СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

С/тақырыбы: Астана. Синоним.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, теориялық білім дағдысын қалыптастыру, синоним сөздермен таныстырып, жаттығулар орындату.

Оқушыларға Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә . Назарбаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру , елбасының қоғамға  және мемлекетке  сіңірген еңбегі , экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту.

Просмотр содержимого документа
«С/тақырыбы: Астана. Синоним.»

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

С/тақырыбы: Астана. Синоним. Құзыреттілік:

а) Ақпараттық: Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, теориялық білім дағдысын қалыптастыру, синоним сөздермен таныстырып, жаттығулар орындату.

Оқушыларға Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә . Назарбаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру , елбасының қоғамға  және мемлекетке  сіңірген еңбегі , экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту.

ә) Коммуникативтік: Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды, фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын арттыру . Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту .

Мәтіндер мен ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыту арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту және мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сондай-ақ есте сақтау қабілеттерін арттыру, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

б) Мәселелерді шешу: Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету , оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп, толерантылыққа бейімдеу.

А) ұлттық тәрбие беру

Ә) саяси тәрбие беру

Б ) патриотизмге тәрбиелеу

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп,туған ел,жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, маххабат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мақтаныш етуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, Астана қаласы мен рәміздер туралы слайдтар, шарлар, суреттер.

Оқулықтар, оқушылардың өздері құрастырып жазғанВенн диаграммасы бойынша шығармаларын талқылау,“Түртіп алу” стратегиясы,слайдтар жинағы, “Электронды қазақ үйінен” Отан тақырыбына жазылған әнмен айтылатын өлеңдерді тыңдату.

Пәнаралық байланыс: Жалпы тарих. Қазақ әдебиеті. География. Шет тілі.

Сабақтың техникалық құралдары: Ақпараттық коммуникативтік технологияларының элементтерін пайдалану, мультимедиялық проектор.

Кітап көрмесі

Үстел үсті: Оқулықтар мен журналдар, елбасы туралы кітаптар.

Сабақтың эпиграфы:

Өзіңдікі – елің де,

Өзіңдікі – жерің де,

Өзіңді- өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде.

Сабақтың әдісі: Дөңгелек - үстел түрінде. Ауызша баяндау, түсіндіру (лекция), әңгімелеу сұрақ - жауап әдісі, топпен жұмыс, диаграммалармен, кестелермен , тірек -сызбалармен жұмыс, топтастыру стратегиясы .

Сабақтың түрі: Конференция сабақ.

С/барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Әнұран айтылады. Оқушыларды ұйымдастыру және оқу - құралдарын тексеру.

Сабақтың құрылымы мен мақсатын түсіндіру.

Оқушыларды дөңгелек үстелге екі топқа бөліп отырғызу .

  1. Тарихшылар тобы

  2. Мәдениеттанушылар тобы .

  3. Саяхатшылар тобы.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

а) Елбасы - Н.Ә.Назарбаев өмірі мен еңбегі туралы тақырыбындағы мәтін бойынша оқушылар түсінгенін айтады және мәтінді орыс тіліне аударады. Антоним, омоним сөздер туралы түсініктерін айту және мысалдар келтіру.

Сұрақ-жауап, әңгімелеу әдісі бойынша Елбасы - Н.Ә.Назарбаев туралы жауап аламын .

ә) топтастыру әдісі бойынша тірек схемаларын пайдалана отырып, сөйлем, мәтін құрастырады.

б)Отан,туған жер туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдерді жатқа оқып береді.

в) Мемлекеттік рәміздер туралы сұрау.

г) Венн диаграммасын құрып келу берілді /үй тапсырмасын пысықтау/.

Оқушылардың өздері құрастырған сөзжұмбақ арқылы үйге берілген тапсырманы бекітемін.

д) Үндестік заңы туралы сұраймын. Мысалдар келтіріп, тақтаға жаздырамын. е) «Егеменді ел туралы» жауап аламын.

3. Жаңа тақырып:

а) «Астана» тақырыбындағы мәтін бойынша оқушылар түсінгенін айтады . ә)Оқушыларға слайдтағы суреттерді пайдалана отырып, Астана туралы ауызша сөйлемдер құрдырамын.

Мұғалім сөзі: Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Ендеше, екі оқушы үш тілде сөздікті оқып береді, ал, сендер- оқушылар бірге қайталап отырасыздар. Сөздікпен жұмыс: а) Оқытушы – оқушылар Оқушы - оқушылар Оқытушы - оқушы б) «Орал» және «Алматы» қаласы туралы сұраймын. Мәтінді орыс тіліне аударту.

в) Отан, туған жер туралы өлеңдерді жатқа оқып береді.

г) Тақтамен жұмыс: Синоним және омоним сөздерге мысалдар құрдырамын.

Мына сөздердің синонимін анықтаңыздар.
  1. бәсеке (жұмыс,жарыс,көмек)

  2. тұрмыс (дүние, өмір, әлем)

  3. өндіру (жасау, сату, шығару)

өнім (шикізат, өсім, тауар

Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңыздар.

  1. Ол Түркия ….. тәжірбие алмасу барады.

  2. Сәкен белгілі қытай фирмасы …… іскерлік сапармен бармақ.

  3. Сіз іскерлік сапар….. арналған құжаттарды алдыңыз ба?

  4. Ол визасы ….. мөр соқтырды ма?

  5. Хатшы әуежай …..бару және қайту билеттерін алу…. барады.

  6. Сен іскерлік сапар …….. барасың ба?

Мына сөздердің антонимдерін табыңдар.

а) салық төлеу (салық мақсаты, салық алу)

ә) прогрессивтік салық (әділетті салық, регрессивтік салық)

б) жанама салық (төте салық, төтенше салық)

в) заңды тұлға (заңгер, жеке тұлға).

д) Оқулық кітаппен жұмыс: “Электронды қазақ үйінен” Отан туралы әнге жазылған өлеңді тыңдата отырып, оқулық кітаппен жұмыс жүргіземін және орыс тіліне аудару. /Адамбаева Ж., Ф.Оразбаева., К.Оналбаева. «Қазақ тілі» 8 бет, 11-тапсырма/ . ҚР - егеменді ел. 13бет, 8-тапсырма/. е) Синоним сөздер туралы түсініктерін айту және мысалдар келтіру. ж) Тақтамен жұмыс /мысалдар жаздыру/. з) Отан,туған жер туралы мақал-мәтелдерді жатқа оқып береді және «Эир - Астана» туралы сұрау. к) Еліміздің жетістіктері туралы сұрау. /Спорт және т.б./ л) Жоба қорғау: «Бәйтерек», «Ханшатыр», «ЭКСПО-2017».

Әдебиеттер: 1. «Қазақ тілі» М.Ә. Қараев. 2. «Қазақ тілі» Ш.Бектұров, А.Бектұрова. Алматы «Рауан» 1994. 287- 289б. 3. С.Дюсебаева., Г.Байтилеуова. «Қазақ тілі» 54,287-288, 295бет. ЭКСПО-2017.



Сабақты бекіту: “Электронды қазақ үйінен” М.Мақатаевтың туған жер туралы әнге жазылған өлеңдерін тыңдата отырып, сөзжұмбақ шешеді. Оқушылардың өздері құрастырып, дайындаған сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақты бекітемін. Cабақты қорытындылау:


5. Үйге тапсырма:

«Астана – еліміздің жүрегі» шағын шығарма.


6.Оқушыларды бағалау.






















БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК



«Бекітемін»

ОӘБ бойынша

директордың орынбасары

_________ Б.М. Джазыкбаева

«___» ________2019 жыл













Қазақстан Республикасы халықтарының

тілдер күніне арналған

«Үш тілді білу – уақыт талабы»

атты қазақ, орыс, ағылшын тілдер апталығы







Астана. Синоним.






Дайындаған: Акишева З.И.


Орал – 2019 жыл.



Келісілді: Қаралды:

Колледж әдіскері Тілдер ПЦК-сының төрайымы

________ А.М.Қайырлиева _________ А.М.Мизамова

«__» ___________ 2019ж. Хаттама № _____________

«__» __________ 2019 ж.






















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!