СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ш?к?рім ?ле?дері ж?не физикалы? ??былыстар" баяндама

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ш?К?РІМ ?ЛЕ?ДЕРІ Ж?НЕ ФИЗИКАЛЫ? ??БЫЛЫСТАР»

Рахимбаева Ж?лдыз Сархытхановна,

Физика ж?не электротехника п?ніні? о?ытушысы,

Шы?ыс ?аза?стан облысы, Семей ?аласы

Евразиялы? технико – гуманитарлы? колледжі

 

Білім беру саясатыны? т?жырымдамасына сай, шы?армашылы? т?р?ыда ойлай алатын, танымды? м?дениеті биік, ?лтты? м?дениетті жете ме?герген, интеллектуалды? ?рісі жо?ары, ?зін – ?зі ?немі дамыта алатын белсенді, ?абілетті жастарды т?рбиелеуде Ш?к?рім шы?армаларыны? ма?ызы зор.

 

Тарихи кезе? ж?ктеген зор міндетті ойда?ыдай орындау ?рбір п?н иесіні? азаматты? санасы мен жауапкершілік сезіміне, ?ызметін с?юі мен ?ажырлы  ізденісіне, о?у-?дістемелік дайынды?ы мен к?сіби шеберлігіне, жеке басыны? ой-?рісі мен м?дениетіне тікелей т?уелді.

 

Физика саба?ында жас ?рпа?ты рухани адамгершілікке т?рбиелеу, оларды? бірт?тас д?ниетанымыны? ?алыптасуына, ?лемдік сапа де?гейіндегі білім, білік негіздерін ме?геруіне ы?пал ететін жа?аша білім мазм?нын ??ру – жалпы білім беру ж?йесіндегі ?зекті м?селелерді? бірі.

 

?азіргі ?о?амда болып жат?ан ке? ше?бердегі ?згерістер ХХІ ?асырды? білімді, саналы жастарын т?рбиелеушілерге ?лкен міндет ж?ктері с?зсіз.

Б?л ж?мыстарды орындау барысында мынадай міндеттер шешімін тапты:

  • ?азіргі та?да ?олданыста ж?рген ?дістемелерге шолу жасалынды, оларды? тиімділіктері к?рсетілді;

  • Ш?к?рім шы?армаларында кездесетін физикалы? ??былыстар бойынша ?ылыми-?дістемелік, педагогика-психологиялы?, философиялы? е?бектерге талдау жасалынды;

  • физикалы? ??былыстарды о?ытуда Ш?к?рім шы?армаларын ?олдануды? ?дістемелік жолдары к?рсетілді:

  • жа?а саба?ты т?сіндіруде;

  • о?ушыларды? білімін тексеруде;

  • физика бойынша сыныптан тыс ж?мыстар ж?ргізгенде.

  •  

Ш?к?рімні? жазып ?алдыр?ан мол м?расы осы к?нгі ?рпа?ты т?рбиелеу ?шін ба?а жетпес ??ндылы?тарды? бірі болып табылады. А?ын шы?армалары тарихи, м?дени, ?ылыми, т?рбиелік ойлар?а ?те бай. Ш?к?рімні? поэмаларын тек ?дебиет саба?ында ?ана емес, ?дебиет саба?ында ал?ан білімдерін жаратылыстану п?ндерімен де байланыстыра о?ытуымыз?а ?бден болады. «?ал?аман–Мамыр» поэмасында?ы мына  ?ле? жолдары термодинамика за?дарына негізделген. Мектеп ба?дарламасы бойынша о?ушылар температура ??ымын 7–сыныпта ?алыптастырып, 8–сыныпта термодинамика за?дарын ?арастырады. Сонымен осы ?ле? жодарын 7–8 сынып физикасында жа?а саба?ты т?сіндіру барысында ?олдануымыз?а болады.

 

?ызарды, бір а?арды байды? ?ызы,

Бетке шы?пай т?ра ма ж?рек ізі?

Іші ысты?, сырт?ы дене суы? тартып,

Сал?ын термен м?лдіреп т?рды ж?зі

 

Б?л жерде ысты?, суы? деген физикалы? сипаттамалар–затты? к?йін білдіреді. «Іші ысты?, сырт?ы дене суы? тартып, сал?ын термен м?лдіреп т?рды ж?зі.»-деген жолдарды  ?арастырса?, жылу берілу ??былысы немесе затты? тепе–те?дік к?йіне жат?ызу?а болады. ?зара жанас?ан денелерді? физикалы? параметрлерді? ?згеруі тудыратын процесс жылу берілу деп аталады. О?ушылар?а т?сінікті болу ?шін жылу берілу процесіне мысал келтірейік: денелерді? к?лемі ?згеруі м?мкін. Жылу берілу ая?тал?анда, денелерді? макроскопиялы? параметрлеріні? ?згеруі то?тайды. Б?л к?й жылулы? тепе–те?дік деп аталады.

«Е?ілік – Кебек» поэмасында:

 

М?нан кейін азыра? заман ?тті,

          Сал?ын т?сіп ?ар жауар мезгіл жетті.

     ?арашаны? ал?аш?ы ?ары жауып,

 Кебек батыр ??с алып а??а кетті

 

– дейді. Б?л жердегі ойды таза астрономиялы? т?сінікпен ?арастыра аламыз. Мектеп ба?дарламасында астрономиялы? ??ымдар 7–сыныптан басталып ары ?арай 11–сынып?а дейін тере?детіліп, дамытылады. Е? ал?аш рет жерді? эллипстік ?оз?алысына байланысты жыл мезгілдеріні? периодты т?рде ауысып отыруы туралы ма?л?матты о?ушылар 7-сыныпта алатын бол?анды?тан, механика б?лімі бойынша к?нні? жылды? ?оз?алысы немесе планеталар ?оз?алысын т?сіндіргенде жа?а саба??а ?олдану?а ?те тиімді. ?ле? жолдарында?ы: «М?нан кейін азыра? заман ?тті, сал?ын т?сіп ?ар жауар мезгіл жетті»-делінген, б?л жерді? к?нді айнала ?оз?алуына негізделген. Жазды? ?тіп, ?арды? жауып, ?ысты? келуі де таби?ат за?дылы?ына негізделеген. 

Сыныптан тыс

«Нартайла? пен Айс?лу» поэмасында:

 

             Нартайла? ??р ?олымен ?ылыш ?а?ты,

      ?ызыл ?ан о? ?олынан судай а?ты.

       ?статпай шыр айнала ?ашып ж?ріп,

        ?ылышпен т?ла бойын шаба?тапты.

         Ж?зі ?ткір, ?ылышыны? ?шы ?ай?ы,

           ?р жерін жаралапты ?й?ыш – ай?ыш.

           ?айран ер белдесе алмай ?ан?а батты,

?арусыз ?апияда келген бай??с

 

– деген ?ле? жолдары кездеседі. «Нартайла? ??р ?олымен ?ылыш ?а?ты, ?ызыл ?ан о? ?олынан судай а?ты»–дейді. Б?л ?ле? жолдарына назар аударса?, ?ысым ж?не с?йы?ты? ?асиеті туралы с?з болып отыр. Демек, 7-сынып о?ушыларыны? бір б?лігін «?ысым», екіншісін «С?йы?» деп екі топ?а б?ліп, о?ушыларды ?зара сайыс?а т?сірсек болады. Топты? ойын бол?анды?тан, сыныптан тыс ?ткізілуі керек. Б?л жерде біз ?ан да су сия?ты с?йы? заттар ?атарына жататынын білеміз. Сонды?тан су сия?ты а??ышты? ?асиет–?ан?а да т?н екенін о?ушылар білуі керек. «Ж?зі ?ткір, ?ылышыны? ?шы ?ай?ы, ?р жерін жаралапты ?й?ыш–ай?ыш»-?ле? жолдарында?ы ж?зі ?ткір дейді, м?нда біз ?ылышты? ж?зіні? жі?ішке екенін білеміз. Сонды?тан ж?зі ?ткір ?ылышты? ?шы адамны? денесіне тиетін болса оны жаралап ?тетіні ха?. Сонда да болсын о?ушылар ойында «Себебі неде?»–деген орынды с?ра? тууы м?мкін. Оны? себебі мынада, адамны? денесі ?ылышпен салыстыр?анда ж?мса?, ?рі ауданы жа?ынан да ?лкен, ал ?ылыш ?атты, ?рі ауданы жа?ынан бірнеше есе кіші.  ?атты к?йдегі денелер бас?а денелермен ?рекеттескен кезде, ?здеріні? к?лемдерін ж?не пішіндерін  аз ?згертеді. Егер екі ?атты дене жанасып, тынышты?та т?рса, онда бір денеге сырт?ы к?ш ?рекет еткенде, ол б?л ?рекетті бас?а денеге сырт?ы к?шті? ба?ыты бойымен жеткізеді ж?не деформация ту?ызады. К?шті? тудыр?ан деформациясы жанасу ауданына т?уелді. Жалпы аны?тамасы бойынша:

P =  ;  1 Па

м?нда?ы:

Р –  ?ысым;

? –  денеге ба?ыттал?ан сырт?ы к?ш;

S – денеге ба?ыттал?ан сырт?ы к?шті? жанасу ауданы.

 

Я?ни, ?ысым дегеніміз–к?шке тура пропорционал, аудан?а кері пропорционал болатын шама.

 

О?ушылар ?шін сыныптан тыс ж?мысты? білімділік ж?не т?рбиелік м?ні ?те зор. Сыныптан тыс ж?мыстар о?ушыларды белсенділікке, ?з бетінше ж?мыс істеуге, ?жымды? ж?не жолдасты? сезіміне т?рбиелеуге жол береді.

 

Білімдерін ба?алау

М?тыл?анны? ?мірі:

 

?лемді кім жарат?ан,

Осынша т?рлеп тарат?ан?

К?рінген сансыз планет,

Бірінен – бірін б?лген бе?

 

– Ш?к?рімні? б?л жердегі ?ле? жолдары астрономиялы? ойлау?а жа?ыныра?. 7 – сынып о?ушыларына осы ?ле?ді о?ып, проблемалы? ой ту?ызып, о?ушыларды? планеталар ?оз?алысы туралы ал?ан білімдерін былайша сынап, ба?алауымыз?а болады:

  • Планеталар ?алай жарал?ан деп ойлайсыздар?

  • Олар ?згеріске ?шырай ма?

  • К?нделікті ?мірде сіз аспан?а ?ара?ан кезде, ?зі?ізге таныс ж?лдыздар бар ма?

  • Аспанда?ы ж?лдыздарды санау?а бола ма?

  • Аспан денелеріні? ?оз?алысы белгілі бір т?ртіпке ба?ына ма? ?лде бейберекет ?оз?алыста бола ма? ?алай ойлайсыз?

  • Аспанда?ы ж?лдыз?а ?арап, ?зі?ізді? ?ай ба?ыт?а ?арап т?р?аны?ызды аны?тау?а бола ма?

  • Аспанда?ы ж?лдыздар?а ?арап са?ат неше бол?анын аны?тау?а бола ма? – деген с?ра?тарды ?ою?а болады.

  •  

    О?ушылар аспанда?ы ж?лдыздар туралы м?ліметті енді ?ана о?ып, біліп отыр?ан жо?. 7–сыныпта физика саба?ы ?осыл?ан кезде ?ана, о?ушылар аспан денелері туралы ?ылыми т?р?ыда?ы на?ты м?ліметтерді алады. Ал, о?ан?а дейін 5–сыныптан бастап, тарих п?ні бойынша, 3–сыныптан бастап математика п?ні бойынша б?рын?ы заманда са?ат, карта болма?ан кезде де адамдарды? к?нге, ж?лдыздар?а ?арап са?атты ж?не ?здері ж?ріп келе жат?ан ба?ыт ба?дарларын аны? біліп отыр?андарын біледі. Сонымен, планеталар дегеніміз–сутек пен гелийден т?рады. Оларды? е? басты сипаттамаларына–массалары, жары?тылы?ы, беттік температурасы, ?мір с?ру уа?ыты сия?ты н?рселер жатады. Планеталар ?зі ?мір с?рген уа?ытында ?рдайым ?згеріске ?шырап отырады. ?лкейеді, жары?талады, біртіндеп олар кішірейіп, жары?тылы?ы азайып, а? ергежейлі к?йге т?седі де, біртіндеп ?о?ыр?айланып, е? ая?ында ?ара н?ктеге айналып, ?ара ??рдым?а кетеді. ?ара ??рдымны? ішіндегі ??былыс ?лі к?нге дейін толы? зерттеліп, аны?тал?ан жо?. Ертедегі адамдарды? астрономия туралы білімі ?р т?рлі ертегі, а?ыздармен астасып жатыр. Олар?а аспан ?лемі толып жат?ан а?дар мен ??старды?, адамдар мен ??дайларды? мекендейтін орыны болып елестейтін. Тарихи д?ст?р бойынша астрономияда ?олданылып ж?рген к?птеген атаулар ертедегі грек мифологиясынан алын?ан.

     

    ?аза?тарды? а?ыздарында аспан денелеріні? ?оз?алыстары таби?и нанымдылы?ымен ерекшеленеді. Мысалы, д?ниені? ?аламды? айналу осі ?тетін, «?оз?алмайтын» ж?лдыз?а, ?аза?тар «Темір?азы?» деп ат ?ой?анын білеміз.

     

Ертеде адамдар к?н мен т?нні? алмасуын Жерді т??іректеп ж?рген К?нні? айналуы деп ?ате т?сіндірген. Міне, сонды?тан «к?н шы?ады» немесе «к?н батады» деген с?здер ?азірге дейін са?талып, ?олданылып келеді.

Эксперименттік есеп:

?р тасты бір с?зді?,

М?з дария ж?здірді?,

Н?рдан ?міт ?здірді?,

?ажымас?а – а? бекіп ем

 

?ле? жолында?ы «М?з дария ж?здірді?»–с?зіне ?араса?, дарияны? бетінде м?з ?ал?ып ж?ре алады. М?з су?а батпайды. 7–сыныпта ?тіп кеткен Архимед за?ын естеріне т?сіріп ойландырайы?. Б?л ?ле?ді не??рлым ?айталау саба?ына ?олданып, о?ушыларды? ?здігінен ойлануына м?рсат берген д?рыс. Суды? ты?ызды?ы: 1000 кг/м3; те?із суыны? ты?ызды?ы: 1030 кг/м3; м?зды? ты?ызды?ы: 900 кг/м3. К?ріп отыр?анымыздай м?з су?а батпайды, себебі, м?зды? ты?ызды?ы суды? ты?ызды?ынан бірнеше есе кем.

 

Сонымен, Ш?к?рім шы?армаларыны? физикалы?, алгебралы?, ж?не бас?а да гуманитарлы? ?ылымдар?а ?атысты ?олданысын таба алатын ?те пайдалы е?бектер. Осы жо?арыда атал?ан ?дістерді физика саба?ында ?немі ?олданатын болса?, онда о?ушылар физикалы? ??былыстарды? ма?ынасын о?ай ?рі тере? т?сінеді, сондай-а?, п?нге деген ?ызы?ушылы?ы артады.

 

 

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер тізімі:

 

1. Ш?к?рім ??дайбердиев. Шы?армалары: ?ле?дер, дастандар, ?ара с?здер. ??раст. М. Жарм?хамедов, С.Д?уітов,[ А.??дайбердиев.] - Алматы: Жазушы, 1988.   

2. Физика ж?не астрономия: Жалпы білім беретін мектепті? 9-сыныбына арнал?ан о?улы?. ??д., толыкт. 2-бас. / Р. Башар?лы, Д. ?аза?баева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009.

3.Интернет к?здері.

Просмотр содержимого документа
«"Ш?к?рім ?ле?дері ж?не физикалы? ??былыстар" баяндама»



«ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР»

Рахимбаева Жұлдыз Сархытхановна,

Физика және электротехника пәнінің оқытушысы,

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Евразиялық технико – гуманитарлық колледжі


Білім беру саясатының тұжырымдамасына сай, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген, интеллектуалдық өрісі жоғары, өзін – өзі үнемі дамыта алатын белсенді, қабілетті жастарды тәрбиелеуде Шәкәрім шығармаларының маңызы зор.


Тарихи кезең жүктеген зор міндетті ойдағыдай орындау әрбір пән иесінің азаматтық санасы мен жауапкершілік сезіміне, қызметін сүюі мен қажырлы ізденісіне, оқу-әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігіне, жеке басының ой-өрісі мен мәдениетіне тікелей тәуелді.


Физика сабағында жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.


Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер ХХІ ғасырдың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз.

Бұл жұмыстарды орындау барысында мынадай міндеттер шешімін тапты:

  • қазіргі таңда қолданыста жүрген әдістемелерге шолу жасалынды, олардың тиімділіктері көрсетілді;

  • Шәкәрім шығармаларында кездесетін физикалық құбылыстар бойынша ғылыми-әдістемелік, педагогика-психологиялық, философиялық еңбектерге талдау жасалынды;

  • физикалық құбылыстарды оқытуда Шәкәрім шығармаларын қолданудың әдістемелік жолдары көрсетілді:

  • жаңа сабақты түсіндіруде;

  • оқушылардың білімін тексеруде;

  • физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде.

Шәкәрімнің жазып қалдырған мол мұрасы осы күнгі ұрпақты тәрбиелеу үшін баға жетпес құндылықтардың бірі болып табылады. Ақын шығармалары тарихи, мәдени, ғылыми, тәрбиелік ойларға өте бай. Шәкәрімнің поэмаларын тек әдебиет сабағында ғана емес, әдебиет сабағында алған білімдерін жаратылыстану пәндерімен де байланыстыра оқытуымызға әбден болады. «Қалқаман–Мамыр» поэмасындағы мына өлең жолдары термодинамика заңдарына негізделген. Мектеп бағдарламасы бойынша оқушылар температура ұғымын 7–сыныпта қалыптастырып, 8–сыныпта термодинамика заңдарын қарастырады. Сонымен осы өлең жодарын 7–8 сынып физикасында жаңа сабақты түсіндіру барысында қолдануымызға болады.


Қызарды, бір ағарды байдың қызы,

Бетке шықпай тұра ма жүрек ізі?

Іші ыстық, сыртқы дене суық тартып,

Салқын термен мөлдіреп тұрды жүзі


Бұл жерде ыстық, суық деген физикалық сипаттамалар–заттың күйін білдіреді. «Іші ыстық, сыртқы дене суық тартып, салқын термен мөлдіреп тұрды жүзі.»-деген жолдарды қарастырсақ, жылу берілу құбылысы немесе заттың тепе–теңдік күйіне жатқызуға болады. Өзара жанасқан денелердің физикалық параметрлердің өзгеруі тудыратын процесс жылу берілу деп аталады. Оқушыларға түсінікті болу үшін жылу берілу процесіне мысал келтірейік: денелердің көлемі өзгеруі мүмкін. Жылу берілу аяқталғанда, денелердің макроскопиялық параметрлерінің өзгеруі тоқтайды. Бұл күй жылулық тепе–теңдік деп аталады.

«Еңілік – Кебек» поэмасында:


Мұнан кейін азырақ заман өтті,

Салқын түсіп қар жауар мезгіл жетті.

Қарашаның алғашқы қары жауып,

Кебек батыр құс алып аңға кетті


– дейді. Бұл жердегі ойды таза астрономиялық түсінікпен қарастыра аламыз. Мектеп бағдарламасында астрономиялық ұғымдар 7–сыныптан басталып ары қарай 11–сыныпқа дейін тереңдетіліп, дамытылады. Ең алғаш рет жердің эллипстік қозғалысына байланысты жыл мезгілдерінің периодты түрде ауысып отыруы туралы мағлұматты оқушылар 7-сыныпта алатын болғандықтан, механика бөлімі бойынша күннің жылдық қозғалысы немесе планеталар қозғалысын түсіндіргенде жаңа сабаққа қолдануға өте тиімді. Өлең жолдарындағы: «Мұнан кейін азырақ заман өтті, салқын түсіп қар жауар мезгіл жетті»-делінген, бұл жердің күнді айнала қозғалуына негізделген. Жаздың өтіп, қардың жауып, қыстың келуі де табиғат заңдылығына негізделеген.

Сыныптан тыс

«Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасында:


Нартайлақ құр қолымен қылыш қақты,

Қызыл қан оң қолынан судай ақты.

Ұстатпай шыр айнала қашып жүріп,

Қылышпен тұла бойын шабақтапты.

Жүзі өткір, қылышының ұшы қайқы,

Әр жерін жаралапты ұйқыш – айқыш.

Қайран ер белдесе алмай қанға батты,

Қарусыз қапияда келген байғұс


– деген өлең жолдары кездеседі. «Нартайлақ құр қолымен қылыш қақты, қызыл қан оң қолынан судай ақты»–дейді. Бұл өлең жолдарына назар аударсақ, қысым және сұйықтың қасиеті туралы сөз болып отыр. Демек, 7-сынып оқушыларының бір бөлігін «Қысым», екіншісін «Сұйық» деп екі топқа бөліп, оқушыларды өзара сайысқа түсірсек болады. Топтық ойын болғандықтан, сыныптан тыс өткізілуі керек. Бұл жерде біз қан да су сияқты сұйық заттар қатарына жататынын білеміз. Сондықтан су сияқты аққыштық қасиет–қанға да тән екенін оқушылар білуі керек. «Жүзі өткір, қылышының ұшы қайқы, әр жерін жаралапты ұйқыш–айқыш»-өлең жолдарындағы жүзі өткір дейді, мұнда біз қылыштың жүзінің жіңішке екенін білеміз. Сондықтан жүзі өткір қылыштың ұшы адамның денесіне тиетін болса оны жаралап өтетіні хақ. Сонда да болсын оқушылар ойында «Себебі неде?»–деген орынды сұрақ тууы мүмкін. Оның себебі мынада, адамның денесі қылышпен салыстырғанда жұмсақ, әрі ауданы жағынан да үлкен, ал қылыш қатты, әрі ауданы жағынан бірнеше есе кіші. Қатты күйдегі денелер басқа денелермен әрекеттескен кезде, өздерінің көлемдерін және пішіндерін аз өзгертеді. Егер екі қатты дене жанасып, тыныштықта тұрса, онда бір денеге сыртқы күш әрекет еткенде, ол бұл әрекетті басқа денеге сыртқы күштің бағыты бойымен жеткізеді және деформация туғызады. Күштің тудырған деформациясы жанасу ауданына тәуелді. Жалпы анықтамасы бойынша:

P = ; 1 Па

мұндағы:

Р – қысым;

Ғ – денеге бағытталған сыртқы күш;

S – денеге бағытталған сыртқы күштің жанасу ауданы.


Яғни, қысым дегеніміз–күшке тура пропорционал, ауданға кері пропорционал болатын шама.


Оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, ұжымдық және жолдастық сезіміне тәрбиелеуге жол береді.


Білімдерін бағалау

Мұтылғанның өмірі:


Әлемді кім жаратқан,

Осынша түрлеп таратқан?

Көрінген сансыз планет,

Бірінен – бірін бөлген бе?

– Шәкәрімнің бұл жердегі өлең жолдары астрономиялық ойлауға жақынырақ. 7 – сынып оқушыларына осы өлеңді оқып, проблемалық ой туғызып, оқушылардың планеталар қозғалысы туралы алған білімдерін былайша сынап, бағалауымызға болады:

  • Планеталар қалай жаралған деп ойлайсыздар?

  • Олар өзгеріске ұшырай ма?

  • Күнделікті өмірде сіз аспанға қараған кезде, өзіңізге таныс жұлдыздар бар ма?

  • Аспандағы жұлдыздарды санауға бола ма?

  • Аспан денелерінің қозғалысы белгілі бір тәртіпке бағына ма? Әлде бейберекет қозғалыста бола ма? Қалай ойлайсыз?

  • Аспандағы жұлдызға қарап, өзіңіздің қай бағытқа қарап тұрғаныңызды анықтауға бола ма?

  • Аспандағы жұлдыздарға қарап сағат неше болғанын анықтауға бола ма? – деген сұрақтарды қоюға болады.

Оқушылар аспандағы жұлдыздар туралы мәліметті енді ғана оқып, біліп отырған жоқ. 7–сыныпта физика сабағы қосылған кезде ғана, оқушылар аспан денелері туралы ғылыми тұрғыдағы нақты мәліметтерді алады. Ал, оғанға дейін 5–сыныптан бастап, тарих пәні бойынша, 3–сыныптан бастап математика пәні бойынша бұрынғы заманда сағат, карта болмаған кезде де адамдардың күнге, жұлдыздарға қарап сағатты және өздері жүріп келе жатқан бағыт бағдарларын анық біліп отырғандарын біледі. Сонымен, планеталар дегеніміз–сутек пен гелийден тұрады. Олардың ең басты сипаттамаларына–массалары, жарықтылығы, беттік температурасы, өмір сүру уақыты сияқты нәрселер жатады. Планеталар өзі өмір сүрген уақытында әрдайым өзгеріске ұшырап отырады. Үлкейеді, жарықталады, біртіндеп олар кішірейіп, жарықтылығы азайып, ақ ергежейлі күйге түседі де, біртіндеп қоңырқайланып, ең аяғында қара нүктеге айналып, қара құрдымға кетеді. Қара құрдымның ішіндегі құбылыс әлі күнге дейін толық зерттеліп, анықталған жоқ. Ертедегі адамдардың астрономия туралы білімі әр түрлі ертегі, аңыздармен астасып жатыр. Оларға аспан әлемі толып жатқан аңдар мен құстардың, адамдар мен құдайлардың мекендейтін орыны болып елестейтін. Тарихи дәстүр бойынша астрономияда қолданылып жүрген көптеген атаулар ертедегі грек мифологиясынан алынған.


Қазақтардың аңыздарында аспан денелерінің қозғалыстары табиғи нанымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы, дүниенің ғаламдық айналу осі өтетін, «қозғалмайтын» жұлдызға, қазақтар «Темірқазық» деп ат қойғанын білеміз.


Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп жүрген Күннің айналуы деп қате түсіндірген. Міне, сондықтан «күн шығады» немесе «күн батады» деген сөздер қазірге дейін сақталып, қолданылып келеді.

Эксперименттік есеп:

Әр тасты бір сүздің,

Мұз дария жүздірдің,

Нұрдан үміт үздірдің,

Қажымасқа – ақ бекіп ем


Өлең жолындағы «Мұз дария жүздірдің»–сөзіне қарасақ, дарияның бетінде мұз қалқып жүре алады. Мұз суға батпайды. 7–сыныпта өтіп кеткен Архимед заңын естеріне түсіріп ойландырайық. Бұл өлеңді неғұрлым қайталау сабағына қолданып, оқушылардың өздігінен ойлануына мұрсат берген дұрыс. Судың тығыздығы: 1000 кг/м3; теңіз суының тығыздығы: 1030 кг/м3; мұздың тығыздығы: 900 кг/м3. Көріп отырғанымыздай мұз суға батпайды, себебі, мұздың тығыздығы судың тығыздығынан бірнеше есе кем.


Сонымен, Шәкәрім шығармаларының физикалық, алгебралық, және басқа да гуманитарлық ғылымдарға қатысты қолданысын таба алатын өте пайдалы еңбектер. Осы жоғарыда аталған әдістерді физика сабағында үнемі қолданатын болсақ, онда оқушылар физикалық құбылыстардың мағынасын оңай әрі терең түсінеді, сондай-ақ, пәнге деген қызығушылығы артады.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст. М. Жармұхамедов, С.Дәуітов,[ А.Құдайбердиев.] - Алматы: Жазушы, 1988.

2. Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009.

3.Интернет көздері.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!