СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабағымды бастамас бұрын қызығушылықты ояту әрі ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында сынып оқушылары сергіту сәтінде би билеп (№1 қосымша), бойларын сергітіп белсенділікпен қиындыларға жазылған құстар жайлы тақпақ шумақтарын құрастыру арқылы топтарға бөлінді. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасының оқушы белсенділігіне әсері өте зор себебі, оқушы көңіл-күйі көтеріледі, білім алуға деген қызығушылығы оянып, топта білім деңгейі әртүрлі оқушылармен жұмыс істеуге, ой бөлісіп, пікір алмасуға дағдыланады. Міне осындай тәжірибеден өтіп, жоспарлап, іске асырамын деп жүрген ойларымның нәтижелі шығуына көмегін тигізетін өзіме болашақта қажет ынтымақтастық ортасын құру үшін әртүрлі тренингтер, сергіту сәттері мен топтарға бөлу әдістерін болашақта да түрлендіріп, сабақтарыма қолданып отыратын боламын. Сонымен қатар, оқушыларға өздерін – өздері реттеп отырулары үшін топ ережелерін күнделікті еске салып отырдым. Яғни, жетістікке талпынған оқушылар ережеге бағынып ұпайларының түгел болғанын қадағалап отырады.

Сабағымның келесі кезеңінде үй тапсырмасын тексеру: Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатымен «Аққудың балапаны неге ұсқынсыз?» тақырыбына жазған оқушылардың шағын эсселері сынып оқушыларымен «Ыстық орындық» стратегиясы (№2 қосымша) бойынша тексерілді, бұл тәсілді қолдану оқушының орындыққа отырып эсседе қамтылуға тиіс мәніне байланысты сұрақтарға жауап беру керек. Мысалы, жазған эссеңізді аңыздар, ертегілермен байланыстырдыңыз ба? Аққу балапанының ұсқынсыздығын немен байланыстыруға болады? Сіздің ойыңызша аққу балапанын қандай балапанға жатқызуға болады, ширақ па әлде қызылшақа ма? Аққу неге балапанын адам баласы баспайтын, көрмейтін жерге басады? – дегендей жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап алу арқылы оқушы шығармашылығы, сөйлеу мәдениеті, ой-өрісі, мазмұны және бұл тапсырманы орындау барысында бала неге сүйене отырып орындағаны көрінді. №2 қосымшада көрсетіліп кеткен Б. есімді оқушы тәртібі жағынанда, білімі жағынанда қанағаттанарлық оқушы, бірақ осындай сабақтардан кейін бұл оқушының пәнге деген қызығушылығы оянып, білім алуға деген көзқарасы өзгеріп, белсенділігі артты. Себебін оқушы былай түсіндіріп өтті (кері байланыс парағы): маған осындай сабақтар өте қатты ұнады, яғни, маған топ және ұстаз сенім артып отырғанын сезіндім, басқа оқушылардан шеттеліп қалған жоқпын. Менің де бір ойым, жауабым топтың ұпай алуына үлес қосатынына қуанып, артылған сенімді ақтауға тырысып жүрмін. Міне осындай жазбаларды оқығаннан кейін, мен өзіме жаңа тәсілдерді сабаққа тиімді пайдалану арқылы үлгерімі төмен, тәртібі нашар оқушының да белсенділігін арттыруға болатынын түсіндім. Басқада А. Қ. есімді бұрынғы сабақтарда бірнеше ескертуден кейін ғана тапсырма орындауға кірісетін оқушылар өз жұмыстары жайлы сұрақтарға жауап беру арқылы ашылып, топқа сіңісіп, ережені қадағалап жұмыс жасай білді. Арнайы құрылған критериилерден кейін оқушылар өз жұмыстарының мазмұнына қарай мадақтау сөздерімен бағаланды, жұмыстарының жемістерін көріп, көңіл-күйлері көтеріліп, қуанды. Бірінші сабақта туындаған кемшіліктер осы жолы ескеріліп, барлығы дерлік жөнделмесе де алға талпыныс байқалды.

Категория: Биология
05.04.2018 19:13


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!