Жаңа сабаққа кіріспе: 1-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. 1-топ: Сұрыптау дегеніміз не? 2-топ: Массив элементтерін сұрыптау. 3.топ: Күнделікті өмірден сұрыптауға мысал келтіру. 3 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын. Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талықылайды. Топқа түсініксіз болған ақпараттарды талдау үшін мұғалім көмек береді. Дескриптор Сұрыптаумен танысады. Массив элементтерін сұрыптауды біледі. Сұрыптауға мысалдар келтіре алады. Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер» әдісімен жүргізіледі. 2- Тапсырма. Практикалық жұмыс 1 топ. А деңгей Қанат бүгін информатика сабағында К жаңа терминнің ағылшынша қалай айтылатынын үйренді. К(1≤К≤30). Қанатқа жаңа терминдерді әліпби ретімен сұрыпта. 2 топ. В деңгей 9-сыныпта оқитын К оқушының К(1≤К≤30) бойларының ұзндықтары берілген. Ең бойы ұзын және бойы қысқа оқушылардың қосындысын тап. 3 топ. С деңгей N сандарының массиві берілген. Бұл жиынды кеу ретімен сұрыптап, басып шығарыңыз. (Алматы кітап баспасы 9 сынып, Р.А. Кадиркулов, Г.К.Нұрмұханбетова 103 бет) Дескриптор Lazarus бағдарламасымен жұмыс жасай алады. Бағдарламада массивтерді пайдалана отырып есеп құрады. Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар өзара бағалайды. «Бір минуттық әнгіме» әдісі Топтық жұмыс Бірөлшемді массив элементтерін өсу немесе кему ретімен қалай сұрыптауға болады? Қалай ойлайсың интернетті қолдану барлық жағдайда біз үшін қажетті ме? Қалыптастырушы бағалау: топпен |