СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мұқағали жырларындағы сыр мен сезім"

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұқағали жырларындағы сыр мен сезім. оқысаңыздар ұстаздарғада, жастарғада көмегі тиеді деп сенемін!

Просмотр содержимого документа
«"Мұқағали жырларындағы сыр мен сезім"»



«И.Шорманов атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2017-2018 оқу жылы





Мұқағали өлеңдеріндегі сезім мен сыр

(Ғылыми жоба)



Орындаған: А.Карипбек






















Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер!

Менің алған тақырыбым «Мұқағали өлеңдеріндегі сыр мен сезім»

Қара өлеңнің қас шебері Мұқағали Мақатаевтың өлеңін сүйіп тыңдамайтын адам жоқ шығар. Менде солардың бірімін. Өзімнің жобамды өзімнің әлі де сиясы кеппеген Мұқаға арнап шығарған жыр жолдарымен бастасам деймін!

Қабыл алыңыздар!!

Оян дала, сілкін теңіз, бұрқасындап тұр таулар,

Мақатаев жыр оқиды, қосылыңдар, шырқаңдар,

Келеді әне кербез басып кең дүние перзенті

Қарсалыңдар, Қолсоғыңдар , айтылмасын сылтаулар


Жатпағайсың, жанарыңды жасырып ап қымсынып.

Тар төсекте талықсыған тұла бойың тұншығып

Оян қәне далаға шық далаға

Қазағыңның қара өлеңі келеді әне құлшынып


Жатсын ойнап қара нөсер қағынып кеп төккенде

Жыр оқыды қарсы қарап өзі келген көктемге

Оқылды жыр қара тастай қатыгез бір кеуделер

Алдаусырап момындарға, азап тағдыр шеккенге


Оқылды жыр мәңгі солай оқылуға бар хақы

Қарсы біреу бултарды да, қайшы біреу шырқады,

Қош айтысып көк белдермен, өзі келген көктеммен.

Сапар шегіп кетті ақын, арт жағында жыр қалды.


Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының Фарабиден – Абайға, Абайдан – Мағжанға, Мағжаннан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан , жыр көшіндегі өзіндік орыны бар , бір туар талант иесі.

Хантәңірдің мұзбалағы, Қарасаздың қасиетті қарлығашы Мұқағали Мақатаевты танымайтын, қара өлеңін тебірене шырқамайтын қазақ жоқ шығар. Қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған дара тұлғаның қай өлеңін алып қарасақта жаныңа сая тауып өзіңді сол өлеңнің кейіпкері ретінде сезінесің.

Мұқағали өмірді сүйген, сұлулықты сүйген. Ол өз сезімін бір ғана сөзбен әсемдеп, өрнектеп құдды бір көз алдыңда болып жатқандай жеткізген. Солардың ішінде сәбиге деген, анасына деген, сұлу табиғатының тауын, тасын, сылдырап аққан суын, шиқылдаған құстарын, елге, туған жерге деген махаббаты өлеңдері аса шеберлікпен суреттелген.

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында «ақ» сөзінің 700ге жуық баламасы кездескен. Ал Хамза Есенжановтың «Ақ жайық» романында «толқын» сөзінің 40 қа жуық баламасы кездескен.

Адамның сезімінен сезіктенбе,

Сезімді сезіне біл, төзіп көн де.

Ақыл менен парасат бұғынады,

Шынайы шын сезімге кезіккенде, - деп жырлаған қара өлеңнің қас шебері Мұқағали Мақатаевтың «Алтын қалам» «Мұқағали» атты кітаптарын зерттеу, өлеңдерін оқу арқылы «сезім» сөзінің 40 қа жуық сөз тіркесін таптым.

Мысалы:

  1. Кітап атауы: «Мұқағали»

Тақырыбы: Халыққа хат

Бет саны: 35

Сөз тіркесі: шуақ сезім, лақ сезім

Самал сырын жеткізіп, бұлақ сөзін,

Болсам деп ем, өзіңнің құлақ – көзің.

Бастап кетті басқаға шуақ – сезім,

Шуақ сезім – секірген лақ сезім.

Менде өзіңдей болмады тұрақ – төзім.

  1. Кітап атауы: «Алтын қалам»

Тақырыбы: Адамның сезімінен сезіктенбе

Бет саны : 17

Сөз тіркесі: шын сезім

Адамның сезімінен сезіктенбе.

Сезімді сезіне біл төзіп, көн де,

Ақыл менен парасат бағынады.

Шынайы шын сезімге кезіккенде...

  1. Кітап атауы: «Мұқағали»

Тақырыбы: «Махаббат па?»

Бет саны:355

Сөз тіркесі: Адал сезім

Адалдық па?

Адалдық болған менде.

Бірақта, адал жүрек кімге керек?

Ал қазір...

Адал сезім жалған мүлде...

Мұқағали өлеңдері нағыз тәрбие құралы болып есептелінеді. Бізде бұл Мұқағали өлеңдерінен сезім сөзінің баламаларын тауып қана қоймадық, оны әдістемелік нұсқау ретінде қолдандық. Жәнеде қазақ тілінен сын есім тақырыбын өткенде үлкен септігін тигізді.

Мен сезім сөзінің біршама түріне тоқталып өттім. Ал қазіргі таңда жастар арасында уақытша, тұрақсыз амал сезімдер көбейіп барады. Соның нәтижесінде елімізде ажырасқан отбасылар, тастанды сәбилер саны өсуде. Кезінде ата – бабамыз қара су мен қара нанға зар болып отырса да , қас жауы болған неміс, орыстардың жетім қалған кішкентай балаларын асырап алған. Ал қазіргі жас аға, әпкелеріміз өз туған балаларын қоқыс жәшіктеріне, көшелерге тастап қатігездік танытып, қанымызға жат қылық істеп жүргенін бәріміз көріп жүрміз. Сондықтанда бәріне болмаса да, біріне септігі тиер деген үмітпен колледж, некеге тұру орталықтарына қазіргі кездегі ақын ағамыздың шығарған «Сәби болғым келмейді» атты өлеңімен Мұқағали Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» өлеңін салыстырып ілдік.

Қазіргі қоғамда болып жатқан жайтты суреттеген, жүрегіңді елжірететін «Сәби болғым келмейді» сіздерге оқып берсем..

Жетім көрсем жылаймын кейде өкіріп,

Шындығымды біреулер дейді өтірік!

Сәби болғым келмейді, сәби болғым,

Жүкті болған сұлуға «Үйде отырып».


Жетім көрсем батамын құса – мұңға,

Құса мұңды құрықтап, тұсадым ба?

Сәби болғым келмейді сәби болғым,

Күйеуі жоқ әйелдің құшағында...


Жетім көрсем шымырлар шекем - денем

Неге оданда шекемнің еті өлмеген?!

Сәби болғым келмейді, сәби болғым,

«Балалардың үйлерін» мекендеген!


Жетім көрсем жабығып, жеке қалам,

Болмаса деп тілеймін «көкек» анам,

Сәби болғым келмейді , сәби болғым

Шетел асып кететін шекарадан


Жетім көрсем қанжылай бірден ішім,

Алға баспай қояды мүлдем ісім!

Бірақ, кейде келеді сәби болғым,

Жетімдіктің не екенін білмеу үшін.

  • Міне осы өлең жолдарында орын алған жайттар енді елімізде болмаса екен деймін. Мәңгілік ел – Қазақ елінінің жастары анам жоқ, әкем жоқ деп жетімдер үйін сығаламауы керек. Бұндай сорақы істердің алдын алатын мына болашақ жастар, болашақ ата – аналар. Анығын айтқанда жастар уақытша амал сезімге ерік бермеуі керек.

Сарыарқаның ескен сары самалы Мағжан Жұмабаев атамыздың «Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты.

Мен, жастарға сенемін» өлеңі тегін айтылмаса керек. .. Зайырлы Қазақстанның зайырлы жастары елім, жерім дейтін болашақ Қазақстанның көркеюіне өз үлестерін қосатын көздерінде от ойнар азамат, азаматша болуы керек.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!