(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады. А) Сұрақтарға жауап бер. -Қазір жылдың қай мезгілі? Жыл мезгілдерін ажыратыға болатын 3 белгіні ата. «Бір ағаштың оқиғасы» тақырыбына әңгіме құрап айт. Мәтінді оқы. Суреттерді зерделе. Дескриптор: -Сұрақтарға жауап береді. Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады Қарқыны жоғары оқушыға: - Өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зертте. Қорытынды жаса. Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі. Сергіту сәті Өсімдіксіз өмір өрге басқан ба? Сұқты көзбен қарамайық жас талға. Желек жайып өсе берсін өсімдік. Сырын айтсын сыбдырласып аспанға. (Д) 2- тапсырма «Салыстырып көр» әдісі арқылы жүзеге асады. А) Суреттерге қара. -Суреттерде жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Адам бидайды қалай өсіріп баптайды? Суреттегі қайың мен шырша жапырақтарына қара. Өзгерістерді айт. Қорытынды жаса. Дескриптор: - Мәтінді оқиды. -Тамырдың және жапырақтың түрлері туралы әңгімелейді. Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушыға: -Неліктен қыс мезгілінде тұқым сеппейді? | Оқушы сұрақтарға жауап береді. Ойын түсіндіреді. Мәтінді оқиды. Өлеңді дауыстап айтып, сергіту жаттығуларын жасайды. Мәтінді оқиды.Оқушы суреттер туралы әңгімелейді. Қорытынды жасайды. |