СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Күз бейнесі" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Таң ғажайып сәт:

Құстардың дауысы естіледі.

-Балалар, бұл ненің дауысы?

-Қандай құстарды білесіңдер?

-Құстың дене мүшесін атаңдаршы?

-Қанат не үшін керек?

Ал адам ұша ала ма? Неге?

-Сендер құс болғыларың келе ме?

-Мен қазір Сиқыршы боламын. Сиқыр жасап сендерді құсқа айналдырамын.

Ал енді сендер жыл құстарысыңдар.

Жыл құстары дегеніміз суық түскен кезде жылы жаққа ұшып кететін құстарды айтамыз.

Просмотр содержимого документа
«"Күз бейнесі" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі»

Балабақша:

«Алпамыс» бөбекжай бақшасы

Педагогтің аты-жөні:

Абилева Меруерт Кайыргельдиновна

Білім беру саласы:

«Шығармашылык»

Бөлімі:

«Сурет»

ТАҚЫРЫБЫ:

Күз бейнесі

Күні:

19.10.2020

Топ: 4-5 жас

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ мақсаты:

(смарт)

Жылы жаққа ұшып кетіп бара жатқан жыл құстарын суретке сала алады, қылқалам мен бояуды пайдаланып ұқыпты жұмыс істей алады.

Ойлау деңгейі:

Түсіну, қолдану, талдау, бағалау.

Күтілетін нәтиже

Жылы жаққа ұшып кетіп бара жатқан жыл құстарын суретке сала алады, қылқалам мен бояуды пайдаланып ұқыпты жұмыс істей алады.


Дағдылар

Жылы жаққа ұшып кетіп бара жатқан жыл құстарын суретке сала алды, қылқалам мен бояуды пайдаланып ұқыпты жұмыс істей алды.

Әдіс-тәсілдер:

4К моделі (сыни ойлау), К.Б., Бала үні, Командалық жұмыс, миға шабуыл.


Ресурстар, дамытушы орта:

Күз мезгілінің суреті. Құстардың суреті.

Өткен ҰОҚ алған

білім

«Үлкен және кішкентай сәбіз» заттық сурет салу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрі

І. Сабақтың басталуы

1-10 минут





Сұрақ – жауап әдісі: Ашық және жабық сұрақтар.

К.Б.







Педагогтың ақпараты:




Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші балалардың көңілін сұрап, бір-біріне қарап күлімдеуді ұсынады.

Таң ғажайып сәт:

Құстардың дауысы естіледі.

-Балалар, бұл ненің дауысы?

-Қандай құстарды білесіңдер?

-Құстың дене мүшесін атаңдаршы?

-Қанат не үшін керек?

Ал адам ұша ала ма? Неге?

-Сендер құс болғыларың келе ме?

-Мен қазір Сиқыршы боламын. Сиқыр жасап сендерді құсқа айналдырамын.

Ал енді сендер жыл құстарысыңдар.

Жыл құстары дегеніміз суық түскен кезде жылы жаққа ұшып кететін құстарды айтамыз.

II. Сабақтың негізгі бөлімі


10-25 минут


4К моделі (сыни ойлау)











Сұрақ – жауап әдісі: Ашық және жабық сұрақтар.























Бала үні












Педагог ақпараты


Жәшікті көріп:

-Қараңдар, мына жәшіктің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?- деп ашады. Ішінде отырған құсты көреді.

Мысық шығып: Мяу, бұл менің құсым.

-Неге торғайды жәшікке салып қойдың.Ол жылы жаққа ұшып кетуі керек қой, сен үшін достарынан қалып қойғанын білесің бе?

Мысық: Мяу, жарайды, менің жұмбақтарымның шешімін тапсаңдар, торғайды жіберемін.

-Қай құстың мойыны ұзын? Аққу



Қандай құс күндіз ұйықтайды, түнде тышқан аулайды? Жапалақ


«Орман дәрігері» деп нені атайды? Тоқылдақ


Қай құс бәрінен жоғары ұшады? Бүркіт


Қандай құстың тұмсығы үлкен? Бірқазан


Аяғы ұзын құсты атаңдар? Тырна


Отырықшы құстар мен жыл құстарының айырмашылығын қандай? Балалардың жауабы тыңдалады.


Кептер мен алақарға отырықшы құстар ма? Ия


Қараторғай, қарлығаш қандай құстар тобына жатады? Жыл құстарына


Мысық: Мяу, жарайды, бәрін таптыңдар, енді қараторғай сендердікі.

Тәрбиеші: Торғайдың көңілі жоқ сияқты. Балалар, торғайдың достары да ұшып кете алмай қалыпты, оларды жауыз сиқыршы дуалап қойыпты. Егер біз олардың суретін салып боясақ, олар тіріледі, әдемі құс болады.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.


Акварель бояулар туралы айтып түсіндіру.

Технологиялық деректер:

1.Қылқаламды суда қалдыруға болмайды.

2.Сурет салып болған соң қылқаламды тазалап алып қою керек.

3.Қылқаламның қылы бар жағын жоғары қаратып қою керек.

Тәрбиеші балаларға өз беттерінше жұмыстануды

ұсынады.


Үлгі бойынша сурет салады.


IV. ҰОҚ қорытындысы.

Рефлексия

25-30 минут

Енді олар шынайы құс болды. Бізде шынайы бала болайық. Мен сендерді сиқырлап, балаға айналдырамын.

«чемодан» әдісі

1.      ҰОҚ сендерге несімен ұнады?
Көрме ұйымдастыру.

Бақылау түрі

Жаппай.






















































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!