СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Анар Жанбосинова  химия  пәні  мұғкалімі.  Маған  сертификат керек

Просмотр содержимого документа
«Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы»


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3АХимиялық элементтердің периодтық жүйесі


Мектеп: Т.Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қалшабекқызы Гүлжанат

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1- Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар;

Периодтық жүйенің заманауи құрылу принципін сипаттайды, топтар мен периодтар туралы баяндайды.

Оқушылардың көпшілігі;

Периодтық жүйедегі негізгі және қосымша топшаларды талқылайды

Кейбір оқушылар;

Периодтық кестедегі кейбір элементтердің орны бойынша анықтай алады

Бағалау критерийі

Химиялық элементті периодтық жүйедегі орны бойынша анықтайды.

Атомдық нөмірін, топ және период нөмірінің физикалық мәнін біледі.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты терминалогия

Периодтық кесте, үлкен және кіші периодтар, атомдық нөмір, элемент, протон,электрон, топ,негізгі және қосымша топша


Құндылықтарға баулу




Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі- білім беру мен тәрбиенің бірлігі. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру, өзара көмектесу, жұптық, топтық жұмыста қабілетті, жауапкершілігі мол, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Физика: атом, протон, электрон, нейтрон, атомдық нөмірі, атомдық массасы.

Алдыңғы білім


Сутек, оттек және озон қасиеттерін, қолданылуын, құрылысын біледі.

Оқушылар периодтық жүйенің құрылымын және периодтық кесте атомдық нөмірдің өсуіне байланысты құрылатынын түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

«Қар кесегі» стратегиясы

Оқушылардың өткен тақырыптағы қажетті түсініктерін жаңғыртуға байланысты бір-біріне сұрақтар қояды, және де қар кесегін алған оқушылар сұраққа жауап береді.

«Шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады.

3 шапалақ- өте жақсы

2-шапалақ – жақсы

1 шапалақ - қанағаттанарлық


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Оқушыларды топтастыру 1,2,3 сандарын санау арқылы жүргізіледі. 1-нөмірдегілер «Электрон» тобына, 2-нөмірдегілер «Протон» тобына, 3-нөмірлегілер «Элемент» тобына топтасады.

«Сөзді тап» әдісі.

Жаңа сабақты ашу мақсатында қолдандым. Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қиынды қағаздар салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөзді атамай қимылмен көрсетеді. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып, түсіндіруді жалғастырады. Период, топ, топша, атомдық нөмір, элемент т.б.

Қалыптастырушы бағалау:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

А4 парақ



























Қиынды қағаздар

Қобдиша



Сабақтың ортасы


25 минут








































































1 тапсырма Жеке жұмыс

«Химиялық диктант»

Келесі сөйлемдерді дәптерге жазып толықтырыңдар:

1)Атомның электрондық қабаты бірнеше ______________ тұрады.

Атомдық нөмір _________ және ____________ санын көрсетеді.

Период нөмірі ____________ деңгей санын көрсетеді.

Топ нөмірі (негізгі топ үшін) соңғы деңгейдегі ___________ санын көрсетеді.

Бағалау критерийі:

  • Периодтық жүйенің құрылымын, энергетикалық деңгейі туралы мағынаны түсінеді;

Дескриптор:

  • Жасырылған сөздерді қателеспей тауып жазады;

  • Периодтық жүйенің құрылымы, энергетикалық деңгейі туралы жазады;

Талдау:

Интерактивті тақтаға дұрыс жауабы көрсетіліп, оқушылар өз дұрыс жауаптарын тексереді.

Бағалау

Мұғалім оқушыны тапсырманы жақсы орындағыны үшін мақтайды, осылайша кері байланыс жүргізеді. Оқушыға тапсырмадағы қателерді айтады. Оқушылардың жауаптары «Мадақтау» әдісі арқылы бағаланады.



2 Тапсырма

«Уақыт шеңбері» стратегиясы

Оқушылар шеңбер қылып отырады, бір- біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты.

Қазіргі уақытта пайдаланып жүрген периодтық кестені кім жасады?

Химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырудағы негізгі принцип?

Әр топ өз кезегінде нешеге бөлінеді.

Электрон мен протон саны тең?

Бағалау критерийі:

  • Периодтар мен топтар туралы танысады;

  • Периодтық жүйеден элементтерді анықтайды;

Дескриптор:

  • Периодтық кестені кім жасағанын біледі;

  • Периодтар мен топтар туралы мағлұматпен танысты;

  • Периодтық жүйені пайдаланып, элементті анықтай алады;

Талдау

Бір-бірін толықтырады. Мұғалім қате кеткен жерін ауызша айтып жібереді.

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар алдын-ала таратылады. Оқушылар тапсырманы қалай түсінгеніне байланысты карточкаларды көтереді. Толық түсінсе- жасыл, жартылай түсінсе- сары, мүлдем түсінбесе- қызыл түсті карточкаларды көтереді.



3 тапсырма

«Конверттегі сұрақ» әдісі

Жұптық жұмыс. Оқушыларға арнап конверт дайындалады, оқу мақсатына сәйкес конвертке кесте салынады. Оқушылар тапсырманың жауабын конвертке салып алмасады.

Кестені толтырыңыз

Жоғары деңгейдегі оқушылар

Химиялық элемент таңбасы.

Атомдық нөмірі, массасы

Период

қатар

Натрий




Темір




Күкірт




Алтын




Сынап





Атомдық нөмірі мен массасын сәйкестендір.

Орта деңгейдегі оқушылар

Химиялық элемент таңбасы.

Атомдық нөмірі, массасы

Период

қатар

Натрий

16; 32г/моль



Темір

11; 23г/моль



Күкірт

79;197г/моль



Алтын

26;56г/моль



Сынап

80;201г/моль




Период нөмірін сәйкестендір

Төменгі деңгейдегі оқушылар

Химиялық элемент таңбасы.

Атомдық нөмірі, массасы

Период

қатар

Натрий


ІІІ


Темір


ҮІ


Күкірт


ІҮ


Алтын


ІІІ


Сынап


ҮІ



Бағалау критерийі:

  • Элементтердің атомдық нөмірі мен массасын біледі;

  • Элементтердің периодын, қатарын, топшасын периодтық кестеден көрсете алады;

Дескриптор

  • Берілген элементтердің атомдық нөмірі мен массаларын жазады.

  • Элементтердің периодын, қатарын, топшасын анықтайды

Талдау

Бір жұп басқа жұппен орындаған тапсырмаларын ауыстырып тексереді.

Бағалау

Стикер арқылы бағалау

Оқушылардың жауаптарын бағалау үшін мұғалім оқушыларға көршілес оқушымен жұмыс парақтарын алмастыруларын тапсырады. Мұғалім дұрыс жауапты интерактивті тақта арқылы шығарады,сәйкесінше оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар осылайша өз беттерінше атом нөмірі мен период, топ таныс болады.


4 тапсырма

Топтық жұмыс. Келесі тапсырманы топта орындайды.

«Айналмалы бекет» әдісі

  • Әр шағын топты бекетте орналастырып, тақырыпты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 5 минут беріледі. Әр топтың бір оқушысы келесі топқа барып, өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырады.

1-ші топқа. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны

2-топқа. Энергетикалық деңгей

3-топқа. Топ және период, негізгі және қосымша топша

Бағалау критерийі

  • Периодтық жүйенің құрылу принципін біледі, топтар мен периодтарды ажырата алады.

Дескриптор:

  • Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнын біледі

  • Энергетикалық деңгей мағынасын түсінеді

  • Топ, период, топшаларды ажырата алады

Талдау

Бірін-бірі толықтырады. Топтық жұмыстан оқушылар арасында тығыз қарым-қатынас орнайды.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Әр топ қарсылас тобын басбармақ арқылы бағалайды. Бір-біріне баға береді.

Интербелсенді тақта



























































Мектеп оқулық

«Мектеп» баспасы 2018ж

8-сынып

М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева,

Т.Г.Белоусова

Периодтық кесте



































Қызыл,сары, жасыл түсті карточкалар











Үлестірме қағаз,

Стикерлер, периодтық кесте.













































































































А1 форматтағы парақ, маркерлер. Мектеп оқулығы

«Мектеп» баспасы 2018ж

8-сынып

М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова





























Сабақтың соңы

10 минут
























Үйге тарсырма

Сaбaқ сoңындaғы oқyшылapдың peфлeксиясы:

«Тазалық кері байланысы»

- нeнi түсіндім;

- әлi дe түсiнiксiз;

- қaндaй бaғыттa жұмыс жүpгiзу керек?

Не әлі де түсініксіз?

Қандай бағытта жұмыс жүргізу керек?

Нені білді,

Нені үйренді?


Осы арқылы оқу мақсаттар бойынша алған білімдері бағаланады, не әлі де түсініксіз деген сұрақтарға жауап беріледі.





§30 оқу

Стикерлер, кері байланыс суреттері

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау тапсырмалары оқушылардың қажеттілігін ескере отырып сабақтың тақырыбын өз бетімен зерттеу жүргізу арқылы түсінуге мүмкіндік береді. Бір-біріне қолдау көрсетеді, ынтымақтастықта болады.

Оқушыларды ойланту үшін алдын ала дайындалған сұрақ қою арқылы зейінін ашу.

Жұптық жұмыс «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы тапсырманы күрделендіру мақсатында оқушылардың деңгейі сараланады.

Ынталандыру арқылы, бірін-бірі бағалау арқылы тексеріледі.

1.Химиялық диктант жүргізу арқылы периодтық жүйе құрылымдарын меңгереді. Мадақтау арқылы бағаланады.

2. «Уақыт шеңбері» әдісі арқылы периодтық жүйе құрылымы туралы білім алады. Бағдаршам арқылы бағаланады.

3. Жұптық жұмыс. Оқушылар жұптасып кесте арқылы химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнын анықтайды, топ,период ұғымдарын біледі.

4. «Айналмалы бекет» топтық жұмыс бойынша тақырыпты толықтай түсінеді. Басбармақ арқылы бағаланады.

Қауіпсіздік ережелері ескертіледі. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ мақсаттары шынайы, қолжетімді болады. Жақсы нәтижеге жету үшін оқушылар білім дағдыларын қалыптастыруда белсенді оқыту әдіс-тәсіл қамтылған тапсырмаларды жеке, жұппен, топпен орындайды. Тапсырма барысында оқушы дәрежелері анықталады.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!