан қолдау алып, Баянауыл ауданының әкімшілігімен, жоғарғы оқу орындарымен және отандық туристік фирмалармен бірлесе отырып жүзеге асыру.

Аннотация

Цель работы: Развивая новый вид активного туризма в Баянаульском регионе, показать жизнь кочевников их традиции и обычаи, культуру и гостеприимство казахов.

Гипотеза: Улучшится социально-экономическое состояние края, инфраструктура, создадуться новые рабочие места, а самое главное отечественные и иностранные туристы познакомяться с древней культурой, бытом, обычаями и традициями казахского народа.

Периоды исследования:

Первый период. Собрать необходимые материалы, ознакомить с данными материалами.

Второй период. Посетить исследовательскую местность, подготовить чертежи, схемы также сфотографировать местность, провести беседу с жителями окрестности.

Третий период. Работа с представителями туристских фирм.

Четвертый период. Подготовить макет и карту-схему местности .

Пятый период. Анализировать, систематизирвать собранный материал.

Шестой период. Выступить с докладом перед учениками класса.

Методы исследовательской работы: Собрать необходимый материал из библиотечных фондов, исследовать, делать анализ, делать чертежи и схемы, проводить опросы.

Актуальность научной работы: Развитие джайлау туризма в регионе поможет сохранить культурное и природное наследие, развивать инфраструктуру, открыть новые рабочие места, государственные валютные вложения, укрепить международные отношения в области туризма.

Практическая значимость работы: Получение одобрения по проекту от государства и работать совместно с администрацией Баянаульского района и туристскими фирмами Казахстана.

Annotation

Purpose of work: A new form of active recreation in Bayanaul region shows the life, traditions, culture and hospitality of nomadic Kazakhs through the development of zhailau tourism.

Research project (hypothesis): the socio-economic situation in the region will improve, infrastructure will be established, new jobs will be created, and domestic and foreign tourists will get acquainted with the ancient Kazakh traditions and customs.

Stages of research:

The first stage: the collection of necessary materials, familiarization with materials.

The second stage: visiting the training site, drawings, photographs, interviews with people in the immediate vicinity;

The third stage: Meeting with representatives of domestic tourism and business of domestic tourism, interview.

The fourth stage is the layout model of the zhailau model, the plan drawing;

The fifth stage: the analysis of materials, sorting, systematization.

The sixth stage: report on this issue to students in the classroom.

Methods of research: collection of reports from the library fund, examination, studies, drawings, interviews.

The relevance of the research project: The development of zhailau tourism in our region is the only source of spiritual values, the conservation and rational use of our natural resources, the development of infrastructure, the creation of new jobs, the strengthening of foreign exchange and international relations.

Practical significance of the work: implementation of the project by the state and jointly with the administration of Bayanaul district.







Кіріспе

Туризм – бұл адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға, тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға, қоршаған ортаны және мәдени мұраны қорғауға бағытталған осы заманғы экономиканың бірегей салаларының бірі. Туризм дамуы көлік, байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру сияқты экономика секторларына дем беріп, ықпал етеді және  экономиканы құрылымдық қайта құрудың ең келешекті бағыттарының бірін құрайды.

Қазақстан өзінің алуан түрлі және кең аумағымен, әдет- ғұрыпымен, қызықты мәдиниеті мен бай табиғи және тарихи мұрасымен туристік обьекті ретінде қызықтырады.

Жобаның басты мақсаты – туристік индустрияның бәсекелестік қабілетін дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету және оны экономиканың жоғары табысты секторына айналдыру. Бағдарлама Қазақстанның беделін тартымды туристік нысан ретінде қалыптастыруға, туризм  индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауға, ұлттық тур өнімдерді  қалыптастыруға және оның сапасын әлемдік деңгейге сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.

Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар:

1) облыста қазақстандық және шетелдік азаматтарға туристік қызмет көрсетуде халықтың  қажеттілігін өтеуге кең мүмкіндіктер ашатын туристік кешен құру;

2) аймақ экономикасын дамытуға, оның ішінде бюджетке салық түсімдерінің, шетел валютасының келуінің есебінен үлес қосу;

3)  жұмыс орындарын сақтау және санын көбейту;

4) облыстың табиғи-рекреациалық, мәдени-тарихи әлеуетін сақтау және ұтымды пайдалану;

5)  туризмнің инфрақұрылымын дамыту:

6) ішкі және сырттан келу туризмінің басымдықтарын дамытуға жағдай жасау;

7) туризм және қызмет көрсету салаларында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды,  халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету;

8) Павлодар облысын Қазақстандық туристік нарық жұмысына және туризм саласына халықаралық ынтымақтастықты дамытуға біріктіру;

9) сала субъектілерін инвестициялау және қаржыландырудың, несиенің басқа да нысандары үшін жағдайлар жасау;

10) туризм саласын ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру, қызметке белсенді жарнама жүргізу.

Павлодар облысындағы туризмнің дамуына кедергі болып отырған негізгі мәселелер мыналар:

1) құнды және тартымды экскурсиялық объектілерге  автокөлік жолдарының болмауы немесе  нашар жағдайы;

2) экскурсия нысандары жағдайының нашарлығы – қолайлы тамашалау алаңдарының, ақпарат тақталарының, жабдықталған және қауіпсіз жолдардың, демалыс орындарының жоқтығы;

3) алыс аудандарда жергілікті тұрғындар ішінен білікті қызмет көрсетуші болмауы;

Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулі екенін ескеріп, шағын қонақ үйлердің, қонақтарға арналған үйлердің, кемпингтердің  және мотельдер желілерінің, бірнеше киыз үйлерден тұратын ұлттық ауылдардың алғашқы кезектегі құрылысын айқындау қажет. Сонымен қатар киіз үйлер жасайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салу қажет. Шетел туристерінің келу бағыттары бойынша турларына ұлттық нақыш беру ұлттық қолөнерлердің  қайта дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады

Бұдан өзге, елдің туристік беделді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың жандануына, Қазақстанға  қызығушылықтың өсіп отырғанына қарамастан, әлемдегі негізгі туристік ағынды құрайтын мемлекеттердің әлеуетті  туристеріне жеткілікті түрде ақпарат берілмеу проблемасы бар. Шетелдік туристер біздің туристік мүмкіндіктеріміз туралы ақпаратты тікелей туристік жәрменкелерге, көрмелер мен биржаларға бару кезінде алады.

І бөлім Қазақстандағы туризмнің даму жағдайы

1.1 Белсенді туризм түрлері. Жайлау туризм

Белсенді туризм, экстремалды спорт түрлері жеке адамның рухани және физикалық дамуын, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеудің, халықтар мен дәстүрлер арасындағы өзара түсінушілік пен өзара құрметтеудің негізгі тиімді құралы әрі өмірді, тарих, мәдениет, халық дәстүрлерін шынайы танып-білуге негізделген формасы.

Белсенді туристік жорықтарды сипаттап, оның ұйымдастырылуына тоқталмас бұрын  «белсенді туризм» терминін түсіндіріп өту қажет.

Негізінен әр түрлі саяхаттар жасауға  болады. Шетелге баратын туристік сапарлар бар – шетелдік туризм. Осыған қоса өз елінің ішіндегі саяхат бар. Қалалар бойынша поездбен сапар шегу сияқты,  ұшақпен де бір елден екінші елге, бір аймақтан екінші аймаққа саяхат жасауға болады. Бұлардың барлығы белсенді туризм емес, өйткені мұндай саяхат физикалық күш пен интеллектуалдық қабілеттерді қолданусыз жүзеге асырылады.

Қазіргі заманғы белсенді саяхаттар  – кезінде Жерді ашып, зерттеген  ғылыми экспедициялардың моделі болып  табылады. Туристер (әсіресе балалар) де жаңа территориялар ашады және зерттейді.

Белсенді маршруттар негізінен келесідей бағалаулармен айқындалады: саяхаттау аймағы қол жетерлік болу керек (транспорттық жүйе жедел әрі сенімді жетуді қамтамасыз ету керек); маршрут қысқа, қызықты (әр түрлі) және жеткілікті түрде қарапайым болу керек.

Белсенді саяхат адамның табиғатпен тығыз байланысын қамтиды. Ағаштар  от жағу үшін отын береді. Өзенмен қайық не кеме арқылы жүзуге болады, бірақ абай болу керек, өзенде батып кету мүмкін. Жаңбыр туристер үшін үлкен қолайсыздық тудырады, бірақ ол өзенді қоректендіреді, өсімдіктерді суарады. Осындай және осы сынды табиғаттағы құбылыстар адамдарда табиғатқа адамдардың, адамдар табиғатқа тәуелді екенін, табиғат құбылыстарының тығыз байланысын түсінушілігін қалыптастырады, өзін табиғаттың бөлігі ретінде түсінуге мүмкіндік береді.

Белсенді туризмнің маманданушылық ерекшелігі де бар. Жорықтағы шарттылы мақсатқа тырысу абай болуды талап  етеді. Олай болмаса, басқаша шартты мақсат туындауы мүмкін – қалайша  үйге тірі қайтуға болады деген.

Белсенді саяхат – ұзақ (күндер, апталар) – кешенді шара. Ол көп  физикалық (күш, шыдамдылық, техникалық қабылдаулар) және интеллектуалдық (тактикалық тапсырыстар, техникалық қабылдаулар) күштерді талап етеді. Барлығын алдын-ала  болжап алу мүмкін емес. Маршрутта  шытырман оқиғалар күтіп отырады. Нақты  шынайы жағдайда жоспарланған ойды жүзеге асыра білу керек..

Белсенді туризм – бұл физикалық  күш пен демалыстың үйлесімінің  мүмкіншілігі, саяхат пен қызықты  оқиғаларды ұнататын адамдардың іс-әрекеті. Бұл қазіргі заманғы туризмнің  ең белгілі әрі ең қызықтыларының бірі болып келеді.

Белсенді туризм түрлері деген  түсініктің өзі кең ауқымды. Белсенді туризм түрлері өзіне жаяу серуендеулерден  бастап, спорттың шытырман түрлеріне  дейінгі туристік іс-әрекеттердің түрлі  бағыттарын біріктіреді. Бұлар - жорықтар, тау-шаңғы саяхаттары, рафтинг және альпинизм, треккинг және автобустық турлар, экстремалды туризм.

Белсенді туризмнің қалыптасқан  белгілі түрлеріне назар ауларайық

  • Жер бетіндегі туризм;

  • Тау туризмі;

  • Су туризмі;

  • Экзотикалық туризм.

Туризм түрлерінің классификациясына  тоқталатын болсақ, онда келесідей  жіктеулер көрсетілген.

Жер бетіндегі туризм ішіндегі түрлері:

  • Жаяу туризм немесе треккинг;

  • Спелеотуризм (жабдықталмаған үңгірлерді аралау, саяхат жасау);

  • Спелестология (жасанды пайда болған жер асты құрылымымен саяхат жасау);

  • Велосипед туризмі немесе веложорықтар ;

  • Маунтинбайкинг.

Тау туризмі өз ішінде келесідей  түрлерге жіктеледі:

  • Альпинизм (қатал техникалық және физикалық дайындықты талап етеді);

  • Тау шаңғылары және сноуборд – қысқы демалысты жақсы өткізудің тәсілдерінің бірі. Туризмнің бұл түрі қандай да бір жас мөлшеріне және дайындық деңгейіне келе береді (сурет).

  • Ски-альпинизм

Су туризмінің түрлері:

  • Винсерфинг (кемелік тақтайда суда сырғанау);

  • Дайвинг (аквалангпен немесе онсыз судың астында жүзу);

  • Серфинг (толқынмен кемесіз сырғанау);

  • Су шаңғысы

  • Вейкбординг (катердің артынан жетектелудің бірі);

  • Байдарка және өзен қайықтарымен жүзу;

  • Каякинг

  • Рафтинг немесе өзенмен жүзу. 

Су туризмінің соңғы аталған  екі түрі өте қауіпті әрі шытырманды, өйткені ол гүрілдеп тұрған өзендерде  жасалады.

Экзотикалық туризм жіктелуі:

  • Ғарыштық туризм;

  • Жайлау туризмі (алғашқы тайпалық өмірдегі кезеңге шому);

  • Солтүстік және Оңтүстік полюстерге туризм және басқа да экстремалды жерлер .

Сонымен, белсенді туризм түрлері  өте сан алуан. Ал осы түрлерін белглі бір жіктелімге келтіріп қалыпттастырылмаған. Сондықтан осы күнге дейін  белсенді туризмнің жүйелі түрде  бөлінген жіктелімі жоқ. Енді жайлау туризмінің шығу тарихына көңіл бөлсек.

Жайлау туризмі алғаш рет 1990 жылдары Қырғызстанда пайда болды. Жергілікті туроператор өзінің дамыған елдер клиенттеріне уақытша дала шабаны ретінде тұруды ұсынды. Алғашқы болып Швейцария, Германия, Ұлыбритания және Ресей туристері бұл жаңа демалыс түріне баға берді. Олар бір апта тау шалғайында өмір сүрді. Бұл жерде тандыр нанын, қой етін жеп, қымыз ішіп, киіз үйдің еденінде жатты. Өркениеттің толық болмауы, таза ауа, тауға серуен, экологиялық пайдалы өнімдермен, жергілікті жердің ежелгі мәдениетіне үңілуімен алмастырылды. Мемлекетіміздің көршілес елі шығарған бұл белсенді туризм түрін қазіргі кезде көптеген туристік фирмалар өз қызметтерінің қатарына қосты.



1.2 Баянауыл Мемлекеттік Ұлттық Табиғи саябағына сипаттама

Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылықшаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау» қаумалы БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.

Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

Біржанкөл ауылдық округ орталығынан 24 шақырымда орналасқан. Аталмыш ауыл Баянауыл ауданының демалыс орны болып есептеледі. Жасыбай демалыс аймағына дейін 18 шақырымды құрайды. Демалыс уақытында аталмыш елді мекенге 5000 адам демалуға келеді. Қыс уақытында демалысқа және балық аулауға 1000 адам келеді. Кәсіпкерлік белсенділік жоғары, 51 шаруа қожалығы мен 9 шағын бизнес нысаны қызмет етеді.

Гидрографиялық торабы Баянауыл тауларының солтүстік–шығыс, солтүстік-батыс беткейлерінен, солтүстігінде Ақбет тауларынан, батысында – Аққарағай, Шибет, Өгелең, оңүстігінде – Нияз тауынан ағып жатқан  көлдермен және көптеген өзендермен көрсетілген. Су жиналымының таулы бөлігінде бұлақтар бастауын реттейтін және кіші су ағындарының басында тұрақты беткейлік ағынды ұстап тұратын бұлақтар мен сарқыншалар күйінде жарықтық сулар шығып жатады. Баянауыл ұлттық паркі аумағында 9 көл бар. 

Біржанкөл көлі – Баянауылға 24 шақырым қашықтықта жатыр. Жаманаула мекенінен солтүстікке қарай орналасқан. Көлдің суы ағынсыз. Солтүстік батыстан оған ұзындығы 10 км, құяр жерінде ені 510 м сайға ие. Көл суының қөректену жер үсті және жер асты суларының үлесінен жүреді. Көлдің қазаншығы дөңгелек пішінге ие және су жиналымының солтүстік бөлігінде орналасқан. Көл 25% өскіндермен көмкерілген. Айыртас, Қазқонған, Қойтас таулары мен шоқылар беткейлерімен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде беткейлері тік, каранитоидтардан құралған, батысы мен шығысы тегіс, ірі кесекті құмдардан құралған. Көлге баратын жол жан-жағында бар десе болады. Судың түбі тегіс. Максималды тереңдігі 4,5-5,0м, басым жерде – 4м. Көлдің суы тұщы.   


.



Сурет 1 Біржанкөл көлі



ІІ бөлім. Көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі

2.1 Жайлау- жазғы қоныс



Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-Шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Мысалы, Жетісу өлкесінде қыстау Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. Қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. Бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. Жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. Қазақстан жеріндегі жайлаулардың адамға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. Солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады



2.2 Киіз үй құрылымы мен ішкі жабдықталуы. Қару-жарақ



Қазақтың күнделікті өмірде пайдаланған үйлері дәулетіне қарай төрт қанаттан сегіз қанатқа дейін болған. Әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда, салтанатты орда үйлері 12,18, тіпті 30 қанатқа дейін болған.

Киіз үйдің құрылымы

Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: керегеуықшаңырақ және есіктен тұрады.







Сурет 2 Киіз үйдің құрылымы



Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.

Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.

Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иінінің бүйірінің астына қарай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады. Шаңырақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіреуіш дейді. Олардың екі түрлі қызметі бар. Бірі — шаңырақты керіп тұру, екіншісі - шаңырақтың үстінен жабылатын түндік (түңлік) киіздің астына дәнекер болу. Күлдіреуіштің бағыты есікке қарамай ауысып тігілсе, көргенсіздіктің белгісі деп есептелген.

Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды.

Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық, үзік, түндік. Туырлық — үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз. Әдетте, туырлық үйдің көлеміне қарай үшеу, төртеу болады. Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп атайды. Ол екеу болады. Шаңырақты жауып тұратын төртбұрышты шағын киізді түндік (түңлік) дейді. Сонымен қатар көбінесе киіз үйдің ағаш есігінің сыртынан киіз есік тұтады. Оны түнде түсіріп, күндіз шиыршықтап маңдайшаға жинап қояды.

Киіз үйдің бау-шуына желбау, аяқ бау, аспа бау, әр турлі таңғыштap, бау-басқұрлар жатады. Олар, әдетте, тоқылып жасалады. Әдемі геометриялық өрнектермен безендіріледі.

Қазақ дәстүрі бойынша киіз үйдің есігін шығысқа қаратып тіккен. Күншығыс бағытын ұстану сонау сақтардан, одан бергі қыпшақтардан келе жатқан дәстүр.

Киіз үйдің іші оң жақ, сол жақ болып бөлінеді. Киіз үйдің оң-солы төрден есікке қарап отырған адамның оң-солымен есептеледі. Киім үйдің сол жақ жоғары бөлігінде үй иесінің төсек-орны болады, одан төмен ыдыс-аяқ, саба, ас-су тұратын орын, оны кейде шимен қоршап орналастырады. Үйдің оң жақ бөлігінде бойжеткен қыздың төсегі орналасады. Қазақ сондықтан бойжеткен қызды «оң жақта отырған қыз» деп атайды. Үйдің қақ төрінде жүкаяқ қойылып, үстіне жүк жиналады. Оң жақтың есікке жақын бөлігінде ер-тұрман қойылады, жүген ілінеді. Үйдің қақ ортасында ошақ болады.

Қазақ жайлауға шықканда үйлерді көбіне шеңбер бойымен тігіп, ортасына түнге қарай қойды иіретін болған. Мұндай жағдайда үйлердің есіктері шеңбердің ішіне қарай бағытталып тігіледі. Кейде үйлерді жарты шеңбер қылып тігіп, алдыңғы жағына түнде мал иіретін.

Осындай көшпелі тұрмысқа ыңғайланған киіз үйлерде қазақтар жазда ғана емес қыста да тұрған. Қыста киіз үйдің керегесіне жиілетіп тоқылған ши тұтып, туырлығын қос-қостан салып, іргесін көміп, сары қи мен ағашты жағып тұра берген.

Киіз үй жиһаздары мен бұйымдары - үй тұрмысында қолданылатын жабдықтар, халық арасында олардың алуан түрлері бар. Кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Әбдіре - киім-кешек немесе басқа да бағалы бұйымдарды сақтауға арналған сандық. Оның көлемі әр түрлі болады. Әбдірені мықты, әрі жеңіл ағаштан тегістеп-жонып тақтай дайындап, содан қиюластырып жасайды. Бір түсті сырмен боялып, алдыңғы беті сәнді болуы үшін түрлі өрнектермен әшекейленген жұқа қаңылтырмен қапталады. Қозғауға ыңғайлы болу үшін екі бүйіріне қос-қостан төрт тұтқа орнатылып, қақпағына құлып салынады.

Ағаш төсек - адамның жатып тынығуы үшін пайданылатын үй жиһазы. Ағаш төсектің қазақ үлгісіндегі түрі - қайқыбас төсек. Төсекті кептірілген қатты ағаштың (қайың немесе емен) тегістеп, өңделген тақтайынан жасайды. Төсектің басы, аяқтары мен оған көлбей бекітілетін жастықша бөлігі қиюластырылып, біртұтас етіп дайындалады. Сәнді болу үшін оның бетін әр түрлі бояулармен өрнек салып сырлайды не өрнектелген бұйыммен әшекейлейді.

Адалбақан - киім т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Адалбақан көбінесе бұтағы көп балапан қайың мен шыршадан (самырсыннан) жасалады. Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып әбден кеуіп қалыптасқан кезде оның ұштарын үшкірлеп жонып ілгек жасайды.Сәнді болу үшін, оның сыртын бояулармен өрнектеп сырлайды, бүршікбас алтын, күміс шегелермен нақыштайды.

Кебеже - тамақ сақтауға арналған сандыққа ұқсас ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады. Оның қақпағы сандықтың қақпағы сияқты, кейде жармалы да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш ағашпен, не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де кейде сырмен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледі.

Жастықағаш - жер төсекте жатқан адамның басын биіктету үшін жастықтың астына қоюға ыңғайлап жасалған тиянақ ағаш. Жастықағаш тұтас, ағаш төсекке қарағанда әрі ықшамды, әрі жеңіл болғандықтан, көшпелі тұрмыста көп пайдаланылған.

Жүкаяқ - жиған жүктің астына қоюға арналған ағаш тұғыр. Жүкаяқ кепкен, мықты әрі жеңіл ағаштан, өңделген, тегіс тақтайдан жасалады. Ол негізгі үш бөліктен: жанағаштан (алдыңғы және артқы беттер), аяқтан, шабақтан тұрады.

Сандық - киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым. Сандық - халықтар тұрмысында ерте кезден пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Көшпенді халық үшін ол өте қолайлы болған.

Сандыққап - сандықты бүлінуден сақтау үшін сыртына кигізетін киіз қап.

Асадал - тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған кебеже тектес ыдыс. Асадал мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады.

Алаша - әр түрлі жүннен немесе әр түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Оны екі түрлі әдіспен: түрлі -түсті жіптерді жарыстыра жолақ жасап; әр түстерін, көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды. Алғашқысын жолақ алаша, соңғысын терме алаша деп, кейде кілем алаша деп те атайды. Алаша енсіз тоқылғандықтан төсеніш, тұс кілем, қоржындар жасағанда бірнеше ендерді біріктіріп тігеді.

Бөстек - адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш. Ол малдың (көбінесе ешкінің) не аңның иленген жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалады.

Жастық - адамның басына жастауға арналған үй жиһазы. Жастықтың ішіне көбінесе құстың мамығы салынып, сырты матамен тысталады. Оны "бидай шүберек" деп атайды. Бидай шүберектің сырты әр түрлі асыл маталармен қапталады. Оны "жастық тыс" деп атайды. Жастық тысын шешіп ауыстырып отыруға қолайлы болу үшін, кигізетін аузына түйме қадалады, не бау тағылады. Құстың мамығынан жасалған жастықты "құс жастық" дейді. Жастық көбінде бір кісілік болады.

Көрпе - матаның арасына мақта немесе жүн (әсіресе түйенің) салып тіккен жамылғы әрі төсеніш. Ол жамылғы көрпе және төсек (төсеніш) көрпе болып бөлінеді. Жамылғы көрпенің ұзындығы кісінің бойына лайық етіп жасалады. Баланың бесігіне жабатын көрпені "бесік көрпе", бала орауға арналған көрпені "орауыш көрпе" дейді.

Құстөсек - құс жүнінен (мамығынан) жасалған жұмсақ төсеніш. Құстөсектің үлкендігі оны төсейтін төсектің үлкен-кішілігіне қарай әр түрлі болады. Құстөсек тек жұмсақтығымен ғана емес жылу сақтағышымен де құнды.

Сырмақ - киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Сырмақты түрлі-түсті киізден ойып, өрнек салып та, сондай-ақ шымқай ақ киіздің бетіне ақ, қызыл, сары маталардан ою бастырып та тігеді. Үй тұрмысында сырмақ, текеметтей емес, тұтынуғы мықты, төзімді болады.
Сырмақ жасау өнерінде "қошқар мүйіз" ою-өрнегі көп қолданылады, олар өте дәлдікпен орналасып, бір-бірімен жалғасып ұласып жатады. 

Текемет - бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның күзем жүннен басылған талдырма бетіне ақтай немесе қызылға, көкке, қараға не басқа түске боялған жүнді әр түрлі өрнекпен тартады.

Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі — киіз үй.

Киіз үй тарихы

Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі — киіз үй. Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Көшпелі сақтар бұдан екі жарым-үш мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі. Көшпелі сақтарда үлкен арбаның үстіне тіккен (орнатқан) киіз жамылғылы баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстан жерін жайлаған ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр. Одан екі-үш ғасыр ертерек кезеңге жататын Алтайдың Пазырық қорғандарынан табылған киіздердің қазақ киіздеріне ұксастығы таңғалдырады.



Қазақтың дәстүрлі киімдері мен әсемдік заттары

Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп жүретін болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажырататындықтан да «жат жерде тон сыйлы» деген ұғым қалыптасқан.

Киім ерлер киіміәйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың, бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бөлінеді.

Ерлердің киімі — ішік, тон, шапан, шалбар (сым) жөне өте көне заманнан XIX ғасыр мен XX ғасырдың басына дейін келіп жеткен түрі — кебенек, күпі, жарғақ (тайжақы).

Ішік — иленген теріден жүні ішіне қаратып тігілген қыстық киім. Ішік бағалы аң терілерінен тігілетіндіктен бұлғын ішікжанат ішікқасқыр ішіктүлкі ішік деп бөлінеді. Ішіктер кейде етек-жеңіне алтын, күміс зер ұсталған, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырмалы болып келеді. Ішікті жол жүргенде, той-жиынға көбірек пайдаланады.

Toн — иленген теріден, көбінесе қой терісінен тігілетін киімнің бip түрі. Тон жіліншікке, одан төмен толарсаққа дейін түсетіндей етіп жасалады.

Шапан — ішіне жүн, мақта тартып, қалың матадан тігілетін киім. Шапан қыстық, жаздық болып бөлінеді. Жұқалау етіп тігілген жаздық шапанды жадағай шапан дейді. Шапандар қайырма жағалы, кейде тік жағалы болады. Көпшілік жерлерде өңірі үшкілденіп ашық қалдырылатын шапандар тараған. Жиын-тойға киетін шапандар түрлі түсті жібек жіппен кестеленіп, зер салынған. Шапанда түйме болмайды, мата белбеумен, не сырылып жасалған белбеумен қусырылады.

Күпі — қойдың, түйенің өлі жүнін тартып жасалады. XIX ғасырда күпіні қолдан тоқылған шидем матамен тыстаған. Шапаннан айырмашылығы — оның жағасы тұйық болады.

 Жарғақ (тайжақы) - тайдың, құлынның терісінен жүнін сыртына қаратып тіккен үзын қамзол сияқты жеңсіз киім. Кей жерлерде тайжақыға жең салады. Тайжақы, кейде құлын жарғақ деп аталатын киімді, әдетте, жылқышылар, ат үстінде көбірек жүретін адамдар киетін болған.

Кебенек — киізден істелген шапан сияқты жалбағай киім. Кебенек ұзындығы аяқтың басына дейін түсетіндей кең етіп пішіледі. Жағасы тұйық болады. Оны малшылар қарлы-жаңбырлы күндері киеді. Ерте замандарда жауынгерлер алыс жорықтарға да сыртынан кебенек киетін болған. Сондықтан «кебенек киген келеді, кебін киген келмейді» дейтін сөз қалған.

Шекпен түйе жүнінен жасалған матадан тігілетін сырт киім, ол астарсыз болады.

Қазақтың сырт киімінің көпшілігінде түйме, ілгек болмаған, көбінесе қайыстан, матадан жасалған белдікпен қаусырылған. Қайыс, былғары белдікті кісе деп атаған. Кісе оқ-дәрі салатын оқшантай, пышақтың қыны, насыбай шақша салатын дорбасы бар, күміс, темір шытыралармен әшекейленіп жасалады.

Ерлер бас киімі — тымақ, бөрік, тақия, қалпақ, жалбағай. Тымақ — қыстық бас киім. Ол пайдаланылған терінің түріне қарай түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ болып бөлінеді. Бөрік — қыста да, жазда да киілетін бас киім. Қыстық бөрік қалың жасалып, жиегіне елтірі не аң терісі жапсырылады. Қалпақты қазақ көбіне көктем, жаз, күз айларында киген. Әріден келе жатқан қазақтың бас киімі — жалбағай. Бұл кейде тымақ сияқты төрт сайлы, кейде екі сайлы шошақ болып келетін, етегі желкені жауып тұратын сулық, желдік жеңіл бас киім.

Ерлер аяқ киімі — мәсі, етік, саптама, кебіс, шақай (шоқай, шәрке) болып бөлінеді. Етік — қонышы жіліншікті жабатын, басы өңделген сиыр, жылқы терісінен, қонышы қой, ешкі терісінен тігілетін, табаны қалың, жайпақ өкшелі аяқ киім. XIX ғасырдың орта шенінен бастап етікті фабрикада өңделген былғарыдан тігетін болған.

XVIII—XIX ғасырларда кең қолданыста болған аяқ киім — саптама. Оның өкшесі биік, басы қайқылау болып, қонышы тізеден асатын бұл қыстық аяқ киімді киіз байпақпен киген. Мәсі — жұқа теріден не былғарыдан жасалатын жұмсақ табанды, өкшесіз аяқ киім. Оны көбіне үйде киіп, далаға шыққанда сыртынан галош сияқты затты табанды,өкшесі былғары аяқ киім - кебіс киген. Кедей адамдар, бақташылар қой терісінен тігілген, киіз байпақпен киілетін жеңіл аяқ киім киген.

Әйелдер киіміне — көйлек, камзол, белдемше, шапан, кестелі тон жатады. Әйелдер көйлегінің жағасы тұйық. Әйелдер көйлегін екі түрлі пішкен. Бірі ұзынынан тұтастай пішу де, екіншісі мықынға дейін бөлек пішіп, кейін қосып тігу. Әйелдер көйлегінің жаға тұсы — алды бip қарыстай кесіліп, өңірі мен жағасы түймемен тұйықталып жабылады. Кейде қыз балалар көйлектің сыртынан өңірше киетін. Өңірше дегеніміз — үшбұрышты бұлдан істеліп, шетіне тоқыма бау сырылып, желкe жағынан түймеленетін киім. Кейде өңіршеге маржан, күміс тиындар да тағатын. Әйелдер көйлегінің жеңі ұзын болады, жасына қарай әйел көйлектерінің түр-түсі әр түрлі. Мысалы, қыздар мен жас келіншектер қызыл, жасыл түсті немесе түрлі түстінің ашық түсінен көйлек киеді. Қыз балалар жиын-тойға қос етек көйлек киген.

Күнделікті өмірде мақта матасынан тігілген көйлек кисе, қызық-қуанышқа жібек, атлас, барқыт, парша, пүліш көйлектер киетін.

Атқа мінгенде, сыртқа шыққанда әйелдер қалың мақта матасынан, мәуітіден тігілген шалбар киген.

Көйлектің сыртынан әйелдер камзол киген. Қамзол жеңсіз, қысқа жеңді және жеңді болып үш түрге бөлінеді. Камзол бір түсті матадан, көбіне түкті пүліш, барқыт, шұғадан тігіледі. Жасына қарай да түсі таңдалады. Қыздар мен жас келіншіктер көбінесе алқызыл түсті камзолдар кисе, ал ортадан жоғары жастағы әйелдер көк, жасыл, сарғыш түсті камзол киген. Камзолдың өңіріне, етегінің екі жағына ою, өрнек жүргізіп сәндейтін болған. Камзолдар түймеленген, әшекей күміс ілгішектер, қапсырмалармен қаусырылатын.

Әйелдердің күнделікті сырт киімі — шапан. Ол өрнектің шапанына ұқсас, бірақ көбінесе өңі ашықтау бұлдан тігілетін. Қазақ әйелдерінің қыстық сырт киіміне күпі мен ішік те жатады. Жас әйелдердің түлкі ішігінің сыртын ашық бұлмен тыстаса ересек әйелдердің ішігін, қоңырқай түсті бұлмен тыстаған. Әйелдердің күпісі ішігі бұл белбеумен, кейде күміс басты, шытыралы қайыс белбеумен буылған.

Қазақ қыздары шаш өру дәстүріне айрықша мән берген. Кішкене кезінде ұсак-ұсақ бірнеше өрім жасап, одан соң оларды бір, не екі бұрымға жинап, түрлі әшекей таққан. Бойжетіп келе жатқан қыз баланың шашын міндетті түрде бір бұрым, ал ұзатылар алдында шашын екі бұрым етіп өрген. Бұл жалғыздықтан жұптық өмірге өтудің белгісі сияқты ғұрып. Ұзатылар қыздың сәукелесі — қазақ әйелдері киімінің ішіндегі ең бір салтанаттысы.

Әдетте, сәукеле ұзынша болып келеді. Сәукелені түрлі асыл моншақтармен, теңгелермен, алтын, күміс зерлермен әшекейлеп, төбесіне үкі таққан. Ұзатылар қыз үстінен сәукеленің иығына түсіре жібек матадан шетін шашақтап тіккен желең жамылған. Сәукелені қалыңдық бір балалы болғанша, әдетте, бір жылға дейін ойын-тойларда киетін болған.

Қазақ әйелдерінің бас киіміне — жаулықкимешеккүндік жатады. Жаулық— шаршы матадан үшбұрыштап тігілген. Кимешектің қазақ жерінде бірнеше түрі бар. Кимешек— әйелдің маңдайын, самайын, иегін, жартылай жауып тұратын ақ бұлдан тігілген бас киімі. Оны көбіне жасы келген әйелдер киген. .

Әйелдер күнделікті өмірде басына байлауыш, шылауыш, жаулық байлайтын. Бұл бас киімдер шаршы бұлды қиғаштап бір бүктеп басқа жауып, екі ұшын желкеліктен не тамақтан байлау арқылы киілген.

Қазақтардың бас киімі — тақия мен бөрік тақия көбіне қатырмалы, дөңгелек болып, жанына теңге, моншақ тағылып, төбесіне үкі қадалатын. Бөрік күздік, қыстық бас киім болып бөлінеді. Оны пүліштен, барқыттан дөңгеленте тігіліп, жиегін бағалы аң терісімен көмкереді.

Қазақ әйелдерінің аяқ киіміне мәсіетіккебіс жатады. Мәсі жұқа теріден тігілетін өкшесіз жұмсақ аяқ киім. Оны көбіне үйде киеді. Ертеде қазақ әйелдері мәсінің сыртынан кебіс киетін. Кебісті кейде байпақпен де киген. Кебіс дегеніміз — былғарыдан жасалатын калош сияқты, бірақ өкшесі болатын, табаны қалың аяқ киім.

Әйел етіктері де былғарыдан тігіледі. Етік сыртқа киетін аяқ киім, оның міндетті түрде өкшесі болады. Кейде әйелдер етігіне ою-өрнек бастырады.

Ұлттық тағамдар, ыдыс-аяқ

Қазақ халқының қай тағамы да оның шаруашылығымен, күнкөріс тіршілігімен тығыз байланысты. Негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары еттен, сүттен жасалады.

Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше жылқы, он шақты қой, бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын да, етін тұздап тошалаға іліп сақтайтын. Жылқы етінен ішекке салып қазы, шұжық, ішек майын ішекке тығып қарта жасайды. Жылқының жалындағы майынан жал деген сыйлы тағам жасалады.

Сиыр етін мүшелеп бұзып тоңазытып іліп қояды да, қой етін көбіне сүрлейтін.

Еттің әр мүшесінің қонаққа тартылуында өзіндік рәсім бар. Мысалы, ең сыйлы қонаққа бас және жамбас тартады. Мәні жағынан одан кейін мына мүшелер жүреді: асықты жілік, ортан жілік, жауырын, кәрі жілік және тоқпан жілік.

Сүт тағамдары да өте бай. Сүт тағамдарына құрт, ірімшік, сары май, қымыз, қатық, шұбат, айран, іркіт жатады.

Қазақтың дәстүрлі тағамдарының ішінде дәннен жасалған тағамдар да бар. Қазақтар бидай, қара бидай, тарыны тамаққа көбірек пайдаланған. Қазанға қарма, қатырма нан пісірген. Кей өңірлерде оларды төңкерме, қазан жаппа нан деп атайды. Бидайды қуырып та жеген.

Қазақтарыдан тары көже, быламық, майсөк жасаған. Тарыны, бидайды келіге түйіп талқан да жасаған. Тары, талқан, май, қант, балды қосып — қоспа немесе жент деген тәтті тағам жасаған.

Қазақтың ыдыс-аяғы, негізінен, теріден, ағаштан және сүйектен жасалатын. Теріден жасалатын ыдыстарға мал сауатын көнек, қымыз, шұбат жинайтын саба жатады. Көнек шәугімдей ғана және көбіне шүмекті болады, ал саба жылқының терісінен тігілген, мөлшермен 70—150 л сұйықтық сыятын түбі кең, мойыны ұзын ыдыс. Қымыз, басқа да сусын алып жүруге арналған ыдыс торсық, жан торсық деп аталады. Оңтүстік өңірлерде сүт, сұйық заттарды сақтау үшін асқабақтан кептіріліп жасалған қауақ дейтін ыдысты да пайдаланған.

Кең өңірлерде мал сауғанға ағаш кеснек те қолданылады. Қымыз, шұбат көбінесе ағаш тегенелер мен ағаш ожауларға құйылады. Ожаулар кейде екі басты болып, тегенлердің жиегіне күміс, сүйек жиек жүргізетін болған.

Қазақ малдың қарнын да ыдыс ретінде тұтынып, оған сары май сақтаған.

Көшпелілердің қару жарақтары

Қазақта «ер қаруы — бес қару» деген сөз бар. Ол бес қаруға aтy қарулары (садақ, жақ, жай)түйрегіш қарулар (найза, сүңгі, жыда), кесу қаруы (қылышсемсер, сапы), шабу қаруы — айбалта, соғу қаруы (шоқпар, гурзі) жатады.

Қосымша қару-жарақтарға қанжаркездікарқан жатады. Қанжар (кездік) ертедегі сақ, түрік тайпаларында кездеседі. Олар көбіне семсер, сапылардың кішірейтілген түрі. Айқас кезінде жау әскеріне арқан тастап, аттан құлатып сүйретіп те әкететін әдіс болған.

Қару атадан балаға мұра болып беріледі. Ер жетіп алғаш рет ел қорғауға шыққан жас батыр әкесінің, не атасының қаруын сандықтан алып беліне таққан.

Қорғаныс құралдарына сауыт, дулыға, қалқан жатады. Сауыттың көбе сауыт, кіреуке сауыт, берен сауыт, қаттама сауыт, жалаңқат сауыт, торғауыт сауыт деген түрлері бар. Көбе сауыт тырнақтың көбесі сияқты металл тіліктерден бір-бірін бастыра бекіткен сауытты айтады. Кіреуке сауытқа темір торлы сауыт жатады. Ол темір шығыршықтардан тоқу, өру арқылы жасалады. Берен сауыт болат темірден жасалатын өте мықты сауыт. Қаттама сауыт матадан бірнеше қабатталып, сырылып тігілетін сауыт. Бұл әрі жылы киім. Торғауыт сауыт бірнеше қабат қалың теріден тігілетін сауыт. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Бір бөлігі саннан мойынға дейін жапса, екінші бөлігі арқаны, үшінші, төртінші бөліктері екі қолдың үстіңгі жағын жабады. Әр бөлік денеге қайыс баулармен бекітіледі. Мысалы, жырда айтылатын «тоғыз қабат торғауыт» деген сөз бірнеше қабат теріден жасалған сауыт дегенді білдіреді.

Сауыттармен қатар кеудеге, арқаға, иыққа дөңгелек болат тақталар байланатын. Осындай қорғаныс құралын шарайна деп атаған.

Дулыға — басты қорғайтын бас киім. Олардың бөрік пішіндісі, қалпақ пішіндісі, телпек (тақия) тәріздес және күләпара пішіндес түрі болады.

Қалқан да ертеден келе жатқан құрал. Ол сақтардан бері белгілі. Ат үстінде соғысуға арналған көшпелілер қалқаны кішкене, жеңіл болып келеді.

Бұлардан басқа адамның ашық қол-аяғын қорғайтын сауыт, атты қорғайтын ат сауыты да аса жиі болмаса да ерте қазақтарда кездесіп тұрған.



ІІІ бөлім Туристерге ұсынылатын туристік өнім

    1. Туристік пакет құрылымы


1 күн

9.00 Жайлауға келу

9.30 Таңғы ас

10.00-12.00 Бос уақыт

12.00 Түскі ас

13.00 -16.00 Киіз үй құру шеберлік сабағы

16.00 Бесін шайы

16.30 -18.00 Атпен серуенге шығу

19.00 Кешкі ас

20.00-22.00 Қазақ мәдениетімен танысу (экскурсовод жұмысы)


2 күн

9.00 Таңғы ас

10.00-12.00 Ұлттық тағамдар дайындау шеберлік сабақтары

12.00 Түскі ас

13.00 -16.00 Саятшылыққа үйрету

16.00 Бесін шайы

16.30 -18.00 Атпен серуенге шығу

19.00 Кешкі ас

20.00-22.00 Ұлттық ойындар ойнау


3 күн

9.00 Таңғы ас

10.00-12.00 Бие сауу шеберлік сабағы

12.00 Түскі ас

13.00 -16.00 Қолөнер бұйымдарын жасау шеберлік сабағы

16.00 Бесін шайы

16.30 -18.00 Атпен серуенге шығу

19.00 Кешкі ас

20.00-22.00 Ұлттық аспаптар концерті


Қорытынды

Қазіргі таңда еліміздегі туризм деңгейінің дамуы орташа, яғни даму үстінде деп айтуға болады. Оның бірден-бір себептерінің бірі ретінде инфрақұрылымның дамымауын айтуға болады. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына үкімет те белсенді қатысуда, дегенмен біздің еліміздегі туризм нысандары мен объектілері батыстық стандарттарға сай келмеуде. Ал қаражаттың көп бөлігі сол елдерде екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Сондықтан, болашақта жасалатын іс-шаралардың барлығын тек сол бағытқа бағыттап жасаған абзал.

Қазақстан туристік ассоциациясы ақпараттық орталығының дәріскерлері Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту мәселелері мен «Қонақжайлық үйлерді» ашу және олардың сапа стандарттары», Туризм қызметкерлері құрамын басқару психологиясы  туралы дәрістері қатысушылардың қызығушылығын тудырып, тың жұмысты ашуға да бастама болды.  Экологиялық туризмді дамыту мәселелері және қонақ үйлерді ашудың негізгі қағидаттары жөнінде Қазақстан туристік ассоциациясы да өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие болып отыр. Республика аумақтарындағы табиғаты әсем елді мекендерді туристерге көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек. Бұл бағытта сала мамандары хал-қадірінше жұмыс жасауда. Бірақ, атқарылар істер одан да қомақты. Соның бірі ерекше қорғалатын қорықтарды туризмнің негізгі нысанына айналдыра білуіміз шарт. Сондай-ақ Қазақстан туристік ассоциациясының президенті Рашида Шәйкенова: “Аса қорғауды қажет ететін табиғи аймақтарға көршілес орналасқан елді мекендерде белсенді туризм бизнесін бастап жатқан талапкерлердің саны ұлғая түсуде. Ал біз оларға қуана-қуана көмектесудеміз, өйткені, қазіргі экономикалық жағдайда дамудың бұл моделі шынымен-ақ жәрдем болары сөзсіз”, – деді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Ердавлетов С.Р. «География туризма», Алматы, 2010.

  2. Бабкин А.В. «Специальные виды туризма». - М., 2008.

  3. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. - М., 1996.

  4. Александрова А.Ю. Международный туризм. - М., 2001.

  5. Биржаков М.Б. Введение в туризм. - СПб., 2001.

  6. Зорин И.В., Квартальнов В.А. Энциклопедия туризма. - М.: Финансы и статистика, 2000.

  7. Николаенко Д.В. Рекреационная география. - М., 2001.

  8. Сенин В.С. Организация международного туризма: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2003.

  9. http://www.aif.ru/travel/article/43221

  10. http://www.saga.ua/44_archives_news_45270.html

  11. http://www.livejournal.ru/travel/themes/id/3016

  12. http://rooffaq.com/news/detail.php?ID=6047

  13. http://sputniknews.ru/interesnye-podborki/dzhajloo-turizm-puteshestvie-v-dalekoe-proshloe

  14. http://tvorec.gorod.tomsk.ru/index-1308096075.php

  15. http://travelluxtour.info/vidy-turizma/dzhayloo-turizm/








3



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!