СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сүйіспеншілік пен достық

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары. Сүйіспеншілік пен достық. 7-сынып

Просмотр содержимого документа
«Сүйіспеншілік пен достық»

Сабақ жоспары

САБАҚ: 1

Мектеп: №34МГ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Гизатова А.Н.

Сынып: 7 «В»

Қатысқан оқушылар саны:21

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу.

Сабақтың мақсаттары

Достық тақырыбын саралай келіп, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазады.

Бағалау критерийлері

  • Эссенің құрылымдық бөлімдерін дұрыс сақтап жазады.

  • Тақырыпқа қатысты өзіндік ой-пікірін дәлелді береді.

  • Шешімді растайтын дәлелдемелер мен қарсы дәлелелдер нақты көрсетеді.

Құндылықтар

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жеке, топта жұмыс істей алады.

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс

Өнер

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: шынайы достық, жалған достық, сенімді, сырлас жан, жанына жақын, сыр ақтару, ауыр сөз айтқан дос емес (мақал), дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады (мақал)

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, себебі, мысалы, сондықтан

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар «Сүйіспеншілік пен достық» тарауы бойынша білімдерін тереңдетіп, тілдік дағдыларын арттырды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин


4 минут

1.Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері түсіндіріледі.

2. Ой қозғау. Бейнебаянда Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді тыңдатылады.

Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіз ?

Автордың пікірімен келісесіз бе ?

Осы мәселе туралы сіз не ойлайсыз?

Ең маңыздысы не ?


https://www.youtube.com/watch?v=NtGviiKhdoI

00:47-ге дейін




Сабақтың ортасы

2 мин














5 мин





25 мин





















5мин


І Эссе жазу үшін тақырып бойынша ой қозғау (жағдаят)

  1. Оқушылар жағдаятпен танысады

Аңсар пен Мирас екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң, далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: «Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы», - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... 

- Аңсар егер адал дос болса, қалай жауап берер еді деп ойлайсыздар?

Оқушылар топтарда талқылайды. Мұғалім топтық талқылауды бақылайды, сұрақтармен, нұсқаулармен бағыт береді.

ІІ Эссе жазу. Тақырыбы: «Досыңа ащы да болса шындықты айтқан дұрыс» деген оймен келісесіз бе?» тақырыбында келісу және келіспеу себептерін нақты дәлелдей отырып эссе жазады. Сөз көлемі —150 сөз

  1. ЖЖ Тақырыппен танысқан соң, оқушылар жұпта келісемін және келіспеймін аргументтерін тізіп жазады.

    Аргументтер

    Келісемін

    Келіспеймін



  2. Жұпта келтірілген аргументтерді топта талқылайды.

  3. Әр оқушы жеке эссе жазады.


Дескрипторлар:

1.Тақырыптан ауытқымайды.

2. Эссенің құрылымдық бөлімдерін дұрыс сақтап жазады.

3.Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу 2 не 3 себебін көрсетеді.

«Автор орындығы» әдісі

Жазба жұмыстарын ұсынады. Оқушылар автор орындығында отырған оқушыға сұрақ қояды



Сабақтың соңы

2 мин


Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Таратпа








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!