СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сөйлем және оның түрлерін қайталау" сабақ жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқушылардың сөйлем және оның түрлері, тыныс белгілері, сөздердің байланысы жайлы алған білімдерін қайталау, тиянақтау.

Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін кеңейту, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, үнемшілдікке баулу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ типі: Қайталау

Әдісі: салыстыру, сұрақ жауап, көрнекілік

Көрнекілігі: сызба, киіз үй бөліктерінің суреттері, қима қағаз

Технология: сын тұрғысынан ойлау, АКТ

Просмотр содержимого документа
«"Сөйлем және оның түрлерін қайталау" сабақ жоспары»

Сынып: 2

Тақырыбы: Сөйлем және оның түрлерін қайталау

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушылардың сөйлем және оның түрлері, тыныс белгілері, сөздердің байланысы жайлы алған білімдерін қайталау, тиянақтау.

Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін кеңейту, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, үнемшілдікке баулу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ типі: Қайталау

Әдісі: салыстыру, сұрақ жауап, көрнекілік

Көрнекілігі: сызба, киіз үй бөліктерінің суреттері, қима қағаз

Технология: сын тұрғысынан ойлау, АКТ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа психологиялық дайындау.

ІІ. Қызығушылығын ояту

Әрбір адам - Туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ - Үйрену, ұғаым, ұлағат

Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің – Шындық, бірлік, адалдық

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Құраған сөйлемдерін дәптерлерінен тексеру.

ІV. Негізгі бөлім

  • Өткен сабақтарда қандай тақырыппен таныстық?

  • Олай болса, мына сызбаға назар аударайық.

( сөйлем, оның түрлері, тыныс белгілері туралы айтады және тақтада өздері жазады)

  • Сөйлем деген не?

  • Сөйлем нешеге бөлінеді?

  • Балалар, сендер білесіңдер ме? Ертедегі қазақтардың баспанасы қалай аталған?

  • Бүгін сол киіз үй туралы толық мәлімет аламыз.

  • Киіз үй бірнеше бөлшектерден құралады. Оны құрастыратын адамды «үйші» деп атайды екен. енді, мына тапсырманы орындасақ киіз үйдің алдымен қандай бөлшеге құрастырылатынын біле аламыз.

№1 қима қағаз

Сәйкестігін тап:

  1. Хабарлы сөйлем

А. Өркенің өссін, қарағым

Ә. М ысық қалай дыбыстайды

  1. Сұраулы сөйлем

Б. Мал жайылады

В. Тұр орныңнан

  1. Лепті сөйлем

Г. Айжан мектептен келді

Ғ. Кино нешеде басталады



  • Балалар, киіз үйдің іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлігін кереге деп атайды екен. Міне мынау кереге.

  • Киіз үй құрау үшін керегеден кейін қай бөлік керек екенін білу үшін келесі тапсырманы орындап көрейік.

(№ 2 қима қағаз «Орныңды тап» ойыны н дәптерде орындайды )

«Орныңды тап» ойыны

  1. Оқиды нешінші Маржан сыныпта

  2. Келе апам алақай жатыр

  3. Киінді Ақжол жылы

  • Балалар, сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Енді мен сендерге киіз үйді құрау үшін керегеден кейін не екенін айтып берейін. Ол – шаңырақ. Ол киіз үйдің ең биік төбесінде тұрады, киіз үйдің бас бөлігі. Міне, балалар, мынау шаңырақ. Енді шаңырақтан кейін қандай бөлік келетінін білу үшін, келесі тапсырманы орындайық.

  • Төменде берілген лепті сөйлемдерді тиісті көңіл күймен сәйкестендір.

(№ 3 қима қағаз)

  • Балалар, мына тапсырманы да жақсы орындадыңдар. Енді мен сендерге шаңырақтан кейін не орналастыратынын айтып берейін. Ол – уық. Уық-шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш. Міне, мынау уық.

  • Балалар, уықтан кейін не орналасатынын білгілерің келе ме? Ол үшін келесі тапсырманы орындайық.

(№ 4 қима қағаз.Сызба бойынша сөйлем құрау, сұрақ қою арқылы байланысын ауызша талдау)



  • Балалар, уықтан кейін есік орналасады. Міне мынау киіз үйдің есігі. Енді есіктен кейін қандай бөлік орналасатынын білгілерің келсе, мына тапсырманы орындайық.

( № 5 қима қағаз. Сызба бойынша сөйдем құрау)

  • Балалар, бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар. Есіктен кейін туырлық орналасады. Туырлық-ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабылатын киіз.

  • Өте жақсы,балалар,көрдіңдер ме? Мынау киіз үй. Сендердің тапсырмаларды жақсы орындағандарыңның арқасында біз киіз үйді құрап шықтық.Жарайсыңдар!

V. Қорытынды:

Әрбір балаға сөйлемдер таратылады. Сол сөйлемдерді тиісті үйге кіргізеді.

VІ. Үйге тапсырма

5 сөйлем құрап, сөйлем байланысын сызба арқылы талдау

VІІ. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!