СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: "Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы".

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар үйренеді:

 

1.Заттың агрегаттық күйлерін, балқу және қатаю құбылыстарын білуі, мысалдар келтіре алуы, меншікті балқу жылуы шамасы туралы білуі, өлшем бірлігін, формуласын білуі.

 2. Қатты денені балқыту үшін қажетті жылу мөлшерінің, меншікті балқу жылуының  физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.

3.Заттың сұйық күйден қатты күйге айналуын МКТ  негізінде түсінуі, өз қортындыларын жасай алуы. Орташа, жоғары деңгейдегі есептерді шығаруы. 

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы".»

Бекітемін:

Пәні: Физика және астрономия



Қысқа мерзімді жоспар №11




Сабақтың тақырыбы : Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.


№201 мектеп-лицей

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Шілдебаева Айгүл

Сынып: 8

Сабақтағы оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтағы оқыту мақсаттары:

Оқушылар үйренеді:


1.Заттың агрегаттық күйлерін, балқу және қатаю құбылыстарын білуі, мысалдар келтіре алуы, меншікті балқу жылуы шамасы туралы білуі, өлшем бірлігін, формуласын білуі.

2. Қатты денені балқыту үшін қажетті жылу мөлшерінің, меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.

3.Заттың сұйық күйден қатты күйге айналуын МКТ негізінде түсінуі, өз қортындыларын жасай алуы. Орташа, жоғары деңгейдегі есептерді шығаруы.



Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар:

Заттың агрегаттық күйлерін, балқу және қатаю құбылыстарын біедіі, мысалдар келтіре алады, меншікті балқу жылуы шамасы туралы біледі, өлшем бірлігін, формуласын біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Қатты денені балқыту үшін қажетті жылу мөлшерінің, меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсінеді, формуласын қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар:

Заттың сұйық күйден қатты күйге айналуын МКТ негізінде түсінеді, өз қортындыларын жасай алады. Орташа, жоғары деңгейдегі есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру. Мысалы, балқу, қатаю, меншікті балқу жылуы


қатты дене – твердое тело - solid

қатты дене – твердое тело - rigid body

сұйық – жидкость - liquid

газ – газ - gas

қатты – твердо - solid

балқу, балқыту – плавление, плавить – melt

балқу нүктесі – точка плавления - melting point

қатты күй – твердое состояние - solid state

қатаю – затвердевание –solidification

мұз – лед – ice

су – вода – write

қату, кристалдану – замораживавающий – freeze

қату, кристалдану нүктесі – точка затвердивания – freezing point

балқу жылуы – теплота плавления - heat of fusion


Пәнаралық байланыстар

Математика , география


Алдыңғы білім

І тарау. Ішкі энергия

Дерек көздер, ресурстар

1.Б.М. Дүйсембаев, т.б, Физика және астрономия. Алматы «Мектеп», 2015 ж

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, І деңгей

3. Электронды оқулық, 8 сынып

4.В.И.Кем, Б.А.Кронгарт Физика . Есептер жинағы



Жоспар

Жоспар-

ланған мерзім


Жоспарланған іс-шаралар


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Бағалау түрі

Кіріспе

(3мин)

«Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы

3 топқа бөлу


Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді.

Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді

Ынталанды-

ру


Үй тапсырма-сы (8 мин)





Үй тапсырмасымен жұмыс.

І тарау. Ішкі энергия


Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары


1.Ішкі энергия деген не?

2.Дененің ішкі энергиясын өзгертудің қандай тәсілдері бар?

3.Жылу берілу деген не? Қандай түрлері бар?

4.Жылу мөлшері деген не?



Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырып бойынша береді.

Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады.



  • ойлану

  • талқылау, диалог

  • жауап беру









Мадақтау


3 мин







Қызығушылығын ояту


Миға шабуыл . Сұрақтар арқылы








Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді.

Сабақтың тақырыбын ашады.










Негізгі бөлімі


(13 мин)



Мағынаны тану


Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.


І топ. Заттың агрегаттық күйлері

ІІ топ. Балқу, қатаю

ІІІ топ. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі


(«Аялдама» әдісі бойынша қорғайды.)





Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау. Барлық оқушылардың белсен-ділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылау.


Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді. Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды,

Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,


Топ спикері қорғайды.


Критерий арқылы бағалау


1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;

2. Мазмұнның толық ашылуы;

3. Өмірден мысалдар келтіруі.



5 мин


Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді




Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.




Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.



«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады


Қорытын-

ды бөлімі


8 мин









Ой-толғаныс

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар


Сынып ішіндегі барлық оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау.


Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.



Жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, сыни ойланады, ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары дамиды


Кері байланыс.


5 мин



Маған ұнады, маған ұнамады.


Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын ауызша айтады.


Үйге






Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді.



Эксперименттік жұмыс


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс





Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?







Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Топтық жұмыс. Кіші жоба қорғау

І топ. Заттың агрегаттық күйлері

Талқылау үшін берілетін сұрақтар:

1.Зат қандай күйде болады ?

2.Бір заттың өзі жағдайларға байланысты неше күйде бола алады?

3.Заттың негізгі агрегаттық күйлерінің бір-бірінен айырмашылығы неде ?

4. Өз бақылауларыңа сүйеніп, мына сұрақтарға жауап беріңдер: су сұйық күйінде болу үшін қандай жағдайлар қажет? Ол қату үшін ше? Қайнап буға айналу үшін ше?


1. Кестені толтыр:


Заттың күйі

Негізгі қасиеттері

Молекулалардың орналасуы

Газ



Сұйық



Қатты




ІІ топ. Балқу және қатаю


1.Балқу деп нені айтады? Қатаю деген не?

2.Балқу температурасы деген не?

3.Қатаю температурасы деген не?

4. Оқулықтағы кестеде келтірілген заттардың қайсысының балқу температурасы :

а) ең көбі ______________________________________

ә) ең азы _______________________________________



ІІІ топ. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі


1.Затты балқыту үшін жұмсалаты жылу мөлшерін есептеу формуласы :

2. Әр физикалық шаманың формуласын жазыңдар :

3.Меншікті балқу жылуы деген не? Қандай әріппен белгіленеді , өлшем бірлігі қандай ?

4. Кестеде көрсетілген заттардың қайсысының меншікті балқу жылуы

ең көбі ______________________________________________________

ең азы ______________________________________________________

бірдей ______________________________________________________

5. 1 кг алюминий балқығанда оның ішкі энергиясы қанша артады? Қорғасын балқығанда ше? Қалайы балқығанда ше?



















Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді



Тапсырмалар


Оқушы жауаптары


1

Қатты денені балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін есептеудің формуласын жазыңдар.


2

Негізгі формуладан массаның формуласын қорытып шығар.


Меншікті балқу жылуының формуласын қорытыңдар.


Меншікті балқу жылуының өлшемі бірлігі


3

Формула бойынша жылу мөлшерінің негізгі өлшем бірлігін қорытып шығарыңдар.




Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей


1.Мыстың температурасы 1083,1 0С. Ол қандай күйде?

2.Бөлме температурасында мына заттар: су, қант, ауа, қалайы, спирт, темір, оттегі, сүт, азот, сутегі қандай күйде болады? Жауабын кестеге жаз.


Қатты

Сұйық

Газ тәрізді






3. 300 0Стемпературада қорғасын қатты бола ма әлде сұйық бола ма? 450 0С температурадағы мырыш ше? 650 0С температурадағы алюминий ше?

4.Балқу температурасында 1 кг болатты сұйыққа айналдыру үшін 0,84 * 105 Дж энергия қажет: 2320 С ( оның балқу температурасы) температурадағы 1 кг қалайыны балқыту үшін 0,59 * 105 Дж керек. Болаттың меншікті балқу жылуы қандай? Қалайыныкі ше?


ІІ деңгей

1.Температурасы 00 С, массасы 1 кг бір кесек мұзды ерітіп суға айналдыру үшін қандай энергия қажет? Егер осы мұздың температурасы – 25 0С болса, оны ерітуге қажет энергия қалай өзгереді ( артты ма әлде кеміді ме) ? Неліктен?

2. Ауаның температурасы – 100 С болып тұрғанда даладан бір кесек мұзды температурасы 00С болатын бөлмеге алып келді. Мұз ери ме? Сендер қалай ойлайсыңдар?

3. Массасы 4 кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша энергия жұмсалады ?


4. Балқу температурасындағы 100 кг темірді сұйыққа айналдыруға керекті энергияны анықтаңдар.


ІІІ деңгей

1. Балқу температураларындағы массасы 5 кг қалайының, 11 кг қорғасынның немесе 1,5 кг мұздың қайсысын балқытуға көп энергия жұмсалады ? Осы энергияларды есептеңдер.

2. Қату кезінде сұйық күйден тұрған балқу температурасындағы 2 кг алюминий мен 6 кг темірдің қайсысынан көп энергия бөлінеді ?

3. Температурасы 83 0С , массасы 400 г мысты сұйық күйге айналдыру үшін қанша энергия керек?

















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!