СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Мәліметтерді енгізу және пішімдеу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні:

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Мәліметтерді енгізу және пішімдеу.

Білімділік: Оқушыларды электрондық кестелермен (MS Excel-мен), кестелік редактордың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Редактор терезелерінің барлық құраушыларын қарастырып, кестелік редакторда мәліметтерді енгізуге және пішімдеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Таным белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыпты болуға, тереңнен ойлауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық тапсырма орындау, сөзжұмбақ шешу, өз ойын жеткізу

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, А1 қағазы, ноутбуктер, үлестірмелі карточкалар, гүлдер

Пәнаралық байланыс: математика, биология пәндері

Қолданылатын технология: Караев технологиясы

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Сабақтың тақырыбын ашу

4. Сабақтың мақсатын ашу

5. Жаңа сабақ

6. Сабақты бекіту

7. Сабақты қорытындылау

8. Үй тапсырмасын беру

9. Бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу.
  2. Үй тапсырмасын тексеру. Сәйкестікті тап:

Р/с

Сұрақтары

Дұрыс жауабы

1

MS EXCEL қалай қосылады?

Office батырмасы - Құру

2

MS EXCEL-дің жұмыс парағы дегеніміз не?

Office батырмасы - Сақтау

3

MS EXCEL-дің жұмыс кітабы дегеніміз не?

Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағында аттары таңбаша арқылы берілген

4

MS EXCEL-де жаңа құжатты қалай құрады?

Бастау – MS Office – MS Excel

5

MS EXCEL-де құжатты қалай сақтайды?

Бағдарламаны жүктегеннен кейін экранда бос құжаттың терезесі

Жаңа сабағымды келесі сөздерден бастағым келеді:

«Естігенімдіұмытамын, көргенімдіесте сақтаймын, өз істегенімді - меңгеремін»

Конфуций

  1. І кезең. Жаңа сабақ.
  • Электрондық оқулықты қоямын. Содан кейін өзім оқушыларға қысқаша түсіндіріп өтемін.

MS Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Бас мәзірі басқа Microsoft Office бағдарламалары сияқты бөлімдерден құрылған. Жұмыс кітабы жол мен бағаннан тұрады. Жол мен бағанның қиылысуын ұяшық деп атаймыз. Жұмыс парағы 255 бағаннан, 65536 жолдан тұрады. Жолдар сандармен, ал бағандар латын әріптермен белгіленеді. Әрбір ұяшықтың өз мекен (адресі) болады. Мысалы,: А1, В3, С3 т.с.с.

Кестенің бір ұяшығы әр уақытта істеп тұрады. Формула жолының сол жағында, аспаптар тақтасының астында жұмыс ұяшығының мекені көрініп тұрады.

Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Office батырмасы – Құру; Жұмыс кітабын сақтау үшін Office батырмасы - Сақтау; Жұмыс кітабын ашу үшін Office батырмасы – Ашу командалары орындалады.

Мәліметті ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған пернетақта көмегімен берілгендерді енгізу керек. Кез келген электрондық кестенің ұяшығына сан, формула, мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.

Осы алған білімдеріңді практикалық тапсырмада тексерейік. Практикалық тапсырманы орындамас бұрын, оқушылар бүгінгі алған білідерімізді кішкентай ғана гүл өскінімен салыстырайық.

  • Осы кезде суы бар стақандағы гүл өскінін көрсетемін. Осы гүліміз үлкен болып өсу үшін, біз не істеуіміз керек?
  • Дұрыс айтасыңдар балалар, жақсы оқуымыз керек.
  • Ал ендеше Гүл өскінінің гүл болып өсуіне ат салысайық.

ІІ кезең. Гүл өскінін отырғызу.

1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Жол мен баған қиылысқанда. орналасады.

2. Ұяшық. мен. тұрады.

3. Электрондық кестенің қай ұяшығы белсенді деп аталады?

4. Ұяшыққа енгізілген мәлімет.. көрсетіледі.

5. Электрондық кесте. жолдан,. бағаннан тұрады.

6. Жолдар., бағандар.. белгіленеді.

Сабақты бекіту: “Гүлімізді органикалық заттармен тыңайту” ІІІ кезең: 1-тапсырма: “Қайталау - оқу анасы”

1. MS Excel қандай процессор?

2. Ұяшық сөзінің орысша аудармасы.

3. Дэн Бриклин және Боб Френкстонның қай мамандықтың студенттері болған?

4. MS Excel процессорын қосқан кезде MS Excel-дің. ашылады?

5. Әрбір ұяшықтың өз. болады.

2-тапсырма: “Сұрақ – саған, жауап - маған”.

ІV кезең: Сабақты қорытындылау

1-тапсырма: Қақпаға допты сал.

  • Бұл кезеңде әрбір допта сұрақ бар,егер де оқушылар дұрыс жауап берсе, доп қақпаға кіреді.

2- тапсырма: “Кім көп біледі?” Информатикалық терминдер кестесі.

  • Берілген кестеден информатикаға байланысты сөздерді тауып алу қажет.

К

Б

А

И

Н

З

Е

Е

С

Ғ

А

Ф

О

Ұ

Ж

Т

Е

Н

С

Р

Я

О

Л

Ф

О

Р

М

А

Ұ

Я

Ш

Ы

М

А

Т

Я

М

Ә

Қ

У

К

И

Н

І

Т

Р

Л

А

Ұ

3-тапсырма: Білгенін қағаз бетіне түсіру.

  • Бүгінгі алған білімдеріңді сызба түрінде мына А1 ақ қағазында көрсетіңдер. (Оқушыларға А1 қағазы мен түрлі түсті фломастерлер беріледі, қысқаша сабақта түсінгендерін қағаз бетіне түсіру).
  • Ал енді бүгінгі сабағымды келесі мақалмен аяқтағым келіп отыр:

Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі – дей келе біздің алған білімдерімізге байланысты гүліміздің қаншалықты өскенін көрейік.

V кезең: Үйге тапсырма беру:

§26, 27 оқып келу. А4 қағазына «Кестелік процессор» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

VI кезең: Бағалау.

  • Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты тиісті бағаларын қою.

Осымен сабақ аяқталды, Сау болыңыздар!

Категория: Информатика
25.03.2018 20:54


Рекомендуем курсы ПК и ПП