СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Тәуелсіз елімнің тарихына тағзым»

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл. Еліміз осы аз уақыт ішінде көптеген жетістікке қол жеткізді.  Қазақстан 27 жылдық мерейтойға орай қазақстандықтардың өміріндегі 27 елеулі өзгеріс пен жетістікті назарларыңызға ұсынады.

1991 жылы тарихы тереңде жатқан Қазақстан Республикасы жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болды. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Ұлттық мерекеге орай Қазақстанның барлық өңірінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылып, республика азаматтарының арасында әр саладағы көзге түскен ерекше мамандар марапатталады

Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіз елімнің тарихына тағзым»»

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» МКҚК





«Бекітемін»

ОӘБЖ директордың орынбасары

___________Ж.М.Жумалиева

«___»____________ 2019 ж









«Тәуелсіз елімнің тарихына тағзым»

сыныптан тыс шара











Өткізген тарих пәнінің оқытушысы

Ж.М. Ахметова











Орал, 2019



Сыныптан тыс шара тақырыбы: Тәуелсіз елімнің тарихына тағзым

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің тарихи кезеңдеріне шолу жасап, оқушыларды елді жерді құрметтеуге тәрбиелеу, бойларында тәуелсіз елдің тарихына деген қызығушылық қалыптастырып, бойларында патриоттық сезім мен елге деген сенім қалыптастыру, елге қызмет етуге деген құлшыныс қалыптастыру.

Өту барысы:

Көрнекілігі: слайдтар, көркем фильмнен, деректі фильмнан үзінділер

Барысы:

Кіріспе сөз: Тарих пәнінің оқытушысы Ахметова.Ж. М.

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл. Еліміз осы аз уақыт ішінде көптеген жетістікке қол жеткізді.  Қазақстан 27 жылдық мерейтойға орай қазақстандықтардың өміріндегі 27 елеулі өзгеріс пен жетістікті назарларыңызға ұсынады.

1991 жылы тарихы тереңде жатқан Қазақстан Республикасы жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болды. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Ұлттық мерекеге орай Қазақстанның барлық өңірінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылып, республика азаматтарының арасында әр саладағы көзге түскен ерекше мамандар марапатталады.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі атанды. Сондай-ақ, осы жылы мемлекеттік рәміздер — әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР президенті "ҚР мемлекттік туы", "ҚР мемлекеттік елтаңбасы", "ҚР мемлекеттік әнұраны туралы" заңға қол қойды.

Қысқаша деректі фильм көрсетіледі

Тарихи шегініс: қысқаша көріністер көрсетіледі оқушылар қандай тарихи оқиғамен байланысты екенін табу керек

1.Сақтар, ғұндар,үйсіндер дәуірі

2.Дешті Қыпшақ даласы

3.Отырардың күйреуі

4.Қазақ хандығының құрылуы

5.Жоңғар шапқыншылығы

6.Ресейдің отаршылылдық саясаты

7.Көтерілістер ғасыры

8.1916 ж көтеріліс

9.Ұлы Отан соғысы

10.Желтоқсан көтерілісі

Қазақ елі- жаңа заман келбеті

Суреттер арқылы көрсетіліп, оқушылар анықтама береді

1994 жылы бір топ қазақстандық студент алғаш рет "Болашақ" бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Аталған стипендия түлектердің кәсіби маманданып, қызметте табысты жоғарылауына көмектеседі. Бүгінде "Болашақ" түлектері көптеген мемлекеттік қызметте, отандық және халықаралық ұйымдарда, акционерлік қоғамдарда жұмыс істеп жүр.

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.


1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда ҚР премьер-министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті.

1998 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартты. Осы жылға дейін 55 және 60 жастан бастап шығып келген еді.


2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді.

2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і қола.

2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды. Сондай-ақ, осы кезде ел астанасына мемлекет басшысының есімін беру туралы ұсыныстар айтылды.
2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ете бастады. Төрағалықтың негізгі мақсаты Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша құжат қабылдау болды. Кеңестің тұрақты емес мүшелері бұл қызметке кезекпен кіріседі.

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,
қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да! Қалқаман Сарин


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!