СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шындықтан туған шын поэзия"

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Шындықтан туған шын поэзия»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушының сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Тәрбиелік: Туған халқының ғасыр ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар, ақын кітаптары, ақынға арналған басылымдар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

І – бөлім. Зерттеу «Ақынның жұмбақ әлемі»(Ақынның өмірбаяны)

ІІ – бөлім. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Мәнерлеп оқу

ІІІ – бөлім. «Ақын — халықтың жүрегінде» Ақынның өзі оқыған өлеңдері

Сабақты бекіту

«Ғажайып даналықтың бір көзі — Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталды». Ә. Тәжібаев.

«Мұқағали поэзиясы-таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия»

(Ф.Оңғарсынова).

Жанар: Биыл қазақтың ағиық ақыны, сонымен қатар қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі Мұқағали Мақатаев 86 жасқа толды. Мұқағали – ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

Оның поэзиясы – өзі өмір сүрген дәуірдің шындығы. Мұқағалидың өмірде бағы мен соры қатар жүрген ақын. Ақынның бағы – оның өлмес жыры, ойлаумен өлең өрудің теңдесі жоқ классикалық әлемдік биігіне көтерілгені,өтірік өлең жаза алмағаны. Ал соры – өз қоғамына, өз ортасына сыймай қасірет кешкені, тапқан-таянғаны өз отбасына жетпей өмірінің қиыншылықпен өткені, өлмес, теңдессіз жырды замандастарының дер кезінде бағалай қоймағаны.Бағаласын-бағаламасын, танысын-танымасын өзіне, өзінің қайталанбас ақындық тағдырына іштей қалай сенсе, ол өз жырының ертеңіне, әр өлеңінің болашағына, туған халқының жасампаздығына солай сенген.

Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлар мен кең тынысты, көркем дастандар - сөз жоқ, сол Сенімнің жемісі.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз----

Алтынға мейлі толмай-ақ қойсын сандығым,

Ырзамын саған, Ырзамын саған тағдырым!-деп, өз тағдырына ырза болып кеткен ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың шығармашылығына арналады.

Бағлан:

Қайырлы кеш, ұлағатты ұстаздар, қымбатты қонақтар, озық ойлы оқушылар!

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.» — деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен, қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Томирис:

 «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны) Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы, яғни қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхамметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, сушы, шалғышы болып жұмыс істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан 1 қыз және 3 ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімі – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның тәрбиесінде болып, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді.

Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы болады. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар арасында ірі-ірі баспасөздерде қызмет атқарды. Тұңғыш өлеңі 1948 жылы жарық көрді.

Элдар:

Сырымда осы, жырымда осы.

Алдыңда.

Байқашы сен

Бықсыдым ба жандым ба?

Мақаңдар жоқ,

Мақаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда! – деп жарық сәулесін шашқан қазақ поэзиясының шоқ-жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан туған күні.

Жанар:

Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.

Ақын «Өткенде ғажап түс көрдім. Шешем Нағиман Батанқызы басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасында қуана болып, маған қарай келе жатыр екен. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді» деп айтқан екен.

Нұрсұлтан:

«Шеше сен бақыттысың»

Бағлан:

Жарығы күшті жұлдыздар… Бүгінде Мақатаевтың 35 мың жолға жуық өлеңі бар. Көптеген жыр жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар», «Шуағым менің», «Дариға жүрек», «Өмір дастан», «Өмір-өзен», «Аққулар ұйықтағанда» т.б. Мұқағали өлеңдерінде жазылған әндердің саны өте көп.

Атақты сазгер Нұрғиса Тілендиев бір естелігінде: «Мейлі наныңыз, мейлі нанбаңыз, сол жолы Мұқағали екеуміз тура отыз күн бойы біздің үйде өндіре жұмыс істедік. Мен отыздан астам ән шығардым. Ал сол әндердің бәріне мөлдіретіп тұрып өлең жазып шықты» — деп айтқан екен. Бірге соққан қос жүректен сол күндерде туған әндердің қатарында «Сөнбейді, әже, шырағың», «Домбыра досым», «Кел, еркем, Алатауыма!», «Сарыжайлау» секілді біртуар туындылары бар еді.

Хормен:

«Сарыжайлау» әні

Томирис:

Мұқағалидың ақын екеніне күмәні бар ақын ағамыздың екі досы болыпты. Бірі оператор мамандығын оқыса, екіншісі коператор болып қызмет атқарады екен. Бұрынғы кезде сатушы дегенді осылай атаған екен. Бір күні әлгі екі досы Мұқағалиды сынамақ болып, мейрамхана жанында күтеді. Сол кезде Мұқағали осы көшеден өтіп бара жатқанда, жаңағы екі досы ақынды қолтығынан ұстап:

-Бізге дәл қазір, осы жерде өлең шығарсаң, мына ресторанға кіргізіп, тамақтандырамыз, — дейді. Сонда Мұқағали ағамыз ойланбастан:

-Оң жағымда оператор, сол жағымда коператор,

Екеуі мені ресторанға апара жатыр, — деген екен.

Ол әрі төкпе суырып салма ақын. Өлеңсіз өмір сүре алмайтын адам. Тек өлеңге ғана сүйеніп өтті. Бүкіл азығы да, ойы да, өлең еді. Егін салып, орақ орған жоқ, кетпен де шаппады. Тек өлеңмен айналыса жүріп өмірден өтті.

Оқушының барлығы айтады: «Менің анкетам». Бүкіл сыныппен мәнерлеп оқу.

Элдар:

Мұқағалидың өлеңдерінің тақырыбы Отан, туған жер, махаббат, достық жайлы болса, келесі бір тобына поэзия, өзі туралы өлеңдерін, емхана, тағдыр,өмір мен өлім туралы өлеңдерін топтастыруға болады.Міне, осындай өмірін өлеңге,өлеңін мәңгілік өнерге айналдырған дара талант иесінің шығармалары азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді арқау ете отырып, адамдарды адалдыққа, сезім тазалығына, адамгершілікке, туған жерді қастерлеуге шақырады. Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағали да жалғыз. Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар… ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын құт игілігіне асырып, халық арасында кеңінен насихаттау деп түсінеміз.

Өлеңнің құдіреті сізде екенін,

Білдім мен көңіл-құсқа іздетемін.

Артымда өнер қуған өрендер бар,

Деп артып кеткендейсің бізге сенім

Жанар:

«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда, әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп, жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр».(Осы тұста Мұқағалидың даусы тыңдалады)

Практикант сөйлейді.

Айгерім: «Сен менің еліме бар»                                                                                                              

Бану: «Қара өлең»

Аян: «Дос болам десең»

Мұхтар: «Отан туралы»

Жүсіп: «Досыма»

Жанар:

Мұқағали – біздің заманымыздың ғажайып ақыны. Ақынның өзі «Кімде-кім шынымен менің өткен өмірімді білмек, зерттемек болса, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпасын. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін» — деген екен.

Практикант сөйлейді.                                                                    

Бағлан:

Ақынның өміршіл өлеңі, артында қалған асыл мұрасы өмірдегі қандай сыйға болса да лайық дейміз.

Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы,

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның, Өлген күні болған емес болмайды! — дей отырып бүгінгі «Шындықтан туған шын поэзия» атты ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.

Просмотр содержимого документа
«"Шындықтан туған шын поэзия"»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!