СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Физика пәнінен (оқушыларға ұлттық біріңғай тестке дайындыққа көмекші құрал) әдістемелік құрал

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Подготовка к ЕНТ для 11 классов

Просмотр содержимого документа
«Физика пәнінен (оқушыларға ұлттық біріңғай тестке дайындыққа көмекші құрал) әдістемелік құрал»





















Физика пәнінен

(оқушыларға ұлттық біріңғай тестке дайындыққа көмекші құрал)

әдістемелік құрал



Авторы: Жакуова А.Б. -физика пәні мұғалімі







































МАЗМҰНЫ



1

Түсінік хат



3

2

Белгіленулер мен формулалар



4

3

Физиканың бөлімдерінен есептердің шығарылу жолдары


6

4

Есептер шығару( 100 есеп)



26

5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



33



































ТҮСІНІК ХАТ

Заманауи технологиялар, мектеп бағдарламалары сияқты, бір орында тұрмайды. Жыл сайын олар бізді ерекше шешімдерімен, жаңалықтарымен таң қалдырады. Жаһандық өзгерістер кезінде, айналада бәрі өзгеріп жатқан кезде, біздің өміріміз бір орында тұрмайды, және, әрине, Қазақстан Республикасының білімі мен мектебі өзгерістерден тыс қала алмайды. Білім беру жүйесі білім беруде жетілдіруді және жаңа тәсілдерді талап етеді, өйткені мектептердің, лицейлердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері функционалдық сауатты, алған білімдерін практикада қолдана білуі, командада жұмыс істей алатын, өзінің білім деңгейін өз бетінше көтере алатын жақсы мамандар болуы тиіс, өйткені адам өмір бойы үнемі ізденісте болады. Әркім бар күшін салады. Бұл әдістемелік құралда физика пәнінің бөлімдерінен тестте кездесетін есептердің шығару жолдары келтірілген. Тапсырмаларды орындау барысында қандай заңдылықты, не үшін қолданылғаны жайында түсініктеме беріліп отырады.

Соңғы жылдары ҚР тестілеу орталығы тақырыптық тест жинақтарын шығарды. Бұл тесттер ҰБТ-ға шығарылатын барлық пәндер бойынша 5-тен 11-ші сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған. Олардың көмегімен оқушылардың материалды игеру деңгейін бағалауға және тест тапсырмаларымен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға болады. Тест тапсырмаларын орындаудағы мұндай жаттығулар оқушыларға ҰБТ тапсыру барысында балл-ды нақты көтеруге мүмкіндік береді. Бұл құралда негізгі физикалық шамалардың атауы, өлшем бірліктері және формулалары келтірілген. 45 есептің шығарылу жолдарымен түсіндірілуі көрсетілді, оның ішінде мәтіндік есептер де бар. Қосымша оқушыларға дайындық ретінде 100 есеп, жауабымен берілді.























жылдамдық ( )

жүрілген жол (м)

уаңыт (с)

үдеу ( )

тығыздық ( )

масса (кг)

көлем (л, )

күш (Н) , ,

қысым (Па) ,

аудан ( )

биіктік (м)

ұзындық (м)

қуат (Вт)

жұмыс (Дж)

жылу мөлшері (Дж)

ішкі энергия (Дж)

температура ( )

температура (К) T=t+273

-зат мөлшері (моль)

жиілік (Гц) , (c=3* м/с-жарық жылдамдығы)

-толқын үзындығы (м)

период (с) ,

-кинетикалық энергия (Дж)

-потенциалдық энергия (Дж)

-молярлық масса (кг/моль)

универсал газ тұрақтысы

-Больцман тұрақтысы

-Авогадро саны

ток күші (А)

кернеу (В)

кедергі (Ом) ,

-меншікті кедергі (Ом*м)

ішкі кедергі (Ом)

( ) ,

, ,

магнит индукциясы (Тл)

магнит ағыны (Вб)

сыйымдылық (ф)

,

циклдік жиілік (рад/с)

КПД- пайдалы әсер коэффициенті (%)

А-толық жұмыс (Дж)

Фотон импульсі

-Планк тұрақтысы

фотон энергиясы

Үйкеліс күші -

үйкеліс коэффициенті

Гравитациялық күш-

Бернулли теңдеуі-

Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы -

Молярлық масса -

- Авогадро саны

Больцман тұрақтысы

Молекула концентрациясы- [ ]

молекула-кинетикалықтеорияның негізгі теңдеуі

Молекула қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы-

Менделеев-Клапейрон теңдеуі -

–бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы ( )

Механикалық кернеу - [Па]

Кулон заңы - [H]

Өріс кернеулігі - [Н/Кл н\се В/м]

коэффициент

Джоул-Ленц заңы -

Фарадейдің бірінші заңы -

период (С)

Электр өрісінің энергиясы-

Магнит өрісінің энергиясы -

Томсон формуласы -

Энергия

Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі-

Фотоэффекттің қызыл шекарасы -

Индуктивті кедергі -

Сыйымдылық кедергі-

,

Конденсаторларды тізбектей жалғау -

Конденсаторларды паралллель жалғау-

Кедергілерді тізбектей жалғау-

Кедергілерді параллель жалғау-



Физиканың бөлімдерінен есептердің шығарылу жолдары

1.Лифт 0,7 м\с2 үдеумен жоғары көтеріліп келеді. Массасы 400 кг жолаушылар лифттің еденіне түсіретін қысым күші (g=9.8м\с2)

Шешуі: Салмақ, Салмақсыздық, асқын салмақ тақырыбына байланысты лифтімен жоғары көтеріліп немесе төмен түскен кезде дененің салмағын анықтауда

(+) таңбасы дене лифтімен жоғары көтерілсе,

(-) таңбасы дене лифтімен төмен түссе қойылады.

Біздің есебіміздің шарты бойынша лифт жоғары көтерілді дегендіктен, мұңда дененің салмағы лифтінің еденге түсіретін қысым күшіне тең болады.

Жауабы:4200 Н

2.Су бетінде толқын 6 м\с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалтқы тербелісінің периоды.

Шешуі: Мұнда тербелістер мен толқындар тарауына жүгініп

Толқынның ұзындығын есептеу үшін .

Осы формуладан толқын периодын түрлендіріп шығарамыз, сонда

с.

Жауабы: 0,5 с.

3.Қандай да бір металл үшін фотоэффектің қызыл шекарасы 600 нм болса, фотоэффект байқалмайтын сәуле жиілігі (c=3*108 м\с).

Шешуі: Фотоэффектінің қызыл шекарасы деп біз минимал жиілік пен максимал толқын ұзындығын аламыз:

немесе

Сонда бізде есептің шарты бойынша фотоэффект байқалмайтын сәуле жиілігі делінген, түскен сәуленің жиілігі қызыл шекараның ( ) мәнінен аз болса, онда фотоэффект байқалмайды. Бұдан шығатын қорытынды біз есептеп шығарып сол шыққан жауапқа байланысты жиілігі сол мәннен төмен жауапты таңдауымыз қажет.

осыдан түрлендіріп

Сонда есеп шарты бойынща бес жауаптың ішінен осы шыққан мәннен кіші мәнді таңдаймыз, сонда жауап 6*1013 Гц болады.

Жауабы: 6*1013 Гц.

4.Катушкадағы ток мәні 5 секунд ішінде бірқалыпты өзгеріп, 2А-ге жетеді. Егер индуктивтілік мәні 50 мГн болса, катушка тұтынатын қуат.

Шешуі: токтың қуатын анықтау үшін -формуласын қолданамыз. Осы формулада бізде есеп шартында катушканың кедергісы жоқ, оны табу үшін электромагниттік индукция заңын қолданамыз: ,

мұнда – магнит ағынын анықтайтын формула.

, осы екі теңдеуді теңестіріп кедергіні тауып алсақ болады.

Жауабы: 40 мВт.

5.Тұрақты ток көзіне реостат және амперметр қосылған. Егер реостаттың кедергісін 3 есе арттыратын болса, онда амперметрдің көрсетуі.

Шешуі: тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын қолданып осы формуладан көріп отырғанымыздай кедергі артса ток күші кемитінін көреміз. Кедергі қанша рет артса ток күші сонша рет кемиді. Осыдан шығатын қорытынды кедергі 3 есе артса ток күші 3 есе кемиді.

Берілгені: шешуі:

6.Индуктивтілігі L катушкадан және сыйымдылығы С конденсатордан тұратын тербелмелі контурдағы кернеудің ең үлкен мәні , болса, контурдағы ең үлкен ток күші:

Шешуі: электромагниттік тербелістерді қарастырғанда катушка мен конденсатордан тұратын тұйық жүйе - тербелмелі контурда электр өоісі энергиясы мен магнит өрісі энергиясының бір-біріне өтіп отыруын қарастырады. Электр өрісі энергиясы мен магнит өрісі энергиясының қосындысы толық энергияны құрайды. Осыған байланысты электр өрісі энергиясы ( ) магнит өрісі энергиясына ( ) тең деп алып, екі теңдеуді теңестіріп, сол теңдіктен контурдағы ток күшінің ең үлкен мәнін есептеп шығаруға болады.

Берілгені: шешуі:

-?

Жауабы:

7.Импульсі 5 денеге 25 Н күш түсірілетін уақыт.

Шешуі: импульс екі дененің соқтығысуының әсерінен пайда болады. Импульстің екі түрі бар: дене импульсі - , күш импульсі - .

Денеге күш түсірілетін уақытты анықтау үшін күш импульсінің формуласын қолданамыз , осы формуладан уақытты шығарып аламыз -

Жауабы: 0,2 с.

8.Қуаты 20 кВт электр сорғышы көлемі 60 м3 суды 20 минутта 10 м биіктікке көтереді. Осы құрылғының ПӘК-і.( 1000 кг\м3).

Шешуі: құрылғының пайдалы әсер коэффициентін анықтау үшін төмендегі формуланы қолданамыз:

Мұнда пайдалы жұмысты: , электр сорғышы көтерген судың массасын анықтау үшін . Толық жұмысты есептеу үшін -

ПӘК-тің формуласындағы пайдалы жұмыс пен толық жұмыстың орнына өрнектерін қойып осы соңғы алынған формулаға сан мәндерін қоямыз.

Жауабы:25%

(Бабаджан)9.Қалыпты жағдайда идеал газдың молекуласының концентрациясын есептеу керек?

Шешуі: қалыпты жағдайдағы атмосфералық қысым  , ал температура  . Идеал газ молекуласының концентрациясын есептеу үшін молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін пайдаланамыз:

 .

Осы өрнектен концентрацияны тауып алсақ:

 .

Мұндағы  Дж/К –Больцман тұрақтысы. Енді соңғы өрнекке сан мәндерін қоятын болсақ:  .

(Савельев)10.Бір атомды идеал газдың молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы  . Газ қысымы  . бірлік көлемдегі газдың молекулалар санын анықтау керек (концентрациясын)?

Шешуі: молекула –кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін пайдаланып бірлік көлемдегі молекулалар санын анықтайық:

 .

Осы негізгі теңдеуден бірлік көлемдегі молекулалар санын анықтасақ:  .

Енді осы өрнектің орнына сан мәндерін қойсақ:  .

Бірлік көлемдегі молекулалар саны:  тең.


11.Гелий (He) молекуласының орташа энергиясы  . Гелий молекуласының осы жағдайдағы орташа жылдамдығын анықтау керек.

Шешуі: молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өрнегінен:



температураны анықтасақ

 ,

себебі есеп шарты бойынша осы жағдайдағы гелий молекуласының орташа жылдамдығын анықтау керек, ал орташа жылдамдықты табу үшін бізге температура қажет. Алынған өрнекке сан мәндерін қоятын болсақ:  . Мұндағы  –Больцман тұрақтысы. Енді молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығының өрнегін жазайық:

 ,

мұндағы гелийдің молярлық массасы  . Енді осы өрнектің орнына сан мәндерін қойсақ:  .

Гелий молекуласының орташа жылдамдығы  тең.


(Сивухин) 12.Екі атомды оттегінің  қысым мен  температурадағы тығыздығын анықтаңдар.

Шешуі: есеп шарты бойынша екі атомды оттегі берілгендіктен, оттегінің молярлық массасы:  тең. Енді қысымды халықаралық бірліктер жүйесіне келтірсек:  тең. Ал температура  .

Менделеев –Клапейрон теңдеуін пайдаланып есептің шешімін табайық, ол үшін:



теңдеуінен газдың тығыздығын анықтауға болады.

 .

( ) енді осы алынған өрнектен тығыздықты анықтайтын болсақ:

 .


13.1моль идеал газ 3 атм қысым мен  температурада қандай көлем алады.

Шешуі: есеп шарты бойынша газдың алып тұрған көлемін есептеу үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуін пайдаланамыз:



Мұндағы: ( ). Осы теңдеуден газдың алып жатқан көлемін анықтайық:  .

Қысымды халықаралық бірліктер жүйесіне айналдыратын болсақ,  . Енді көлемді анықтайтын өрнекке шамалардың мәнін апарып қоятын болсақ:

 .


14. температура мен 760 мм.сын.бағ. ауаның тығыздығы 0,001293  тең.  температура мен 750 мм.сын.бағ. қысымдағы 1 л көлемдегі ауаның массасын анықтаңдар.

Шешуі: енді есеп шарты бойынша ауаның массасын анықтау үшін Менделеев –Клапейрон теңдеуін пайдаланамыз:

 .

Осы теңдеуден массаны анықтасақ:  .

Ауаның молярлық массасы белгісіз болғандықтан ең алдымен сол шаманы есептеп аламыз:

 .

Мұндағы  тығыздықты береді. Есептің шартында берілген шамаларды халықаралық бірліктер жүйесіне айналдыратын болсақ:  , ал температура  ,  ,  ,   . Ауаның молярлық массасын анықтайық:

 .

Енді ауаның массасын анықтау үшін:

 .

Ауаның массасы  .


(Иродов)15.Көлемі  ыдыста температурасы  идеал газ толтырылған. Газдың бір бөлігі ыдыстан шығарылғаннан кейін, ыдыстағы қысым  (температура өзгеріссіз қалды) төмендеді. Сыртқа шығарылған газдың массасын анықтау керек. Қалыпты жағдайда берілген газдың тығыздығы  .

Шешуі: енді есеп шарты бойынша сыртқа шығарылған ауаның массасын анықтау үшін Менделеев –Клапейрон теңдеуін пайдаланамыз:

 .

Осы теңдеуден массаны анықтасақ:

 .

Ауаның молярлық массасы белгісіз болғандықтан ең алдымен сол шаманы есептеп аламыз:

 .

Мұндағы  тығыздықты береді. Қалыпты жағдайдағы ауаның тыңыздығы берілгендіктен мұнда біз қалыпты жағдайдағы қысымды ескеруіміз керек. Осы өрнекті молярлық массаның орнына апарып қойсақ:

 .

Қалыпты жағдайдағы қысым  . Есептің шартында берілген шамаларды халықаралық бірліктер жүйесіне айналдыратын болсақ:  , ал температура  Енді соңгы теңдеуге сан мәндерін апарып қоятын болсақ:

 .

Сыртқа шыңарылған газдың массасы: .


16.Көлемі  ыдыста температурасы  , қысымы  атм. сутегі мен гелий қоспасы бар. Қоспаның массасы  . Осы қоспадағы сутегі массасының гелийдің массасына қатынасын анықтаңдар.

Шешуі: есеп шартын пайдаланып сутегі мен гелийдің массасын жеке-жеке анықтайық. Ол үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуін пайдаланамыз.

 .

Осы теңдеуден массаны анықтасақ:

 .

Сутегінің молярлық массасы  , гелийдің молярлық массасы  . Есептің шартында берілген шамаларды халықаралық бірліктер жүйесіне айналдыратын болсақ:  , ал температура  ,  .

Сутегінің массасы:  .

Гелийдің массасы:  .

Сутегі массасының гелийдің массасына қатынасы:  .


(Матвеев А.Н.) 17.Судың  молярлық массасы неге тең? 1 кг судың құрамында су молекуласының қанша молі бар? 1 г судағы молекулалар саны? Су молекуласының массасын есепте?

Шешуі: су молекуласының салыстырмалы массасы  . Сондықтан судың молярлық массасы  . 1 кг судағы зат мөлшері:



 .

Су молекуласының массасы:



Осы теңдеудің орнына сан мәнін қоятын болсақ:

 (бірлік атомдық масса  ).

Молекулалар санын анықтайық:



 суда молекулалар саны:

 .

18.Судың бір молекуласының көлемі  белгілі. Судың тығыздығы неге тең?

Шешуі: су молекуласының массасы алдыңғы теңдеуден  белгілі болғандықтан, онда оның тығыздығы






19. температурадағы сутегі молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы неге тең?

Шешуі: молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы мына формуламен анықталады:

 .

Мұнда бізде температура белгілі, универсал газ тұрақтысы  , ал сутегінің молярлық массасы  тең.

Сонда сан мәндерін формуланың орнына қойып есептесек:

 .


20.Екі атомды оттегінің  қысым мен  температурадағы тығыздығын анықтау керек?

Шешуі: есеп шарты бойынша қысым  , температура  ,  . Екі атомды оттегі берілгендіктен, оттегінің молярлық массасы  .

Енді Менделеев-Клапейрон теңдеуінен:  , тығыздықты шығарып алуға болады. Онда теңдеу мына түрде жазылады:  .

Енді сан мәндерін орнына қойсақ:

 .


(Дмитриева В.Ф.)21. температура мен  Па қысымда сутегі мен азот қоспасының тығыздығы  . Осы қоспаның молярлық массасын тап?

Шешуі: қысымы  , температурасы  , оны кельвинге айналдыратын болсақ  , сутегі мен азот қоспасының тығыздығы  . Енді қоспаның молярлық массасын анықтау үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуін пайдаланамыз:

 ,  ,

мұндағы  , сондықтан  , енді осы өрнектен молярлық массаны анықтасақ:  .

Енді осы теңдеуге сан мәндерін қойсақ:

 .


22.Көлемі  баллонда 4 кг сутегі мен 6,5 кг азот қоспасы бар. Қоршаған ортаның температурасы  . Қоспаның қысымын анықта.

Шешуі: көлемі  баллонда  қоспасы бар, қоршаған ортаның температурасы  , абсолюттік температура  . Қоспаның қысымын анықтау үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуін пайдаланамыз:  .

Енді осы теңдеуден қысымды анықтасақ:

 .

Баллонда газ қоспасы болғандықтан, қоспаның молярлық массасы  кг/моль.

Енді жеке-жеке газ үшін қысымды анықтасақ:

Қоспаның қысымы:

 .


(Иродов) 23.Ыдыста массасы  азот пен  , температурасы  , қысымы  көміртекті газ қоспасы бар. Газды идеал деп қарастырып, қоспаның тығыздығын анықтаңдар.

Шешуі: есептің шарты бойынша қоспаның тыңыздығын анықтау үшін ең алдымен әрбір газдың алып тұрған көлемін анықтайық.

Ол үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуін пайдаланамыз:  .

Енді осы теңдеуден көлемді анықтасақ:  .

Азоттың молярлық массасы  , ал көміртекті газдың молярлық массасы  .

Азоттың көлемін берілген теңдеуден анықтайық:

 ,

көміртекті газының көлемі  .

Онда қоспаның алып тұрған көлемі:

 .

Қоспаның массасы:  .

Ыдыстағы қоспаның тығыздығын анықтасақ:

 .


24.Көлемі  , температурасы  баллонда идеал газ қоспасы бар:  оттегі,  азот,  көміртегі газы. Газдарды идеал деп қарастырып, қоспаның қысымын анықтаңдар.

Шешуі: қоспаның қысымын анықтау үшін идеал газ күйінің теңдеуін пайдаланамыз:

 .

Осы теңдеуден қоспаның қысымын табайық:

 .

Мұндағы  –зат мөлшерін береді.

Қоспаның зат мөлшерін анықтайық:  .

Енді қоспаның қысымын анықтау үшін:


25.Массасы  көмірқышқыл газының ( ) зат мөлшерін және молекулалар санын анықтаңыз.

Шешуі: есеп шарты бойынша көмірқышқыл газының зат мөлшерін және молекулалар санын есептеу үшін зат мөлшерінің өрнегін пайдаланамыз:





Осы теңдеуден молекулалар санын анықтасақ:



Мұндағы  –Авогадро саны.

Зат мөлшерін есептеу үшін көмірқышқыл газының молярлық массасын анықтап алайық:  .

Енді осы өрнектің орнына сан мәндерін қоятын болсақ:

Молекулалар санын берілген өрнекті пайдаланып шығарамыз:


26.Тығыздығы  газдың молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын табыңыздар.

Шешуі: газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын анықтау үшін молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін пайдаланайық:



Енді осы өрнектің орнына берілген сан-мәндерді қоятын болсақ:

Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы:  тең екен.



27.2-суретте бір массадағы идеал газдың екі изотермасы келтірілген. Осы екі температураның қайсысы жоғары.

2-сурет

Шешуі: тұрақты массадағы идеал газ үшін күй теңдеуін жазатын болсақ:  . Осы теңдеуден көріп тұрғанымыздай неғұрлым қысым мен көлем жоғары болса, температура соғұрлым жоғары болады. Осы жағдайды ескере келе мынандай қорытындыға келеміз: 𝑇2𝑇1. Өйткені екінші температурада қысым мен көлем бірінші температураға қарағанда жоғары.

28.Массалары бірдей сутегі мен оттегінің температураларын изобаралық бірдей шамаға арттырғанда газдардың жұмыстарының қатынасы (M(O2)=32*10-3 кг\моль, М(Н2)=2*10-3 кг\моль).

Шешуі: изопроцестер тақырыбынан білетініміз изобаралық процесс P=const, термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану, осы жерге изобаралық процеске қолданғанда газдың атқанған жұмысы формуласымен анықталады. Есеп шарты бойынша массалары бірдей , температуралары изобаралық бірдей шамаға арттырғанда делінген, яғни температуралары да бірдей

Жауабы: сутектің істеген жұмысы 16 есе артық

29.Егер көлемі 2 л газ қоспасында 1015 оттек молекулалары және

10-7г азот болса, ондағы қысым неге тең болады? Газ қоспасының температурасы 500С.

Шешуі: Газ қоспасының жалпы қысымы қоспаның компоненттерінің ( ) парциал қысымдарының қосындысына тең болады, оны Дальтон заңы дейді:

.

Осы теңдеуді ескеріп, газ қоспасының қысымы былай анықталады:



Есептің шарты бойынша N(O2)= 1015 - оттек молекулалар саны, көлемі берілген. Сондықтан . Азоттың массасы

, мұндағы m0 бір молекуланың массасы, былай анықталады: , мұндағы - азоттың мольдік массасы, - Авогадро саны. Сонымен газ қоспасының қысымы мынаған тең:

.

30.Асан, жасөспірім бала, кітапты көзінен шамамен 16,7 см қашықтықта ұстап оқитын еді. Ата -анасы оны көз дәрігеріне апарып, көзілдірік таңдап берген соң, Асан кітапты кәдімгідей 25 см -ден оқи алатын болды. Ал, атасы өз көзілдірігінің орнына Асанның көзілдірігін айырбастап кисе, ештеңе көре алмайтынын айтты. Адамның көзі оптикалық жүйе және жасөспірімдердің көзбұршағының фокус аралығы шамамен 20 мм болады.

Асанның көзілдірігінің оптикалық күші?

Шешуі: адамның қалыпты көру арақашықтығы 25 см. Есеп шартына жүгінсек Асан кітапты 16,7 см арақашықтықта ұстап оқи алады екен. Бұл көздің ақауы жақыннан көргіштік деп аталады, сондықтан ол ақауды түзеу үшін шашыратқыш линзалы көзілдірік (минус) тағады. Шашыратқыш линзалар жалған кескін береді, оның фокус аралығы:

Ал оптикалық күш

Жауабы: -2 дптр

31.Темірдің изотопының меншікті байланыс энергиясы 8,8 болса, ядросының байланыс энергиясы.

Шешуі: ядроның меншікті байланыс энергиясы формуласымен анықталады. Осы формуланы түрлендіріп байланыс энергиясын анықтаймыз: , мұндағы А-нуклондар саны немесе массалық сан. Егер -онда біздің есебіміздің шарты бойынша темір берліген, темір үшін нуклон саны А=56 тең.

Жауабы: 492,8 МэВ.

32.Ток көзінің ЭҚК-і 1,6 В, ал ішкі кедергісі 0,5 Ом болған тізбектегі ток күші 2,4 А болса, ток көзінің ПӘК-і.

Шешуі: ток көзінің ПӘК-і анықтау үшін:

Формуладан көріп отырғанымыздай сыртқы кедергіні анықтау үшін толық тізбек үшін Ом заңының фоормуласын қолданамыз.

Толық тізбек үшін Ом заңы: осы өрнектен R-сыртқы кедергіні түрлендіріп шығарып аламыз:

Жауабы: 0,25 және 25%.

33.Бір атомды идеал газдың температурасы 20 K-ге өзгерген кезде оның ішкі энергиясы 250 Дж-ға өзгеретін болса, газдағы зат мөлшері (R=9,31 Дж\моль*К).

Шешуі: бір атомды идеал газ деп айтылғандықтан ішкі энергияны біратомды идеал газ үшін: ( - зат мөлшері). Енді осы формуланы түрлендіріп зат мөлшерін шығарып аламыз. .

Жауабы: 1 моль.

34.Соленоидтағы ток күшінің шамасы 4 А-ден 6 А-ге дейін өзгергенде магнит өрісінің энергиясы -ге өзгерсе, солнеоидтың индуктивтілігі.

Шешуі: есеп шарты бойынша соленоидтың индуктивтілігін есептеу ішін магнит өрісінің энергиясының формуласын қолданамыз: , мұнда

Енді магнит өрісі энергиясы формуласын түрлендіріп, соленоидтың индуктивтілігін шығарып аламыз

Жауабы: 5 мГн.

35.Меншікті жылусыйымдылықтары бірдей, массалары және температуралары қатынастағы екі сұйықты калориметрде араластырады. Қоспаның температурасы.

Шешуі: қоспаның температурасын анықтау үшін: , есеп шарты бойынша меншікті жылусыйымдылықтары бірдей

Жауабы:

36.Тұрақты массада идеал газдың изохоралық жолмен қыздырғанда оның температурасы -ге, ал қысымы 1,4 есе артса. Газдың бастапқы температурасы.

Шешуі: изохоралық процесс үшін Шарль заңын қолданамыз:

, есеп шарты бойынша

Берілгені: шешуі:

T=T0+240K

P=1,4P0

T0-?

Жауабы: 600К

37.800 К температурадағы гелий молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы сутегі молекуласының жылдамдығына тең болса, сутегінің температурасы (M(H2)=2 г\моль, M(He)=4 г\моль, R=8,31 Дж\К*моль).

Шешуі: молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығының формуласы . Есеп шарты бойынша гелий молекуласы мен сутегі молекуласының орташа квадраттық жылдамдықтары тең делінген. Сонда

Жауабы: 400 К, 1270С.

38.Ұсақ калибрлі мылтықпен піскен жұмыртқаны атса, онда тесік пайда болады. Ал шикі жұмыртқаны атса, жұмыртқа жан-жаққа шашырап кетеді. Бұл құбылыс .... бойынша түсіндіріледі.

Шешуі: бұл құбылысты түсіндіру үшін Паскал заңына сүйенеміз; сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағытта бірдей таралады. Сондықтан шикі жұмыртқаны атқан кезде қысым сұйыққа барлық бағытта бірдей берілгендіктен, жұмыртқа жан -жаққа шашырап кетеді.

Жауабы: Паскаль заңы.

39.ЭҚК-і 2,1 В элементке қосылған кедергісі 2 Ом өткізгіште 0,5 А ток жүріп тұр. Элементті қысқа тұйықтағанда ток күші.

Шешуі: толық тізбек үшін Ом заңын қарастырған кезде біз екі жағдай жайында айтқан болатынбыз, соның екінші жағдайына тоқталып өтсек, егер сыртқы кедергі R=0 болса, онда тізбектегі ток күші максимал мәнге жететіні айтылған болатын:

Сонда біз толық тізбек үшін Ом заңынан ішкі кедергіні табамыз:

Осыдан соңғы формулаға мәндерін қоятын болсақ:

Жауабы:

40.Хлорлы мырыш ерітіндісін электролиздеуде 3,6 МДж электр энергиясы жұмсалды. Ыдыстың ұштарына 4 В кернеу тұрақты түрде берілген болса, 1 с ішінде бөлініп шығатын мырыштың массасы (k=3,4*10-7 кг\Кл).

Шешуі: Фарадейдің 1-ші заңын қолданамыз: .

Хлорлы мырыш ерітіндісін электролиздеуде жұмсалған энергияны: Джоуль-Ленц заңымен анықтасақ, жұмсалған энергия атқарылған жұмысқа тең деп есептесек, онда осы формуладан деп алсақ, онда .

Жауабы: 0,3 кг

41.Шолу дөңгелегімен қаланы тамашалау.

Диас қалалық саябақтағы «Шолу дөңгелегіне» отырып қаланың көркем көрінісін тамашалауды жақсы көреді. Ал шолу дөңгелегінің бір айналуға бір айналуға кететін уақытында қаланың барлық әсем көрінісін тамашалау мүмкін болмағандықтан, Диас 16 минут уақыт жұмсап, екі айналым жасауды шешті.

Шолу дөңгелегінің шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдығы неге тең?

Шешуі: есеп шарты бойынша шеңбер бойымен қозғалыс кезінде сызықтық жылдамдықты есептеу үшін сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы байланыс формуласын қолданамыз: .

Бұрыштық жылдамдықты табу үшін: , есеп шартында Диас 16 минут уақыт жұмсап, екі айналым жасауды шешеті делінген, бұл . Ал суретте шеңбердің диаметрі 80 м екені көрсетілген. Шеңбердің радиусын табу үшін:

Сонда шолу дөңгелегінің шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдығы:

Жауабы: 0,52 м\с.

42.Шолу дөңгелегімен қаланы тамашалау.

Диас қалалық саябақтағы «Шолу дөңгелегіне» отырып қаланың көркем көрінісін тамашалауды жақсы көреді. Ал шолу дөңгелегінің бір айналуға бір айналуға кететін уақытында қаланың барлық әсем көрінісін тамашалау мүмкін болмағандықтан, Диас 16 минут уақыт жұмсап, екі айналым жасауды шешті.

Шолу дөңгелегінің қозғалыс кезіндегі бұрыштық жылдамдығы неге тең?

Шешуі: Бұрыштық жылдамдықты табу үшін: , есеп шартында Диас 16 минут уақыт жұмсап, екі айналым жасауды шешеті делінген, бұл .

Сонда шолу дөңгелегінің қозғалыс кезіндегі бұрыштық жылдамдығы:

Жауабы: 0,013 рад\с.

43.Асан, жасөспірім бала, кітапты көзінен шамамен 16,7 см қашықтықта ұстап оқитын еді. Ата -анасы оны көз дәрігеріне апарып, көзілдірік таңдап берген соң, Асан кітапты кәдімгідей 25 см -ден оқи алатын болды. Ал, атасы өз көзілдірігінің орнына Асанның көзілдірігін айырбастап кисе, ештеңе көре алмайтынын айтты. Адамның көзі оптикалық жүйе және жасөспірімдердің көзбұршағының фокус аралығы шамамен 20 мм болады.

Асанның атасының көзінің ақауы және оның көзілдірігінің линзасының түрі..

Шешуі: адамның қалыпты көру арақашықтығы 25 см. Есеп шартына жүгінсек Асан кітапты 16,7 см арақашықтықта ұстап оқи алады екен. Бұл көздің ақауы жақыннан көргіштік деп аталады, сондықтан ол ақауды түзеу үшін шашыратқыш линзалы көзілдірік (минус) тағады. Ал атасы өз көзілдірігінің орнына Асанның көзілдірігін айырбастап кисе, ештеңе көре алмайды екен. Онда бұдан жасайтын қорытындымыз, атасының көзінің ақауы алыстан көргіштік, ол ақауды түзету үшін жинағыш линзалы көзілдірік (плюс) тағады.

Жауабы: алыстан көргіштік, жинағыш линза.

44.Шолу дөңгелегімен қаланы тамашалау.

Диас қалалық саябақтағы «Шолу дөңгелегіне» отырып қаланың көркем көрінісін тамашалауды жақсы көреді. Ал шолу дөңгелегінің бір айналуға бір айналуға кететін уақытында қаланың барлық әсем көрінісін тамашалау мүмкін болмағандықтан, Диас 16 минут уақыт жұмсап, екі айналым жасауды шешті.

Шолу дөңгелектің бұрыштық ығысуы -қа өзгеруі үшін кететін уақыт.

Шешуі: Бұрыштық жылдамдықты табу үшін: , есеп шартында Диас 16 минут уақыт жұмсап, екі айналым жасауды шешеті делінген, бұл .

Сонда шолу дөңгелегінің қозғалыс кезіндегі бұрыштық жылдамдығы:

Енді есеп шартында бұрыштық ығысуы -қа өзгеруі үшін кететін уақытты табу үшін: формуласын түрлендіріп, уақытты есептейміз

Жауабы: 120 с.

45.Шолу дөңгелегімен қаланы тамашалау.

Диас қалалық саябақтағы «Шолу дөңгелегіне» отырып қаланың көркем көрінісін тамашалауды жақсы көреді. Ал шолу дөңгелегінің бір айналуға бір айналуға кететін уақытында қаланың барлық әсем көрінісін тамашалау мүмкін болмағандықтан, Диас 16 минут уақыт жұмсап, екі айналым жасауды шешті.

Диастың 16 минутқа жалғасқан саяхаты кезінде жүрген жолы мен орын ауыстыруы.

Шешуі: есеп шарты бойынша шеңбер бойымен қозғалыс кезінде сызықтық жылдамдықты есептеу үшін сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы байланыс формуласын қолданамыз: .

Бұрыштық жылдамдықты табу үшін: , есеп шартында Диас 16 минут уақыт жұмсап, екі айналым жасауды шешеті делінген, бұл . Ал суретте шеңбердің диаметрі 80 м екені көрсетілген. Шеңбердің радиусын табу үшін:

Екі айналым жасап бастапқы мәреге оралса орын ауыстыруы нөлге тең. Жүрілген жолын

Жауабы: 502,4 м; 0 м.













































Есептер шығару( 100 есеп).

1.Ұшақ 480 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ, 600 км/сағ жылдамдықпен 0,3 сағ ұшты. Ұшақтың орташа жылдамдығын табыңыз.(Жауабы: 500 км\сағ)

2.Велосипедші 13,6 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ тас жолмен жүріп, 0,2 сағ демалған соң, 9,8 км/сағ жылдамдықпен 0,5 сағ қара жолмен жүрді. Велосипедшінің орташа қозғалыс жылдамдығын табыңыз.(Жауабы: 12,65 км\сағ)

3.Пойыз 93 км жолды 1,5 сағ және 147 км жолды 2,5 сағ жүріп өтті.Ұзындығы 240 км бөліктегі пойыздың орташа жылдамдығын табыңдар.(Жауабы: 60 км\сағ)

4.Автобус 110 км жолға 2 сағ және 165 км жолға 3 сағ жіберетін болса,автобус қозғалысының орташа жылдамдығын анықтаңдар.(Жауабы: 55 км\сағ)

5.Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ, 10 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ жүрген. Көрсетілген уақыттағы велосипедші қозғалысының орташа жылдамдығы неге тең?(Жауабы: 11,3 км\сағ)

6.Нүктенің жылдамдығы υ=4t+8 заңы бойынша өзгереді. Нүктенің үдеуі.(Жауабы: 4 м\с2)

7.Бастапқы 20 м/с жылдамдықта түзу сызықпен қозғалып келе жатқан дене 4 м/с2 үдеумен тежеле бастады. Дененің 4 с-тан кейінгі лездік жылдамдығы қандай?(Жауабы: 4 м\с)

8.Орнынан 1 м/с2 тұрақты үдеумен қозғалған пойыздың 10 секундта жүрген жолы.(Жауабы: 50 м)

9.Тежелу басталғанда локоматив бағдаршамнан 500 м қашықтықта еді. Осы кезде оның жылдамдығы 72 км/сағ болатын. Егер локоматив 0,1 м/с2 үдеумен тежелсе, 40 с өткенде оның бағдаршаммен салыстырғандағы орны.(Жауабы: 220 м)

10.Екі мотоциклшінің қозғалыстары x1=15+t2 және x2=8t  теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты.(Жауабы: 5 с, 3 с)

11.Екі дененің қозғалыс теңдеулері x1=10t+0,4t2 және x2=−6t+2t2. Олардың кездесетін орны мен уақыты.(Жауабы: 10 с, 140 м)

12.Биіктігі   ағаштан алма үзіліп түсті.Ол қанша уақытта жерге түседі? Түскен мезеттегі жылдамдығы қандай болады?(Жауабы: 1,09 с, 10,9 м\с)

13. Кішкентай шар 80 см биіктіктен тасталған, жерге 4 с -та жеткен болса, еркін түсу үдеуі қандай болғаны?(Жауабы: 0,1 м\с2)

14. Еркін құлаған дене 3с-та жерге түссе, дене қандай биіктіктен түскені?(Жауабы: 45 м)

15. Дене 19,6 м биіктіктен еркін құлап келеді . Еркін түсу уақытын және жерге түсу мезетіндегі жылдамдығын табу керек.(Жауабы: 1,98 с, 19,8 м\с)

16.Зенит зеңбірегінің снаряды 800м/с жылдамдықпен тік жоғары атылып,

6 с-тан кейін нысанаға тиді . Қарсыластың ұшағы қандай биіктікте еді және

нысанаға тиген кездегі снарядтың жылдамдығы қандай?(Жауабы: 4620 м, 740 м\с)

17.Тасты биіктігі 20 м көпірден тік тастағанда су бетіне 1с-та жету үшін , оның

бастапқы жылдамдығы қандай болуы керек ? Бастапқы жылдамдығы болмаса, тастың осы биіктіктен түсуі қанша уақытқа созылар еді?(Жауабы: 15 м\с, 2 с)

18.Допты тік жоғары лақтырғанда ұл бала қыз балаға қарағанда допты 1,5 есе

артық жылдамдық береді . Ұл бала лақтырған доп неше есе артық биіктікке

көтеріледі?(Жауабы: 2,25 есе)

19.Вертикаль жоғары лақтырылған тас 4 с ішінде 50 м биіктіке жетеді.

Еркін түсу үдеуі 10 м/с2 деп есептеп тастың жылдамдығын табыңыз.(Жауабы: 32,5 м\с)

20.Материялық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен тұрақты 2 рад/с2 бұрыштық үдеумен айнала қозғалады. Қозғалыс басталғаннан 0,5 с өткендегі нүктенің толық үдеуін табыңдар.(Жауабы: 4,47 м\с2)

21. Радиусы 2 м дөңгелек айналғанда, оның радиусының уақыт бойынша бұрылу бұрышы φ═3t+2t2 теңдеуімен беріледі. 2 мин уақыт мезеті үшін дөңгелек жиегіндегі нүктенің сызықтық жылдамдығы неге тең?(Жауабы: 486 м\с

22.Ұшақтың радиусы 1,5 м пропеллерінің қондыру кезіндегі жиілігі 2000 мин-1,ұшақтың Жерге қатысты қону жылдамдығы 162 км/сағ. Пропеллердің ұшындағы нүктенің v жылдамдығын табыңдар.(Жауабы: 269 м\с)

23. Айналу периоды 105 мин, ал орбитасы Жер бетінен 1200 км қашықтықта орналасқан Жердің жасанды серігінің орташа орбиталдық қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.(Жауабы: 1196,2 м\с)

24. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын нүкте Τ=5с уақытта бір толық айналым жасайды. Нүктенің бұрыштық жылдамдығы неге тең? Δt=2с уақытта Δφ бұрылу бұрышы неге тең?(Жауабы: 1,256 м\с, 2,512 рад)

25. Жердің жасанды серігінің дөңгелек орбитасының радиусын 4 есе арттырғанда, оның айналу периоды 8 есеге артады. Жасанды серіктің орбита бойымен қозғалыс жылдамдығы неше есе өзгереді?(Жауабы: 2 есе кемиді)

26. Нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен мына заң бойынша қозғалады: φ═2+2t+t2. Нүктенің 0,5 с мезеттегі үдеуін, тоқтағанға дейінгі жүрген жолын табыңдар.(Жауабы: 84,5 м\с2, 6,5 м\с)

27.Снаряд зеңбіректен горизонтқа 450 бұрыш жасай ұшып шығады. Траекторияның ең жоғарғы нүктесіндегі оның қисықтық радиусы 15 км болса, снарядтың ұшу қашықтығы неге тең?(Жауабы: 11,8 км)

28.Қақпаның білігін сырғанатпай айналдырып, жіптің орауын босатып, шелекті құдыққа 1 м/с2 үдеумен түсіреді. Қақпаның білігі қандай бұрыштық үдеумен айналады?Қақпа білігінің радиусы 25 см.(Жауабы: 4 рад\с2)

29.Радиусы 2 м дөңгелек айналғанда, оның радиусының уақыт бойынша бұрылу бұрышы φ═3t+2t2 теңдеуімен беріледі. 2 с уақыт мезеті үшін дөңгелек жиегіндегі нүктенің сызықтық жылдамдығы неге тең?(Жауабы: 14 м\с)

30.Мотоциклшінің цирк аренасына шығу жылдамдығы v0=72 км/сағ. R=10м шеңбер бойымен қозғала отырып, t0= 10с уақытта S=600м жолды жүріп өтті. Осы жолының соңындағы v жылдамдығымен толық |а | үдеуін табыңдар.(Жауабы: 100 м\с, 40,8 м\с2)

31.Массасы 1 кг шар жерге қандай күшпен тартылады:Жердің массасы 6×1024кг, шардың массасы 1 кг, олардың центрлерінің ара қашықтығы жер радиусына 6,4×106м-ге тең. Жер мен оның үстінде жатқан шардың арасындағы тартылыс күшін есептеңдер.(Жауабы: 9,8 Н)

32.Массалары 1000кг екі дененің ара қашықтығы қандай болғанда әсерлесу күші 6,67*10-9 Н-ға тең болады?(Жауабы: 100м)

33.Жер радиусының жартысындай биіктікте еркін түсу үдеуі қандай болады?(Жауабы: 6,53 м\с2)

34.Меркурий планетасының орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2м. Меркурийдің массасын анықтаңдар.(Жауабы: 3,27*1023 кг)

35.Шолпанның орташа тығыздығы 5200кг/м3, ал планетаның радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін табыңдар.(Жауабы: 8,8 м\с2)

36.Бір-бірінен 1000 м қашықтықта тұрған, әрқайсысының массасы 10 000 т екі кеменің өзара тартылыс күшінің ретін анықтаңдар.(Жауабы: 6,67 мН)

37.Бөлмедегі температура 18 0С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50%. Абсолют ылғалдылықты анықтаңдар ( ).(Жауабы: 7,7г\м3)

38.Шық нүктесі 6 0С, ал салыстырмалы ылғалдылық 50 %. Ауа температурасы неге тең ( )? (Жауабы: 17 0С)

39.Штангист көтерген штанганың массасы Марс планетасында 100 кг тең. Егер Марста еркін түсу үдеуі Жерге қарағанда 2,64 есе аз болса, онда штангист штангыны қанша салмақта көтерер еді. (gж=9,81 м/с2)(Жауабы: 372 Н)

40.Болат  сымның  ұзындығы   мм,  көлденең  қимасы  Осыған   күшпен  әсер  еткенде  сым    ұзарады,  болаттың серпінділік  (Юнг) модулын  табындар.(Жауабы: 1,96*1011 Па)

41.Есеп.    жылдамдықпен мұз үстінде сырғанап бара жатқан дене   жүріп өткеннен кейін тоқтайды. Мұз бен дененің арасындағы үйкеліс коэффициенті неге тең?(Жауабы: 0,07)

42.12  м / с  жылдамдықпен  келе  жатқан  автобус  апаттық тежелуден  кейін  қанша уақыт  өткенде  тоқтайды. Апаттық  тежелу  кезіндегі  үйкеліс  коэффициенті  0,4 – ке тең.(Жауабы: 3 с)

43.Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?(Жауабы: 500 Н)

44.Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.(Жауабы: 210 Н)

45.Гранит кесегін суға толық батырғанда, ол көлемі 0,8 м3 суды ығыстырып шығарды деп есептеп, кесекке кері итеруші күшті есептеп шығарыңдар. Судың тығыздығы - 1000кг/м3.(Жауабы: 8000 Н)

46.Суға көлемі 200 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы - 1000кг/м3.(Жауабы: 2 Н)

47.Керосинге массасы 800 г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы-7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы - 800кг/м3.(Жауабы: 0,81 Н)

48. Массасы  10 кг дененің импульсі  40 кг · м/с болса, оның жылдамдығы қандай болады?(Жауабы: 4 м\с)

49.Массалары 400 г және 600 г екі дене бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып соқтығысып тоқтады. Егер бірінші дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалған болса, екінші дененің жылдамдығы қандай болды?(Жауабы: 2 м\с)

50.Автоматтан атылған оқтың массасы  – m,  жылдамдығы – v. Егер  автоматтың  массасы оқтың  массасынан 500 есе артық болса, онда оның жылдамдығының модулі қандай болады?(Жауабы: v\500 )

51.Массалары бірдей m-ге тең екі автокөлік Жерге қатысты бірдей бағытта v және 3v  жылдамдықпен қозғалады. Бірінші автокөлікпен байланысқан санақ жүйесіндегі екінші автокөліктің импульсін анықтаңыз.(Жауабы: 2mv)

52.Массасы M=1,5⋅107 кг кеме жағамен салыстырғанда v0=10 м/с  жылдамдықпен жүзіп келе жатыр. Кеменің үстіндегі массасы  m=1000кг  автокөлік кемемен салыстырғанда υ=10 м/с жылдамдықпен қозғалуда. Кемемен салыстырғандағы автокөліктің импульсін анықтаңыз.(Жауабы: 10 кг*м\с)

53.8 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 50 кг хоккейші массасы  0,5 кг  шайбаны хоккей таяғымен өз қозғалысының бағытына қарай ұрды. Соққыдан кейін шайба 100 м/с жылдамдықпен қозғалды. Хоккейшінің шайбаны соққаннан кейінгі жылдамдығы.(Жауабы: 7 м\с)

54.Массасы 0,2 кг дене 1 м биіктіктен 8 м/с2 үдеумен түседі. Дене импульсінің өзгерісін анықтаңыз.(Жауабы: 1 м\с)

55.Бір-бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әрекеттеседі. Әр зарядтың шамасы қандай?(Жауабы: 10,4 нКл)

56.2*10-8 см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін-бірі қандай күшпен тебеді?(Жауабы: 5,76*10-9 Н)

57.Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттардың орташа арақашықтығы 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?(Жауабы: 6*103 Н)

58.127 0С температурадағы массасы 4г гелийдің ішкі энергиясы неге тең? (М(Не)=4*10-3 кг/моль).(Жауабы: 5 кДж)

59.Бір атомды идеал газдың 2 молін 50 К-ге қыздырған. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі? (R=8,31 Дж/моль). (Жауабы: 1,246 кДж)

60.Молекулаларының саны 1028 бір атомды идеал газдың температурасы 73°С-дан 127°С -ға дейін артқанда ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?(Жауабы: 11,2*106 Дж)

61.500 г темір кесегін -100С-тан +100С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780Дж/кг0С).(Жауабы: 7800 Дж)

62.Газдың 800 молін 500 К-ге изобаралық қыздырған. Газдың жұмысын анықтаңыз? (R=8,31 Дж/моль ).(Жауабы: 3,3 МДж)

63.Массасы 4 кг гелийді 100 К-ге изохоралы қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін және газдың жұмысын анықтаңыз? ( М=4*10-3 кг /моль).(Жауабы: 1,246 МДж, А=0)

64.Газдың 200 молін 300 К-ге изохоралық қыздырған. Газдың жұмысын анықтаңыз? (R=8,31 Дж/моль ).(Жауабы: 0 Дж) 

65.Массасы 2 кг гелийді 50 К-ге изохоралы қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін және газдың жұмысын анықтаңыз? ( М=4*10-3 кг /моль).(Жауабы: 312 кДж) 

66.Газды изобаралық жолмен қыздырғанда 270 Дж жұмыс істелді. Газ ұлғайып, оның көлемі 2•10-3 м3 шамаға артты, газдың қысымы.(Жауабы: 135 кПа)
67.Температурасы 100С баллонда массасы 0,5 кг гелий бар. Егер оның температурасы 300С - ға дейін жоғарылатсақ ішкі энергиясының өзгерісі (М(Не2)=4•10-3 кг/моль, R=8,31 Дж/К•моль).(Жауабы: 52 кДж) 

68.Массасы 3кг, температурасы 00С суды қалыпты жағдайда қайнатып, буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері (ссу=4200 Дж/кг•0С, r=2,3 МДж/кг).(Жауабы: 8,16 МДж)

69.Жылу машинасы бір цикл ішінде 200 Дж жылу шығарып, 300 Дж жұмыс атқарады.Жылу машинасының пайдалы әрекет коэффициенті неге тең?(Жауабы: 60 %)

70.Қыздырғыштың температурасы 2270С, ал тоңазытқыштың температурасы 270С болғандағы жылу машинасының пайдалы әрекет коэффициенттінің максимал мәнін табыңдар.(Жауабы: 40 %)

71.Салқындатқыштың температурасы Т2 = 290К жылу машинасы қыздырғыштың температурасын Т1 = 400К-нен Т1= 600К-ге дейін арттырса, оның пайдалы әрекет коэффициенті неше есе өседі?(Жауабы: 1,88 )

72.Жылу машинасы бір цикл ішінде 400 Дж жылу шығарып, 600 Дж жұмыс атқарады. Жылу машинасының ПӘК-і неге тең?(Жауабы: 60 %)

73.Жылу машинасы бір цикл ішінде 1 кДж жылу алып, 400 Дж жұмыс атқарды. Жылу машинасы қанша жылу шығарады?(Жауабы: 40 %)

74.Іштен жану қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті 25% .Ол нені білдіреді?(Отын толық жанғанда бөлініп шығатын энергияның 25 % пайдалы жұмыс жасауға кетеді)

75.Егер турбинаға температурасы 480 0С бу еніп, сыртқа шыққанда 300 0С -қа дейін суитын болса,онда су турбинасының ПӘК-і неге тең?(Жауабы: 24 %)

76.Қыздырғышы 2270С, салқындатқышы 470С жылу машинасының макс ПӘК-і неге тең?(Жауабы: 36 %)

77.Идеал жылу машинасы қыздырғыштан алған әрбір 1000 Дж энергия есебінен 250 Дж пайдалы жұмыс жасайтын болса, бұл жылу машинасының ПӘК-і неге тең?(Жауабы: 25 %)

78.Жылу машинасы қыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаның ПӘК-і қандай?(Жауабы: 30 %)

79.2,7*10-6Кл нүктелік заряд өрісінің кернеулігін 10см қашықтықтан анықтаңыздар.Заряд су ішінде. ℇ=81.k=9*109 Н*м2 /Кл2 .(Жауабы: 30 кВ\м)

80.Егер беткі жағындағы электр өрісінің кернеулігі 4*106Н/Кл болса, радиусы 3см металл шарға қандай заряд ықпал етеді? k=9*109 Н*м2 /Кл2. ℇ=1.(Жауабы: 4*10-7 Кл)

81.Нүктедегі өріс кернеулігі 100Н/Кл.Егер заряд 1*10-7Кл-ға тең болса,онда оның нүктеге дейінгі қашықтығы (k=9*109 Н*м2 /Кл2. ℇ=1).(Жауабы: 3 м)

82.Сыртқы кедергі 3,9 Ом болғанда тізбектегі ток күші  0,5 А, ал ЭҚК-і 40В ішкі кедергісі мәні?(Жауабы: 76,1 Ом)

83.ЭҚК-і 50 В, ішкі кедергісі 1.5 Ом.Тізбектегі ток күші 2.7 А болса, резистордың кедергісі?(Жауабы: 17 Ом)

84.Кедергісі 17.5 Ом өткізгішке тұйықталған қалта фонарінің батарейкасы 0.2 А ток өндіреді. Ішкі кедергі 0.5 Ом боғанда батарейканың ЭҚК мәні?(Жауабы: 3,6 В)

85.Кедергісі 5,8 Ом өткізгіш, ЭҚК-і 12 В ішкі кедергісі 0,2 Ом болатын ток көзіне қосылса, тізбектегі ток күші қандай болар еді?(Жауабы: 2А)

86.Кедергілері 20Ом және 30 Ом болатын екі ресистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы тізбектегі ток күші қандай.(Жауабы: 0,48 А, 2 А)

87.R1 = R2 = 3Ом болса, R3 = 6 Ом, R4 =9 Ом жалпы кедергіні есептеңдер.(Жауабы: 2,25 Ом)

88.Индукциясы 4мТл біртекті магнит өрісінде қозғалған электронның айналу периоды (q = 1,6·10-19Кл; m =9,1·10-31кг ).(Жауабы: 8,9 нс)

89.Индукциясы 0,1Тл біртекті магнит өрісіндегі ұзындығы 50см, 2А тогы бар өткізгішке 0,05Н күш әсер еткендегі, тоқтың бағыты мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш.(Жауабы: 300)

90.Индукциясы 0,2 Тл-ға тең магнит өрісіндегі 10Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (q = 1,6·10-19Кл).(Жауабы: 3,2*10-13 Н)

91.Сымының орам ұзындығы 0,2м электрқозғалтқыш якоріндегі ток күші 20А болғанда, 1Н күш әсер етеді. Осы өткізгіш орналасқан жердегі магнит индукциясы.(Жауабы: 0,25 Тл).

92. Индукциясы 0,01Тл магнит өрісінде радиусы 10см щеңбер сызған протонның жылдамдығы (q = 1,6•10-19Кл; mp =1,6•10-27кг ).(Жауабы: 1*105 м\с)

93.Сымының орам ұзындығы 0,2м, электрқозғалтқыш якорінің орналасқан жеріндегі магнит индукциясы 0,25Тл. 20А ток күші өткенде, орамға әсер ететін күш. ).(Жауабы: 1 Н).

94.Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 50см өткізгішке 0,12Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 3А болғандағы, магнит индукциясы.(Жауабы: 0,08 Тл)

95.Индукциясы 0,4Тл-ға тең магнит өрісіндегі 2*104км/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (q = 1,6·10-19Кл).(Жауабы: 1,28*10-12 Н)

96.Электрондық сәулелік трубкадағы анодтық кернеу 4кВ, анодтық ток 35мкА. Электрондық сәулеліедегі токтың қуатын тап?(Жауабы: 0,14 Вт)

97.Белгілі бір температурада электр лампасының қызатын қыл сымынан бір секундта 0.25*1017 электрон ұшып шығады. Лампаның максимум анодтық тогын тап? (Жауабы: 4 мА)

98.Теледидар кинескобындағы анод пен экран арасындағы қашықтық 24см. Осы қашықтықты электрондар 4нс ішінде жүріп өтеді. Анодтық үдеткіш кернеуін анықтаңдар?(Жауабы: 10 кВ)

99.Ойыс айнадағы нәрсенің кескіні оның өзінен екі есе үлкен. Нәрсе айнадан = 60 см қашықтықта орналасқан. Айнаның фокус аралығы қандай?(Жауабы: 40 см)

100.Периоды 0,01 мм дифракциялық тордан 3 м қашықтықтағы экранда алынған бірінші ретті спектрдің барлық (толқын ұзындығы 0,38-ден 0,76 мкм-ге дейінгі аралықта) ені қандай болады?(Жауабы: 0,114 м)




























ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1.Физика:10-сыныпқа арналған, жаратылыстану-математикалық бағыт,\Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. -Алматы: Мектеп, 2010. -384с.

2.Физика:11-сыныпқа арналған, жаратылыстану-математикалық бағыт,\С.Т.Тұяқбаев, Ш.Б.Насохова, Б.А.Кронгарт. -Алматы: Мектеп, 2011. -408с.

3.Сборник задач по физике 9-11 классы: \ А.П.Рымкеевич. -Москва, Дрофа, 2004.

4.Сборник задач по физике 9-11 классы: \Г.Н.Степанова. -Просвещение, 1997. -259с.

5.Бабаджан Е.И., Гервидс В.И., Дубовик В.М., Нерсесов Э.А., Сборник качественных вопросов и задач по общей физике: Учеб. пособие для вузов. –М.: Наука, 1990. С. 67.

6.Савельев И.В. Сборник вопросов изадач по общей физике: Учеб. пособие. -2-е изд., перераб. –М.: Наука, 2001. С.80-82.

7.Сивухина Д.В. Сборник задач по общему курсу физики. –М.: Наука, 1976. С.14-15.

8.Иродов И.Е. Задачи по общей физике. –М.: Астрель, 2001. С. 292-293.

9.Матвеев А.Н. Молекулярная физика. –М.: Высшая школа, 1981. С. 18,115.

10.Дмитриева В.Ф., Прокофьев В.Л. Основы физики. –Москва.: Высшая школа, 2001. С.113.

11.Рақыш Қ.Р., Смирнов Ю.М., Т.Е. Сон. Физикадан есептер жинағы. –Қарағанды: 2010.







41



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!