Moodle жүйесінде келесі ресурстар түрлері көрсетіледі: мәтін беті және веб-бет, файлға немесе веб-бетке сілтеме, түсініктеме және т.б.
Ресурс ретінде өзіндік меңгеруге, зерттеу жүргізіуге, талқылауға арналған кез келген материал: сурет, аудио және видео файл және т.б. болуы мүмкін.
Moodle жүйесінде сабақ даярлау және өткізуде оқытушы курстың элементтер жиынтығын қолданады: глоссарий, тапсырма, практикум, жұмыс дәптері, сұрақ, форум, чат, wiki, сабақ, тест. Курстың түрлі элементтерінің үйлестірілуін түрлендіре отырып, оқытушы жаңа материалды меңгерту кезінде оқыту формасын нақты сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкестіріп ұйымдастырады.
Просмотр содержимого документа
«Мәліметтер қоры - Базы данных - Database»