СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Даражарнақты және қосжарнақтыларды зерттеу

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Даражарнақты өсімдіктер мен қосжарнақты өсімдіктерді зерттеу үшін жүргізілген сабақ

Просмотр содержимого документа
«Даражарнақты және қосжарнақтыларды зерттеу»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарау 8.1С: Тірі ағзалардың көптүрлілігі

Мектеп: «Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп»

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: Мукашева А.Ж.

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Даражарнақты, қосжарнақты өсімдіктер (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату

Сабақтың мақсаты

  • Даражарнақты өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;

  • Қосжарнақты өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;

  • Дара және қосжарнақты өсімдіктерді сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарай ажырату.

Бағалау критерийлері

  • даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді ерекше белгілері бойынша анықтайды;

  • даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді

  • тұқымжарнақ саны

  • жапырақтың жүйкеленуі

  • тамыр жүйесінің ерекшелігі

  • гүл бөлімінің саны

  • тіршілік формасына қарай салыстырады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар: түрлі материалдарды пайдалана отырып, өсімдіктер бөлімінің негізгі белгілерін сипаттайды

Кеппешөптерді пайдалана отырып, даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілерін сипаттай алады.

Зертханалық жұмысты рәсімдеп, қорытынды жаза алады.

Пәндік лексика және терминология: кіндік және шашақ тамыр, камбий, бір және екі тұқымжарнақ, жапырақтары қарама-қарсы және кезектесе орналасады, жүйкелену типтері, гүл бөлімдерінің саны.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Тамыр жүйесі болады......қосжарнақты өсімдіктерде ....,шашақты.... өсімдіктерде.

Доға тәрізді жүйкелену .....

Тамыр жүйесі болады......қосжарнақты өсімдіктерде ...., шашақты .... өсімдіктерде.

Доға тәрізді жүйкелену .... .

Құндылықтарды дарыту

Оқу кезінде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Тірі ағзалардың таралуы және олардың дамуына факторлардың әсері, тірі ағзалардың географиялық таралуын қарастыру арқылы география пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

6-7 сынып бағдарламасынан оқушылар жүйелеуге анықтама бере біледі. Оқушылар «Тірі ағзалардың көптүрлілігі» тарауынан жергілікті жердің экожүйесін, біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттап және тірі табиғатты бес патшалыққа жіктей біледі. 8-сыныптан өсімдік бөлімдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин






Ой шақыру: Оқушыларға екі түрлі бөлме өсімдігі ұсынылады: фаленопсис немесе орхидея және пеларгония.

Талдау сұрақтары:

  • өсімдіктерді салыстыр;

  • осы өсімдіктердің өсімді мүшелерінің арасындағы айырмашылықтарын ата?

  • Бұл өсімдіктерді жабықтұқымдылардың қай класына жатқызуға болады?

Өсімдіктің типтері, бөлімдерін атата отырып, қандай кластары болады сұрағын талқылау арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушылардан өсімдіктер бөлімдерінің өкілдерін қандай белгілері бойынша салыстырдыңыздар деп сұраңыз. Ендеше осы екі класс өкілдерін қандай белгілеріне қарап ажырата аламыз сұрағын талқылау барысында сабақтың мақсаттарын аныталады. Оқушылармен бағалау критерийлері талданады.

1- слайд

Бөлме өсімдіктері

Сабақтың ортасы

4-25 мин












Оқушыларға жұмыс парағы бойынша зертханалық жұмысты орындау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің сабақ, тамырының көлденең кесінділерінің үлгілері, кейбір тірі үлгілер, суреттер, таныстырылым, оқулық және ақпараттық парақшалар мен видеоматериалдардың көмегімен осы екі класс өкілдерін салыстырады.


Ол үшін оқушыларға екі класс өкілдерінің суреттері, тірі үлгілері беріледі.

Видеоматериалдар мен ақпараттар ұсынылады.

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=12639


https://bilimland.kz/kk/home#lesson=12639

Мұғалім биологиялық сурет салу ережелеріне назар аудартады. (жапырақ тақтасы мен жүйкеленуі, тамыр жүйесі)

  • Сурет қарындашпен салынады

  • Сурет атаулары қаламмен жазылады

  • Сурет ұқыпты болу керек, сызықтар біртұтас, бояу немесе көлеңке жасап бояуға болмайды

1 -3 қосымша














25-27мин

Зертханалық жұмыс нәтижесі бойынша жұптық бағалау жүргізіледі.

4- қосымша

28-38 мин


Жұмыс парағындағы 3-тапсырмадағы кестені мұғаліммен бірлесіп талдап, толықтырулар енгізіледі.


Сабақтың соңы

39-40 мин







Кері байланыс

5- слайд








Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Жетелеуші сұрақтар қою арқылы орташа және төмен деңгейдегі оқушыларды қолдау;

Қабілеті жоғары оқушылар орташа және төмен қабілеті төмен оқушыларды қолдап, өзара оқыту жүргізеді.

Оқушылар өздерінің қалауы бойынша қабілеттеріне сай ресурс көздерін таңдап қолдана алады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ой шақыру сұрақтарына жауаптары арқылы;

Оқушылардың өзара бағалауы


Оқушылардың ауызша жауаптары, кестені толтыруы, ауызша жауаптары мен сұрақтар қоюы, практикалық дағдылары, сурет сала білуі, ақпаратпен жұмыс жасай алуы, қорытындыларын салыстыру арқылы бағаланады.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Бөлме өсімдіктеріне аллергиясы бар оқушылармен абай болу

Оқушылар өзара бағалау жүргізгенде, зертханалық жұмыс кезінде белсенді қозғалыста болады




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!