СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің денем неден тұрады? анықтамалар жинағынан мәліметтер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Менің  денем неден  тұрады? Дүниетану  пәніне қатысты  қосымша қызықты мәліметтер жинағы

Просмотр содержимого документа
«Менің денем неден тұрады? анықтамалар жинағынан мәліметтер»

Менің денем неден құрылған?

Автор : Роберт Уинстон

«Біздің денеміз әдеттен тыс күрделі механизм, ол 5 миллиард миллиард миллиард атомнан тұрады. Адамзат біздің денеміздің жұмыс істеуінің сырын ұғуға 4000 жылдан аса уақыт әрекеттеніп келді, бірақ бүгінде де көп құпиялар әлі де ашылмай қалып отыр, мәселен, мидың жұмысы немесе неге біз ықылық атамыз.

Бірақ біздің бір анық білетініміз – біздің неден тұратынымыз: біз не бары судан, көміртектен және барлық жерден табуға болатын бір уыс қараапайым химиялық элементтерден тұрамыз».

Құрауыштар

Саған ең қарапайым құрауыштарды пайдалана отырып, адамның денесін құруға тура келетінін елестетіп көрші. Сен мұны элементтер деп аталатын тек 13 химиялық элементтің көмегімен ғана істей алар едің. Біздің денемізді құрайтын элементтерде айрықша ештеңе жоқ. Біз де бүргеден бастап китке дейінгі өзге тірі организмдер сияқты нақ сондай заттардан құраламыз.

65 % оттегі.

Оттегі сенің организмінің үштен екі бөлігін құрайды да, ол негізінен судың (Н2О) құрамында болады. Оның үстіне, оттегі сен әрбір дем (ауа) тартқан сайын сенің организіміңе түседі.

18 % көміртек.

Сеің денеңнің 1/5 жуығы – көміртек. Көмір, алмас және қарындаштың өзегі осы элементтерден тұрады. Көміртек атомдары ұзын тізбектер құрайды. Олар сенің организіміңдегі күрделі молекулалардың арқауы болып табылады.

10 % сутегі.

Сутегі – біздің Ғаламымызда ең көп тараған элемент және оның атомдары ең кішкентай атомдар. Газ тәріздес сутегі қабырғылардың арасынан өте алады және ауада қалықтай береді. Сондықтан да біз әуе шарларын (оның оңай жарылатыны анықталғанға дейін) үрлейтін болдық..

3 % азот.

Адамның денесінде қанша азот болса, бір қап тыңайтқышта да дәл сондай азот бар. Азот - біздің бұлшық еттеріміздің ең маңызды элементтерінің бірі және ол ауаның басты компоненті.

1 % фосфор.

Бұл элемент сіріңкенің ұшын тұтатады. Фосфор сенің тістерің мен сүйектеріңді қатайтады, жасушалар мембранасының құрамдас элементі болып табылады және энергияны тасымалдауға көмектеседі.

0,35 % калий.

Сабынды калийді пайдалану арқылы жасайды. Калий сенің организіміңдегі сұйықтардың химиялық балансын ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

0,15 % хлор.

Хлор, жасыл түсті улы газ, ағарту үшін пайдаланады. Организмде ол натриймен қосылады да, тұзды (натрий хлориді) құрайды.

0,15 % натрий.

Натрий натрий хлоридінің (тұз) құрамына кіреді. Соның арқасында организмдегі барлық сұйық заттар теңіз суы сияқты дәл сондай тұзды болады.

0,15 % магний.

Магний жанған кезде фейервектердің шаңқан ақ жарығы пайда болады. Сенің организмдегі магний иммундық жүйені ұстайды және нервтерің мен бұлшық еттеріңнің жиырылуына көмектеседі.

0,25 % күкірт.

Белоктардың аса маңызды құраушы болып табылатын күкірт қанның ұюуына көмектеседі. Ол газдар шығу кезіндегі жағымсыз иісті, шіріген жұмыртқаның және ағынсыз судың иісін құрайды.

1,6 % калий.

Кальций ұлу қабыршықтарын, бор мен мәрмәрді қатайтады. Ол сенің сүйектерің мен тістеріңе дәл сондай қызмет жасайды.

Кальций сенің жүрегіңнің соғуына, ал бұлшық еттеріңнің жиырылуына көмектеседі.

0,008 % темір.

Сенің қаныңдағы темір бір шеге жасауға да жетпейді. Темір оттгімен қосылғанда қып – қызыл болады, сондықтан қан мен тат қызыл түсті.

0,00004 % йод.

Сенің организміңде титтей бір тамшы ғана йод бар, бірақ онсыз организм семіп қалар еді. Йодты бақашабақтарға беріп көрші, сонда олар бақаға айналады.

Адамның денелері «мыналардан жасалған»...

33 кг оттегі + 9 кг көміртек + 5 кг сутегі + 1,5 кг азот + 800 г кальций + 500 г фосфор + 180 г калий + 130г күкірт + 80 г натрий + 80 г натрий + 80 г хлор + 25 г магний + 4 г темір + 0,02 г йод = СЕН.

Тағы не керек?

Сенің организміңнің қалтықсыз жұмыс істеуі үшін оған сәл – пәл мыс, мырыш, марганей, кобальт, литий, стронций, алюминий, кремний, қорғасын мен күшала қажет. Қағида бойынша, организмде 90 микрограмм уран болады.

Организмнің микроскоптық құрауыштары кіп – кішкентай «кірпіштер» болып табылады, олар жасушылар деп аталады.

Май жасушылары

Май жасушылары кішкентай көпіршіктерге ұқсайды. Олардың әрқайсысында май, яғни біздің организміміздің қосалқы қоры болады. Егер сен салмақ қосатын болсаң, майдың саны бұрынғы қалпында қалады, бірақ олар әуе шарлары сияқты қомпаяды.

Қан жасушылары

Сенің организміңдегі барлық жасушылардың тең жартысына жуығы қан жасушылары. Қызыл қан жасушылары организмде тіршілікті ұстап тұрады. Әр секунд сайын сенің денеңде 2 миллион жаңа жасушылар пайда болып отырады.

Жүйке жасушылары

Бұл – организмдегі электр сымдары. Осы сымдар арқылы сағатына жүздеген шақырым жылдамдықпен электр сигналдары беріледі. Сенің миыңда 100 миллиард жүйке жасушылар бар.

Сүйек жасушылары

Сенің сүйектерің жартас сияқты жансыз да қатты болып көрінгенімен, олар тірі жасушылардын құралады. Сенің сүйегіңнің қатты болуы үшін жасушылыр өздерін минеалдармен қамтамасыз етеді.

9 шөлмек қан, 2 м2 тері, 5 миллион шаш, 1 шелек май, 206 сүйек,640 бұлшық ет, 10000 км тамыр, жүрек 2 өкпе, 2 бүйрек және қуық, 1 асқазан, 9 метр ішек, бауыр, 32 тіс, 1 ми және сезім органдары.

Қан

Қан – бүкіл организмге тіршілікке қажет заттарды тасыиалдайтын сұйық.. қан тұздың, қанттың және басқа элеметтердің ерітітдісінде болатын триллиондаған қызыл жасушылардан құралады.

Тері

Сенің сыртқы әсерлерден қорғайтын ең үлкен орган. Оның сыртқы қабаты ұдайы өзгеріп отырады.

Шаш (түк)

Шаш (түктер) денедегі көз, ерін, алақан мен аяқ табанынан басқа жерлерінің бәріне шығады.

Май

Дене терінің астындағы және ішкі органдардың айналасындағы май түрінде энергияның қосалқы қорларын сақтайды.

Сүйектер

Сүйектер қаңқаны құрайды, қаңқа барлық органдарды ұстап тұрады және өзінің әдеттен тыс икемді буындарының арқасында қозғалысты мүмкін етеді.

Бұлшық еттер

Бұлшық еттер сүйектерге бекітілген және олар денені қозғалтады. Бұлшық еттер сондай – ақ ішкі ағзалардың, мәселен, жүректің қабырғаларын құрайды.

Қан тамырлары

Қан қан тамырлары күретамырлар (артериялар), көктамырлар (веналар), капиллярлар түтікшелері арқылы ағады.

Жүрек

Бүкіл денеге қанды жеткізетін сорғы екен. Жүрек адам өлгенге дейін ешқашан тыным таппайды.

Өкпе

Өкпе ауадан тіршілікке қажет оттегін сіңіріп алады және оны қанға жібереді.

Бүйрек

Организмде ұдайы қажетсіз заттар пайда болып отырады. Бүйрек оларды сүзгіден өткізеді де, зәрге айналдырады.

Қуық

Бүйректегі зәр икемді қапшық – қуыққа келіп түседі. Қуық толған кезде оны босату туралы белгі береді.

Асқазан

Бұл – « J» әрпі түріндегі қапшыққа ұқсас орган. Асқазанда ішкен ас араласады және қышқылдың әсерімен ыдырай бастайды.

Ішектер

Бұл – бүктелген түтікше, ішектерде ішкен ас жай химиялық қоспаларға дейін ыдырайды да, содан кейін қанға түседі.

Бауыр

Бауыр – қанға түсетін химиялық заттарды жасап шығаратын химиялық фабрика.

Тістер

Тістер асты шайнайды және оны оңай жұтуға болатын қоймалжың затқа айналдырады.

Ми

Ол – біздің денеміздегі бақылау орталығы. Мида ойлар, естеліктер мен сезімдер сақталады.

Көз, құлақ және мұрын

Көз, құлақ және мұрын – ең негізгі сезім органдары.

Қаңқа

Қаңқа сүйектерден қ ұралатын және бүкіл денені ұстап тұратын тірек болып табылады. Қаңқасыз сен еденге мұрттай ұшып, құлап түсер едің. Сенің салмағыңның 25 % – ға жуығы сүйектерге түседі, ал 206 сүйектің тең жартысы – қол мен аяқ сүйектері. Сүйектер өзара буындардың керемет жүйесі арқылы жалғасады, осы жүйе адам денесінің қозғалуына мүмкіндік туғызады.

Сүйектер ауырғанды сезеді және оларды жарақаттасаң, қанайды.

Ал сүйектің ішінде не бар?

Сүйектер біз ойлағандай біртекті және ауыр емес. Сүйектің іші елек сияқты тор – тор болады. Қуыстар сүйектердің жеңіл болуы үшін қажет, оның үстіне қуыстар арқылы қан тамырлары мен жүйкелер өтеді.

Сүйектер қалай жазылады (бітеді)?

Сүйек – тірі талшық. Оның өсуі және тері сияқты өзін - өзі емдеуі ммкін: сүйек сынған кезде, оның сынған жерінде жаңа сүйек талшығы пайда болады. Егер сен спортпен айналассаң, онда сенің сүйектерің мықтырақ болады.

Буындар дегеніміз не?

Буындар сүйектеді өзара біріктіреді, олардың белгілі бір межеге дейін қозғалуына мүмкіндік туғызады. Сенің саусақтарыңдағы, шынтақатрың мен тізелеріңдегі буындар топсаларға ұқсайды, олар тек бір бағыттағы қозғалыстарды ғана қамтамасыз етеді.

Бөксе қалай жұмыс істейді?

Бөксе мен иықтар да топсаларға ұқсас. Осы дана механизм сенің қолдарың мен аяқтарыңның кез келген бағытта дерлік қозғалуына жағдай жасайды. әрбір буынды оның кедергісіз жұмыс істеуіне көмектесетін сұйығы бар капсула қоршайды.

Бұлшық еттер

Адам денесінде 640 шақты бұлшық ет бар.Сен бұлшық еттердің арқасында қозғалыс жасайсың. Ең үлкен бұлшық еттер сүйектерді қоршайды және бұлшық еттер сүйектермен және шектерге ұқсас қатқыл сіңірлермен жалғанады. Бұлшық еттер жиырылған кезде сүйектерді тартады да, қаңқаны қозғайды. Сен өзіңнің қалауың бойынша 640 бұлшық етіңді қозғалта аласың, бірақ жүздеп саналатын өзге бұлшық еттерің сенің бақылауыңа көнбейді. Сенің салмағыңның 40 пайызы бұлшық еттерге түседі.

Тіл - айналдыруға келетін мүше. Ол ең кемі 14 бұлшықеттен тұрады. Олардың өзара жалғасуы тілді кез келген бағытта айналдырып, үйіруге мүмкіндік береді.

Ең жылдам бұлшық еттер

Ең жылдам бұлшық еттер – көз қабағының бұлшық еттері. Көздің айналасындағы ылғалды сақтау үшін сен минутына 20 рет жыпылық қағасың. Егер сен көзіңді жыпылықтатпайтын болсаң, онда сенің жанарың құрғап қалып, сен көре алмайтын едің.

Қан жүретін жүйе

Қан - организмнің тасымал жүйесі. Жүректің айдауымен қан денеге қан тамырлары деп аталатын түтікшелер арқылы жүреді де, барлық органдарды оттегімен қамтамасыз етеді. Қанның құрамында микробтармен күресетін жасушылар бар, қан организмдегі қалдықтарды шығарады және жылу таратады. Егер адам қанның үштен бір бөлігін жоғатса, тірі қалуы мүмкін, егер тең жартысын жоғалтса, өледі.

Сенің жүрегің тәулігіне 100 000 рет жиырылады.

Қызыл қан жасушылары

Қанның бір тамшысында 5 миллион қызыл қан жасушалары бар. Онда темірге бай зат – гемоглабин бар. өкпеде ол оттегінің молекулаларымен қосылады да, оттегімен бүкіл организмді толық қамтамасыз етеді.

Ұйыған қан

Егер сен денеңді жаралап алсаң, қанның химиялық элеметтері ауаның әсерінен жабысқақ талшықтардың ұйындысын құрайды. Қызыл жасушылар жараға ауға түскен балықтай түседі де, көп ұзамай жарада қабыршық пайда болады.

Жүрек

Жүрек көлемі жұдырықтай іші бос допқа ұқсайды. Жүрек әр жиырылған сайын шамамен 1 шыны аяқтай қанды итеріп шығарады. Күретамырлар арқылы қан жүректен, ал көктамырлар арқылы жүрекке ағады.

Тамырыңды тексеріп көр

Тамыр – жүрек соғуының «жаңғырығы». Жайшылықта сенің жүрегің минутына 70 рет жиырылады, ал егер сен мазасызданатын болсаң, онда тамырыңның соғуы 200 ретке дейін жиілеуі мүмкін.

Жүйке жүйесі

Осы жүйенің арқасында сенің денең сыртқы құбылыстарды жай оғындай жылдамдықпен сезеді. Ол электр сымдары мен кабельдерінің желісіне ұқсайды, бірақ ол электрді емес, ақпаратты тасымалдайды. Ми – сезім органдарынан сигналдар қабылдайтын бақылау жасайтын орталық. Ми осы сигналдарда өңдейді, жаңа сигналдар жібереді, жаңа сигналдар өзін қалай ұстау керек екендігі жөнінде денеге «бұйрық береді».

Жүйкелер арқылы сигналдар берудің жылдамдығы – 400 км/ сағ.

Нейрон дегеніміз не?

Жүйке жүйесі жасушылары нейрондардан құралады. Олар – электр сигналдарын беретін ұзын талшықтар. Кейбір нейрондардың ұзындығы бірнеше метрлерге жетеді.

Жүйкелер

Жүйкелер – организмдегі негізгі «өткізгіш сымдар». Оларда жүздеген талшықтар – нейрондар бар. Осы талшықтар дененің барлық бөлігіне жетеді.

Көпірлер мен өткелдер

Электр сигналы нейронның ұшына жеткен кезде, кішкентай аралық – синапс – оның келесі жасушыға өтуіне мүмкіндік бермейді. Химиялық заттар – нейтротрансмиттерлер сигналға арналған «кішкентай көпірлер» болып табылады; олар сигнал беру арқылы келесі жасушаны қоздырады.

Бақылау орталығы

Сенің миыңның көлемі кокос жаңғағының көлеміндей, ал оның сыртқы қабаты грек жаңғағына ұқсас. Ол арнайы түтікше – жұлынның көмегімен жүйке жүйесімен жалғанады.

Ас қорыту жүйесі

Сен ішіп – жеген астың барлығы сенің денең арқылы жүретін ұзын, күрделі «конвейр» - ас қорыту жүйесі арқылы өтеді де, ол сенің қарныңдағы бүкіл орынды алады. Ас қорыту органдары айрықша химиялық құрамалар – энзимдерді жасап шығарады, олар астағы ірі молекулаларды «аулайды» және оларды организм сіңіретін кішкентай бөлшектерге ыдыратады. Ас 18 – 30 сағат қорытылады.

Тіс

Тіс – сенің денеңнің ең қатты мүшесі. Тіс асты ұнтақтайды және оны энзимдері бар сұйық – сілекеймен араластырады. Көпшілік адамдар 21 жасқа қараған шағында барлық 32 тісі түгел шығады.

Асқазан

Сенің асқазаның оған тамақ түскен кезде созылады. Асқазанға түскен ас қоймалжың затқа айналғанға дейін қышқылмен және энзимдермен араласады. Асқазандағы ас 4 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.

Ащы ішек

Ащы ішек – бұл ащы ішекте тамақты ыдырататын энзимдердің әркелкі түрлері жасалып шығарылатын, ұзын, бүктелген түтікше. Қорытылған ас ішектің ішкі қабатын төсейтін қылшықтармен сіңіріледі. Ащы ішектегі тамақ 6 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.

Қалғандарымен не істеу керек?

Тамақтың қорытылмаған қалдықтары кең түтікше – тоқ ішекке түседі, тоқ ішекте су сіңіріліп, содан кейін сенің денеңнен шығады. Тоқ ішекте витаминдерді сіңіруге көмектесетін зиянсыз бактериялар бар.

Тыныс алу жүйесі

Сенің организміңдегі барлық жасушаларға ауада болатын күш – қуат беретін газ – оттегі қажет. Тыныс алу жүйесінде қанды оттегімен қанағаттандыру өтеді. Осы жүйенің негізгі органы сен дем алған кезде өзіне ауаны тарататын өкпе болып табылады. өкпені орасан үлкен губкамен салыстыпуға болады, бірақ өкпе суды емес, ауаны сіңіреді. Тәулігіне сен 23 000 рет ауаны ішке жұтасың және сыртқа шығарасың.

Сонда және кері қарай

Ауа сенің өкпеңі кеңірдек немесе трахея деп аталатын сенің мойныңның ішне орналасқан түтікше арқылы жетеді.кеңірдек шағын өткелдер – тыныс алу жолдарына бөлінеді. Бұл өкпеге барар жолдағы тұтас бір лабиринт!

Көпіршіктер

Тыныс алу жолдары кіп – кішкентай көпіршіктер – альвеолдармен аяқталады. Мұнда оттегігі қаныққан қан көмір қышқыл газын шығарады. Сенің өкпеңде 600 миллионға жуық альвеол бар. Сол альвеолдармен тұтас теннис кортын жабуға болады.

Тазалық – денсаулықтың кепілі

Ауада шаң тозаң мен микробтар болады, сенің өкпең олардан арылуына тура келеді. Жөтелу мен түшкіру солардан ең зияндыларынан арылуға көмектеседі. Сенің тыныс алу жолдарыңда айрықша құпия – шаң тозаңды ұстайтын тұтқыр шырыш жасалынады. Шырыш кеңірдек арқылы өтеді де, ішке жұтылады.

Дауыс

Дауыс тыныс кеңірдектің үстіңгі бөлігіне орналасқан көмейде пайда болады. Ауаны ішке таратқан кезде ауа терінің қос қатпары арқылы өтеді. Олар қосылған кезде дірілдей бастайды да, дыбыс шығады. Олар неғұрлым тығыз жалғанса, дыбыс та соғұрлым жоғары болады.

Тері және шаш

Терінің қалыңдығы – 0,5 мм – ден 5 мм – ге дейін болады. Ең жұқа тері көздің айналасында орналасқан. Ең қалың тері табанда болады.

Терінің 2 шаршы метрге жуығы сенің денеңді кірден, микробтардан, суық пен зақымданулардан қорғайды. Осы тығыз су өткізбейтін қабат – ең үлкен сезім органы. Онда жанасуды, ауру мен жылуды сезетін жүйкелер орнасқан. Терінің үстіңгі қабаты ұдайы өзгеріп тұрады. Ол 1 айдың ішінде толық жаңалады.

Сенің денеңнің сыртқы жамылғысы жансыз жасушылардан құралады.

Ұста!

Сенің саусақтарындағы бүгілмелі буындар саған қолыңдағы заттарды жақсырақ ұстауыңа көмектеседі. Бүгілмелі буындардың өн бойына жақсырақ ұстау үшін тер мен май бөліп шығаратын тері безінің саңылаулары орналасқан.

Терінің «артық салмағы»

Сеніің теріңнің үстіңгі қабаты семіп қалған талшықтың қабыршықтарынан құралады, осы қабыршықтар терінің үстіңгі қабатынан ұдайы ажырап отырады. Сен күніне 10 миллиардқа жуық қабыршықтарды жоғалтасың. Үйдегі кірдің үлкен бөлігі – терінің семіп қалған жасушылары.

Шаш

Адамдардың көпшілігінің қиылмаған шашы 4 -5 жылда 1 метрге дейін өседі.

Басыңдағы қалың шаш сенің миыңды суықтан қорғайды. Сенің денеңнің қалған қабатын жіңішке түктер жабады (сенің денеңдегі түк шимпанзенің түгімен бірдей). әрбір тал түк кіп – кішкентай бұлшық етпен жалғанады, ол сен жаураған кезде көтеріледі.

Тері және иістер

Сенің денең тәулігіне ең кемі жарты литрге дейін тер шығарады. Организмде тердің екі түрі пайда болады: денені салқындататын эккринді тер және оған иіс беретін апокринді тер. Сен жасөспірім болған кезде апокринді без белсендірек жұмыс істейді.

Бес сезім

Көру ең басты сезім органы болып табылады. Біздер көпшілік тіршілік иелеріне қарағанда көп түстерді ажыратамыз және олардан жақсырақ көре аламыз. Бірақ біз қараңғыда нашар көреміз. әр көз алмасының жалпақтығы 2,5 – см – ге (1 дюйм)тең, ол камера сияқты жұмыс істейтін ақ желімнен құралады. Жарық саңылауға – көздің қарашығына түседі де, көздің жанарымен көз торына шоғырланады, ол көздің артқы жағына орнасқан жарыққа сезімтал жасушалар қабатын құрайды. Осы жасушылар жарықтың күші мен қуатын анықтайды, олар сондай – ақ миға сигналдар жібереді, сол сигналдардың көмегімен біз көретін нәрсенің бейнесі жасалады.

Есту - бұл ауадан көзге көрінбейтін дірілдер, яғни дыбысты ұстауға қабілеттілік. Құлақ сыртының ай рықша пішіні дыбысты ұстайды және осы дыбысты қайдан шыққанын анықтауға көмектеседі. Дыбыс жұқа арна арқылы ортаңғы құлаққа өтеді, мұнда құлақтың ішіндегі кішкентай дабыл жарғақтары мен титімдей тұтақшалар сыртқы құлақтың сұйығына ауаның дірілін береді. Содан кейін жүйке жасушалары сигналдары миға жібереді.

Иіс сезу – бұл ауадағы түрлі иістер мен хош иістердің молекулаларын сезу қабілеті. Бұл сезім біз ойлағаннан гөрі анағұрлым маңыздырақ. Тамақтың дәмі іс жүзінде оның дәміне емес, ал тамақтың иісіне көбірек байланысты болады. Кез келген Адам әркелкі 4 000 иісті ажырата алады, ал түйсік сезімі дамыған адам 10 000 иіске дейін айыра біледі. Иістердің молекулалары әр танауда орналасқан нейрондар тобымен ажыратылып, танылады. Иіс молекуласы тиісті нейронға әсер еткен кезде ол миға сигнал береді.

Дәм сезу – ауыздағы түрлі компоннеттерді ажырата білу қабілеті. Біз тамақты шайнаған кезде осы компоненттер біздің сілекейімізде ериді де, олар дәм бүршіктеріне әсер етеді, олардың үлкен бөлігі тілде орналасқан. Тәтті, тұзды, ащы және қышқыл – біз ажырататын негізгі дәмдер; оларжың рецепторлары тілдің әркелкі бөліктеріне орналасқан. Дәм бүршіктеріде сондай – ақ химиялық құрауыш – глутаматты ажырата алады, ол тамақты анағұрлым дәмді етеді.

Түйсік рецепторлары сенің денеңнің өң бойына орналасқан. Рецепторлардың әркелкі түрлері төмен немесе жоғары қан қысымы, түйсіну сезімдері мен тербеліс сияқты әр түрлі түйсік сезімдеріне жауап береді. Түйсік сезімі қозғалыспен байланысты. Біз саусақтардың, еріндердің, тілдің көмегі арқылы заттарды белсенді түрде зерттейміз. Біз, оларды көрместен – ақ, қалтамызда қандай қандай тиындардың жатқанын саусағымызбен ұстау арқылы анықтай аламыз.


Ми қалай жұмыс істейді?

Ми – қос жұдырықтың көлеміндей қызғылт – қоңыр түсті қоймалжың консистенция. Оның қатпарлы қабаты екі бөлікке бөлінеді, олар да біздің денеміздегі бүкіл ағзалар сияқты түрлі қызметтерді орындауға жауап береді. Бұл шын мәнінде солай болғанымен, біздің миымыз анағұрлым күрделірек орналасқан. Ол алынатын міндеттерді түрлі бөліктер бойынша таратып отырады, ал ми зақымдалған жағдайда оның басқаша жұмыс істеуі де мүмкін.

Мидың маңдайдағы бөлігі - ойлаудың айқындығына, жоспарлау мен ерік – жігеріне жауап береді деп есептеледі, бірақ мидың басқа бөліктері де сондай – ақ осы қызметтерді жүзеге асыруда айтарлықтай маңызды рөл атқарады.

Мидың бастың төбесіне (еңбегіне) орналасқан бөлігі - қозғалысқа, түйсінуге, бағыт – бағдарға жауап береді.

Самай бөлігі – сөз, тіл және дыбыстардың басқа да міндеттеріне жауап береді.

Мидың шүйдедегі бөлігі - көзбен шолынатын ақпаратты өңдейді.

Бас миының қабығы – мидың қатпарлы сыртқы қабаты бас миының қабығы аталады. Нақ сол ми қабында, негізінен оның маңдайдағы бөлігінде, ойлау үрдісі жүзеге асырылады. Ми қабының қалған бөлігі сезімдердің, әсіресе көру мен есту сезімдері арқылы қабылданатын ақпаратты өңдеуге жауап береді. Бас миының қабығы сол жақ және оң жақ жартыға бөлінеді, олардың әрқайсысы негізгі 4 бөліктен тұрады.

Мишық - дененің қозғалысын үйлестіреді және тепе-теңдікті ұстауға көмектеседі. Бірақ мидың басқа бөліктері сияқты ол көптеген басқа үрдістерге қатысады. Мишықтың сөйлеу, оқу, көру және жоспарлау әректінде де үлкен рөл атқаратынын соңғы ашқан жаңалықтар көрсетті.

Мидың өзектік бөлігі - бүкіл миыңның негізін оның өзектік бөлігі қалайды, ол өмірлік маңызды жүйелерді ұстап тұруға аса қажет. Ол жүректің соғуын, өкпенің тыныс алуын қамтамасыз етіп, ұйқы мен регенерацияны үйлестіреді. Егер мидың өзектік бөлігі жұмыс істеуін тоқтатса, мидың семгені.

Ал мидың ортасында не бар? Барлық адамдарда бас миының қабығы үлкен, ол адамды өзге тіршілік иелерінен ақылдырақ етеді. Бірақ ми қабығының ішкі тереңінде кейбіреулер «жануар миы» деп атайтын лимб жүйесі орналасқан. Мидың осы бөлігі үрей, ашу – ыза сияқты негізгі эмоцияларға және аштық пен шөл сияқты негізгі инстинкттерге жауап береді ол лимбалық жүйе деп аталады.


Мен неге түс көремін?

Адам орта есеппен жылына 1825 рет түс көреді. Сен өз өміріңнің 5 жылға жуығын түс көрумен өткізесің.

Мен қашан түс көремін?

Адам ұйықтап жатқан кезде ми белсенділіктің белгілі бір фазаларынан өтеді, әр 90 минут сайын қатты ұйқы жеңіл ұйқыға ауысады. Түстердің көпшілігі адамды оңай оятуға болатын жеңіл ұйқы кезінде кіреді. Осы кезде сенің көздерің қабақтарыңның астында сен бірдеңені көріп тұрғандай тез жыпылықтайды. Осы арлық «жылдам ұйқы» болып аталады. Егер адамды осы сәтте оятып жіберсе, онда қандай түс көргенін есте сақтау ықтималдығы (80 % ) орын алады. Түс көрудің ұзақ уақыты 1-2 сағатқа созылады.

Жануарлар түс көре ме?

Жануарлардың тез ұйықтау фазасы бар. Сондықтан олар да түс көруі мүмкін. Бір қызығы, олардың осы фазада өткізетін уақыты жануарлардың туылған кездегі дербестігіне байланысты болады. Мәселен, туылған кезде өте кішкентай және дәрменсіз болатын үйректұмсық құс тәулігіне 8 сағат түс көреді.

Неге адамдар кенеттен шошынып оянады?

Көзің ұйқыға енді ғана ілініп бара жатқан кезде түс кіріп, шошынып оянамыз. Мндай құбылыс гипноготикалық үрей деп аталады. Оның себебі, ми өте кенет оянады.

Адамдар түсінде неге жүреді? (АЙКЕЗБЕЛЕР)

Қалың ұйқының фазасы аяқталған кезде адамдар түсінде жүреді. Кейбір адамдар осы кезде аунақшиды немесе бірдеңені міңгірлейді, ал айкезбелер тұрып жүреді. Ғалымдар оны шала ояну деп атайды, өйткені мидың бір сыңары әлі ұйқыда болса, ал екінші сыңары ояна бастайды.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!