СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бойынша жылжу.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтіннен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.

Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қос.

Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.

Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы:жан-жақты, бетпе-бет.

Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойлады: «Блокнот-қарапайым мәтіндік редактор».

Просмотр содержимого документа
«Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бойынша жылжу.»

Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бойынша жылжу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мәтінді тез теруге және қателерін түзетуді үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:



Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтіннен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.

Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қос.

Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.

Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы:жан-жақты, бетпе-бет.

Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойлады: «Блокнот-қарапайым мәтіндік редактор».

Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын тізбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013 ж., 1 қыркүйек, Ш.Уалиханов.

Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды: «Информатика» журналы, Целиноград қ. (Қазіргі Астана қ.).

Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы: ХХІ ғасырдың басы

Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.



Мәтін бойынша жылжу

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен,

Home(жолдың басына)

End (жолдың соңына)

PageUp , PageDown(бір ретке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады.

Егер құжат бері көп болса, мәтіннің соңына бірдей қалай жетуге болады? Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

Word Pad мәтіндік редакторын ашыңдар. Теру ережелерін пайдаланып, мәтінді теріңдер.

(159 беттегі мәтін)





- Түзетуге (редактирование) жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру.

- Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы. Мәтін бойынша жылжу пернелері бірге пайдаланылуы мүмкін.



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі бойынша:

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер. (160-бет)

В-деңгейі бойынша:

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер. (161-бет)

С-деңгейі бойынша:

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер. (161-162-бет)





Сабақты бекіту: 162 беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру.

Үйге тапсырма: 20 тарау. Оқып келу


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!