СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Visual Basic бағдарламасындағы графикалық әдістер мен процедуралар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Visual Basic бағдарламасындағы графикалық әдістер мен процедуралар

Просмотр содержимого документа
«Visual Basic бағдарламасындағы графикалық әдістер мен процедуралар»

Сабақтың тақырыбы: Visual Basic бағдарламасындағы графикалық әдістер мен процедуралар

Күні:

Сынып: 10

Пәні:

Информатика


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаты:

Visual Basic бағдарламасындағы графикалық әдістер мен процедуралардың жұмыс істеу принципімен танысу

Сабақтың мақсаты:

Білу: Графикалық әдіс түрлерімен танысады.

Графиктерге түс беру жолдарын біледі.

Графикалық фигуралардың ішін толтыру әдістерін біледі.

Түсіну: Графикалық әдістердің қызметін анықтайды.

Фигураларды түске бояу функциясының қызметін түсінеді.

Фигуралардың ішін толтыруда Line және Circle функциясын пайдалана біледі.

Қолдану: Scale, Pset, Line, Circle әдістерінің жазылуларын анықтайды, түстердің сандық мәндерін табады, Line және Circle функциясын пайдаланып фигуралардың ішін бояйды.

Талдау: Visual Basic бағдарламасында графикалық әдістер мен процедураларды пайдалану арқылы тапсырмалар орындайды

Жинақтау: Графикалық әдістің графикалық файлдардан айырмашылығын анықтайды

Бағалау: Түстерді бояуда сан мәндерінің қолданылу себебін табады.

Күтілетін нәтиже

Барлығы біледі: графикалық әдістердің атауын, «х,у» айнымалыларының қызметін, түстер мен тұрақтылардың сәйкестігін біледі

Көпшілігі біледі: Visual Basic бағдарламасында графикалық әдістер арқылы суреттер бағдаламасын жаза алады.

Кейбіреуі біледі: Графикалық әдістер мен графикалық файлдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айыра алады.

Сабақтың құрылымы:

І. Ақпараттар блогы

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

IV. Интелектуальды тренинг блогы

V. Күтілетін нәтижелер


Оқыту әдісі: «АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру формасы: Бақылау-сынақ сабағы.

Танымдық тапсырмалар: Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып, баға беру.

Оқушыда дағды қалыптастыру: Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: графика, Scale, Pset, Line, Circle

Ақпарат көзі: Оқулық, қосымша тапсырма материалдары.

Сабақты бағалау: Оқушының іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады.

І. Ақпараттар блогы (8 мин)

Тақырып жоспары:

  1. Графикалық әдіс түрлері

  2. Графиктерге түс беру

  3. Графикалық фигуралардың ішін толтыру әдістері


1-слайд. Графикалық әдіс түрлері

    1. «Адасқан нысандар». (Бос орынға нысандардың атын орналастыру керек)

Visual Basic тілі графикалық файлдарды қолданудың 3 тәсілін ұсынады:

  1. ..................... графикалық терезесінде файлдарды кірістірумізге болады.

  2. ...................... құрал-саймандар тақтасынан .......... және .............. басқару элементтерін кірістіру арқылы.

  3. Пішін мен .................. нысандарына графикалық әдістер арқылы геометриялық фигураларды салуға болады.


Қажетті нысан аттары: Line, Shape, Picture Box, Tool Box, Picture Box


    1. «Сен білесің бе?»

2-слайд. Графиктерге түс беру

2.1. «Түрлі түстер».

Түстер

Тұрақтылар

Сандық мәндер


vbBlack

0

Қызыл



Жасыл


65280


vbYellow

65535


vbBlue


Көкшіл күлгін




vbCyan

16666960

Ақ


16666215


2.2. Бос орынға қажет сөздерді тауып жаз.

Графикалық әдіс ......... функциясы арқылы әртүрлі көптеген түстер жиынтығын ұсынады. Бұл функция ......., .............., ........ түстерін бірдей пропорциялық түрде араластырады. .............. функциясы 0-ден 15-ке дейінгі диапазонды қамтитын бүтін сандар С аргументінен тұрады.


3-слайд. Графикалық фигуралардың ішін толтыру әдістері

3.1. Сызбаны толықтыр.


ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)

  1. Дұрыс жауапты таңда.

1) Visual Basic тілі графикалық файлдарды қолданудың қанша тәсілін ұсынады?

а) 4 б) 3 с) 2

2) Нысанға түзу сызықтар және іші боялған немесе боялмаған тіктөртбұрыштар салатын әдіс? а) Picture Box б) Circle с) Line

3) Нысанға шеңбер, доға, эллипс салу үшін қандай әдіс қолданылады?

а) Picture Box б) Circle с) Line

4) Сығу коэффиценті дегеніміз – а) теріс таңба б) оң таңба с) мәліметтер

5) Белгі дегеніміз - а) жарлықтар б) b немесе bf символдары с) мәліметтер


ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин)

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей (Білу, Түсіну)

    1. «Мағынаны таны» (х және у мәндерінің әр әдістегі мағынасын анықтау керек)

Әдіс түрі

Жазылуы

Х, У мағынасы

Scale

[нысанның аты] Scale (Х1, У1)-(Х2,У2)

Х1-

У1-

Х2-

У2-

Pset

[нысанның аты] Pset(Х, У) [, түсі]

Х-

У-

Line

[нысанның аты] Line(Х1, У1)-(Х2,У2) [, түсі] [, белгі]

(Х1, У1)-(Х2,У2) -

Circle

[нысанның аты] Circle(Х, У) радиус [, түсі] [, 1-ші бұрыш, 2-ші бұрыш] [,сығу коэффиценті]

(Х, У)-


    1. «Түстер мен тұрақтылар сәйкестігі» сәйкестендіру

Түстер

Тұрақтылар

Қара

vbYellow

Қызыл

vbBlue

Жасыл

vbBlack

Сары

vbRed

Көк

vbGreen

Көкшіл күлгін

vbMagneta

Ашық көк

vbWhite

Ақ

vbCyan


ІІ деңгей (Қолдану)

«Компьютермен жұмыс»

Графикалық әдістерді қолданып, үйдің суретін салыңдар


ІІІ деңгей (Талдау)

«Кестені толтыр»



Графикалық әдіс

Графикалық файл

Ұқсастығы



Айырмашылығы




IV. Интелектуальды тренинг блогы (8 мин)

Топтық жұмыс

Picture Box және Image элементтерінің қызметін талқылап, айырмашылығы мен ұқсастығын табыңдар


V. Күтілетін нәтижелер (4 мин)

«Сен қалай ойлайсың?»

Сен қалай ойлайсың графикалық бейнелерді салуда түстер неге сандармен беріледі?

Үй тапсырмасы.

«Өзіңді тексер?» (Оқулықтың 162 бетіндегі тапсырманы орындап келу)




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!