СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тозаңдану және ұрықтану. ҚМЖ. 7 сынып. Биология

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Соққан желге тербеліп, тозаңдарының таралуына бейімделген. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған.   

Просмотр содержимого документа
«Тозаңдану және ұрықтану. ҚМЖ. 7 сынып. Биология»

Сабақ тақырыбы: Тозаңдану және ұрықтану ҚМЖ 7 сынып биология

Сабақ мақсаты: Жынысты көбеюін, тозаңдану және оның түрлері туралы түсінікті қалыптастыру. 
Сабақ міндеттері: 
Білімділік: Тозаңдану мен ұрықтану туралы түсінікті қалыптастыру. 
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Сабақ типі: Білім-білік дағдысын қалыптастыру. 
Сабақ түрі: Дәстүрлі. 
Сабақ әдісі: Баяндау әдісі. 
Көрнекілік: Тірек-сызба, плакат. 
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру (2 мин.)

2. Пысықтау сұрақтары (5 мин.)

3. Жаңа тақырып түсіндіру (15 мин.)

4. Бекіту (5мин.)

5. Үй тапсырмасын сұрау (15 мин.)

6. Бағалау (2 мин.)

7. Үйге тапсырма (1 мин.)

8. Қорытынды.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру сәті:

1) оқушылармен амандасу.

2) мәлімдеме бойынша журнал толтыру.

2. Пысықтау сұрақтары:

1. Гүлшоғырдың жеке гүлден айырмашылығы?

2. Гүлшоғырлар нешеге бөлінеді және оларды атандар?

3. Жай гүлшоғырмен күрделі гүлшоғырдың айырмашылығы неде?

4. Гүл мен гүлшоғырлардың маңыздылығы неде?

3. Жаңа тақырып:Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану.

Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің

көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.

Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. 
Тозаңдану

Өздігінен тозаңдану

Айқас тозаңдану

бунақденелілер арқылыжел арқылы 
Өздігінен тозаңдаңу – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты) түсуі. 
Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузыны түсуі. Айқас тозаңдануды – бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі. 
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне тозаңдар жабысады. Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузында қалып, тозаңдануға себепші болады. 
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Соққан желге тербеліп, тозаңдарының таралуына бейімделген. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған. 
Ұрықтану –аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады. Қосарлы ұрықтану құбылысын ашқан ғалым С.Г. Навашин.

4. Бекіту сұрақтары:

1.Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады?

2. Тозаңдану дегеніміз не?

3. Тозаңдану нешеге бөлінеді?

4. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?

5. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?

5. Үй тапсырмасын сұрау: 24 тақырып.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма: 25 тақырыпты оқып, сұрақтарға жауап беру.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!