СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2 сынып қазақ тілінен күнтізбелік жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 сынып бойынша қазақ тілінен күнтізбелік жоспар

Просмотр содержимого документа
«2 сынып қазақ тілінен күнтізбелік жоспар»





Қазақ тілі

Сыныбы: 2 «Б»


Жоспар пән бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жасалынды.

«2016 - 2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы»әдістемелік нұсқау хатында көрсетіліп, (2016 жылғы 17 маусымдағы № 5 хаттама) жоспарланған жазба жұмыстарының саны: 20

Жылына барлығы - 136 сағат, 2-сыныпта аптасына - 4 сағат

Оқулықтың аты, авторы, баспасы, шыққан жылы «Қазақ тілі» оқулығы, «Алматыкітап» 2013, Ж. Қ. Балтабаева,

М.Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова
















Түсінік хат

1. 1.Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметі 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің(бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Қазақ тілі – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

3. Пәнді оқытудың жалпы мақсаты – тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

4. Оқытудың міндеттері:

  1. оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;

  2. тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;

  3. ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;

  4. тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;

  5. алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;

  6. оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.

5. Қазақ тілін оқыту процесінде пәнаралық байланыс:

1) әдебиеттік оқу пәнімен: қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты пайдалануда, мәтінді мәнерлеп оқу мен өлең жаттауда, тәрбиелік мәні бар көркем шығармаларды және балалардың жас ерекшілігіне лайық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалануда.

2) дүниетану пәнімен: қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың атауларын таныстыру, олар жайында түсінік беруде, табиғат құбылыстарымен таныстыруда, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы ұғымдардың кеңейтілуінде, оларға сипаттама беруде, еліміздің мәдениеті, ғылымы, шаруашылығы туралы түсінік беруде.

3) математика пәнімен: сан атауларын пайдалануда, жұмбақ-есептерді пайдалануда, сөз мағыналарын түсіндіру барысында өлшемдік ұғымдарды пайдалануда, заттарды пішініне, өлшеміне қарай салыстыруда.

4) бейнелеу өнері пәнімен: жаттығу мазмұнына байланысты сурет салғызуда, белгілі суретшілер туралы мағлұмат беруде, сюжетті сурет бойынша мазмұндама (ауызша, жазбаша түрде) жазуда.

5) дене шынықтыру пәнімен: сергіту жаттығуларын орындаған кезде дене қимылдарын пайдалануда, оқыту барысында «дене шынықтыру минутын», қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыруда.

6) еңбекке баулу пәнімен: қол саусақтарының нәзік бұлшық еттерін дамытуда, шығармашылық ой-қиялы арқылы сөйлей білу қабілетін дамытуда.

7) музыка пәнімен: өлең мәтіндері арқылы музыкалық қабілетін дамытуда, музыка шығармаларының негізінде байланыстыра сөйлеуді дамытуда.









Жұмыс түрі

І

ІІ

ІІІ

IV

Жылдық

Мәтінді көшіру

1

1

1

1

4

Бақылау мазмұндама

-

-

-

-

-

Бақылау шығарма

-

-

-

-

-

Сөздік диктант

-

1

-

1

2

Тақырып бойынша диктант

(грамматикалық тапсырмамен )

1

1

2

1

5

Бақылау диктант

(грамматикалық тапсырмамен )

2

1

1

1

5

Тест жұмысы

(30 тапсырмадан аспау керек)

1

1

1

1

4

Барлығы

5

5

5

5

20





















ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Жалпы сағат саны

Тараудың тақырыптары

Мемлекеттік стандарт

1

2 сағат

Тіл және сөйлеу.

  • сөйлеудің адам өміріндегі маңызы мен оның қажеттілігі;

  • ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік;


2

24 сағат

Дыбыс және әріп

  • у дыбысы. Сөз ішінде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуі. У әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген у әрпінің алдында ү,ұ дыбыстары естілгенмен, жазылғанда олардың орнына у-дың өзі ғана жазылатыны;

  • дауысты ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатыны;

  • и дыбысы. И-дің дауысты, ал й – дауыссыз дыбыс екені. И-дің бірде жуан, бірде жіңішке болатыны. И, й әріптерінің емлесі;

  • я, ю әріптерінің жазылуы;

  • дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіні;

  • б, п дыбыстары. Б және п әріптерінің емлесі;

  • қ, ғ және к, г дыбыстары. Қ, к дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауысты ы, і дыбыстары жалғанса, олардың ғ, г дыбыстарына айналуы;

  • л, р дыбыстары. Л, р әріптерінің емлесі;

  • н, ң дыбыстары. Олардың бір-бірінен өзгешелігі және емлесі.

3

7 сағат

Мәтін

  • мәтін туралы түсінік. Жеке сөйлемдерден мәтіннің өзгешелігі. Мәтіннің тақырыбы және ондағы негізгі ойды анықтау. Мәтіннің мазмұнына сай ат қою. Мәтінге, сюжетті суреттерге ат қою;

  • мәтіннің құрылымын байқату: негізгі ойды беру формасы сөйлем екені, мәтіннің бөліктері (басқы, ортаңғы (негізгі), соңғы (қорытынды)) туралы ұғым қалыптастыру. Мәтіндегі азат жолдың рөлін аңғарту;

  • мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру. Әр алуан мәтін түрлерін аңғарту: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау;

  • заттардың негізгі бөліктерін байқату: таныс заттарды көрсетіп, олардың басты белгілері жайлы әңгімелету, сипаттап айтқызу. Берілген мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру;

  • берліген жоспар бойынша мазмұндама жазу. Берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер т.б. бойынша мәтін құру.

4

14 сағат

Сөйлем

  • сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің мәтіннен өзгешелігі. Тұтас мәтінді сөйлемдерге бөлу: берілген мәтіндегі сөйлемдердің ара жігін ажырату;

  • сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем. Сөйлем түрлерінің айтылыу интонациясын байқату;

  • сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері (нүкте, сұрау, леп белгісі);

  • сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сұрақ қою арқылы сөйлемнің ішінен бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу;

  • сөздердің орналасу тәртібін ескере отырып, сөздерден сөйлем құрау. Сұрақ бойынша сөйлемді кеңейтіп жазу (екі сөзден тұратын сөйлемді үш сөзді етіп құру). Үлгі, сызба, суреттер бойынша сөйлем құрап жазу. Дұрыс құрылмаған сөйлемді түзеп, қайта жазу.

5

6 сағат

Сөз және оның мағынасы

  • сөз және оның мағынасы туралы түсінік;

  • мағынасы жуық, мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздер, әртүрлі мағынаны білдіретін сөздер (терминдер айтылмайды);

  • сөздердің қолдану ерекшелігі;

  • мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай ажырата білу.

6

12 сағат

Сөз құрамы

  • сөздің түбірі мен қосымшасы туралы алғашқы түсінік;

  • түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығы;

  • қосымшаның жұрнақ, жалғау болып бөлінуі. Олардың әрқайсысының өзіндік белгілері.

7









8

35 сағат









2 сағат

Сөз таптары









Сөйлеу мәдениеті

  • кім? не? кімдер? нелер? қандай? қай? не істеді? не қылды? қайтті? қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінікті қайталау;

  • сөз табы туралы түсінік. Зат есім, оның мағынасы, сұрақтары. Жалқы есім және жалпы есім. Жалқы есімнің жазылу емлесі;

  • зат есімнің жекеше және көпше түлері. Зат есімнің көпше түрін сөз құрамына талдау, көптік жалғаулары;

  • етістік, оның анықтамасы, сұрақтары. Дара және күрделі етістіктер;

  • Сын есім және оның анықтамасы, сұрақтары. Сан есімнің зат есіммен байланысып айтылуы.

  • Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Әдемі сөйлеу – әдептілік. Амандасу, сәлемдесу, танысу, алғыс айту кезінде қолданылатынсөздер.

9

14 сағат

Жыл бойы өткенді қайталау.














Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

Сөздік жұмыс

Қосымша танымдық материал

Күтілетін нәтиже

Үйге тапсырма

І тоқсан (32 сағат)

1

1-сыныпта өткенді еске түсіреміз

2



Дидактикалық материалдар

Дауысты дыбыстың буын құрайтыны,буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктері артады,буынға дұрыс бөлу,тасымалдай білу дағдылары дамиды

4 бет.5-жаттығу

8 бет.6-жаттығу

Тіл және сөйлеу

2

Адамдарға сөйлеу не үшін қажет?

1


сөйлеу тілі

Дидактикалық материалдар

Сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ұғынып,сөйлеу арқылы көп нәрсені біле алатынын түсінеді.

11бет.5-жаттығу

3

Ауызекі және жазбаша тіл

1


факс,ұялы телефон,радио,

интернет

Дидактикалық материалдар

Жазбаша тілдің пайда болуы туралы түсінік қалыптастырып, жазбаша хабар беру құралдарымен танысады.Сауатты жазуға дағдыланады

13 бет.4-жаттығу

4

Диктант «Құтанның тұмсығы»( мәтінді көшіру)

1



Диктанттар жинағы



Дыбыс және әріп

5

Дыбыс және әріп туралы не білеміз?

1



Дидактикалық материалдар

Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажыратуды меңгереді

16 бет.5-жаттығу

6

У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы

1


жуу,қуу,суу,ауу,

буу,жауу,сауу

Кестелер жинағы

У дыбысы бар сөзге талдау жасауды,у дыбысы бар сөзді тасымалдауды үйренеді.

18бет.5-жаттығу

7

У дыбысының жуан, жіңішке айтылуы

1


ушығу

Кестелер жинағы

Сөздің жуан,жіңішке айтылуы құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан,жіңішке болуына байланысты екенін ұғынады.

20бет.4-жаттығу

8

У әрпінің жазылуы

2


малту

Дидактикалық ойын

У дыбысының айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты ажыратады.

22бет.4-жаттығу

24бет.5-жаттығу

9

Диктант «Қарға мен бұлбұл

( тақырыптық)

1



Дидактикалық материалдар



10

И,й әріптерінің жазылуы

3


илану,Йемен,

шоғайна,йогурт

Кесте, жұмыс дәптер

И және й дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуды үйренеді.

26бет.5-жаттығу

28бет.5-жаттығу

30бет.5-жаттығу

11

Я әрпінің жазылуы

2


таяз,биязы,мият

Өлең, жұмбақ, жаңылтпаш

Я дыбысы бар сөздерді дұрыс буынға бөлу сауаттылығы артады.

32бет.5-жаттығу

34бет.5-жаттығу

12

Ю әрпінің жазылуы.

2


есею,орашолақ,

олақ,миуа

Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Ю дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуді үйренеді.

35бет.4-жаттығу

37бет.7-жаттығу

13

Бақылау диктанты «Қоян»

1



Диктанттар жинағы



14

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

2


шүрегей

Кесте, жұмыс дәптер

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінетінін ұғынып,сауатты жазуға дағдыланады.

40бет.5-жаттығу

42бет.5-жаттығу

15

Дауыссыз б мен п

2


штаб,кәуап

Дидактикалық материалдар

Басқа тілден енген, соңында б дыбысы келетін сөздердің жазылуы туралы білім қалыптастырады.

43бет.4-жаттығу

45бет.5-жаттығу

16

Дауыссыз қ мен ғ

2


қияқ

Кестелер жинағы

Сөздің жуан,жіңішке айтылуына байланысты берілген сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін жалғап жазуға үйренеді.

48бет.6-жаттығу

49бет.4-жаттығу

17

Бақылау диктанты

«Бұлақ басында»

1



Диктанттар жинағы



18

Дауыссыз к мен г

2


жөргек,діңгек

Дидактикалық материалдар

Сөздің жуан,жіңішке айтылуына байланысты берілген сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін жалғап жазуға үйренеді.

51бет.5-жаттығу

53бет.5-жаттығу

19

Тест

1



Тест жинағы



20

Дауыссыз л мен р


2


лайсаң,лек-лек,

алпауыт

Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтайды.

55бет.4-жаттығу

57бет.5-жаттығу

21

Дауыссыз н мен ң

1


шөмеле

Өздік жұмыс

Үнді дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтайды

59бет.4-жаттығу

ІІ тоқсан ( 32 сағат)

Мәтін

22

Дауыссыз н мен ң

1


жоңқа,жаңқа

Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Үнді дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтайды

61бет.5-жаттығу

23

Мәтін

3


бауырмал

Дидактикалық материалдар

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысты болатындығын түсінеді.

63бет.4-жаттығу

65бет.4-жаттығу

67бет.4-жаттығу

24

Мәтін

3


шифр

Сюжетті суреттер

Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұнын көрсететінін,мәтінннің мазмұны ретімен айтылатынын түсінеді.

69бет.3-жаттығу

70бет.3-жаттығу

71бет.3-жаттығу

25

Мазмұндама жазып үйренеміз

1


таңғы шық,

жылт-жылт, тамшы

Сюжетті суреттер

Тілдік обьектілікті сақтай отырып,таңдалған мәтінді жазбаша түрде мазмұндап жазуға үйренеді.

74бет.4-жаттығу

Сөйлем

26

Сөйлем және мәтін

1


қаламсауыт

Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Сөйлемнен мәтін құрастырып, сөйлемнің белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік қалыптастырады.

76бет.5-жаттығу

27

Сөйлем және сөз

1



Дидактикалық материалдар

Жеке сөзден байланыстырып сөйлем құрау, сөйлемде айтылған ойды анықтау,сөйлем соңына тыныс белгі қоя алу дағдысы қалыптасады.

78бет.5-жаттығу

28

Диктант «Ақсары»

( мәтінді көшіру)

1



Диктанттар жинағы



29

Хабарлы сөйлем

1



Өздік жұмыс

Сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға бейімделеді.

80бет.5-жаттығу

30

Сұраулы сөйлем

2



Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығып,сұраулық мағынадағы сөздердерге жауап жаза білуді үйренеді.

82бет.4-жаттығу

84бет.4-жаттығу

31

Лепті сөйлем

2


рухани азық

Үлестірмелі кестелер

Сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға бейімделеді.

85бет3-жаттығу

87бет.2-жаттығу

32

Диктант ( сөздік диктант)



1



Диктанттар жинағы



33

Сөйлемдегі сөздердің байланысы

3


шежіре

Дидактикалық материалдар

Сөйлемдегі әр сөзге сұрақ қою арқылы байланысын түсінеді.

89бет.5-жаттығу

91бет.5-жаттығу

92бет.4-жаттығу

34

Өткенді пысықтау

1


шаңырақ иесі

Өздік жұмыс

Сөйлемдегі әр сөзге сұрақ қою арқылы байланысын түсінеді.

93бет.4-жаттығу

35

Шығарма жазып үйренеміз

1


ел іші

Сюжетті суреттер

Тілдік обьектілікті сақтай отырып, таңдалған тақырып бойынша шығарма жазуға үйренеді.

96бет.5-жаттығу

36

Диктант «Әдепті бала»

( тақырып бойынша)

1



Диктанттар жинағы



Сөз және оның мағынасы

37

Сөз және оның мағынасы туралы түсінік

1


жар,кірді ашады

Дидактикалық материалдар

Сөйлеу кезінде әр сөздің мағынасын дұрыс ұғына білуді;сөздерді орынды,дұрыс қолдана білуді үйреніп, сөзік қорлары артады.

98бет.4-жаттығу

38

Мәндес сөздер

1


бөпе

Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Берілген сөзге мәндес сөз таба білуді үйренеді.

100бет.4-жаттығу

39

Бақылау диктанты

«Біздің мұғалім»

1



Диктанттар жинағы



40

Қарама –қарсы мағыналы сөздер

2


айлакер адам

Кестелер жинағы

Берілген сөзге қарама-қарсы сөз таба білуді үйренеді.

101бет.5-жаттығу

103бет.5-жаттығу

41

Тест

1



Тест жинағы



Сөз құрамы

42

Әртүрлі мағыналы сөздер

2


қыс,жаз,түс,

шұңқырлау

Дидактикалық материалдар

Сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыланады.

105бет.6-жаттығу

106бет.4-жаттығу

43

Сөз және оның құрамы

1



Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Сөздің тек дыбыстан ғана емас,басқа да бөлшектерден құралатынына көз жеткізеді.

108бет.4-жаттығу

ІІІ тоқсан ( 40 сағат)

44

Түбір және қосымша

3


зергер,іскер

Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Сөз құрамына талдай білуді,сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуді үйренеді.

110бет.5-жаттығу

111бет.5-жаттығу

113бет.5-жаттығу

45

Жұрнақ

3


барлаушы,

Дидактикалық материалдар

Сөзге жұрнақты дұрыс жалғай білуді үйренеді.

115бет.5-жаттығу

116бет.4-жаттығу

118бет.6-жаттығу

46

Диктант «Достық»

( мәтінді көшіру)

1



Диктанттар жинағы



47

Жалғау

3


бант

Үлестірмелі кестелер

Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білу дағдысы артады.

119бет.5-жаттығу

121бет.4-жаттығу

122бет.5-жаттығу

48

Жұрнақ пен жалғау

2


балауыз,өріс

Дидактикалық материалдар

Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білу дағдысы артады.

123бет.4-жаттығу

125бет.4-жаттығу

49

Диктант «Шоқан»

( тақырып бойынша )

1



Диктанттар жинағы



Сөз таптары

50

Сөз таптары. Не білміз?

2


көлбақа

Дидактикалық материалдар

Бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып,сөздің әртүрлі сөз таптарына бөлінетінін ұғынады.

127бет.5-жаттығу

129бет.6-жаттығу

51

Зат есім

2



Кестелер жинағы

Зат есімге дұрыс сұрақ қоя біліп, сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөзді табуды үйренеді.

130бет.4-жаттығу

132бет.4-жаттығу

52

Диктант «Атбегі»

( тақырып бойынша)

1



Диктанттар жинағы



53

Бас әріппен жазылатын сөздер

1



Дидактикалық материалдар

Сөйлем ішінде кездесетін бас әріппен жазылатын сөзді дұрыс жазуды үйренеді.

134бет.4-жаттығу

54

Жалқы есім мен жалпы есім

3


нәр

Топшамалар

Жалқы есімге,жалпы есімге қандай зат есімдер жататынын ажыратуды біледі.

136бет.5-жаттығу

138бет.5-жаттығу

140бет4-жаттығу

55

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

3


қия,бетон діңгек

Дидактикалық материалдар

Жекеше түрдегі зат есімді көпше түрдегі зат есімге айналдыруды үйренеді.

142бет.5-жаттығу

143бет.5-жаттығу

145бет.3-жаттығу

56

Бақылау диктанты «Анасының жұмысы»

1



Диктанттар жинағы



57

Заттың қимылын білдіретін сөздер

1



Дидактикалық материалдар

Қимылды білдіретін сөздер жайлы түсінік қалыптастырады.

147бет.5-жаттығу

58

Етістік

3



Кестелер жинағы,

Қызықты граматика

Қимылды білдіретін сөздер жайлы түсінік қалыптастырады.

149бет.5-жаттығу

151бет.5-жаттығу

153бет.5-жаттығу

59

Дара және күрделі етістік

2


шоқып жеді

Үлестірмелі кестелер

Дара етістік пен күрделі етістікті ажырата білуге дағдыланады.

155бет.5-жаттығу

156бет.3-жаттығу

60

Дара және күрделі етістік

2


есепшот

Дидактикалық материалдар

Дара етістік пен күрделі етістікті ажырата білуге дағдыланады.

158бет.4-жаттығу

159бет.3-жаттығу

61

Тест

1



Тест жинағы



62

Заттың сынын білдіретін сөздер

1


сөк

Дидактикалық материалдар

Сөйлем ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді тауып,сұрақ қойып, бейнелі сөйлеуге үйренеді.

161бет.3-жаттығу

63

Сын есім

2


бұралаң

Кестелер жинағы

Сын есімге берілген әртүрлі тапсырмаларды орындауға дағдыланады.

163бет.5-жаттығу

165бет.5-жаттығу

64

Сын есім

2


зеңгір

Үлестірмелі кестелер

Сын есімге берілген әртүрлі тапсырмаларды орындауға дағдыланады.

167бет.5-жаттығу

169бет.6-жаттығу

IV тоқсан (32 сағат)

65

Сын есім

3


көк

Өздік жұмыс

Сын есімге берілген әртүрлі тапсырмаларды орындауға дағдыланады.

171бет.6-жаттығу

173бет.5-жаттығу

175бет.4-жаттығу

66

Сан есім

3


ызалы,үркек

Дидактикалық материалдар

Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы сан есімді табуды үйренеді.

177бет.4-жаттығу

180бет.6-жаттығу

182бет.5-жаттығу

67

Сан есім

2


жүз

Кестелер жинағы

Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы сан есімді табуды үйренеді.

183бет.3-жаттығу

186бет.5-жаттығу

68

Сан есім

2


лавр жапырағы

қобдиша

Дидактикалық материалдар

Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы сан есімді табуды үйренеді.

187бет.4-жаттығу

188бет.4-жаттығу

69

Өткенді пысықтау

1


жалғыз

Өздік жұмыс

Есте сақтау мен байқау қабілеттері,зейіндері дамиды.

191бет.5-жаттығу

70

Диктант «Ақбауыр»

(мәтінді көшіру)

1



Диктанттар жинағы



Сөйлеу мәдениеті

71

Сөйлеу мәдениеті

2


көңіл сұрау

Сюжетті суреттер

Сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ұғынып,сөйлеу арқылы көп нәрсені біле алатынын түсінеді.

193бет.4-жаттығу

195бет.5-жаттығу

72

Диктант (сөздік)

1



Диктанттар жинағы



Жыл бойы өткенді қайталау

73

Тіл және сөйлеу

1


өмірлі бол

Дидактикалық материалдар

Сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ұғынып,сөйлеу арқылы көп нәрсені біле алатынын түсінеді.

197бет.5-жаттығу

74

Ауызекі тіл және жазбаша тіл

1


өркениетті,

жарғақ тері

Өздік жұмыс

Жазбаша тілдің пайда болуы туралы түсінік қалыптастырып,жазбаша хабар беру құралдарымен танысады.Сауатты жазуға дағдыланады

199бет.4-жаттығу

75

Дыбыс және әріп

2


йокс

Дидактикалық материалдар

Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажыратуды меңгереді

202бет.6-жаттығу

204бет.5-жаттығу

76

Мәтін және оның түрлері

1



Өздік жұмыс

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысты болатындығын түсінеді.

205бет.4-жаттығу

77

Сөйлем және оның түрлері

2


қауырсын,күйе

Дидактикалық материалдар

Жеке сөзден байланыстырып сөйлем құрау, сөйлемде айтылған ойды анықтау,сөйлем соңына тыныс белгі қоя алу дағдысы қалыптасады.

207бет .4-жаттығу

209бет.4-жаттығу

78

Диктант «Көктем»

(тақырыптық)

1



Диктанттар жинағы



79

Сөз және оның мағынасы

1


ойынсақ,малсақ, қада

Кестелер жинағы

Сөйлеу кезінде әр сөздің мағынасын дұрыс ұғына білуді;сөздерді орынды,дұрыс қолдана білуді үйреніп, сөзік қорлары артады.

210бет.3-жаттығу

80

Сөз құрамы

1


әбес

Өздік жұмыс

Сөздің тек дыбыстан ғана емес,басқа да бөлшектерден құралатынына көз жеткізеді.

213бет.3-жаттығу

81

Бақылау диктанты «Жайлау»

1



Диктанттар жинағы



82

Зат есім

2


фарфор

Дидактикалық материалдар

Зат есімге дұрыс сұрақ қоя біліп, сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөзді табуды үйренеді.

215бет.4-жаттығу

216бет.4-жаттығу

83

Етістік

1


абзал жанды адам

Топшамалар

Қимылды білдіретін сөздер жайлы түсінік қалыптастырады.

217бет.3-жаттығу

84

Тест

1



Тест жинағы



85

Сын есім

1



Дидактикалық материалдар

Сын есімге берілген әртүрлі тапсырмаларды орындауға дағдыланады.

219бет.5-жаттығу

86

Сан есім

1


бригада

Кестелер жинағы

Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы сан есімді табуды үйренеді.

221бет.5-жаттығу





















Пайдаланылған әдебиеттер

  • «Қазақ тілі» оқулығы, «Алматыкітап» 2013, Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова




































































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!