СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютердің қосымша құрылғылары.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сергіту сәті. Бүгінгі сабағымызға күш жинап алу үшін оқушыларды сергітіп жаңа сабақты бастаймын.

Просмотр содержимого документа
«Компьютердің қосымша құрылғылары.»

Астана қаласы №49 орта мектебі















Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары. Қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер.









Пәні: информатика

Сыныбы: 8 «Ә»










Сабақ жоспары


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8 «А»

Күні: 18.11.14 ж.


Тақырыбы: Компьютер қосымша құрылғылары. Қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер.


Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділігі: компьютер қосымша құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.


  1. Тәрбиелігі: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы, әрі тәртіпті ұстауды ескерту.


  1. Дамытушылығы: Оқушыларға компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Көрнекілігі: слайд-шоу, интерактивті тақта, видео, компьютер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: жеке, топтық жұмыс, тест

Үй тапсырмасын сұрау.

Сабақтың барысы:

        • ұйымдастыру кезеңі

        • сабақ сұрау

        • бағалау

        • жаңа сабақ

        • бекіту

        • үйге тапсырма

        • қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.


Жаңа сабақ

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Компьютердің қосымша құрылғылары. Қосымша құрығыларды орнату, драйверлер». Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпқа шолу жасайық. Өткен сабағымызда біз дербес компьютер дегеніміз не, оның қандай негізгі бөліктерден тұратынын білдік. Оның ішінде Жүйелі блоктың қандай маңызды роль атқаратынын, монитордың қызметін, пренетақта мен тышқанның атқаратын қызметін және түрлерімен таныстық.

Олай болса үй тапсырмасын кубик лақтыру арқылы жауап берсек. (Слайд көрсету)

Сергіту сәті. Бүгінгі сабағымызға күш жинап алу үшін оқушыларды сергітіп жаңа сабақты бастаймын.

Енді жаңа сабаққа көшейік. Бүгінгі сабағымызыдың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді. «Қазіргі заманғы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз»

Сабағымыздың міндеті – тақырыбымда көрсетілгендей компьютердің қосымша құрылғыларымен таныстыру және меңгерту. Ең алдымен компьютердің шығу тарихын еске түсіріп көрейік. (видео көрсету)

Олай болса біз қандай компьютердің шығу тарихын білеміз, енді компьютердің қосымша құрылғыларымен танысайық.

Слайд көрсету арқылы компьютердің құрылғылармен таныстырамын.

Компьютердің қосымша құрылғылары:

  1. Принтер- ақпаратты басып шығаруға арналған құрылғы. Оның 3 түрі бар лазерлік, матрицалық және бүріккіш. Оның ішіндегі ең сапалысы – лазерлік принтер.

  2. Плоттер – үлкен көлемді плакаттарды шығаруға арналған құрылғы.

  3. Сканер – ақпаратты енгізу құралы. Қағаздағы кескінді компьютер экранына шығаратын құрылғы.

  4. Модем – интернетке қосылуға арналған құрылғы.

  5. Джойстик – ойын ойнауға арналған құрылғы.

  6. Микрофон – дыбысты электр сигналына түрлендіруге мүмкіндік беретін құрылғы.

  7. Колонка – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.

  8. Флеш жады – бұл мәліметтерді микросхемаларға жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін, жадтың энергияға тәуелсіз ақпаратты тасымалдаушы құрылғы болып табылады.

Оқушыларды мозайка әдісі арқылы екі топқа бөліп әрі қарай сабақты жарыс түрінде өткіземін. Олай болса бір-бірімізбен сәлемдесейік. Екі топ өз тобын таныстырады.

Қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер -

1.Мен техник-құрастырушымын атты бөлімнен бастаймыз. Топтарға компьютердің құрылғылары беріледі, сол құрылғылардың жалғасын тауып 1мин. ішінде компьютердің құрылғыларын құрастырып шығады. Әрбір дұрыс құрастырылған құрылғы 5 ұпаймен бағаланады.

2. Кім жылдам сайысы. Сайыс шарты бойынша команда капитандары ортаға шығып, жасырылған бірнеше сөзді алады да қарсы команда мүшелері тез жауап беруі керек. Команда мүшелері қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай беріледі. Ұпай 5 балдық жүйемен бағаланады.

Процессор тобына Дисплей тобына

  1. Пернетақта 1. Сканер

  2. Принтер 2. Джойстик

  3. Камера 3. Монитор

  4. Кактус 4. Тышқан

  5. Колонка 5. Плоттер

  6. Модем 6. Проектор

Демалыс сәті. Бүгін немес кеше естіген жаңалықтарыңызды мына парақтарға жазып, тақтаға жабыстырыңыздар. Ал екі топтан бір,бір бала шығып сарапшы болады. Балалар жазған жаңалықтарға сараптама жасайды. Жазып болғаннан соң екі сарапшы кез-келген бір телеарнаның дикторы ретінде сол жаңалықтарды оқып береді. Нәтижесінде қай топтың жаңалығы қызықты және дикторы жақсы сөйлесе сол топқа балл беріледі. Ұпай саны -5 балмен бағаланады.

  1. Компьютерлік фирма құру.

Мұнда топтар тек ДК –нің қосымша құрылғыларын сатумен айналысады. Сондықтан екі топ кез келген бір ойдан шығарылған құрылғы ойлап табады, аукцион ұйымдастырылады және қонақ мұғалімдер оны сатып алады. Алғашқы баға -500 тенгеден басталады.


Сабақты бекіту ретінде оқушылар компьютерде тест сұрақтарына жауап береді.


Үйге тапсырма: компьютердің пайдасы және зияны тақырыбында шығарма жазу.




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!