СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жоғары оқу орнынан кейінгі мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоғары оқу орнынан кейінгі мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру

Просмотр содержимого документа
«Жоғары оқу орнынан кейінгі мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру»

1

Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері

Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері 
Этнопедагогика пәні, принциптері, міндеттері мен қызметі 
Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу. Этнопедагогиканың объектісі және пәні. Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі. Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық оқыту, ұлт, этнос. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны. Этнопедагогиканың этнопсихология, философия, этнография, этнософия ғылымдарымен өзара байланысы. 
Этнопедагогиканың мәдениеттану, философиялық, психологиялық, этнографиялық негіздері. Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі құжаттары. 
Егеменді мемлекет жағдайындағы этномәдениеттік дәстүрлердің қазіргі жағдайы. 
Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі
Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытудағы Я.А. Коменскийдің қосқан үлесі. К.Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптері. А.С. Макаренконың педагогикалық іс-әрекетінде халықтық тәрбиенің элементтерін пайдаланылуы. В.А. Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы. 
XV-XІX ғ. Ақын-жырауларының тәрбие мектебі. ( Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді, Шал, Дулат, Бұхар, Махамбет және т.б.) олардың халықты басқаруға қатысуы, отанды қорғауға шақыруы, гумандықты, еңбек сүйгіштікті, өнерді насихаттауы. XVІІІ ғ. Жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше ролі. ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би). 
Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика мәселелері. Ы. Алтынсариннің мұраларының халықтық педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында баяндалуы. 
А. Құнанбаевтың қазақ педагогикасы мен психологиясын терең дамытуға қосқан үлесі. Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық ғалымдардың ой-пікірлері. XX ғ. 20-30 жылдарындағы этнопедагогикалық идеялардың дамуы. М.Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және т.б. 
Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты.
Барлық этностардағы тәрбие мақсатының ортақтастығы. Адамның халықтық идеялары. Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде. Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі пікірінің даму шарттары. Ұлттық ар-намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез-құлқын жетілдірудің ірге тасы. Көп ұлтты Қазақстан жайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері. Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны. Ұрпақтар ұласылымындағы тұлғаның әлеуметтік дамуының және халықтың рухани процесінің факторы.
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері мен құралдары 
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістері. Тәрбиенің тәсілдері: өсиет және ғибрат, аға ұрпақтың жеке үлгісі, еліктеу және т.б. Халықтық тәрбиенің құралдары. Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар халықтық өлеңдер- халықтық тәрбиенің құралдары. Табиғат-тәрбие құралы. Ойын-тәрбие құралы. Сөз-тәрбие құралы. Еңбек –тәрбие құралы. 
Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халық тәрбиесінің негізі
Дәстүр және салттардың құрылымы салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы мен айырмашылығы.
Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалар. Дәстүр және салттардың құрылымы, салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы және айырмашылығы. Рәсімдері және салтаннатты өткізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты салттар, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні. Балалардың ерекшелігін есепке ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне сипаттама. Үйлену мен жеке отбасын құрумен байланысты әдеп-ғұрыптар, достық, бата беруге, тілекке ант беру белгісі. Өліммен байланысты ( қоштасу және жоқтау, ас беру, жылын беру), қабырдың басына белгі қоюмен байланысты әдеп-ғұрыптар. 
Адамның қуанышымен, қайғысымен қатар жүретін салттар және әдеп-ғұрыптар, өлеңдер мен аңыздардың тәрбиелік мәні. Жаңа уақытқа байланысты туындаған салттар және дәстүрлер, олардың тәрбиелік мәні. 
Халық педагогикасындағы рухани мінез- құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие. 
Салтардағы, дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақалдардағы және мәтелдердегі өнегелі тәрбиеленгендік, ар-ұяттылық, руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың, қабылдаудың, қызмет етудің қарапайымдылық пен әдептіліктің тәрбиелік мәні. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті факторы. Құранның жоғары рухани, мінез-құлықтық тазалықты ұстауға шақыратын Мұхамед пайғамбардың өмірінен үлгілер, хадистердің үлгілі ережелері жөніндегі түсініктер. Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің ерекшеліктері. 
Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына, халқына, туыстары мен жақындарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі моделдері: ( кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік). Патриоттық сезімнің, адамзаттық жауапкершілік сезімнің отан алдындағы азаматтық борыштың өзара байланысы. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы. Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық ойындардың рөлі және мәні. Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшелігі. 
Халық педаггикасындағы еңбек және дене тәрбиесі.
Еңбек сүйгіштікті, кәсіптік дағдыларды және кәсіптік бағдарды тәрбиелеу, аталар мен әкелердің балаларына мал бағуды, малға қора соғуды, қол еңбегінің дағдыларын меңгеруді үйретудегі рөлі. Аналардың қыз балаларды кесте тігуге, ою-өрнектерді салуға, жүн түту, кілем тоқу, киім тігуге үйретудегі рөлі. Балаларды отбасында кәсіптік даярлау. Үй жануарларын бағу білігі, үй жануарларының ауруларын білу және оларды емдей білу әдістері. Атқа мініп жүруге және аң аулауға үйрету, қолөнер кәсіп дағдыларына баулу. Еңбек жайлы әндер, ертегілер, мақал және мәтелдердің тәрбиелік мәні. Қазақ халқындағы еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері. 
Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Тұзды суда баланы шомылдырудың, денесін майлаудың, ая-қолын созудың мәні. Қазақстан Республикасында өмір сүретін халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі. Қазақ халқындағы дене тәрбиесінің ерекшелігі. 
Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі.
Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары: сәулет өнері және бейнелеу өнері, өлеңдер мен жырлар, зергерлік және қол өнер, кілем тоқу олардың халық өміріндегі және тұрмысындағы мәні. Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық идеялар. 
Жастарды өлең айту мәдениетіне және жырларға, шешендік пен тапқырлық өнеріне тәрбиелеудің халықтық мектебі. Халық композиторларының шығармаларындағы тәрбие мәселелері. Қыз балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, оған ата-ананың қатынасуы. Қазақ халқындағы эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері. 
Зиялылыққа тәрбиелеу және оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі. Халықтың әлемдік құрылымды қабылдауы. Күн, ай, жұлдыздар, аңдар және үй жануарлары жөніндегі білімдері. Жеті ғалам, жеті қабат көк, жеті күн жайлы түсініктер. Халықтық күнтізбе, айларға және жыл мезгілдеріне бөлу. Білімнің және өнердің пвйдасы, тапқыштық және жинақылық. Тапқыштыққа тәрбиелеуде ертегілердің рөлі жөніндегі мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер және ғұламалардың ой-пікірлері. Қазақ халқындағы зиялылыққа тәрбиелеу ерекшеліктері.
Халық педагогикасының қазіргі қызметі.
Халықтың этнопедагогикалық пансофиясы. Ұлтаралық қарама-қайшылықтар үшін халықтар мәдениетінде материалдың жоқтығы. Халықтардың рухани мінез-құлықтық құндылықтарындағы ұлтаралық және жалпы азаматтылық. Символдық тұлғалардың әрекеттігі және олардың қызмет етуі. Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері. 
Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.
Қазақстан Республикасы этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы, жастарға этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының халық педагогикасы бойынша қазіргі бағдарламалары. “Атамекен”, “Елім-ай” және басқа бағдарламалардың мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері. Халық педагогикасы бойынша Қазақстан мектептерінің жұмыс тәжірибесі. Отбасы тәжірибесін зерттеу музыка аспаптарымен, халықтық қолданбалы өнерімен, халықтық ойындармен, ұлттық киім үлгілерімен танысу. Ата тектік “шежірені” зерттеу. 


2

Салт – дәстүр дегеніміз – халықтың  ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде қалыптасып, халықтың ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптары отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, қыз ұзату жатады. Қауымдық  ғұрыптарға  наурыз тойы,құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б.

Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Шашуды  жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні -жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу.

Сүйінші-қуанышты хабарды, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі.

Көрімдік  -қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде  алатын сый-қәдееі.

Отбасылық салт-дәстүрлерге:  шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, үйлену  жатады. Шілдехана – сәби туғанша жасалатын той.

Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. Түсау кесуге негізінен  үлкендер жиналады

Беташар домбырамен айтылатын ән. Ол келіннің бетін ашарда айтылады.

Наурызды қарсы алу. Наурыз тойы көктемгі күн мен түннің теңелу мерзімі 22 наурызда өтеді. Бұл мейрам күнтізбелік ғұрыпқа жатады.

Құрбан айт. Ораза бітісімен 70 күннен кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар кұрбандыққа мал шалады.. Құрбан айтта адамдар  құран оқып, дәм татысады. 

Халқын сүйген – салтын сүйер

                       (халық даналығы)

Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз  дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.

Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

Халқымызда үйлену салтына, жаңа туған сәбиге байланысты, қонақ күту мәдениеті туралы маңызы мен мәнін әлі күнге жоймаы келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп. Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпағына жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр.

Алайда, мені қынжылтатын бір жағадай бар, ол – қазіргі таңда кейбір салт-дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз. Бұлай жалғаса берсе түбі бір құртылмайтынына, құрдымға кетпесіне  кім кепіл, кім куә? Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің қырсығынан ұлт дәстүрлерінің ережесі бұзылады. Біреулері ұмытылды, біреулеріне тыйым салынды. Салт - дәстүр мен әдет- ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынуы мүмкін. Осындай зиянды жақтарды біле отырып мен жұдырықтай жүрегіммен қолыма қалам алып, салт-дәстүр арқылы қалай өзім секілді жеткіншектердің отанға деген патриоттық  сезімдерін арттыра аламын деген ой қозғамақпын. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт – дәстүрді түзеуден бастау керек. Сонда ұлтымыздың әрбір мүшесі салт-дәстүрін жете таниды, ал салт-дәстүрді  білсе тарихын таниды, тарихын білу - отанды тану.

Біз халқымыздың ұлттық санасын қалай оята аламыз, ұлттық дәстүрлерімізді қалай дәріптейміз? Бұл мақсатты әркім әрқалай жүзеге асырады. Ал мен осы жазбам арқылы сыныптастарымның бойына қазақтың салт-дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беру – кез-келгеніміздің парызымыз. Менің айтқан ойым біреуге жай сөз болып қалар, ал біреулерге қамшы болып тиетініне  көзім  жетеді. Әр қазақтың санасына сәуле шашып, аз да болса ой тастасам – бұл менің ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеудегі бастапқы жетістіктерімнің бірі.

Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды.

Бесікке салу 
 Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.
Қырқынан шығару 
             Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.



































3

Этнос

Бізді қоршаған тіршіліктегі құбылыстар мен оқиғалардың өзгеруіөздігінен себеп-салдарсыз болмайды. Ол белгілі бір объективтік заңдылықтар негізінде жүзеге асып жатады. Сол сияқты адамзат та дами келе объективті түрде көптеген әлеуметтік қауымдарға бөлініп кетеді. Солардың бірі этнос болып табылады. Ол әлбетте, таптар мен әлеуметтік топтардан бөлек бір қатар айрықша ерекшеліктермен сипатталады. Өз заманында көне гректер басқа халықтарды атау үшін «этнос» сөзін қолданған екен. Оның латынша аналогы – «natio». Грек тілінде халықты бейнелейтін «лаос» – «тұрғындар», «демос» – «азаматтардың жиынтығы» сияқты басқа терминдер де болған, бірақ бұл терминдер әлеуметтік сипатқа ие еді. Орыс тілінде бұл терминнің баламасы ретінде ұзақ уақыт бойы «халық» ұғымы қолданылған. «Народ» сөзінің түбірі «род» екендігі сондай-ақ көрініп тұр емес пе? Этнос термині XIX ғасырдың соңынан бастап қана ғылыми айналымға енгізіле басталған. Бірақ бұл терминнің мазмұнын ашып беруде осы күнге шейін ғалымдардың пікірлерінде бірізділік жоқ.

Кеңес этнографтарының мектебі этнос терминін «Примор-диализм» аясында қарастырды. Ол бойынша, индивидтердің бір этносқа жататындығының белгілерін анық санамалап беруге болады. Бұл тұрғыдан келгенде этнос объективтік шындық болып табылады, өйткені адам этникалық тегінің негізін табиғаттан немесе қоғамнан табады. Сондықтан этностықты қолдан жасауға яки оны жарандарға таңуға болмайды. Этнос – нақты және регистрацияланатын нышан-белгілерге ие қауымдастық. Эволюциялық-тарихи бағытты ұстанушылар этностарды тарихи үдерістің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік қауымдастықтар ретінде қарастырады. Әлеуметтік-биологиялық бағыт этникалықтықты адамның биологиялық мәнімен байланыстырады. Ол бойынша, этникалық тек примордиалдық сипаттас болып келеді, яғни ол адамдарға әуел бастан-ақ тән нәрсе. Этногенездің пассионар-лық теориясы бойынша, этнос – тәртіп пен мінез-құлықтың соны таптаурынды-жаттандылығы негізінде табиғи түрде қалыптасатын ұжым. Мұнда ол өзін барша ұжымдарға қарсы қойып, өзінің өкілдеріне арнап ортақ этникалық дәстүрлерді қалыптастыратын құрылымдық тұтастық ретінде көрінеді.

Этностың дуалистік тұжырымдамасын Ю.В.Бромлей ұсынған. Оның пікірінше, тар мағынада этнос өзінің бірлігін және басқалардан айырмашылығын түсінетін, өздік санасы мен өзіндік атауы бар, тарихи территорияда қалыптасқан тұрақты және ортақ мәдениеті-психикасының ерекшеліктеріне ие адамдардың ұрпақтараралық қалыпты жиынтығы. Мұны «этникос» деп атаған. Ал, кең мағынада (этникостың бөлігі ретіндегі) этнос бір мемлекеттің шегінде өмір сүретін этно-әлеуметтік организм болып табылады.

Пьера ван ден Бергенің (Pierre L. van den Berghe) теориясы бойынша, өзінің гендерін келесі ұрпақтарына бере отырып, бауырлары мен туысқандарының аман қалуы үшін өзін құрбандыққа шалуға дейін бара алатындар өзінің генофондының өсуін қамтамасыз етеді. Мінез-құлықтың осындай типі топты эволюциялық жағынан тұрақтырақ етеді, сондықтан да «альтруизм гендері» табиғи сұрыпталу арқылы жалғастырылады. Этникалықтықтың құрылымдық теориясы да бар. Мысалы, В.А.Тишков этникалық қауымдастық – бір атауға, мәдениеттің ортақ белгілеріне, шығу тегінің бір екендігі туралы аңыздарға, олай болса бірдей тарихи жадқа ие, өздерін белгілі бір айрықша географиялық территориямен байланыстыратын, сондай-ақ топтық ниеттестік сезімін білдіре алатын адамдар тобы деп түсінеді. Ал, инструментализм тұжырымдамасында этностың анықтамасы берілмеген, ол этникалықтықтан адамдар өз мақсатына жету үшін, әсіресе этникалық элитаның билік пен артықшылықтарға ие болу үшін құрал ретінде пайдаланатынын тілге тиек етуде.

Зерттеушілер этностың гомеостатикалық және динамика-лық түрлерін тілге алуда. Біріншісіне табиғатпен қатынасында тепе-теңдікті сақтап, оны аялайтын этнос жатады. Екіншісі – өзінің дамуына табиғатты бұзу мен бағындыру арқылы қол жеткізетін этнос. Дм. Крылов гетерономдық және автономдық этностар жөнінде сөз қозғайды. Бұларға төменде арнайы тоқталып өтеміз.

Мұнда алғашқы зерттеушілердің бірі С.М.Широкогоровтың (1887-1939) анықтамасын тілге тиек етуге болады: «Этнос бір тілде сөйлесетін, өзіне тән (өзіндік) тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, рәсімдері мен дәстүрлер жүйесіне ие болған, өзінің тектік бірлігін мойындайтын кісілер тобынан құралады». Осы тәріздес анықтаманы белгілі этнограф П.И.Кушнер де берген. Автордың белгілі бір тарихи дәуірлерде бір халыққа тән болған ерекшеліктердің мүлдем жойылып кетуі немесе көмескі тартуы мүмкін деген пікірін терістеуге болмайды. Кейде, – дейді ол, – көптеген халықтар арасында таралған бір ұлттың белгілері мен ерекшеліктері сол халықтардың бірінің тұрмысына соншалықты орнығып алуының нәтижесінде сол халықтың маңызды этникалық белгісіне айналуы да мүмкін.

Бұған мысалды өзіміздің, қазақтың тұрмысынан көптеп кездестіруге болады: толып жатқан кеңестік мерекелерді айтпағанның өзінде, орыстардан келген жаңа жылды 1-ші қаңтарда мейрамдау үрдісі немесе қазақтың бірде-бір шілдеханасы мен қоныс тойының арақ-шарапсыз өтпейтіні, оның «атасының асына» айналғаны қашан. Сондай-ақ ресми қонақтарды нан-тұзбен қарсы алу қазақта мыңдаған жылдар желісінде өріс алған дәстүр ме еді? Осыларды ойласатын кез келді. Орыста мейрам көп, қазақта айран көп дейтін сөздің мағызын шағып жаңа жылды басқа айға, күнге көшіру керек те шығар. Себебі, мұның христиан дінімен байланысты жақтары да бар ғой. Опера туралы да осыны айтуға болады. Ол Италияда шіркеулік насихаттың бастапқы жоралғыларының бірі ретінде пайда болған. Енді келіп кейбіреулер оны бүкіл халыққа классикалық өнер ретінде таңып-таныту үшін өңешін созып даурығуда.

Белгілі этнограф С.А.Токарев этносты экономикалық және бірқатар әлеуметтік қатынастар түрлерінің нәтижесіне негізделетін кісілер қауымы деп түсіндіреді. Бұл жерде авторлардың экономикалық қатынастар бірлігін этникалық қауымдастықтың белгісі ретінде көрсетуін орынсыз деп білеміз. Себебі, бұл бірлік этностың белгісіне жатпайды. Экономикалық қатынастар бірлігі бір территорияда қалыптасқан этностың кейінгі дәуірлердегі болмысына әсер етіп, топтастыратын факторлар мен алғышарттар болып табылады. Осынау идея көптеген этнологтар тарапынан 1990 жылдардан бастап мойындала бастағандығын атап өткен жөн. Ал шет елдерде мұндай түсінік баяғыда-ақ орныққан болатын. Этностың параметрлері ішінара формациялық факторлармен де аңықталады. Бірақ бұл жайт этникалық қауымдастықтың салыстырмалы түрдегі дербестігін терістей алмайды деген пікірлер тіпті 80 жылдарда анық, ашық айтыла басталған еді. Формациялардың ауысуы тұтастай бір этникалық қауымдастықтың түбегейлі өзгеруіне әкелмесе керек. Этностың кейбір элементтері оның дамуы барысында формациялық процестен «озып кетуі» мүмкін, ал басқалары өзгеріске ұшыраған факторларға ілесе алмай «артта қалуы» да ықтимал. Демек, экономикалық қатынастар этностың белгісі бола алмайды деген пікір қалыптасты деп айта аламыз, мұның өзі этнология ғылымының жетістігі болып табылады.

В.И.Козлов этникалық қауымдастықтарды типтендіру проблемасын формациялық тұрғыдан шешеді, этностардың негізгі тарихи бес типін саралайды. Мұндай тұрғыда әлеуметтік-экономикалық параметрлер негізгі өлшем ретінде қаралатыны түсінікті

Рас, адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастықтары-ның пайда болуы мен алмасып отыруының негізінде материалдық игіліктерді өндіру әдісі жатады деген қағиданы толығымен терістеуге болмас. Бұл ретте Ю.В.Бромлей жаңа этностардың пайда болуы тиісті қоғамдық экономикалық формациялар алмасуының кезеңдеріне тұспа-тұс келеді деп жазады. Мәселен, қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан палеогенетикалық этностардың көбісі алғашқы таптық қоғамдар қалыптасқан кезеңдерде пайда болған (армяндар, поляктар, хорваттар, шотландықтар). Қазіргі неогенетикалық этностар негізінен өтпелі дәуірлерде – капитализм қалыптас-қан кезде (ағылшын-канадалықтар, италяндықтар, француздар, бразилиялықтар), ал хакастар мен алтайлықтар – социализм дәуірінде орныға бастаған. Осы тұста этностық белгілер мен этносты құрастыратын факторларды ажырата білген жөн. Ғалымдарымыз тарапынан мойындалған жәйттер мыналар: экономикалық тұрмыс бірлігі шын мәнісінде өз алдына этникалық ерекшелік болып табылмайды. Бірақ белгілі бір территорияда тұрақты экономикалық байланыстардың орны-ғуы этникалық қатынастардың қалыптасуы үшін қажетті объективті алғышарттарды жүзеге келтіреді. Этникалық қа-уымдастықтың қалыптасуының шарттары ретінде материал-дық игіліктерді өндіру процесінде пайда болатын байланыс-тармен бірге адамдық популяцияны өсіріп-өндіретін қаты-настарды – некелік қатынастарды да көрсетуге болады. Осы негізде және сыртқы ортаның әсерімен негізінен мәдениет саласында көрініс беретін таза этникалық белгілер бірте-бірте қалыптаса бастайды. Олардың ішінен ең маңыздысын, қалып-тасып болған этникалық ерекшеліктерді бейнелейтін, солардың мәні мен қорытындысы болып табылатын этникалық өздік сананы (немесе этностылықты) айрықша ажыратып көрсетуге болады.

Этникалықтың пайда болуына жәрдемдесетін факторлар-мен бірқатар оған кері әсер ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды да ажыратуға болады: оған жалпы этникалық мәдениет сипаттарының қалыптасуын баяулататын этнос ішіндегі сословиялық, касталық және басқалай кедергілермен байланысты болып келетін әлеуметтік жылжымалықтың (мобильность) төмен деңгейде болуын жатқызуға болады.

Этникалық-мәдени параметрлер тұрақтылығымен сипат-талады. Ал әлеуметтік-экономикалық параметрлер тез-тез өзгеріске ұшырап тұрады. Сол себепті этникалық процестерде бой көрсеткен өзгерістер этностың әлеуметтік-экономикалық тарихындағы секірістерге ілесе алмай қалады. Этникалық процестер негізінен этникалық-әлеуметтік системаның дамуы барысымен сәйкес келеді.

Кей жағдайларда этникалық интеграциялық функцияларды экономикалық формалардан гөрі әлеуметтік-потестарлық (саяси) институттар жақсы атқарады. Белгілі бір халықтың этно-әлеуметтік тарихының бастапқы кезеңдерінде этно-әлеуметтік қауымдастықтың мүшелерін біріктіруде экономи-калық байланыстарға қарағанда потестарлық институттардың (саяси), басқаша айтқанда биліктің, жалпытайпалық, кейіні-ректе жалпымемлекеттік органдардың атқаратын рөлінің, әсіресе феодализм жағдайында экономикалық байланыстар-дың локальдық, «жерлестік» сипат алуына байланысты арта түскенін зерттеушілер жиі-жиі тілге тиек етеді.

Этностың қалыптасуы және тұтастығының одан әрі сақталуының басты шарты туралы сөз қозғағанда оның бір ғана аймақта тұруын және шекарасының мызғымас болуын көрсете аламыз. Ал адамдарда, оларды басқа ру-тайпалардан, этностардан ерекшелеп тұратын ортақ тіл мен мәдениет қалыптасуы үшін, сол адамдар ұзақ уақыт бедерінде (тіпті қалыптасу кезеңінде де) бір-бірімен араласып, етене жақын тұруы керек. Мұның өзі олардың баршасының ортақ бір өңір-өлкеде тұрғанында ғана жүзеге келетін құбылыс. Ал, бұлардың бәрін ыңғайластыратын факторлар – потестарлық тетіктер.

Демек, Ю.В.Бромлейдің атап көрсеткеніндей, этносты айқындайтын сипаттарға этнос мәдениеті (оның ішінде тіл де) мен психикасы, оның өздік санасы мен өздік атауы жатады. Осы комплекс турадан тура этникалық қасиеттердің ядросын құрайды. Этникалық қауымдастықтар тек этникалық қасиеттер негізінде ғана ерекшеленеді.

Сондықтанда этносқа берілген ең көп тараған анықтама-ларды жүйелесек:этникалық (этностық) қауымдастық, әдетте ортақ мәдениетке ие болған, бір тілде сөйлесетін, өзінің қауымдастығын және оның басқа қауымдастықтарға жататын кісілерден айырмашылығын түйсініп-сезінетін адамдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Осы мағынада Н.Н.Чебокса-ров: «Этностылық – бұл нақты қоғамдық-экономикалық қатынастар жағдайларында өзара түсінікті тілде сөйлесетін, белгілі бір нақты территорияда өмір сүретін кісілер арасында қалыптасатын және өзінің мәдени ерекшеліктерін, дербес қоғамдық топ екендігін бүкіл өмір бойына ұғынатынкез келген қауымдардан құралады» – деп, жазады.

С.И.Королев болса, этникалық қауымға адамзат коғамының ерекше бір түрі ретінде қарап, ол қоғам мүшелерінің сыртқы ортаменқарым-қатынастарының нормалары, биологиялық және қоғамдық жағдаяттар негізінде туындайтын некелік қатынастары, мәмле түрлерінің жиынтығынан тұрады деген пікірді алға тартады. Менің өз басым осы пікірді қолдағым келеді.Бұл сияқты пікірді Л.Н.Гумилев «Этногонез және жер биосферасы», «Автонекролог», «Этностың географиясы» еңбектерінде жан-жақты дәлелдей жазған. Оның пікірінше, этносты анықтайтын белгі – бұл жүріс-тұрыстық стереотип (поведенческий стереотип). Мұны қарапайым тұрмыстық деңгейде қабылдау қиын емес. Мысалы, ой, қойлы орыс деген сөз Солтүстік Қазақстан өңірінде жиі қолданылатын еді (бір істе қазақша ыңғайы жоқ деген мағынада). Бірақ стереотиптердің этносқа қарағанда тез өзгеріске ұшырап тұратынын байқамауға болмайды. 70 жыл ішінде Қазақстан қазақтары басқаша-бөгде жүріс-тұрыстық стереотиптер мен стандарттарды қабылдап үлгерді, әлбетте олардың көбісі сырттан алынған, таңылған құбылыстар екеніне дау жоқ. Жалпы алғанда, жүріс-тұрыстық, әдептік стереотипті, әлбетте этностың бірден-бірі деп болмаса да, маңызды белгісі ретінде қабылдауға әбден болады. Бұл дәстүрлермен байланысты, ал дәстүрлер мәдениеттің ең маңызды бөлігі болып табылады.

Кейінгі кезде ғылыми әдебиеттерде этнос – бұл биологиялық даралықтан басқа ешнәрсе емес деген пікірлер пайда бола бастады. Осы тәріздес пікірлермен келіспейтіндігін білдірген көптеген зерттеушілер әрбір этнос биологиялық қауым түрінде белгілі бір адамдық популяциямен байланысты болса да, бірақ ол қоғамдық заңдылықтар негізінде дамиды, сол себепті жаңа этностар биологиялық мутация нәтижесінде пайда болады деген пікірлерді қабылдау мүмкін емес. Этнос қоғамдық процестердің жемісі деп тұжырымдайды.

Біздің және шетел ғалымдарының пікірінше, этнос – «бұл әлеуметтік топтардың өмір сүруінің тарихи қалыптасқан айрықша түрі. Мұндай қауым табиғи-тарихи жолдармен пайда болады және дамиды, ол қауымдық топқа жататын кісілердің ерік-жігері мен қалауына байланысты болмастан, өзін-өзі қайтадан жаңарту есебінен дәйім көп ғасырлар бойына өмір сүруге қабілетті»

Латын тілі арқылы біздің тілімізге еніп, орныққан ұлт мағынасындағы «нация» сөзі көбінесе «халық» немесе «этнос» терминімен астарлас келеді. Бұл сөз халық жады мен жанынан өшкен жоқ, бірақ ол біздің тілімізде жаңа мағынаға ие болуда.


4

Этнопедагогика –педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі, құрылымы, логикалық-құрылымдық жүйесі.

ХХ ғасырдың 70 жылдары белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Білім Академиясының толық мүшесі Г.Н.Волковтың ғылыми көрегендігі мен ғылыми батылдығының, табандылығының арқасында Этнопедагогика ғылым мәртебесіне ие болып, «этнопедагогика» ұғымы ғылыми категория ретінде ғылымға енді. Содан бергі отыз жылдан астам уақыт аралығында этнопедагогика көлемді зерттелуде. Бүгінгі күні этнопедагогика маңызды ғылыми білімдер жүйесін құрайтын дербес ғылым саласына айналып отыр.

Этнопедагогиканың мәнін анықтау барысында біз Т.И. Огородниковтың: «этнопедагогика – педагогиканы этнография және фольклористикамен байланыстырушы жаңа ғылым саласы » деген тұжырымына сүйендік. Біріншіден, этнопедагогика –педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, сондықтан этнопедагогиканың қасиеттері мен негізгі мәндік сипаттамасы осы жүйе арқылы айқындалады; екіншіден этнопедагогика –этнография, педагогика және фольклористика ғылымдарының түйіскен саласы болып табылады. Педагогика аясында этнография, этнофилософия, этнопсихология, этномәдениеттанудың бірлесуінен, олардың этникалық аспектісін зерттейтін интегративті сала – этнопедагогика пайда болды. Өйткені этнопедагогиканың нысандық саласы- этнос тіршілігінің этникалық жақтары:

этнопедагогика үшін- дамып отыратын этнопедагогикалық болмыс;

этнология үшін (этнография) – этнос және өзі сияқтылармен қарым-қатынасы;

этномәдениеттану үшін – сол этностың мәдениеті;

этнопсихология үшін- ұлттық сана-сезім, ұлттық мінездің қалыптасу заңдылықтары;

этнофилософия үшін- қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктері;

Алайда аталған салалардың әрқайсысы өз аспектісін; яғни этнопедагогика- этникалық тәрбие ерекшеліктерін қарастырады.

Этнопедагогика – педагогикалық білімнің интегративті аймағы.

Осы деректерге сүйене отырып, біз педагогиканың құрамдас бөліктері мен этнопедагогика арасындағы байланысты пәнішілік топқа жатқызамыз, себебі этнопедагогика- педагогиканың құрамдас бөлігі болып саналады, онда ғылыми теориялар, заңдар, заңдылықтар, принциптердің тікелей генетикалық байланысы белгіленеді.

Этнология мен педагогиканың арасындағы нысан бойынша байланыс –этностың тіршілік әрекеті.

Этномәдениет пен этнопедагогика арасындағы байланыс. Этнопедагогика –халықтың рухани мәдениетінің тұрақты бөлігі, демек этнопедагогиканың мазмұны, оның құралдары этномәдениетпен айқындалады. Этнопедагогика мен этнопсихология арасындағы байланыс. Ол –зерттелетін мәселелер бойынша байланыс, яғни ұлттық сана-сезім, ұлттық мінез, ұлттық сезім қалыптасуы. Этнофилософия және этнопедагогика арасындағы байланыс. Этнофилософия-дүниетаным. Осы мағынасында ол этнопедагогика мазмұнының дүниетанымдық бағытын қалыптастыруға ықпал етеді. Педагогика әдіснамасы қазақ этнопедагогикасының бағыттаушы негізі бола отырып, бізге этнопедагогика әдіснамасын, этнопедагогика теориясын, әрқайсысында өзінің қайталанбас категориялық құрамы болатын практикалық іс-әрекетін қамтитын бірегей құрылымын белгілеуге мүмкіндік туғызды.

1-кесте. Этнопедагогика әдіснамасының құрылымы көрсетілген.

Этнопедагогика мәселелерінің әдіснама құрылымы

Зерттелу деңгейі

Мақсаттары мен міндеттері:

*этнопедагогиканың «таным туралы білімін», зерттеу әдістерін, қағидаларын айқындау;

* этнопедагогиканың және халық педагогикасы, әлеуметтік педагогикамен байланыстары;

*этнопедагогиканың әдіснамалық негізін айқындау, зерттеу бағдарламаларын дайындау.

Этнопедагогиканың әрбір құрылымдық компонентін зерттеу, ғылымды дамытудың кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.

Нысанасы:

Этнопедагогикалық зерттеулер, этнопедагогиканың өзі.

Этнопедагогиканың объектісіне қатысты зерттеулердің сапасы тікелей этнопедагог-зерттеушілердің әдіснамалық деңгейіне, ғалымдық позициясына байланысты.

Пәні:

Этнопедагогикалық болмыс, оның этнопедагогикалық зерттеудегі көрінісі.

Этнопедагогиканың пәнін нақтылап, кешенді ашып зерттеу деген сөз, ол –этнопедагогиканың мәні мен мазмұнын анықтауға жол ашады.

Қызметі:

*танымдық (зерттеулік);

*сыншылдық (бағалаушы);

*рефлексивтік, өзіндік мәртебесін зерттеу;

* этнология,этнопсихология, этноәлеуметтік, педагогикалық әдістерді зерделеу негізінде қазақ этнопедагогикасының зерттеу әдістерін даярлау;

*қазақ және басқа халықтардың этнопедагогикасының салыстырмалы зерттеу әдістерін даярлау;

*кіріктірілген пәндерді зерттеу әдістерін жасау;

*этнопедагогиканың ғылымаралық, пәнаралық,пәнішілік байланысын зерттеу,бағдарламаларын даярлау;

*этнопедагогикадағы әдіснамалық білімдерді іріктеу өлшемдерін анықтау және т.б.

Этнопедагогика –интегративті ғылым саласы болғандықтан, атқаратын ғылыми функциясы да көп қырлы. Сондықтан, бұл ғылымның әрбір функцияларының ғылыми негіздемесі керек. Бүгінгі таңда салыстыр-малы этнопедагогиканың зерттеу әдістеме-сін жасауға және этнопедагогикадағы әдіснамалық білімдерді іріктеу өлшемдерін анықтауға талпыныс байқалады.

Әдістері:

Жалпы ғылыми әдістер: талдау; жинақтау; дедукция; индукция; ұқсастық; мұрат-тылық; салыстыру; бақылау; сараптау; өлшеу; үлгілеу және т.б. Пәндік әдіс-тәсіл-дер жиынтығы:жүйелі, кешенді, біртұтас, этнопедагогикалық, мәдени, әлеуметтік, этнографиялық.

Этнопедагогиканың зерттеу әдістері, әрине ерекше болуы тиіс.Бұл ғылымның өзіне тән әдістерін айқындап, іріктеу. Сондықтан, этнопедагогикадағы әдістерді былайша жіктеуге болады:

*әрбір ұлттың тәрбиесіндегі өзіндік әдістері;

*этнопедагогиканы зерттеудің өзіндік әдістері;

*әдіснамалық зерттеулерге тән әдістер;

*ұлттық тәрбиенің әр саласын зерттеудегі өзіндік әдістері.

Принциптері ( ұстанымдары)

Шынайлылық: танымдық себеп-салдар; дамуы; тарихи; теория мен практиканың бірлігі; кумулятивтік; тарихи ұстанымдар мен қисындылық бірлігі, кешенділік; біртұтастық; жүйелілік; аспектісінің шынайылылығы мен пәндік айқындығы; этникалық және әлеуметтік арақатынас; биологиялық және әлеуметтік антропологизм бірлігі; мәдени сәйкестік; табиғилық; жас және бас ерекшеліктерін есепке алу ұстанымдары.


Мына ұстанымдарды зерттеп, дамытуды талап етеді:

кумулятивтік (жинақтау);

биологиялық және әлеуметтік антропологизм ірлігі;

мәдени сәйкестік;

табиғи сәйкестік;

этностық сәйкестік.

Заңдар:

Материалистік диалектика заңдары:

*терістеуді терістеу;

*саннан сапаға өту;

*қарама-қайшылықтың күресі мен бірлігі.

Материалистік диалектиканың категориялары:

*құбылыс және мән; түр, пішін және мазмұн;

*кездейсоқтық және қажеттілік;

*кеңістік және уақыт;

*бөлшек және тұтастық;

*сапа және қасиет;

*біркелкілік және жалпылық;

*философиялық антропологизм

Нақты зерттеулер қажет.

Заңдылықтар:

Детерминизмнің философиялық ұстанымдары: кездейсоқтық және қажеттілік, мүмкіндік және шындық.

Этнопедагогикалық заңдылықтарға арналған кешенді зерттеулер керек.

Теориялар. Тұжырымдамалар.

Этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері.

Этноәлеуметтік рольдерге баулу негізінде теориялық тұжырымдар қалыптасуда;

-этномәдени тәрбие теориясы қалыптасуда;

-көпмәдени білім теориясы қалыптасуда;

-салыстырмалы этнопедагогиканы негіздеу;

-этнопедагогиканы құрайтын білім салалары арасындағы байланыс түрлерін негіздеу теориясын жасау.

Қазақ этнопедагогикасының зерттеу көздері:

*Қазақ ойшылдарының, жыршы-жыраулар-ының, философтарының,жазушыларының,

ақындарының, қазақ халқының педагоги-калық мәдени мұралары.

*Қазақ ауыз әдебиетінің жіктемесі:

Этнофилософтар, этномәдениеттанушылар,

этнопедагогтар, тарихшылар, этнографтар,

этнопсихологтар еңбектері.

Зерттеу көздері жүйесіз, жаңаша жүйелеу қажет.

Ұғымдар.Терминдер.Категориялар.

Этнос теориясынан алынған ұғымдар.

Қазақ философиясынан алынған ұғымдар.

Этнопсихологиядан алынған ұғымдар.

Мәдениеттану теориясынан алынған ұғымдар.

Жалпы педагогикадан алынған ұғымдар.

Қазақ этнопедагогикасы категориялары.

Қазақ этнопедагогикасы ұғымдары.

Бұл өте күрделі. Этнопедагогиканың өзіндік ұғымдар қорын қалыптастыру.


Этнопедагогиканың әдіснамасы үш түрлі әрекетке бөлінеді:

Практикалық әрекет, арнайы-ғылыми әрекет және әдіснамалық әрекет.

Практикалық әрекетпен педагог, тәрбиеші айналысады, бұл әрекеттегі әдіснаманың атқаратын негізгі қызметі - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, оның өндіретін білім түрі: теориялық және эмпирикалық білім; әрекетті бағыттайтын нормалар:оқу-тәрбие бағдарламалары, ұсыныстар, нұсқаулар.

Арнайы-ғылыми әрекет, негізінен зерттеушілерге тән. Бұл әрекеттің атқарар қызметі- әдіснамалықпен қамтамасыз ету, заңдылықтарын анықтау, оқу-тәрбие үрдісінің практикалық әдістерін жетілдіру. Арнайы-ғылыми әрекет нәтижесінде түзілетін білім- педагогикалық жүйе құруға және қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған.

Әдіснамалық әрекеттің екі түрі бар, біріншісі- зерттеуді әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Бұл әрекеттің қызметі- зерттеу процесін бағыттау мен бағалау, сапасын анықтау. Нәтижесінде түзілетін білім түрі- ғылыми таным әрекетін жетілдіретін әдіс-тәсілдерді анықтау. Екіншісі- әдіснамалық зерттеулер. Бұл зерттеулердің қызметі педагогика ғылымының заңдылықтары мен даму бағыттарын, ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігін анықтау. Түзілетін білім түрі- дамыған ғылыми таным құралдары, зерттеулердің болжамы. Екеуін де атқаратын зерттеушілер.

Этнопедагогика терминін ғылыми қолданысқа алғаш рет профессор Г.Н.Волков енгізді. Этнопедагогиканы «өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халықтың тәжірибесі, олардың педагогикалық көзқарастары, тұрмыс педагогикасы, отбасының, рудың, тайпаның,халықтың және ұлттың педагогикасы» туралы ғылым дей отырып, Волков: белгілі бір этникалық топқа ортақ психикалық құрылымынң қалыптасуына әсер ететін, ұлттың, тайпаның, халықтың, рудың педагогикалық мәдениеті болып табылады. Этникалық тәрбие –бұл отбасындағы, руждағы, тайпадағы тәрбие. Ол тәрбие жеке алғанда да, бірге алғанда да –халықтық. Этнопедагогика- педагогиканың құрамдас бөлігі, біртұтастың бір бөлігі ретінде, оған педагогикалық белгілер тән: заңдар, заңдылықтар, педагогика теориясының принциптер.

Нысаны –этникалық педагогикалық мәдениет, дамушы,этнопедагогикалық болмыс.

Пәні- адам өмірінің барысында жалғасатын этникалық тәрбие үдерісі, соның аясындағы этноәлеуметтік рөлдерді меңгру үдерісі.

Заңдары: шынайы өмір арқылы тәрбиелеу, параллельді әрекет арқылы тәрбиелеу.

Заңдылықтары: Барлық педагогикалық заңдылықтар.

Этнопедагогика: этнопсихология, этнофилософия, педагогика, этнография, этномәдениет

Этнопедагогика халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі. Этнопсихология- адамдардың психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінезін, ұлттық өзіндік сананың қалыптасуы мен қызметінің заңдылықтарын, этникалық таптаурындарды зерттейтін білімнің пәнаралық саласы деп көрсетілген.

К.Д.Ушинский орыстың ұлттық тәрбие жүйесі үшін күресіп, оны тек Ресей үшін ғана ұсынбады, оны шығармашылықпен қайта өңдеп, басқа халықтарды ағарту үшін қолдануға ұсынады, деп жазды. Ол үшін басты нәрсе,ұлттық ұғымының ортақ бекітілуі болды. Ушинскийдің жалпы теориясына сүйене отырып және барлық педагогтар оның үлгісін қолдана отырып, өздерінің ұлттық-украиндық, грузиндік, және басқа да ағартудың ұлттық жүйелерін құра алды.

XXI ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғаның және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда.

Этнопедагогика – «этнос» ( ру, тайпа, ұлт) және «педагогика» ( оқыту, тәрбиелеу туралы ғылым) сияқты екі сөзден құралған. Этнопедагогика- белгілі бір халықтың, ұлттық ерекшеліктерін айқындап, оның өмір тәжірибесі арқылы тәлім-тәрбиесі, дүниетанымы ретінде қалыптасқан ғылым. Этнопедагогиканың зерттеу нысаны- халық педагогикасы. Халық педагогикасы- халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеудегі жинақтаған тәжірибесінің жиынтығы. Этнопедагогиканың мақсаты- халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, тілін, дінін қадірлеп, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген саналы, салауатты, инабатты, патриоттық сезімі бар ұрпақ тәрбиелеу. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы- елі мен жерінің амандығы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы біздің бүгінгі «тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек ... Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген ой-тұжырымдары да келешек ұрпақты рухани-мәдени мұралар негізінде тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды. Жас ұрпақтың «өз отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге сыйластығын, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында оларға «қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, мәдениетін меңгерту» де Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2007, шілде) негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Қазақстанның экономикалық даму деңгейі мемлекеттегі индустрия мен техниканың даму дәрежесіне тікелей байланысты болғандықтан, өнеркәсіп саласына қатысты көркемөнер өндірістерін жетілдіру мен оларды әлемдік деңгейге көтеру барысында өнімдердің ұлттық нақышын сақтап қалу мәселелері халықтың мәдени мұралары мен ұлттық өнерін жан-жақты зерделеп, олардың оң нәтижелерін ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдаланудың қажеттілігін арттыра түседі. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі этнопедагогика қазақ халқының ұлттық өнерінің тарихи мазмұнын зерделеп, жинақталған тәжірибелерді жүйеге келтіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді талап етеді.


5

Тарихтан белгілі көне түркілер ұрпағы – қазақтардың этногенезі туралы сөз қозғасақ, олар жоғарыда айтылған Енисей жазба ескерткіштеріндегі мәліметтерге қарағанда және көне Қытай, Ұйғыр, Моңғол жазбалары бойынша арғы тегі Моңғол тектес Ғұндар мен Үнді-Иран тектес Қыпшақтар мен Сақтардың, түркі тектес Үйсін, Қаңлылардың қосындысынан пайда болған Еуразия даласының көшпенділері екені байқалады. Қазақтың этногенезінде Керейттер мен Наймандардың, Арғындар мен Қоңыраттардың, Алшын, Жаппас, Шектілердің де болғанын тарих дәлелдеп отыр. Ол жөнінде атақты тарихшы В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев, Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан т.б. еңбектерінде дәйекті дәлелдер келтірілген.

Қазақ хандығы ХҮ ғ. орнағанымен қазақ ұлтының аты одан әлдеқайда ерте ҮІ ғ. өзінде-ақ төңіректің төрт бұрышына белгілі болған. Ол жөнінде М.Шоқайдың, түрік профессоры З.Ұ.Тоғанның, фольклорист-ғалымдар: Ә.Диваев, Ә.Қоңыратбаевтың, тарихшы-ғалымдар М.Х.Дулатидің, Ш.Уәлихановтың, А.Н.Бернштамның, М.Ақынжановтардың зерттеу еңбектерінде айтылған. Ал қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі – халық педагогикасынан, оның ауыз әдебиеті үлгілері мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты туындаған салт-дәстүрінен, ұлттық музыкасы мен өлең-жырларынан, қолөнер түрлері мен ұлттық ойындарынан бастау алған.

Ұлттық мәдениеттің ұрпақ тәрбиелеудегі ерекшелігін зерттеу ісімен ғылыми педагогиканың бір саласы этнопедагогика айналысады. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық ой-пікір көзқарастарын, ұлттық ойлау ерекшеліктерін, өнер туындыларын зерттей отырып, оның мазмұны мен тәлімдік мәнін, тәрбие құралдары мен оны іске асырудың әдіс-тәсілдерін де қарастырады. Этнопедагогиканың мақсаты – жастарға халықтық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениет түрлерінен білім, білік, дағдыларды меңгерте отырып, олардың ұлттық сана-сезімі мен дүниетану көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.

Этнопедагогиканың негізгі міндеті – егеменді еліміздің жастарын ой еңбегіне де, дене еңбегіне де қабілетті, сана-сезімі оянған, ұлттық ар, намыс, ұжданды қастерлейтін, нарық жағдайында өмір сүре білуге икемді, өнегелі, өнерлі, ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.)Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы –халық педагогикасында өрнекті ұғым -әдеп. Әдеп –этика ғылымының “этика”деп аталатын алкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисында баламасы. Әдеп, яғни жеке ғылым саласыретінде әлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары Аристотель мен Әл Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем көріністерінен түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.

Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын өзегі-әдеп. Әдеп сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдени рәішін ұғындырады. Әдеп-ұлттық педагогиканың, яғни қазақт этнопедагогикасының алтин арқауы, тәлімдік кредосы.

Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәірден бастау алады.

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп , тәрбиелеп келгені көпке аян . Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар.Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін , іс-әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылым педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік –идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, он ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан – жақты зерттеп, қарастырып өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары-халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.  Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.

Академик Н.Г. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде ; адамдардың қоғамды құруда, қошаған ортаны- табиғаты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқаратыны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмприкалық білім болып келуі; оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой түйіндері сол халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде болуы; сон дай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей тұтас түрінде берілуі ( мысалы, қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсетіп келеді де, “халық педагогикасы ру, тайпа,ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесінде негізделіп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері)арқылы іске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға ғылымға негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады...Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материял даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмететушінің рөлін атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу- тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастырады”.

Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.

Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің , әлеуметтік психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақтастығы болып табылады. Ұлттық психологиялық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Мысалы, біз ән күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден айырамыз. Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім-киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады. Әдебиет- тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін он халық құрап қастерлеп,жаттап жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп қадірлеп қалыптастырып, асылым деп. ақыл санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері-мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол-ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қиянда-татын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра. Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілі, ойды, дамытып, тәлім-тәрбие беріпдүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл-халық педагогикасының алкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр.Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың марал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады. 


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!