СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Геометрия пәні бойынша "Призма, параллелепипед, пирамида" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Геометрия сабағында призма, параллелепипед, пирамида тақырыптарына өмірмен байланыстыра отырып есептер шығарту

Просмотр содержимого документа
«Геометрия пәні бойынша "Призма, параллелепипед, пирамида" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар»

Сыныбы-9

Сабақтың тақырыбы

Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырларының өзара орналасуы, биіктік

Мақсаты

Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида элементтері туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер


1. Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамиданың анықтамасын, элементтерін біледі

2. Көпжақтарды бейнелей біледі, формулаларды тиімді пайдаланып есептерді шығара алады

3. Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамидаға өмірден мысал келтіре алады

Керекті жабдықтар

Пирамида, призма, параллелепипедтің макеті, карточкалар, түрлі –түсті бор, оқулық, дербес компьютер

Сабақ барысы:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




1. Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшілер арқылы топты түгендеймін, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтаймын

2. Топқа бөлу (Параллелепипед, призмалар, пирамида)



Суырғанда шыққан көпжаққа байланысты топқа бөлінеді

Тұсаукесер








І. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен , критерийімен таныстырамын.

ІІ. Критерий: 1. Көпжақтың, параллелепипедтің, призманың, пирамиданың және олардың элементтерінің анықтамасын білу.

2. Тік және көлбеу параллелепипедтің, тік және көлбеу призманың айырмашылығын ажырата білу

3. Көпжақтың, параллелепипедтің, призманың, пирамиданың бүйір бетін есептеу формулаларын білу

ІІІ. Дүниежүзілік тарих пәнінен бізге мәлім «Әлемнің жеті кереметін» кім атап береді?

Енді экранға көз салып, Египеттегі пирамидалар жөнінде мәліметті тыңдайық.

-Ніл өзенінің батыс жағалауында аспанмен тілдескен «Әлемнің жеті кереметінің бірі – пирамидалар тұр.Олар Египет елінің елтаңбасы сияқты. Ең биік пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған, ал оның биіктігі 150м жуық екен. Геродоттың есептеуінше құрылысты салуға 20жыл уақыт кеткен.Пирамидаға таяу жерде басы адам, ал тұлғасы арыстан бейнесіндегі алып мүсін- Улкен сфинкс бар, оны халық «үрей атасы» дейді екен.

Сонымен «Әлемнің жеті кереметінің бірі - пирамидалар» екен. Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбының ішінде осы пирамидаға да тоқталатын боламыз.

І. Сабақтың мақсатын, жоспарын біледі

ІІ. Бағалау критерийін біледі









ІІІ.

Негізгі бөлім

І. Жаңа тақырып . (Презентация көрсетіледі)


S пар.т.б=Sб.б+2Sтаб S куб.т.б=6Sкв

Vпар=abc Vкуб=a3


S приз.т.б=Sб.б+2Sтаб ; Vприз=HSтаб


S пир.т.б=Sб.б+Sтаб; Vпир= HSтаб


S қ.пир.т.б=Sб.б+S1+S2


Vқ.пир= H(S1+S2+)



Эйлер теоремасы: Т-Қ+Ж=2 (ТӨБЕЛЕРІНІҢ САНЫ-ҚЫРЛАРЫНЫҢ САНЫ+ЖАҚТАРЫНЫҢ САНЫ=2)



ІІ. Оқулықпен жұмыс.

№745 1), №746 1)

ІІІ. Құзіреттілігін арттыруға тапсырмалар. "Кемпірқосақ" әдісі

Қызыл түс: Бейбітшілік және келісім сарайының суретінен 1)пирамиданың түрін анықтап, суретін салыңдар; 2) Сызғышпен өлшеп, берілгендерін жазыңдар; 3) Пирамиданың бүйір бетінің және толық бетінің аудандарын табыңдар

Сары түс: Пирамиданың берік болып шығуы үшін 4металдан жасаған труба орнату керек. Әр трубаның бірінші бөлігі 62 м биіктікке бекітілу керек, ал екінші бөлігі табандары 62 м болатын төбелеріне бекітілу керек. 297 м труба пирамиданы бекітуге жете ме?

Жасыл түс: Еденінің ауданы 6*4 м2, биіктігі 2,5 м. терезесі жоқ бөлменің қабырғаларына түсқағаз жапсыру үшін ұзындығы 15 м, ені 1 м түсқағаздың қанша бумасы қажет?

1 . Көпжақтардың анықтамасымен формуласымен танысады, дәптерлеріне жазып, суретін салып отырады.















ІІ. Тақтада орындалады.



ІІІ. Диалогтық оқытудың "кумулятивтік әңгіме" әдісі бойынша жұмыстанады.











Қорытынды








1. Балалар, әрқайсыларыңыздың алдарыңызда тікбұрышты параллелепипед тәрізді коробка бар. Төбелерінің санын, қырларын, жақтарын есептеңіздер. Эйлер теоремасы орындала ма тексеріңіздер. Коробканы жасау үшін қанша картон қағаз керек болар еді?



2. Қорытындылау, бағалау.

Сонымен, бүгін не үйрендіңдер? Бүгін біз білгендерімізге тағы не қостық? (Оқушыларды сабаққа қатысқаны бойынша марапаттаймын, критерий бойынша бағалаймын)



3. Үйге тапсырма: Параллелепипед, призмалар, пирамида түрінде тұрғызылған Астана қаласындағы ғимараттар жөнінде мәліметтер.

VI. тарау §4 №745 2)-4), №746 2)-4)

1. Әрқайсысы қырын, төбесін, жағын есептейді. Сызғышпен өлшейді. Параллелепипедтің толық бетін табады.

2. Рефлексия жазады

3. Үйге тапсырма алады

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

Өзімді қалай бағалаймын?

Сабақ ұнады ма?















































Сыныбы-9

Күні: 29.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы

Цилиндр, конус, шар және олардың кескіндері.

Мақсаты

Цилиндр, конус, шар элементтері туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер


1. Цилиндрдің, конустің, шардың анықтамасын, элементтерін біледі

2. Айналу денелерін бейнелей біледі, формулаларды тиімді пайдаланып есептерді шығара алады

3. Цилиндр, конус, шарға өмірден мысал келтіре алады

Керекті жабдықтар

тапсырмалар, түрлі –түсті бор, оқулық , дербес компьютер, презентация, айналу денелерінің макеті

Сабақ барысы:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




1. Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшілер арқылы топты түгендеймін, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтаймын

2. Үй жұмысын тексеремін.( Параллелепипед, призмалар, пирамида түрінде тұрғызылған ғимараттар жөнінде мәліметтер)

2. Топқа бөлу (Цилиндр, конус, шар )



2. Үй жұмысын "басбармақ" әдісімен бағалайды

3. Суырғанда шыққан айналу денесіне байланысты топқа бөлінеді

Тұсаукесер









І. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен , критерийімен таныстырамын.

ІІ. Критерий: 1. Цилиндр, конус, шар және олардың элементтерінің анықтамасын білу.

2.Айналу денелерін кескіндей алу және цилиндр, конус, шардың бүйір бетін есептеу формулаларын білу

3. Айналу денелеріне байланысты есептерді шығара білу

ІІІ. Сәйкестендіру тесті.

1. 2.


3.

І. Сабақтың мақсатын, жоспарын біледі

ІІ. Бағалау критерийін біледі









ІІІ.

Тұсаукесер


4.

5.

6.

7.

8.



Негізгі бөлім

І. Жаңа тақырып . (Презентация көрсетіледі)









Цилиндр конус шар сфера

S цилб.б=; S цил.т.б=Sб.б+2Sтаб=+ 2R2

Vцил=R2 H

; S кон.б.б = 2Rl ;

Vшар=R3

ІІ. Құзіреттілігін арттыруға тапсырмалар.

Оқулықпен жұмыс. 1 топ №765

2 топ №772, 3 топ №773


1 . Көпжақтардың анықтамасымен формуласымен танысады, дәптерлеріне жазып, суретін салып отырады.








ІІ. Диалогтық оқытудың "кумулятивтік әңгіме" әдісі бойынша жұмыстанады.


Қорытынды









1. Семантикалық карта

Қасиеті

цилиндр

конус

шар

1. Бұл дене тіктөртбұрышты оның қабырғасы арқылы өтетін өсь маңында айналдырса шығады

+



2.Бұл дененің қимасы үшбұрыш болуы мүмкін


+


3.Бұл денені қимасы екіге бөлгенде пайда болған екі дененің түрі берілген денемен бірдей болуы мүмкін.

+



4. Бұл дене тіктбұрышты үшбұрышты оның бір катеті арқылы өтетін өсь маңында айналдырса шығады


+


5.Бұл дененің симметрия центрі бар

+


+



2. Қорытындылау, бағалау.

Сонымен, бүгін не үйрендіңдер? Бүгін біз білгендерімізге тағы не қостық? Оқушылар сіздер қалай ойлайсыздар, өтіліп жатқан тақырып , яғни айналу денелері тақырыбының адам өміріндегі қажеттілігі қандай?

(Оқушыларды сабаққа қатысқаны бойынша марапаттаймын, критерий бойынша бағалаймын)



Үйге тапсырма: №750, №751,

"ЭКСПО-2017" көрмесіне пирамида, цилиндр, шардың макетін қолдана отырып қандай жоба ұсынар едіңіз? Суретін салып келу












2. Рефлексия жазады

"Бағдаршам" әдісі бойынша өздерін бағалайды



Үйге тапсырма алады








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!