Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Мен сабағымды құрғанда педагогикалық біліктілік арттыру курсында зерделеген жеті модулін сабақтарыма енгіздім. Және оның нәтижесіне көз жеткізе алдым. Себебі, бұл әдіс-тәсілдер сабақ құрылымы мен оқушы белсенділігін артты. Жаңа технологиялардың мақсаты – сабақты жетілдіру, тиімділігін арттыру, балалар үшін білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа тәсілдердің тиімді жерлері көп. Біріншіден, балалар жаңа технологияларды жақсы, қуана қабылдайды. Екіншіден, сабақтың тиімділігі артады. Сабақтар өте қызықты әрі қарқынды өтеді және нәтижелі болады. Жаңа технологияны игеру шеңберінде мұғалімдер қалай оқыту керектігін үйренеді. Қалай оқыту керектігі туралы модуль шеңберінде екі жалпы мақсат қамтылады. Ол: біріншіден, мұғалімнің қалай оқыту әдстемесін меңгергені және оқу үрдісінде оны қалай пайдаланғаны. Екіншіден, осы әдісті оқушы қалай игергені, ол білім алу барасында оны пайдалана ма, пайдаланса, оның тиімділігі қандай екендігі қарастырылады.

Менің бұрыңғы сабақтарымда көбінесе құнды мәліметтерді өзім бере отырып оқушыны мұғалім үстеліне бағынышты қылып қоятынмын. Дегенменде, сабақтарымды барынша қызықты өткізуге тырысып бағатынмын, өйткені, қазіргі заман оқушыларын қызықтыру өте қиын. Педагогикалық біліктілік арттыру курсынан өту менің іс-тәжірибеме үлкен өзгерістер еңгізді.

«Әрбір күнім – үйрену, іздену, әрбір сабақ – үлгі, өнеге, ұлағат», - деген қанатты сөздерден бастау алып, мені мазалап жүрген көп сұрақтарға жауаптар тапқаныма сенімдімін. Егер мұғалім үнемі өткізген сабақтарына білім әлеміндегі жаңалықтарды енгізе отырып, айқынмақсат қоя алғанда ғана нәтижеге жетеді. Мен де курс Бағдарламасында қамтылған жеті модульді қолдана отырып нәтижеге жету үшін алдыма мақсат қойдым. Атаулы модульдерді сабақтарыма пайдалана отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға,пікір алмасуға, бір-бірін тындауға және сыйлауға тәрбиеледім.Мен өзгердім бе? – деген сұраққа: Ия, мен өзімнен көп өзгерістерді бақылаймын десем, дұрыс айтқан болар едім. Өйткені, мен бұрынғыдай оқушы жауап бергенді дұрыс айтпаса, Мүмкін, тағы ойланып көрерсің, кең ауқымда ойланып көріңіз, тағы қалай қарастыруға болады? – деген қайта бағыттау сұрақтарын қоя бастадым. Оқушыларға жоқ деп бетін қайтармайтын, еркін ойлауға, бұрынғыдай ескерту айтып баланы шектемей, еркіндікке тәрбиелей бастадым. Менің пікірімше қазіргі сабақтарыма оқушыларымның қызыға келуі де осындай өзгерістердің әсері болар. Мен тәжірибеме қандай өзгерістер еңгіздім? – деген сұраққа жауап беретін болсам: курстың бірінші «бетпе-бет» кезеңінде үйреткен әдіс-тәсілдерді сабақтарыма барынша ықпалдастыруға тырыстым. Дәстүрлі мұғалім шегінен шығып жаңашылдыққа бет бұрамын деп шешкен ойыммен, тәжірибеден өту үшін қызмет жасап жүрген алтын ұя – мектебіме барып, көптеген жоспарлар құрдым, оны жүзеге асырамын деп бір ай бойы еңбектендім. Мектептегі әріптестерім мені жылы жүзбен қарсы алды. Алғашқы күні мектеп әкімшілігіне кіріп, әкелген жаңалықтарым мен пайдалы жаңалықтарыммен бөлістім. Тәжірибені өткізу үшін 7 сыныпты алғанымды ескертіп айтып кеттім. Неге 7 сыныпты алғалы отырмын? – деп өзіме сұрақ қойдым. Көп ойланып жауабында таптым:6-7 сынып оқушылары аумалы-төкпелі кезеңнен өтуде, мүмкін, сондықтанда оқушыларды осы жаста білім алуға, пәнге деген қызығушылығын сөндіріп алатын болармыз. Себебі, буыны қатпаған оқушылардың айналасында жаңа орта, жаңа достар, қиын пәндер, зиянын тигізетін әдеттер, ата-ана, сынып, мұғалімдер жағынан қолдау болмаған соң оңай жолды таңдайды. Сондықтан болар мен оқушылардың пайдасы жоқ әдеттер мен шұғылданып, уақытын зая кетіргенше, пәнге қызығушылықтарын оятып, өзіме тартайын дедім. Олай дейтінім, мен бетпе-бет кезеңінде өзімді бір мезет оқушы орнына қойып, қызықты тапсырмалар орындауға белсенді қатысып жүрдім, демек оларғада қызық болатынына сенімді болдым. Ендігі кезекте ата-аналар мен кездесіп, балаларды фотосуреттер мен бейнекамераға түсіруге рұқсат алдым. Бағдарламаның идеясына шолу ретінде ата-аналардың арасында ынтымақтастық ортасын құру мақсатымен «Өрмекші торы» әдіс-тәсілін қолдандым. Ата-аналар жиналыстарында бұрында қолданып жүрген тәсілім, постерге «Менің баламның жан дүниесі» атты постер салдырып, қорғаттым. Сауалнамалар мен «Мен білуге тиіс он сұрақ» атты бірнеше тапсырмалар орындата отырып, оқушылардың да сабақтарда пәнге, тақырыпқа байланысты осындай тапсырмалар орындайтынынан хабардар еттім. Хаттама толтырылып, ата-аналар келісімдері мен ризашылықтарын білдіріп үйді-үйге тарасты. Жоспарымды жүзеге асыру мақсатымен әріптестерім мен оқушыларымнан зор қолдау күттім. Себебі, «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл», - демекші егер әріптестерім маған қолдау көрсетіп, өз көмектерін аямай жігерлендіріп отырмаса, оқушыларым өзгеріске оң көзбен қарап, сабағыма қызығушылықпен келмесе менің ойым іске асқан болар ма еді. Осы уақытқа дейін мектебімізден бірнеше мұғалім осындай курстарды зерделеп, біліктілігін арттырып келген. Сол ұстаздармен қауымдастық құрып, туындаған сұрақтар мен жағдаяттарды бірге шешіп отырдық.

05.04.2018 19:15


Рекомендуемые курсы ПК и ППК для Вас