СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тарихи т?л?алар" курсыны? о?у ба?дарламасы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Негізгі орта білім беру де?гейіні?

6/8 сыныптарына арнал?ан

«Тарихи т?л?алар»

курсыны? о?у ба?дарламасы

 

1. Т?сінік хат

 

          1. Ба?дарлама Елбасымызды? "20 ?адам" стратегиялы? ма?аласында айт?андай "?аза?стан тарихыны? жа?а ?ырлары мен сырларын о?ушылар?а таныту ж?не патриотты? сезімдерін ны?айту басты ?станымыз" деген с?здерін басшылы??а ала отырып ?зірленді.

          2. «Тарихи т?л?алар» факультативтік курсы о?ушыларды? ?аза?стан тарихын игеруге, ?лы т?л?аларды? ?мірі мен е?бегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін ке?ейтуге тиімді ??растырыл?ан. Сонымен ?атар о?ушылар т?л?аларды? ?лгілі ?мірінен т?рбие алып, болаша?та ?аза?стан Республикасыны? туын биікке ?стап, беделін ас?а?тату?а ба?ыттал?ан.

          3. Ба?дарлама патриотты? ?асиеттері бар ж?не азаматты? борышын ойда?ыдай орындау?а ?абілетті т?л?аны дамыту?а ба?ыттал?ан.

 

          4. Сонымен бірге, ел басшысы Н.?.Назарбаев «?асырлар то?ысында» атты е?бегінде «Т?рбиені? т?п ма?саты – ?о?амны? нары?ты? ?арым-?атынас?а к?шу кезінде саяси экономикалы? ж?не рухани да?дарыстарды же?іп шы?а алатын, жан-жа?ты м?дениетті, рухани м?нге ие жеке т?л?аны т?рбиелеп, ?алыптастыру» - деп т?жырым жаса?ан.

          5. «?о?амсыз адам жо?, адамсыз ?о?ам жо?» - деген ?а?иданы басшылы??а алатын болса? тарих беттері ?лы т?л?алар мен батырлар?а, ?алымдар мен ??ламалар?а, саясаткерлерге толы. Оларды? ж?ріп ?ткен жолын саралау, ?ла?атты с?здерін ба?алау, ?негелі істерін айшы?тау – рухани – адамгершілік мол т?рбиені? ?айнар к?зі. Сонды?тан да белгілі бір тарихи кезе?дерде немесе д?уірлерде халы?ты? асыл арманын, тілек-м?ратын білдіруші де, оларды ж?зеге асыру ?шін де сол ?айраткерлік д?режеге к?терілген адамдар ізінен саба? алу – б?гінгі ?рпа?ты? ісі.

          6. О?ушылар арасында рухани т?рбиені ?алыптастыруда тарихи т?л?аларды? алар орны ерекше. «?ткенді білмей, келешекті болжау ?иын» дегендей тарихи т?л?аларды? тарихта?ы игі істерін, жа?ымды ?асиеттерін ?з бойына ?ондырып, кеткен кемшіліктерінен саба? алу да б?гінгі ?рпа?ты? еншісінде.

          7. ?аза? даласы ?ай заманда да дарынды, а?ылды адамдардан кенде ?ал?ан емес. Адамзат тарихыны? ?р ?асырында ?з д?уіріне лайы?ты кеме?гер адамдар ?мір с?рген. Олар тек ?зі ?шін ?ана емес, хал?ы ?шін ?мір кешкендіктен тарихтан еш уа?ытта ?шпес орнын иемденген. ?лыларды? ж?ріп ?ткен жолдары, о?ан ?оса соларды? айт?ан ?сиеттері мен істеген істері рухани т?рбиеге толы.

          8. Адамны? ?мірге келгендегі басты ма?саты айналаны жазалау, ?аралау емес. Керісінше, д?ниедегі жа?сы-жаманды танып, білім алу?а, ?згелерге жа?сылы? жасау?а ?мтылу керек. Хал?ымызды? біртуар ?лы Абай атамызды? ?рпа?ына ?лгі - ?неге бол?ан ?ара с?здеріні? 19 - шы с?зінде: «Адам ата - анадан ту?анда есті болмайды: естіп, к?ріп, ?стап, татып, ескерсе, д?ниедегі жа?сы, жаманды таниды - да?ы, сондайдан білгені, к?ргені к?п бол?ан адам білімді болады. Естілерді? айт?ан с?здерін ескеріп ж?рген кісі ?зі де есті болады. ?рбір естелік жеке ?зі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жа?сы н?рселерін ескерсе, жаман дегеннен са?танса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады...» деген екен. Олай болса, келер ?рпа?ты? тарихи т?л?аларды? ж?ріп ?ткен жолынан алар ?негесі мен рухани т?лім-т?рбиесі ?шан-те?із, осы адамгершілік ??ндылы?тарды  о?ушыларды? бойына сі?діре білу ?стаз - бізді? парызымыз болма?!

          9. Б?л факультативтік курс балаларды? жас ерекшеліктеріне ж?не талаптарына сай ??рыл?ан.

          10. Ба?дарламаны? сипаты: адамзат тарихы ?р д?уірде, ?р кезе?де ?здеріні? ой-парасатымен, білік-білімімен, кеме?герлік болмысымен, берісі ?лт дамуына, ?рісі ?лемдік ??ндылы?тарымызды? молаюына орасан ?лес ?ос?ан т??ыры биік  т?л?алар?а бай. Д?ниеж?зі ?ркениеттеріні? ар?ы-бергі тарихына к?з ж?гіртер болса?, сол т??ырлы т?л?алар адамзат баласына орта? сауалдар?а жауап іздеу ар?ылы ?з ?лтыны? к?кейкесті м?селелерін жалпыадамзатты? таным мен талдау биігіне к?теріп отыр?ан. Соны? н?тижесінде ?лтты? ойлау ше?беріні? шек-шекарасы ке?ейіп, оны? ?дебиеті мен ?неріні?, ?ылымы мен біліміні?, рухани ке?істігіні? абырой-беделі ?лемдік сипат?а ие бол?ан. Оны? ішінде ?аза?станны? мемлекет болып ?алыптасуына тарихи ?айраткерлерді? ?ос?ан ?лесі мол. Тарих тол?ынында есімі елге танымал бол?ан ?айраткерлерді? ?мірі ж?не шы?армашылы?ы ал?а жетелейді, т?рбие береді.

          11. Курсты о?ыту ма?саты:

- коммуникативтік, тілдік, м?дени-танымды? біліктілігі дары?ан т?л?а даярлау?а м?мкіндік ту?ызу;

- ?аза?стан тарихын, рухани ж?не материалды? м?дениетін, т?рмысын таныту, я?ни тарихи-м?дени таным біліктілігін ?алыптастыру;

- ?лемдік тарихи ?дерісті? ??рамдас б?лігі ретінде ?аза?станда адамзат ?о?амыны? даму тарихы туралы білімін ?алыптастыру;

- тарихи о?и?алар, ??былыстарды дербес талдай білу, ?о?амды? ??былыстар?а ?зіндік к?з?арастарын білдіру, к?нделікті ?мірде білімін ?олдана білу да?дыларын дамыту;

- тарихи деректермен ж?мыс жасай білу ж?не тарихи білімдерін шы?армашылы?пен ?олдану да?дыларын ?алыптастыру, тарихи о?и?алар мен ??былыстарды салыстырмалы талдау ар?ылы ой елегінен ?ткізуге да?дыландыру;

- жас жеткіншектерді? Отаны мен халы? алдында жауапкершілікті сезінетін азаматты? позициясын ?алыптастыру;

- еліне ?ызмет етуге дайын, Отанс?йгіш, ?аза? хал?ыны? тарихы мен м?дениетін ??рметтейтін белсенді азамат т?рбиелеу;

- Т?уелсіз ?аза?стан тарихында ?зіндік ?шпес із ?алдыр?ан асыл т?л?алармен таныстыру, оларды? жар?ын істерін ?скеле? ?рпа??а ?лгі ету.

 

          12.Курсты о?ыту міндеттері:

          1) о?ушылар бойында т?уелсіздік, ел, жер, ?лтты? болмыс, ?лтты? таным, ?лтты? намыс, ?лтты? сана категорияларын ?алыптастыру;

          2) "жеке т?л?а", "патриот", "азамат", "азаматты?", "азаматшылы?", "патриотизм" ??ымдарыны? адам ?міріндегі р?лін к?рсету;

          3) о?ушыларды ?аза?стан тарихында?ы тарихи т?л?алар?а ?атысты деректермен ж?мыс істей білуге ?йрету ж?не осы салада?ы білімін шы?армашылы?пен дамыту да?дысын арттыру;

          4) о?у-т?рбие процесін ?йымдастыруда ?скеле? ?рпа?ты тарихи т?л?алар ?лгілерімен, ?аза?станды? патриотизм мен халы?ты? е? жа?сы д?ст?рлері рухында т?рбиелеу бойынша ж?мысты к?шейту; 

          6) Т?уелсіз ?аза?станны? ??ндылы?тарын са?тау?а жанжа?ты ы?пал ету.

          13.К?тілетін н?тижелер:

- тарихи ?айраткерлерді? ?мірі ж?не шы?армашылы?ы туралы мазм?ндай алады;

- тарихи т?л?алармен танысып, ?з к?з?арастарын орта?а сала біледі;

- ?лем тарихы бойнша т?л?аларды? ?ос?ан ?лесін ба?алай біледі;

- ту?ан ел, ерлік туралы ма?ал-м?телдерді, ?ле?дерді м?нерлеп жат?а айта алады.

14. О?у ж?ктемесіні? к?лемі:

6/8-сыныпта аптасына - 1 са?ат, о?у жылында – 34 са?ат;

 

 

 

2. О?у п?ніні? базалы? білім мазм?ны

 

      8. «Тарихи т?л?алар» о?у п?ніні? базалы? мазм?ны т?мендегідей та?ырыптардан т?рады:

          1) Кіріспе: "Тарихи т?л?алар" курсыны? мектеп ба?дарламасында алатын орны.

          9. Байыр?ы заманны? тарихи т?л?алары (3 са?ат):

          1) Са? патшасы - Т?мар ханша (Томирис) (1 са?ат);

          2) М?де ?а?ан - ??н мемлекетіні? негізін салушы (1 са?ат);

          3) М?де ?а?ан - ??н мемлекетіні? негізін салушы (1 са?ат).

          10. Орта ?асырда?ы тарихи т?л?алар (2 са?ат):

          1) ?ор?ыт ата, Домала? ана (1 са?ат),

          2) Тонык?к, Білге ?а?ан (1 са?ат).

          11. Орта ?асыр ??ламалары (4 са?ат):

          1) Ж?сіп Баласа??ни ("??тад?у білік") (1 са?ат);

          2) М?хамед Хайдар Дулати ("Тарихи Рашиди") (1 са?ат);

          3) ?бу Насыр ?л-Фараби, Махм?д ?аш?ари (1 са?ат);

          4) Ахмет И?гнеки, ?ожа Ахмет Яссауи (1 са?ат).

          12. ?аза? ханды?ын ??руда?ы тарихи т?л?алар (5 са?ат):

          1) Керей мен Ж?нібек (1 са?ат);

          2) ?асым хан ("?асым ханны? ?ас?а жолы") (1са?ат),

          3) Есім хан ("Есім ханны? ескі жолы") (1 са?ат);

          4) Т?уке хан ("Жеті Жар?ы" за?дар жина?ы) (1 са?ат);

          5) Абылай хан (1 са?ат).

          13. Ата?ты жыраулар (3 са?ат):

          1) Б??ар жырау (1 са?ат);

          2) А?тамберді жырау (1 са?ат);

          3) Т?ті?ара (1 са?ат).

          14.  ?аза? тарихында?ы ата?ты батырлар ерліктерінен (3 са?ат):

          1) ?аракерей ?абанбай (1 са?ат);

          2) Шапырашты Наурызбай (1 са?ат);

          3) Ар?ын А?ынтай (1 са?ат).

          15. Х?ІІІ-ХІХ ?асырларда?ы ?лт-азатты? к?терілістер (3 са?ат):

          1) Сырым Дат?лы (1 са?ат);

          2) Кенесары ?асым?лы (1 са?ат);

          3) Исатай мен Махамбет (1 са?ат).

          16. Ата?ты ?аза? к?йшілері (4 са?ат):

          1) Д?улеткерей Шы?ай?лы (1 са?ат);

          2) Т?ттімбет ?азан?ап?лы (1 са?ат);

          3) Дина Н?рпейісова (1 са?ат);

          4) ??рман?азы Са?ырбай?лы (1 са?ат).

          17. Ата?ты ?ншілер (1 са?ат):

          1) Біржан сал, Жаяу М?са, А?ан Сері(1 са?ат).

          18. ?аза? а?артушылары (2 са?ат):

          1) А.??нанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.У?лиханов (1 са?ат);

          2) А.Байт?рсынов, М.Дулатов, ?.Б?кейханов (1 са?ат).

          19. Т?уелсіздік т?л?алары (2 са?ат):

          1) Н?рс?лтан Назарбаев

          2) Сара Назарбаева, Дари?а Назарбаева

          20. ?орытынды саба? (тарихи-танымды? ойын).

 

 

 

3. О?ушыларды? дайынды? де?гейіне ?ойылатын талаптар

 

          21. П?ндік н?тижелер бойынша 6/8 сыныпты? со?ында о?ушылар:

          1) Т?уелсіздік тарихын;

          2) Елбасыны? Отанына ж?не елдік м?рат?а деген адалды?ын;

          3) жеке т?л?алы?, ?леуметтік, ?о?амды? ??былыстар мен д?ст?рлерді? м?дениеттанымды? негізін;

          4) т?рлі деректерден тарихи а?парат алу ж?йесін;

          5) та?ырыпты? тарихи фактілерді талдап ?орытуды;     

          22. Т?л?алы? н?тижелер о?ушыларды?:

          1) т?уелсіздік тарихынан та?ылым алуынан;           2) азаматты? жауапкершілігінен;           3) ?лтты? болмыс, ?лтты? таным, ?лтты? намыс, ?лтты? сана категорияларынан;           4) ?азіргі ?о?ам с?ранымына ?ажет ?леуметтік белсенділігінен;           5) ?лтжандылы? ?асиеттерінен;           6) ?арым-?атынас м?дениетін ме?геруінен;           7) ?лем м?дениетіне, зайырлылы? пен ?ркениетке ??рметпен ?арау да?дысынан к?рініс табуы тиіс.           23. Ж?йелі-?рекеттік н?тижелер бойынша о?ушылар:           1) тарихи ?дерістерді дербес талдай білуді, тарихи фактілер, ??былыстар мен т?л?алар?а дербес к?з?арас білдіру бейімін ж?не та?ырыпты? негізде т?йінді т?жырымдарды жасай білуі;          2) деректермен ж?мыс істей білу, оларды саралау, жина?тау ж?не тарихи о?и?аларды ба?алау мен осы салада?ы білімін шы?армашылы?пен дамыту да?дысын;         3) мемлекетшілдік ізденістерге, ?айраткерлік е?бекке ??рметпен ?арайтын ж?не елдік д?ст?р ??ндылы?тарын жете т?сінетін саналылы? келбетін;        4) ?ылыми ізденімпазды? ?абілетін, ?азіргі жа?а технологиялар негізінде а?паратты ж?йелеу, ??дей білу, са?тау ж?не тарата білуді ?олдана білуі тиіс.

Просмотр содержимого документа
«"Тарихи т?л?алар" курсыны? о?у ба?дарламасы»

Негізгі орта білім беру деңгейінің

6/8 сыныптарына арналған

«Тарихи тұлғалар»

курсының оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат


1. Бағдарлама Елбасымыздың "20 қадам" стратегиялық мақаласында айтқандай "Қазақстан тарихының жаңа қырлары мен сырларын оқушыларға таныту және патриоттық сезімдерін нығайту басты ұстанымыз" деген сөздерін басшылыққа ала отырып әзірленді.

2. «Тарихи тұлғалар» факультативтік курсы оқушылардың Қазақстан тарихын игеруге, ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін кеңейтуге тиімді құрастырылған. Сонымен қатар оқушылар тұлғалардың үлгілі өмірінен тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталған.

3. Бағдарлама патриоттық қасиеттері бар және азаматтық борышын ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған.



4. Сонымен бірге, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, жан-жақты мәдениетті, рухани мәнге ие жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру» - деп тұжырым жасаған.

5. «Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ» - деген қағиданы басшылыққа алатын болсақ тарих беттері ұлы тұлғалар мен батырларға, ғалымдар мен ғұламаларға, саясаткерлерге толы. Олардың жүріп өткен жолын саралау, ұлағатты сөздерін бағалау, өнегелі істерін айшықтау – рухани – адамгершілік мол тәрбиенің қайнар көзі. Сондықтан да белгілі бір тарихи кезеңдерде немесе дәуірлерде халықтың асыл арманын, тілек-мұратын білдіруші де, оларды жүзеге асыру үшін де сол қайраткерлік дәрежеге көтерілген адамдар ізінен сабақ алу – бүгінгі ұрпақтың ісі.

6. Оқушылар арасында рухани тәрбиені қалыптастыруда тарихи тұлғалардың алар орны ерекше. «Өткенді білмей, келешекті болжау қиын» дегендей тарихи тұлғалардың тарихтағы игі істерін, жағымды қасиеттерін өз бойына қондырып, кеткен кемшіліктерінен сабақ алу да бүгінгі ұрпақтың еншісінде.

7. Қазақ даласы қай заманда да дарынды, ақылды адамдардан кенде қалған емес. Адамзат тарихының әр ғасырында өз дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін ғана емес, халқы үшін өмір кешкендіктен тарихтан еш уақытта өшпес орнын иемденген. Ұлылардың жүріп өткен жолдары, оған қоса солардың айтқан өсиеттері мен істеген істері рухани тәрбиеге толы.

8. Адамның өмірге келгендегі басты мақсаты айналаны жазалау, қаралау емес. Керісінше, дүниедегі жақсы-жаманды танып, білім алуға, өзгелерге жақсылық жасауға ұмтылу керек. Халқымыздың біртуар ұлы Абай атамыздың ұрпағына үлгі - өнеге болған қара сөздерінің 19 - шы сөзінде: «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады...» деген екен. Олай болса, келер ұрпақтың тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолынан алар өнегесі мен рухани тәлім-тәрбиесі ұшан-теңіз, осы адамгершілік құндылықтарды  оқушылардың бойына сіңдіре білу ұстаз - біздің парызымыз болмақ!

9. Бұл факультативтік курс балалардың жас ерекшеліктеріне және талаптарына сай құрылған.

10. Бағдарламаның сипаты: адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ой-парасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік тұлғаларға бай.
Дүниежүзі өркениеттерінің арғы-бергі тарихына көз жүгіртер болсақ, сол тұғырлы тұлғалар адамзат баласына ортақ сауалдарға жауап іздеу арқылы өз ұлтының көкейкесті мәселелерін жалпыадамзаттық таным мен талдау биігіне көтеріп отырған. Соның нәтижесінде ұлттың ойлау шеңберінің шек-шекарасы кеңейіп, оның әдебиеті мен өнерінің, ғылымы мен білімінің, рухани кеңістігінің абырой-беделі әлемдік сипатқа ие болған.
Оның ішінде Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесі мол. Тарих толқынында есімі елге танымал болған қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы алға жетелейді, тәрбие береді.

11. Курсты оқыту мақсаты:

- коммуникативтік, тілдік, мәдени-танымдық біліктілігі дарыған тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу;

- Қазақстан тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, тұрмысын таныту, яғни тарихи-мәдени таным біліктілігін қалыптастыру;

- әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

- тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

- тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;

- жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

- еліне қызмет етуге дайын, Отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

- Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзіндік өшпес із қалдырған асыл тұлғалармен таныстыру, олардың жарқын істерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.


12.Курсты оқыту міндеттері:

1) оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын қалыптастыру;

2) "жеке тұлға", "патриот", "азамат", "азаматтық", "азаматшылық", "патриотизм" ұғымдарының адам өміріндегі рөлін көрсету;

3) оқушыларды Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғаларға қатысты деректермен жұмыс істей білуге үйрету және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;

4) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда өскелең ұрпақты тарихи тұлғалар үлгілерімен, қазақстандық патриотизм мен халықтың ең жақсы дәстүрлері рухында тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту;

6) Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын сақтауға жанжақты ықпал ету.

13.Күтілетін нәтижелер:

- тарихи қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы туралы мазмұндай алады;

- тарихи тұлғалармен танысып, өз көзқарастарын ортаға сала біледі;

- әлем тарихы бойнша тұлғалардың қосқан үлесін бағалай біледі;

- туған ел, ерлік туралы мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айта алады.

14. Оқу жүктемесінің көлемі:

6/8-сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;




2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны


      8. «Тарихи тұлғалар» оқу пәнінің базалық мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

1) Кіріспе: "Тарихи тұлғалар" курсының мектеп бағдарламасында алатын орны.

9. Байырғы заманның тарихи тұлғалары (3 сағат):

1) Сақ патшасы - Тұмар ханша (Томирис) (1 сағат);

2) Мөде қаған - ғұн мемлекетінің негізін салушы (1 сағат);

3) Мөде қаған - ғұн мемлекетінің негізін салушы (1 сағат).

10. Орта ғасырдағы тарихи тұлғалар (2 сағат):

1) Қорқыт ата, Домалақ ана (1 сағат),

2) Тоныкөк, Білге қаған (1 сағат).

11. Орта ғасыр ғұламалары (4 сағат):

1) Жүсіп Баласағұни ("Құтадғу білік") (1 сағат);

2) Мұхамед Хайдар Дулати ("Тарихи Рашиди") (1 сағат);

3) Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмұд Қашқари (1 сағат);

4) Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Яссауи (1 сағат).

12. Қазақ хандығын құрудағы тарихи тұлғалар (5 сағат):

1) Керей мен Жәнібек (1 сағат);

2) Қасым хан ("Қасым ханның қасқа жолы") (1сағат),

3) Есім хан ("Есім ханның ескі жолы") (1 сағат);

4) Тәуке хан ("Жеті Жарғы" заңдар жинағы) (1 сағат);

5) Абылай хан (1 сағат).

13. Атақты жыраулар (3 сағат):

1) Бұқар жырау (1 сағат);

2) Ақтамберді жырау (1 сағат);

3) Тәтіқара (1 сағат).

14. Қазақ тарихындағы атақты батырлар ерліктерінен (3 сағат):

1) Қаракерей Қабанбай (1 сағат);

2) Шапырашты Наурызбай (1 сағат);

3) Арғын Ағынтай (1 сағат).

15. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістер (3 сағат):

1) Сырым Датұлы (1 сағат);

2) Кенесары Қасымұлы (1 сағат);

3) Исатай мен Махамбет (1 сағат).

16. Атақты қазақ күйшілері (4 сағат):

1) Дәулеткерей Шығайұлы (1 сағат);

2) Тәттімбет Қазанғапұлы (1 сағат);

3) Дина Нұрпейісова (1 сағат);

4) Құрманғазы Сағырбайұлы (1 сағат).

17. Атақты әншілер (1 сағат):

1) Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан Сері(1 сағат).

18. Қазақ ағартушылары (2 сағат):

1) А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов (1 сағат);

2) А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов (1 сағат).

19. Тәуелсіздік тұлғалары (2 сағат):

1) Нұрсұлтан Назарбаев

2) Сара Назарбаева, Дариға Назарбаева

20. Қорытынды сабақ (тарихи-танымдық ойын).




3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


21. Пәндік нәтижелер бойынша 6/8 сыныптың соңында оқушылар:

1) Тәуелсіздік тарихын;

2) Елбасының Отанына және елдік мұратқа деген адалдығын;

      3) жеке тұлғалық, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстар мен дәстүрлердің мәдениеттанымдық негізін;

4) түрлі деректерден тарихи ақпарат алу жүйесін;

5) тақырыптық тарихи фактілерді талдап қорытуды;     

22. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

1) тәуелсіздік тарихынан тағылым алуынан;
      2) азаматтық жауапкершілігінен;
      3) ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларынан;
      4) қазіргі қоғам сұранымына қажет әлеуметтік белсенділігінен;
      5) ұлтжандылық қасиеттерінен;
       6) қарым-қатынас мәдениетін меңгеруінен;
      7) әлем мәдениетіне, зайырлылық пен өркениетке құрметпен қарау дағдысынан көрініс табуы тиіс.
       23. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша оқушылар:
       1) тарихи үдерістерді дербес талдай білуді, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдарды жасай білуі;
      2) деректермен жұмыс істей білу, оларды саралау, жинақтау және тарихи оқиғаларды бағалау мен осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын;
      3) мемлекетшілдік ізденістерге, қайраткерлік еңбекке құрметпен қарайтын және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін;
      4) ғылыми ізденімпаздық қабілетін, қазіргі жаңа технологиялар негізінде ақпаратты жүйелеу, өңдей білу, сақтау және тарата білуді қолдана білуі тиіс.


















Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

«Тарихи тұлғалар»

6/8 сыныптар

(барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат)


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Кіріспе

1



Байырғы заманның тарихи тұлғалары (3 сағат)

2

Сақ патшасы - Тұмар ханша (Томирис)

1



3

Мөде қаған - ғұн мемлекетінің негізін салушы.

1



4

Еділ қаған (Аттила)

1



Орта ғасырдағы тарихи тұлғалар (2 сағат)

5

Қорқыт ата, Домалақ ана

1



6

Тоныкөк, Білге қаған

1



Орта ғасыр ғұламалары (4 сағат)

7

Жүсіп Баласағұни ("Құтадғу білік")




8

Мұхамед Хайдар Дулати ("Тарихи Рашиди")




9

Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмұд Қашқари




10

Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Яссауи




Қазақ хандығын құрудағы тарихи тұлғалар (5 сағат)

11

Керей мен Жәнібек




12

Қасым хан ("Қасым ханның қасқа жолы")




13

Есім хан ("Есім ханның ескі жолы")




14

Тәуке хан ("Жеті Жарғы" заңдар жинағы)




15

Абылай хан




Атақты жыраулар (3 сағат)

16

Бұқар жырау




17

Ақтамберді жырау




18

Тәтіқара




Қазақ тарихындағы атақты батырлар ерліктерінен (3 сағат)

19

Қаракерей Қабанбай




20

Шапырашты Наурызбай




21

Арғын Ағынтай




ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістер (3 сағат)

22

Сырым Датұлы




23

Кенесары Қасымұлы




24

Исатай мен Махамбет




Атақты қазақ күйшілері (4 сағат)

25

Дәулеткерей Шығайұлы




26

Тәттімбет Қазанғапұлы




27

Дина Нұрпейісова




28

Құрманғазы Сағырбайұлы




Атақты әншілер (1 сағат)

29

Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан Сері




Қазақ ағартушылары (2 сағат)

30

А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов




31

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов




Тәуелсіздік тұлғалары (2 сағат)

32

Нұрсұлтан Назарбаев




33

Сара Назарбаева, Дариға Назарбаева




34

Қорытынды сабақ. Тарихи-танымдық ойын





































Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Майқайың жалпы орта білім беретін мектеп» КММ


Тексерілді Бекітемін

Оқу ісінің орынбасары Мектеп директоры

М. Р. Кожина Н. Ш. Молдағалиева

«___»_ 2015 ж. «___»__ 2015 ж.












6/8 сынып





Мұғалім: Кенбай Диана Нурлановна












2015-2016 оқу жылы

Оқышалар тізімі


Р/с

Оқушының аты-жөні

Сынып

1

Асайнова

Мадина

6-сынып

2

Серикбаева

Аделя

6-сынып

3

Касенова

Аяжан

8-сынып

4

Каскатаева

Аяулым

8-сынып

5

Шалхыманов

Темірлан

8-сынып



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!