СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Блокнот және калькулятор. Калькулятордың жады.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Блокнот және калькулятор. Калькулятордың жады. сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Блокнот және калькулятор. Калькулятордың жады.»

Сынып: Күні:


Тақырыбы: Блокнот және калькулятор. Калькулятордың жады.


Мақсаты:  Оқушыларды блокнот және калькулятор қолданбасымен таныстыру.

1. Білімділік: Оқушыларға блокнот және калькулятор жайлы толық мәлімет беру.

2. Дамытушылық: Логикалық ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Типі: аралас сабақ.

Түрі: практикалық білімі бар жаңа сабақ(жеке жұмыс, сұрақ-жауап).

Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, практикум. 
Көрнекі құралдар: компьютер, жұмыс дәптері, карточкада жазылған тапсырма.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- амандасу;

- түгендеу;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Ой толғау. (оқушылардың білімін сұрақ-жауап арқылы тексеремін)

1. Мәтінді іздеу қандай команда арқылы орындалады?

2. Мәтінді қалай ауыстырамыз?

3. WordPad құжатына суретті қалай кірістіреміз?

4. WordPad бағдарламасынан қалай шығамыз?

III. Жаңа сабақ

Блокнот және калькулятор. Калькулятордың жады.

Блокнот - өте кішкентай мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет. Ол кәтімгі жұмыс кезінде ескерулер жазатын электрондық блокнот сияқты қолданылады. Блокнот бағдарламасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар: пуск→Программы→Стандартные→Блокнот. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін экранда іші таза, онда мәтін енгізуге дайын бос құжат бейнеленген Блокнот бағдарламасының терезесі ашылады.

Мәтін енгізнеде жолдың соңында пернесін басу керек немесе сөз автоматты түрде тасымалдануы үшін Правка →Перенос по словам командасын орындаңдар. Мәтін үзіндісін бөліп алу үшін WordPad- та пайдаланған әдістер пайдаланылады. Ақпараттарды тек алмастыру буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болдаы. Ол үшін Правка менюінің Копировать, Вырезать және Вставить командалары пайдаланылады. Блокноттың көмегімен күрделі, әдемі құжаттар жасап, оған сурет кірістіру мүмкін емес, өйткені оның пішімдеу мүмкіндігі аз.

Блокнот қолданбасында терілген мәтінді сақтау үшін, WordPad қолданбасындағыдай Файл→Сохранить как ... командасын орындаңдар.

Есептеудің, оған пайдаланатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді.
Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған. Заттардың санын жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.
Сөйтіп, есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулердің қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады.

Қалта калькуляторы

Калькуляторды іске қосу:
Бастау—Бағдарламалар—Стандартты--Калькулятор

Калькулятор бағдарламасының көмегімен күрделі есептерді шешу үшін, калькулятордың инженерлік типін іске қосу жолдарын көрсету.
Инженерлік калькулятордың түрін көрейік:
Бастау - Бағдарламалар Стандартты Калькулятор
Түр Инженерлік

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады.
Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге орта мәндерді табуға, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды қолдануға болады.
Инженерлік калькулятордың статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмаларымен сендерді таныстырайын және әр батырмасына түсініктеме берейік.

Статистикалық есептеулерге арналған диалог терезесі
Осы батырмалардың көмегімен қарапайым статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, берілген сандардың қосындысын, сандардың квадраттарының қосындысын, арифметикалық орта мәнді т.с.с. есептеуге болады.

Калькулятордың негізгі пернелерінің мәні.
Backspace – соңғы цифрды өшіру
СЕ – индикация өрісінде жазылған санды өшіреді
С – барлық ендірілген ақпаратты өшіреді
/ - енгізілген мәнді бөледі
* - енгізілген мәнді көбейтеді
+ - қосу
- Азайту
= - орындалған амалдың нәтижесін шығарады.
Sqrt – квадрат түбірді есептейді
% - санның процентін табады
1/х – экрандағы санның кері мәнін есептейді
МС – жадтағы мәндерді өшіреді
MR – жадтағы мәндерді индикаторға көшіреді
MS - индикатордағы мәнді жадқа жазады
M+ - санды жадтағы мәндерге қосады.
Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін NumLock пернесін басамыз. Калькулятордың кейбір нәтижелерді сақтауға арналған ішкі жады бар. Егер жадта нөлден өзге бір сан (мән) болса, онда индикатордың астында, сол жақ терезешеде М әрпі пайда болады. Ал егер жадқа жаңа мән енгізсе, онда алдыңғы мән өшеді.

Тапсырмалар. Калькулятор көмегімен есептер шығарайық.
28535,2+759,43+4029,07=
12345.67+987.54=
555.77+998.33=
Мына сандардың квадрат түбiрiн тап

49
144
529

Жадының көмегімен есеп шығарып көрейік
(20*4)+(25*2) нәтиже 130
♦ 20*4 амалын теру
♦ MS шерту арқылы жадыға жазу
♦ Индикация өрісін “С” арқылы тазалау
♦ 25*2 амалын теру
♦ “+” батырмасын шерту
♦ MR батырмасын шерту.

Бірдей сандармен тек қосу амалдарын пайдаланып:
бес екіліктің көмегімен 28 санын.
Жауабы: 28= 22+2+2+2

сегіз сегіздің көмегімен 1000 санын жазыңдар
Жауабы: 1000=888+88+8+8+8


Сабақ соңында балалардың жаңадан өтілген сабақты бекіту үшін тест тапсырмасын аламын.
1. Мына батырмалардың “СЕ” және “С” қандай айырмашылығы бар?
А) “СЕ” батырмасы соңғы ендірілген санды өшіреді, ал “С” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді.
Б) “СЕ” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді, ал “С” батырмасы барлық ақпаратты өшіріп калькуляторды жаңа жұмысқа дайындайды.
С)“СЕ” батырмасы мен “С” батырмасының айырмашылығы жоқ.

IV. Бекіту тапсырмасы:

1. WordPad қолданбасын іске қос, ондағы «Экология» мәтінді аш.

2. Бір абзацты белгілеп алда, Правка→Вырезать командасын орындап, оны алмасу буферіне орналастыр.

3. WordPad қолданбасының терезесін жимала (кішірейт).

4. Блокнот бағдарламасын іс ке қос.

5. Блокнот бағдарламасын Правка→Вставить командасын орындап, буфердігі мәтінді кірістір.

6. Правка→Шрифт командасын орындап, қаріптің әлпетін, өлшемін өзгерт. 16 өлшемін және жартылай қалың курсив әлпеттерін танда.

7. Жасаған файлынды сақтап қой.

8. Мәтінді белгілеп, Правка→Копировать командасын орын да, оны алмасу буферіне көшір.

9. Есептер тақтасындағы сәйкес батырма шертіп, WordPad қолданбасының терезесін аш, WordPad қолданбасындағы мәтіндегі мәтіндегі бұрынғы орнына кірістіріп қой.

10. Файлды сақтап қой.


V. Қорытынды:

● Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай? Калькулятор қолданбасын атқаратын қызметі қандай?

● Блокнот және калькулятор қолданбасын қалай іске қосамыз?


VI. Үй жұмысы:



























 

 

 





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!