СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютер желілер жинағы тақырып

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

компьютерлер желілер жинағы тақырыбында жоспар

Просмотр содержимого документа
«Компьютер желілер жинағы тақырып»

Пәні: информатика

Күні: 19.03.2018

Сыныбы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік байланыстың міндеті. Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желілер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері:жергілікті желі,  Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Дамытушылық:  Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.
Сабақтың түрі:
     теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
 1.Ұйымдастыру
                                  2.Үй тапсырмасын тексеру
                                  3.Жаңа сабақты түсіндіру
                                  4.Сабақты бектіу
                                  5.Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар
* LineTo және LineRel процедурасының айырмашылығы неде?
* Шеңбер салу операторын ата?
* Arc процедурасы не үшін қолданылады,
* Эллипс салу операторының жазылу форматы қандай?
* Rectangle процедурасы не үшін қолданылады?
* Set textstyle процедурасы қандай қызмет атқарады?
 
Жаңа сабақты түсіндіру
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желі дегеніміз – ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.
Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем
 (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.
Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық  кеңістікті Интернет деп атайды.
Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды.
Жергілікті желілер
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет.
Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Коммутатор  мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.
Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі),  яғни тең дәрежелі желі.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:
1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.
3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.
Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:
– ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдалнушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу;
– бірнеше пайдалнушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;
– электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;
– желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;
 – Интернетке қосылу мүмкіндігі.
Ортақ  деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады.
Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.
Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
Компьютерлер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда Windows 2000 Professionalоперациялық жүйе DHCP (Dynamic Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерг желіден бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде  DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Мұндай механизмді IP – адрестеу (Automatic IP – addressing) деп аталады.
Компьютерлердің бір – бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады.
Хаттама (протокол)
 – екі компьютердің бір –бірімен қатынасуныңы формалды ережелерінің жиынтығы.
Microsoft фирмасы мекеме ішінде жлімн жұмс істеу үшін  TCP/IP қолдануды ұсынады. NetWare сервері бар жергілікті желілерде пакеттерді желі бөліктері және редиректор арасында маршрутизациялану мүмкіндігін беретін IPX/SPX (Intеrnet Packet   Exchange/Sequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады.Microsoft Фирмасының 3Com компаниясымен бірігіп құрған  Point – to – Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.
Сабақты бекіту сұрақтары
*Компьютерлік желі дегеніміз не?
*Жергілікті желінің қызметі қандай?
*Корпоративті және аймақтық желлер деген не?
*Шлюз деп нені атайды?
*Желілік құрылғыға не жатады?
*Желілік адаптердің қызметі қандай?
*Интернетке қандай анықтама беруге болады?
 Үйге тапсырма: 30.Компьютерлік желілер тақырыбын оқу.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!