СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

XXI ҒАСЫР – БІЛІМДІЛЕР ҒАСЫРЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

XXI  ҒАСЫР – БІЛІМДІЛЕР  ҒАСЫРЫ

 

Орынбаева Гаухар Тортаевна

Жоғары деңгейлі,1 санатты  бастауыш  сынып  мұғалімі

 

Кілтті  сөздер:  ҚР «Білім  туралы»  заңы, дарындылық, жеткіншек , озық  өнеге,Б.Элькони , шығармашылық , жаңашылдық , теориялар,  стратегиялар ,

В. В. Давидо , ХХІ ғасыр білімділер  ғасыры ,«ғылыми-зерттеу» жұмыстары  ,зерделі , парасатты,қабілеттілік .

 

Ключевые слова: Закон  РК« об образовании », талантливость , подросток,

передовой образец,Б.Элькони , творчество, новаторство, теории, стратегии,В. В. Давидо,ХХІ век -образованный век, «Научно- исследовательские «работы,разумная,рассудительность.

Keywords: Law "ofRK LawonEducation" talent, teen, advancedsampleB.Elkoni, creativity, innovation, theory, strategy, V. David, XXI centuryformedcentury, Scientificresearch "work, reasonablediscretion.

 

«Баланы оқытудың  мақсаты - оның  әрі  қарай  мұғалімнің  көмегінсіз - ақ   дамуға  қабілетті  ету»(ЭдгардХабард)

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Жексенбаева ?.Б. «Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру», Алматы: «РАДиАЛ» баспасы , 2005ж

 

  1. Интернет  беттері

                                                 Түйін

Бұл  мақалада  № 9  орта  мектебінің  бастауыш сынып  мұғалімдерінің

дарынды оқушыларымен  жүргізілген  жұмыстары  туралы  жазылған. Әр  мұғалімнің  алдына  қойған  мақсаты  оқушыларға тек  мектеп  бағдарламасын  оқытып  қана  қоймай ,сонымен  қатар, заман  талабына  сай  жан-жақты  дамыған жеке  тұлға тәрбиелеп  шығару.Осы  орайда   мектебіміздің   мұғалімдері  оқушылармен  түрлі  іс-шаралар  өткізіп  жатырғандары  жайлы  және дайындаған  оқушыларымыздың  қалалық ,облыстық , халықаралық  байқаулардан жүлделі  орындар  алғандығы   туралы  айтылған. Осы  оқушыларымызға  мол  үміт  артамыз  және  оқушыларымыз  үмітімізді  ақтайды  деп  сенеміз.

 

                                               Аннотация

        Данная  статья  о проведенных работах среди одаренных   детей  начальных  классов  СШ № 9.Задача  каждого  учителья не  только обучать  школьной  программе,  но и  воспитать всесторонне  развитую  личность, который  должен  идти  в  ногу  со  временем.  В связи с  этим  учителя  нашей школы  проводят с  детьми  различные  мероприятия ,а  так  же  наши  ученики участвуют  в  различных  городских  и  областных  конкурсах  занимая  призовые  места.На  этих  детей  мы  возлагаем  большие  надежды и надеемся , что  они  оправдают  наши  доверия.

 

Resume

This article about the carried-out works among exceptional children of initial classes in school №9.Aim of every teacher not only to train of the school program, but also to bring up comprehensively developed person who has to keep up to date. In regard with it teachers of our school hold various events and our pupils participate in various city and regional competitions taking prize places. We lay hopes on these children and we hope that they will justify ours of trust.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«XXI ҒАСЫР – БІЛІМДІЛЕР ҒАСЫРЫ»

XXI ҒАСЫР – БІЛІМДІЛЕР ҒАСЫРЫ


Орынбаева Гаухар Тортаевна

Жоғары деңгейлі,1 санатты бастауыш сынып мұғалімі

«Қостанай қаласы әкімдігінің № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


Кілтті сөздер: ҚР «Білім туралы» заңы, дарындылық, жеткіншек , озық өнеге,Б.Элькони , шығармашылық , жаңашылдық , теориялар, стратегиялар ,

В. В. Давидо , ХХІ ғасыр білімділер ғасыры ,«Ғылыми-зерттеу» жұмыстары ,зерделі , парасатты,қабілеттілік .


Ключевыеслова: Закон РК« об образовании », талантливость , подросток,

передовойобразец,Б.Элькони , творчество, новаторство, теории, стратегии,В. В. Давидо,ХХІ век -образованный век, «Научно-исследовательские «работы,разумная,рассудительность.


Keywords: Law "ofRK LawonEducation" talent, teen, advancedsampleB.Elkoni, creativity, innovation, theory, strategy, V. David, XXI centuryformedcentury, Scientificresearch "work, reasonablediscretion.


«Баланы оқытудыңмақсаты - оны әріқараймұғалімніңкөмегінсіз - ақ дамуғақабілеттіету»(ЭдгардХабард)


Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқия тжоспарлауды талап ететіне дәуір күрделі мәселе.Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деп тұжырымдады.Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. В. В. Давидо «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жады: жеке тұлғаның маңызы жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген. Б. Элькони шығармашылыққа мынадай анықтама береді: шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалынған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сопылығымен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызатын

шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата - аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.Дегенмен, әліде болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олардың білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай, деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой - өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармауымыз жөн.Осы орайда Қостанай қаласындағы № 9 орта мектептебастауыш сыныпоқушыларының арасында«Ғылыми-зерттеу» жұмыстары және«Ғафу -оқулары» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Соңғыжылдары «Ғылыми-зерттеу » жұмыстары облыс, қала көлемінде кеңінен қолға алынып жүр.Осы орайда біздің мектепте де соңғы екі-үш жылда1-4 сынып оқушыларының арасында осы іс-шаралар өткізіліп жүр. Зерттеу жұмыстарына оқушылар сынып жетекшілерінің,ата-аналарының көмегімен жоғары деңгейде,жан-жақты дайындықпен келеді. Осы іс-шараларды бастауыш сынып мұғалімдері Жамантаева Ш.Ж,ЯкуповаН.Ә өткізді.

Қазақ әдебиеті,математика,тарих,этномәдениет,информатика,дүниетану,

Экология бағытында жұмыстар зерттелді. Өз оқушыларым Мұстафаев Нұрлыбек математика бағытында «Сандар сырының құпиясы» атты тақырыпты зерттеп , сандардың адам өмірінде алатын орны, сонымен қатар Азия халықтары үшін әр санның нені білдіретінін және сандарды ағаштар мен теңеп,әр санның ерекшеліктерін айтты. Көшек Дінмұхамед қазақәдебиеті бағытында «Ғафу Қайырбеков-қыран қанатты ақын» тақырыбын зерттеп, ақынның өмірбаянынан бастап, Туғанжер,Отан,Ана Мектеп тақырыптарындағы шығармаларын зерттеп, көптеген мағлұматтар жасады.Осы бағытта Жақыпжанова Айбота «Серікбай Оспановтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі»атты тақырыпты зерттеп,ақынның өмірбаянынан бастап, балаларға арналған шығармаларының жанрлық ерекшелігіне талдау жасады. Этномәдениет бағытында бірнеше жұмыстар болды,айта кетсем Сұрағанова Шолпан Исахметқызының оқушысы Шакарова Сымбат «Есімдер сыры» атты тақырыпты алып,сыныбындағы әр баланың есімінің мағынасын ашып ,кейбір ата-аналардың балаларына ат қойғанда ойланбай сериалдардағы кейіпкерлердің немесе елімізде өткізіліп жатқан саяс иіс-шаралар кезінде туған нәрестелерге соған байланысты есімдерді қоя салатындарын ,балаға ат қойғанда ойлану керектіктерін айтты.Осы бағытта Досанова Гүлмира Нұғыманқызының оқушысы Ибраева Жамила «Қазақтың ұлттық киімдері» атты тақырыбында жұмыс жасап,,кішкентай болса да әр киімнің ерекшеліктерін зерттеп,қомақты іс жасады, осы тақырыпта Қойшыбаева Әлия Жақыпқызының оқушысы Қоғандасова Әсел осы тақырыпты зерттеп, батырлар киімдерінен бастап ,әр мезгілд екиетін киімдерге жеке тоқталып кетті.Аймақтық Ғылыми-зерттеу конференциясында Якупова Н.Ә оқушысы 1 орынға, Сұрағанова Ш.И оқушысы 2 орынға,Койшыбаева Э.Ж.оқушысы,Когандасова Әсел 3орын,өз оқушым Көшек Дінмұхамед 3 орынға ие болды.

Осы оқу жылында оқушыларым Анайбаева Жансая мен Нурпеисова Гүлнұр халықаралық ЭМУ байқауынан жүлделі орындар алса,Орынбаева Мерей мен Серикказыев Даурен «Пони» халықаралық ойынынан жүлделі орындар алды.Ғылыми-зерттеу жұмысының облыстық кезеңіне бастауыш сыныптан екі оқушы өттіп,олар Макенова Б.Н оқушысы Какаляев Балтабай 3 орын, менің 1 сыныпта оқитын оқушым Серикказыев Дәурен 1 орын алды.

Көшек Дінмұхамбет өзінің ғылыми жұмысын былай қорытындылап еді.Ал жалпы біз жас балауса балалардың бойында ақынның жырына деген іңкәрлік сезімді ояту үшін оның шығармаларын ана тілі кітабында толығырақ қамтып, жыл сайын өз мектебімізде ҒафуҚайырбеков жырларының мүшәйрасын өткізіп тұрсақ , тіпті бұл іс- шараны облыс көлемінде де қолға алуға болады деп ұсыныс айтқым келеді. Осы айтылған ұсыныстар іске асса Ғафу шығармаларын балалар бар ынтасымен көңілдеріне тоқып, кейін біздің арамыздан дәл атамыздай болмаса да, сол кісіге ұқсас ақындар шықпасына кім кепіл. Сонымен қатар ақын шығармаларын білмейтін, түсінбейтін адамдардың саны азаяр еді-деген.Биылғы мектепішілік іс-шараларды жоспарлағанда Димаштың осы сөздері іс-шараны мектепішінде өткізуге мұрындық болды десем де болады.

Сөйтіп осы оқу жылында мектебімізде ҒафуҚайырбековтың мұражайында «Ғафу -оқулары» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Осы іс-шараны ұйымдастырған ӘлияЖақыпқызы мен Жанат Қабылтайқызына менің оқушым Көшек Дінмұхамед көмегін тигізіп, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы біраз мағлұмат берді. 1 сыныптар ақынның 3 өлеңін, 2 сынып оқушылары 5 өлеңін, 3 сынып оқушылары 8 өлеңін және 4 сынып оқушылары 10 өлеңін жатқа айтты.Мектебімізде әр сынып 3-4 параллельден болғандықтан әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты,1 оқушы өлеңін мәнерлеп оқыса,2-ші оқушы ақынның сөзіне жазылған әндерді өте жақсы орындап берді. Сайысымызға оқушылар сондай жақсы дайындықпен келген,осы сайысты тамашалаған ата-аналар мен орта буын мұғалімдері алғыстарын білдіріп,балаларға және сынып жетекшілеріне шығармашылық табыс тіледі. Алдағы уақытта ақын атамыздың жырларының мүшайрасы қала көлемінде,облыс көлемінде әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жексенбаева Ү.Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», Алматы: «РАДиАЛ» баспасы , 2005ж


  1. Интернет беттері

Түйін


Бұл мақалада № 9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің

дарынды оқушыларымен жүргізілген жұмыстары туралы жазылған. Әр мұғалімнің алдына қойған мақсаты оқушыларға тек мектеп бағдарламасын оқытып қана қоймай ,сонымен қатар, заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеп шығару.Осы орайда мектебіміздің мұғалімдері оқушылармен түрлі іс-шаралар өткізіп жатырғандары жайлы және дайындаған оқушыларымыздың қалалық ,облыстық , халықаралық байқаулардан жүлделі орындар алғандығы туралы айтылған. Осы оқушыларымызға мол үміт артамыз және оқушыларымыз үмітімізді ақтайды деп сенеміз.


Аннотация

Данная статья о проведенных работах среди одаренных детей начальных классов СШ № 9.Задача каждого учителья не только обучать школьной программе, но и воспитать всесторонне развитую личность, который должен идти в ногу со временем. В связи с этим учителя нашей школы проводят с детьми различные мероприятия ,а так же наши ученики участвуют в различных городских и областных конкурсах занимая призовые места.На этих детей мы возлагаем большие надежды и надеемся , что они оправдают наши доверия.



Resume

This article about the carried-out works among exceptional children of initial classes in school №9.Aim of every teacher not only to train of the school program, but also to bring up comprehensively developed person who has to keep up to date. In regard with it teachers of our school hold various events and our pupils participate in various city and regional competitions taking prize places. We lay hopes on these children and we hope that they will justify ours of trust.


















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!