СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұстаздың еңбегі- оқушының жетістігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаздың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай білу керек. 

Просмотр содержимого документа
«Ұстаздың еңбегі- оқушының жетістігі»

Менің сүйікті ұстазым және оның қасиеттері

Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналықтың, әкеліктің сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы

Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны -әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол-сезім мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып,жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан,қандай сұлу десеңізші?!

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.
Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.
Менің сүйікті ұстаздарымның санына шек жетпейді.Көптеген адамдарар сүікті ұстазы туралы айтқанда мектеп есіне түседі. Бірі алғаш білім нәрімен сусындатқан бастауыш мұғалімі десе бірі жоғарғы сынып мұғалімін айтады. Алайда,мен үшін көңілі пәк, ойы нәзік шәкірттерің жүрек нұрынан өз жемісінің өнімін көруеге бағбан әрі бала жанын жақсы түсінетін ұстаздардың бірі де бірегейі – Зайнулина Анаргүл Талғатқызы.Ұлы ғұлама ақын Абайдың : «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат»,- деген салмақты сөзінде айтылған қасиеттерді ақылына көркі сай ұстазымның бойынан сан мәрте байқадым. Өйткені, олт ақ мақтадай кіршіксіз жүрегін, қазақтың сайын сахарасындай қайратын, тау суындай шетсіз-шексіз ақылын тек көңілі дархан еліне, аяулы шәкірттеріне арнады.

Анаргүл Талғатқызы туралы нақты айта кететін болсам, ол Жаһанша Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжінің анатомия, биология пәндерінің мұғалімі. Ол бізге тек бірінші курста берсе де қатты бауыр басып қалыппын. Оның сабақ беру тәсілдері, сөйлеген сөздері, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, оқушыларды түсінуі маған қатты ұнайды. Құдды бір анам секілді сезінемін. Колледжде жүргенде өзімді жалғыз сезінбеймін. Өзімнің анам ауылда болса, колледждегі анам Анаргүл Талғатқызы деп қабылдаймын. Ол менің бар жан дүниемді сезініп, түсініп тұратындай. Тіпті біздің есімімізде өте ұқсас, оның есімі Анаргүл болса менің есімім Армангүл. Екеуміздің мінезіміз екі түрлі. Кейде ол ұстазыма еліктеп өзгеруге тырысамын. Осы ұстазымды көргенде қатты қысып құшақтап алғым келеді. Бірақ өз- өзімді ұстаймын әрине...

Қазақта мынадай асыл сөз бар. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, мен біздің алтын ұямызда Анаргүл Талғатқызындай ұлы ұстаздардың болғанын мақтан тұтамын.



Маркс Армангүл


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!