СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ма?ала "?аза? тілі саба?ында о?ушыларды? ??зыреттілігін дамыту"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі саба?ында о?ушыларды? коммуникативтік ??зыреттілігін дамыту А.А.Смаилова «Павлодар ?аласыны? № 6 жалпы орта білім беру мектебі» ММ, ?аза? тілі мен ?дебиет п?ніні? м??алімі Коммуникативтік ??зыреттілік – біріншіден, жеке т?л?аны? дамуы мен ?зіндік даму процесіндегі м??алімні? жеке т?л?алы? ?асиеті; екіншіден, ?стазды? педагогикалы? ?арым- ?атынасты? ма?саты, т?йіні, ??рылымы, ??ралы, ерекшелігі туралы хабардарлы?ыны? к?рсеткіші; ?ажетті технологиялы? де?гейді ме?геруі; маманны? жеке психологиялы? сапасы; коммуникативтік іс- ?рекетін ?рдайым жетілдіріп т?ру?а тырысуы; негізгі ??ндылы? ретінде жеке адамны? т?л?асына бейімделе білу, «ба?дар ету», сонымен ?атар педагогикалы? ?арым-?атынас кезінде туындайтын міндеттерге шы?армашылы?, ?апысыз шешім таба білу ?абілеті. Жеке т?л?аны білімді ж?не салауатты етіп ?алыптастыру – б?гінгі к?н талабы. ?рбір м??алімні? алдында: «?азіргі заман с?ранысына жауап беретін т?л?аны ?алай дамыту ?ажет?», «Дамып келе жат?ан т?л?а бойына ?ажетті ??ндылы?тарды ?алай сі?іреміз?», «Н?тижеге ба?ыттал?ан білімді ?алай ?йрету керек?» деген проблемалы сауалдар т?р. Б?л сауалдар?а на?ты жауапты ?рбір м??алім ?зіні? к?сіби даярлы?ынан, ?з ісін жоспарлай алуынан, ?зіні? на?ты ма?сатты болжай алуынан, баланы? іс –?рекетін ?йымдастыра алу шеберлігінен, жалпы бір с?збен айт?анда ?зіні? педагогикалы? ??зыреттілігін дамыту жолдарынан іздеу ?ажет. Т?л?алы? ж?не н?тижеге ба?ытттал?ан білім беру беру ж?йесіне к?шуде жа?а технология мен озы? т?жірибені ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы? ?а?идаларымен саба?тасты?та зерттеу – б?гінгі к?н талабынан туындап отыр?ан педагогика ?ылымыны? міндеттеріні? бірі. Т?л?а?а білім беру негізінде коммуникативтік ??зыреттілікті орнату, саба?та тілдік ?арым –?атынаста?ы ?леуметтік – м?дени нормаларды ж?не стереотиптерді білу, я?ни с?зді? жанама т?сілдерін бейнелі с?здерді ?олдану, енгізу. М?нда фатикалы? ?атынас басты р?л ат?арады, я?ни ты?даушыны? назарын ?зіне аудару, с?зге тарту, с?з та?ырыбына ?ызы?ушылы?ын оята білу к?зделеді. Дискурсты? ерекшелігі- экспрессивті эффект тудыру ар?ылы пікірлесушіні ?ызы?тырып отыру. С?з этикасы ?атысымды? ж?не этикалы? сапалармен ты?ыз байланысып жатыр. Сонды?тан олар да білім н?тижесіні? к?рсеткіші болып саналады. М??алім баланы т?л?а ретінде танытуда дайын жаттанды білімді ме?герте салмай, сол т?сінікті игеру жолына ба?ыт беруі керек. О?ушы ?зі танып, талдап, д?лелдеп, салыстырып, т?жырымдап білімні? кілтін табуы тиіс. ?зі т?сініп жа?ашылды??а ?ол жеткізгенін т?сіне білуі тиіс. О?ушыны? осы ?арым-?атынас?а жетелеуде м??алімні? ас?ан шеберлігі ?ажет, я?ни м??алім т?л?а?а білім беруде о?ытуды? ?ажетті озы? технологияларын тиімді пайдаланып саба?та ?олдана білуі, а?паратты? сауаттылы?ы, коммуникативтік іс-?рекеті ?те ?ажет. ?р о?ушыны? негізгі ??ндылы?ы жеке басыны? т?л?асын таныту. М??алім ?р т?л?аны жан-жа?ты ашып таныта білсе, ?з шеберлігін к?рсете білгені. Сонымен ?атар педагог ?р ?арым-?атынас кезінде ?р т?л?аны? д?рыс ж?не ?апысыз шешім таба білуін жетілдіруіне басты назар аудару керек, я?ни кез-келген жа?даяттардан шы?ар жолды да шеше білуі тиіс. Грамматикалы? ??зіреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалы? ережелерді о?ыту. О?ушылар?а грамматикалы? кестелер ар?ылы жан-жа?ты білім беруді негізге ала отырып, о?улы?та берілген грамматикалы? ережелерді жаттату, талдату. Социолингвистикалы? ??зіреттілік – м?тіндерді? шы?у ж?не танып білу ?рдістерін ме?геру. Б?л ты?далым ар?ылы бас?а адамны? (м??алімні? немесе о?ушыны?) тілін ??у болып табылады. Б?л ?шін о?ушыларды? бірін-бірі ты?дауына жа?дай жасау ?ажет. Б?л жа?дайда тілдік орта ?алыптасады, я?ни о?ушыларды м?тін ар?ылы с?йлеуге ?йрету. Дискурсивті ??зіреттілік - айтылымдарды? ??рылым ережелерін ме?геру. Б?л ?азіргі та?да?ы е? ?ажетті ??зіреттілік. Себебі, о?ушыларды д?рыс с?йлем ??рып, ?з ойларын д?рыс жеткізуге ?йрету ?ажет. Ал м?ны? ?зі мемлекеттік тілді де?гейлеп о?ыту ?станымдарында ерекше айтылады. Онда с?йлеу тілін ?йретуді фонетикадан емес, синта?систен, я?ни, о?ушылар?а алдымен с?йлеуді ?йрету ?ажеттілігі айтыл?ан. Стратегиялы? ??зіреттілік- ??гімелесуші адаммен байланыс жасау. Б?л - диалог ??ру ж?не оны жал?астыру барысында ж?зеге асатын ?рдіс. Б?ны? ?зі бастап?ы м?селені? практикалы? б?лігі болып табылады. О?ушылар диалогтік тілдерін ж?пты? ж?мыс кезінде жатты?тырады. Диалогтік тілді? о?ушылар ?шін к?нделікті ?мірде бір-бірімен ?арым-?атынас жасау кезінде ма?ызы зор екендігін ?рбір о?ушыны? санасына жеткізуге тырысу керек. Социом?дениеттік ??зіреттілік – тілді тасымалдаушы, ?олданушы – халы? м?дениетін білулерін білу ж?не ?олдану. ?аза? тілі о?улы?тарына халы? педагогикасы бойынша та?ырыптар енгізілген. Олар: ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері, ?лтты? ойындар, ?лтты? та?амдар, ?лтты? киімдер ж?не мейрамдар, отбасы т?рбиесіні? д?ст?рлері ж?не ?аза? хал?ыны? ?она?жайлылы?ы. Осы та?ырыптар бойынша о?ушыларды ?аза? хал?ыны? ?дет-??рып, салт-д?ст?рлерімен таныстыра отырып, о?ушыларды? ?аза? тіліне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру ж?не ?аза? хал?ыны? м?дениеті, т?рмысы, салт-д?ст?рлері туралы білімдерін тере?дету. Коммуникативтік ??зыреттілік жеке т?л?аны? рухани ?суін ?алыптастырады, адамдарды т?сіне білуіне к?мектеседі. Сонды?тан м??алім алдына ма?сат ?оя білетін, аны? та д?рыс с?йлей білетін, ?з ойын жары??а еркін шы?ара алатын, т?сіне білетін, ?ызы?ушылы?пен ты?дай алатын адамды ?мір жолына аттандыра білуі керек. О?ушыларды? коммуникативтік ??зыреттілігін дамыту ?шін ж?ргізілетін ж?мыс т?рлері т?мендегідей: • С?ра? – жауап (м??алім мен о?ушылар) • Диалог (о?ушы мен о?ушы, м??алім мен о?ушы) • ?атысым (м??алім мен о?ушылар, о?ушы мен о?ушы, м??алім мен о?ушы) • Жазылым (та?ырып?а байланысты м?тінмен ж?мыс) Б?л ж?мыс т?рлері коммуникативтік ??зыреттілікті? алаш?ы баспалда?ы болып есептеледі. Себебі, б?л ж?мыс т?рлерін барлы? саба?та м??алім м?мкіндігінше ?олдана алады. ?з іс-т?жірибемде осы ба?ыттарды басшылы??а ала отырып ж?мыс істеп ж?рмін: Коммуникативтік ??зыреттілікті дамыту ?шін ж?ргізілетін ж?мыс т?рлері о?ушыларды? • ?атысым ж?не жазылым ?арым – ?атынасын ?алыптастыру?а • с?йлеу тілін д?рыс ме?геруге • жеке т?л?аны? ??зіреттілік ?атысымдылы?ын ж?зеге асыру?а ерекше ы?пал ететінін к?руге болады. ?йткені, осы?ан байланысты ?діскер - ?алым Ф.Ш. Оразбаева ?атысымды? ?дісті? ?зіндік белгілерін к?рсете отырып, о?ан мынадай аны?тама береді: «?атысымды? ?діс дегеніміз – о?ушы мен о?ытушыны? тікелей ?арым – ?атынасы ар?ылы ж?зеге асатын, белгілі бір тілде с?йлеу м?нерін ?алыптастыратын, тілдік ?атынас пен ?дістемелік категорияларына т?н басты белгілер мен ?а?идаларды? ж?йесінен т?ратын, тіл ?йретуді? тиімді жолдарын то?ыстыра келіп, тілді ?арым- ?атынас ??ралы ретінде іс ж?зіне асыратын ?дісті? т?рі». Осылайша м??алімні? о?уда?ы ??зіреттілікке ба?ыт – ба?дар беруі о?ушыларды? ой-?орытынды жасауына, ?з ойын айта білуіне, оны к?нделікті ?мірде пайдалана білуіне к?мегін тигізеді. К?сіби ??зыреттілікті коммуникативтік, а?паратты?, регулятивтік ж?не интеллектуалды- педагогикалы? ??зыреттілік ретінде ?арастырады. Педагогты? коммуникативтік ??зыреттілігі – к?сіби интегративтік ?асиет, оны? негізгі б?ліктеріне эмоционалды? т?ра?тылы? (икемділікпен байланысты); экстраверсия (та?айындал?ан де?гейі мен эффективті жетекшілікті к?рсетеді); тікелей ж?не ?айтарымды байланысты ?штастыру м?мкіншілігі; тілдік білімі; ты?дай білу ?абілеті; марапаттай білуі; сыпайылы?; жалпы ?абілеті жатады. Коммуникативтік ??зыреттілік ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніне етене жа?ын. Себебі, тілді? басты ?ызметі-коммуникативтік ?ызмет. Коммуникативтік ??зыреттілік – адамдармен ?зара ?рекет пен ?арым-?атынас т?сілдерін білуді, т?рлі ?леуметтік топтарда ж?мыс істеу да?дыларын, ?о?амда?ы т?рлі ?леуметтік р?лдерді орындауда, ?мірдегі на?ты жа?дайларда шешім ?абылдау ?шін байланысты? т?рлі объектілерін ?олдан алу білігін ?арастырады. О?ушыларды? жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік ??зыреттілікті дамытуда СТО технологиясыны? стратегияларын ж?йелі пайдалану ?з саба?тарымда ?олданыс табуда. ?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында о?ушыны? білім, білік да?дыларын ме?гертумен ?атар, к?біне о?ушыны шы?армашылы? ж?мыстар?а баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлы?ын дамыту?а басты назар аудару ?ажет. ?ызы?ты саба? болса, о?ушыны? сол п?нге ?ызы?уы артып ?ана ?оймай, м??алім жа?алы?ы, ізденісі, ?олдан?ан ?дісі ар?ылы ерекшеленіп, о?ушы ж?регінен жол табады . М??алім о?ушыларды келесі тіл дамыту ж?мыстары ар?ылы шы?армашылы??а баулиды: сюжетті сурет бойынша ша?ын ??гіме, ойтол?ау жазу; берілген суреттерді к?ркем тілмен суреттеу; шешендік, на?ыл с?здерді? м?нін ашу; ма?ал-м?телдер, ??гімелер негізінде ??гіме жазу; ж?мба?, жа?ылтпаш, бейнес?з ??растыру; ?з сыныптастарыны?, достары?ны? портретін суреттеу, мінездеме беру; авторды? ойын ?з идеясымен ?рбітіп жазу; бес жолды ?ле? ??растыру; жансыз н?рселерді жандандырып ??гіме, ертегі жазу; еркін та?ырыптар?а шы?арма, ойтол?ау, эссе жазу; топпен ертегі ??растыру; ?лы адамдар ?міріне байланысты с?ра?тар ?ою, пікір айту; а?ын-жазушылар шы?армалары бойынша пікір алмасу; о?ы?ан кітаптары бойынша ой тол?ау, эссе жазу; ?о?амда?ы болып жат?ан ?р т?рлі ?згерістерге байланысты пікір айту; баспас?з материалдары бойынша пікір айту; ?ле?ді ?ара с?зге айналдырып м?тін ??рау; а?парат ??ралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу; іс ?а?аздары ?лгілерін жаздыру; та?ырып?а сай диалог, монолог жаздыру; о?и?а?а ?атысты ?з ойларын айту; авторды? к?з?арасы туралы айта білу; Коммуникативтік ??зыреттілік – ?ажетті тілдерді, ?орша?ан адамдармен ж?не о?и?алармен ?рекеттестікте болу т?сілдерін білуді, топта ж?мыс жасау да?дыларын, ?жымда?ы ?р т?рлі ?леуметтік р?лдерді ме?геруді ?амтиды. О?ушы хат жаза, сауалнама толтыра, арыз жаза, с?ра? ?оя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Б?л ??зыреттілікті о?у ?рдісінде игеру ?шін коммуникацияларды? на?ты нысаналарыны? ?ажетті ж?не жеткілікті саны ж?не олармен ж?мыс т?сілі белгіленуі тиіс. О?ушыларды? коммуникативтік ??зыреттілігін дамыту?а ба?дарлан?ан тапсырмалар топтамасын дайындадым: «Тілдескіш» (с?йлесу ?лгілерінен ??растырыл?ан с?здікше), «Баяндамашы», «Жазбаша ?атынас». Аталмыш топтамалар мемлекеттік тілде сауатты жазу да?дыларын ?алыптастырады, ?мірлік жа?дайларда ?аза? тілінде ?арым-?атынас орнату?а м?мкіндік ту?ызады, о?ушы бойынан таби?атынан берілген шы?армашылы? ?леуітін іске асыруына ы?пал етеді. Осы ?діс-т?сілдерді ?олдану барысында, ?з саба?тарымда с?йлесімні? барлы? компоненттеріне т?н да?дылары ме?геріліп, о?ушыларды? жеке т?л?а ретінде ?здеріне деген сенімділігі артып, шы?армашылы?пен ж?мыс істеу да?дылары ?алыптасуда. Мысалы, бастауыш сыныптарда «Д?рігерде», «Д?кенде» деген та?ырыптарды ?ткен кезде «Тілдескіш» ?дісін ?олдандым. О?ушы «Тілдескішті» ?олдана отырып, берілген жа?даят?а серіктесімен ?нгіме ??растырып, ?зара ??гімелесе алды. «Жазбаша ?атынас» ?дісі 5-6 — сыныптарда?ы «Мені? отбасым», «Мені? досым» т.б. та?ырыптарын ?ткен кезде тиімді. «Жазбаша ?атынас» ?лгісін ?олдану ар?ылы, о?ушылар ата-анасына, достарына хат жазуды ?йренеді. «Баяндамашы» ?дісі жо?ары сынып о?ушыларына тиімді. Саба?ты? бір кезе?інде белгілі бір та?ырыпта баяндама жаза отырып, м?дениетті с?йлеуге, ?аза?ша ойлау?а да?дыланады. Пайдаланыл?ан ?дебиеттер: 1. ?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасы. 2. ?. ?лметова, «С?йлеу ?рекеттері т?рлеріне о?ыту», А. Арыс, 2007 3.?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы» За?ы. - Астана, 2007. 4.?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты, 2010. 5.??дайбергенова ?.С. ??зырлылы? амалыны? негізгі ??ымдары. Алматы, 2007.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ала "?аза? тілі саба?ында о?ушыларды? ??зыреттілігін дамыту"»

Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту

А.А.Смаилова

«Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі» ММ,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік даму процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздық педагогикалық қарым- қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейді меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс- әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Жеке тұлғаны білімді және салауатты етіп қалыптастыру – бүгінгі күн талабы. Әрбір мұғалімнің алдында: «Қазіргі заман сұранысына жауап беретін тұлғаны қалай дамыту қажет?», «Дамып келе жатқан тұлға бойына қажетті құндылықтарды қалай сіңіреміз?», «Нәтижеге бағытталған білімді қалай үйрету керек?» деген проблемалы сауалдар тұр. Бұл сауалдарға нақты жауапты әрбір мұғалім өзінің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай алуынан, өзінің нақты мақсатты болжай алуынан, баланың іс –әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен, жалпы бір сөзбен айтқанда өзінің педагогикалық құзыреттілігін дамыту жолдарынан іздеу қажет.

Тұлғалық және нәтижеге бағыттталған білім беру беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Тұлғаға білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті орнату, сабақта тілдік қарым –қатынастағы әлеуметтік – мәдени нормаларды және стереотиптерді білу, яғни сөздің жанама тәсілдерін бейнелі сөздерді қолдану, енгізу. Мұнда фатикалық қатынас басты рөл атқарады, яғни тыңдаушының назарын өзіне аудару, сөзге тарту, сөз тақырыбына қызығушылығын оята білу көзделеді. Дискурстың ерекшелігі- экспрессивті эффект тудыру арқылы пікірлесушіні қызықтырып отыру. Сөз этикасы қатысымдық және этикалық сапалармен тығыз байланысып жатыр. Сондықтан олар да білім нәтижесінің көрсеткіші болып саналады. Мұғалім баланы тұлға ретінде танытуда дайын жаттанды білімді меңгерте салмай, сол түсінікті игеру жолына бағыт беруі керек. Оқушы өзі танып, талдап, дәлелдеп, салыстырып, тұжырымдап білімнің кілтін табуы тиіс. Өзі түсініп жаңашылдыққа қол жеткізгенін түсіне білуі тиіс. Оқушының осы қарым-қатынасқа жетелеуде мұғалімнің асқан шеберлігі қажет, яғни мұғалім тұлғаға білім беруде оқытудың қажетті озық технологияларын тиімді пайдаланып сабақта қолдана білуі, ақпараттық сауаттылығы, коммуникативтік іс-әрекеті өте қажет. Әр оқушының негізгі құндылығы жеке басының тұлғасын таныту. Мұғалім әр тұлғаны жан-жақты ашып таныта білсе, өз шеберлігін көрсете білгені. Сонымен қатар педагог әр қарым-қатынас кезінде әр тұлғаның дұрыс және қапысыз шешім таба білуін жетілдіруіне басты назар аудару керек, яғни кез-келген жағдаяттардан шығар жолды да шеше білуі тиіс.

Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.

Социолингвистикалық құзіреттілік – мәтіндердің шығу және танып білу үрдістерін меңгеру. Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады. Бұл үшін оқушылардың бірін-бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады, яғни оқушыларды мәтін арқылы сөйлеуге үйрету.

Дискурсивті құзіреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту ұстанымдарында ерекше айтылады. Онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес, синтақсистен, яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.

Стратегиялық құзіреттілік- әңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл - диалог құру және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.

Социомәдениеттік құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білулерін білу және қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.

Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)

• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады.

Өз іс-тәжірибемде осы бағыттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істеп жүрмін:

Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың

· Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға

· сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге

· жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.

Өйткені, осыған байланысты әдіскер - ғалым Ф.Ш. Оразбаева қатысымдық әдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып, оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».

Осылайша мұғалімнің оқудағы құзіреттілікке бағыт – бағдар беруі оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне көмегін тигізеді.

Кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды- педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.

Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылық; жалпы қабілеті жатады.

Коммуникативтік құзыреттілік қазақ тілі мен әдебиеті пәніне етене жақын. Себебі, тілдің басты қызметі-коммуникативтік қызмет. Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауда, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдан алу білігін қарастырады. Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда СТО технологиясының стратегияларын жүйелі пайдалану өз сабақтарымда қолданыс табуда.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аудару қажет. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады .

Мұғалім оқушыларды келесі тіл дамыту жұмыстары арқылы шығармашылыққа баулиды:

сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме, ойтолғау жазу;

берілген суреттерді көркем тілмен суреттеу;

шешендік, нақыл сөздердің мәнін ашу;

мақал-мәтелдер, әңгімелер негізінде әңгіме жазу;

жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;

өз сыныптастарының, достарыңның портретін суреттеу, мінездеме беру;

автордың ойын өз идеясымен өрбітіп жазу;

бес жолды өлең құрастыру;

жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;

еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;

топпен ертегі құрастыру;

ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар қою, пікір айту;

ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;

оқыған кітаптары бойынша ой толғау, эссе жазу;

қоғамдағы болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;

баспасөз материалдары бойынша пікір айту;

өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;

ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;

іс қағаздары үлгілерін жаздыру;

тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;

оқиғаға қатысты өз ойларын айту;

автордың көзқарасы туралы айта білу;

Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, сауалнама толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағдарланған тапсырмалар топтамасын дайындадым: «Тілдескіш» (сөйлесу үлгілерінен құрастырылған сөздікше), «Баяндамашы», «Жазбаша қатынас». Аталмыш топтамалар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады, өмірлік жағдайларда қазақ тілінде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады, оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске асыруына ықпал етеді. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасуда. Мысалы, бастауыш сыныптарда «Дәрігерде», «Дүкенде» деген тақырыптарды өткен кезде «Тілдескіш» әдісін қолдандым. Оқушы «Тілдескішті» қолдана отырып, берілген жағдаятқа серіктесімен әнгіме құрастырып, өзара әңгімелесе алды.

«Жазбаша қатынас» әдісі 5-6 — сыныптардағы «Менің отбасым», «Менің досым» т.б. тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін қолдану арқылы, оқушылар ата-анасына, достарына хат жазуды үйренеді.

«Баяндамашы» әдісі жоғары сынып оқушыларына тиімді. Сабақтың бір кезеңінде белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, мәдениетті сөйлеуге, қазақша ойлауға дағдыланады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 2. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007

3.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.

4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты, 2010.

5.Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы, 2007.



Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту

А.А.Смаилова

«Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі» ММ,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік даму процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздық педагогикалық қарым- қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейді меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс- әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.

Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)

• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады.

Өз іс-тәжірибемде осы бағыттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істеп жүрмін:

Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың

· Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға

· сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге

· жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.

Мұғалім оқушыларды келесі тіл дамыту жұмыстары арқылы шығармашылыққа баулиды:

сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме, ойтолғау жазу;

берілген суреттерді көркем тілмен суреттеу;

шешендік, нақыл сөздердің мәнін ашу;

мақал-мәтелдер, әңгімелер негізінде әңгіме жазу;

жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;

өз сыныптастарының, достарыңның портретін суреттеу, мінездеме беру;

автордың ойын өз идеясымен өрбітіп жазу;

бес жолды өлең құрастыру;

жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;

еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;

топпен ертегі құрастыру;

ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар қою, пікір айту;

ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;

оқыған кітаптары бойынша ой толғау, эссе жазу;

қоғамдағы болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;

баспасөз материалдары бойынша пікір айту;

өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;

ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;

іс қағаздары үлгілерін жаздыру;

тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;

оқиғаға қатысты өз ойларын айту;

автордың көзқарасы туралы айта білу;

Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!