СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7.4.1.1 Геодемография, халықтың қоныстану заңдылықтары

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«7.4.1.1 Геодемография, халықтың қоныстану заңдылықтары»

Тақырып: Геодемография (Халықтың қоныстану заңдылықтары)


НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

Уақыты: 11.02.2021.

9:30 – 9:50

Мұғалім: Касымов Темирхан Жуматович

Студент-практикант: Марганбаева Сабохат Аскаровна

Сыныбы: 7 «d»

Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспағандар:

Оқыту мақсаты;


Халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау.

Сабақтың мақсаты


Оқушылар халық тығыздығымен танысады, тығыздығы жоғары және төмен аудандарда өмір сүрудің басымдылықтары мен кемшіліктерін зерттейді. Карталарды талдап, халықтың әркелкі таралу себептерін зерттейді.

Сілтеме

Оқу мақсаты

Дағды

Бағалау критерийі

Әлеуметтік география

7.4.1.1 Халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау

Білу және түсіну

Қолдану

  • Халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:Дүниежүзі халықтарының таралуына, тығыздығына, нәсілдік, этникалық және діни құрамына жазбаша сипаттама бере алады.

Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминология: Халық, тығыздық, сирек және тығыз қоныстану, географиялық орналасу, жер бедері, климат, нәсіл, дін, демографиялық саясат.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Тығыздығы ең жоғары аудандарға жатады …

Тығыздығы төмен немесе сирек қоныстанған аудандарға жатады …

Этникалық және діни бөлінуіне сипаттама беріңіз

Қалыптастыратын құндылықтар

Өзіне және басқаға құрмет

Сабақ барысында, мұғалім және оқушы бір-бірін тыңдайды және сыйлайды.

Академиялық шыншылдық

Сабақ барысында өзара бағалау кезінде әділ бағалауды үйренеді.

Өмір бойы оқу

Оқушы практикалық тапсырманы орындау барысында өз бетінше ізденіп оқиды.

Ынтымақтастық

Топтық жұмысты орындау барысында өзара байланысқа түсе отырып, берілген сұрақтардың жауабын табады.

Алдыңғы білім

Географиялық далалық зерттеу тәсілдерін білуі керек.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланатын шаралар

Ресурстар


0-2

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийлерін бірлесе отырып талдайды.

2-8

«Миға шабуыл»

Мұғалім тақырыпты бастамас бүрын, оқушыларға сұрақ қою арқылы олардың осы бөлім бойынша білімдерін тексеру.

Мұғалім түсіндіріп өтеді:

Халық тығыз орналасқан, 1 км2 жерге 100 адамнан асатын аудандар қатарына Еуропа, Үнді-Ганг ойпаты, Оңтүстік Үндістан, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ніл аңғары, АҚШ – тың солтүстік-шығысы, Атлант мұхитының жағалаулары жатады. Ал климат жағдайлары қолайсыз аймақтарда – Аустралияның солтүстігі, Африка шөлдері, Еуропаның солтүстігі, Канада мен Ресейдің солтүстік бөлігінде халық сирек қоныстанған.

Халықтың орналасуына табиғат жағдайлары әсер етеді. Климаты жылы, шаруашылыққа қолайлы өзен жағалауларында адамзат тарихындағы ең алғашқы өркениеттер қоныстанған.


8-14

(Т) Халықтың әркелкі таралуы себептерін топта талқылау.

Қоныстануда жер бедері, яғни ойпатты, теңіз деңгейінен биіктігі 500 м-ге дейінгі жазықты аймақтарда дүниежүзінің 80% халқы шоғырланған. Жалпы дүниежүзі бойынша адамдардың ең көп қоныстанған аймағы жылы белдеу аймақтары екені белгілі. Бірақ климат пен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарамастан таулы аймақтарда да халық тығыздығы жоғары болуы мүмкін. Мысалы, тауле ел – Бутан Гималай талы аймағында халық тығыздығы 1 км2 жерге 39 адамнан келеді. Таулы аймақтарында ауыл халқы егін және мал шаруашылығымен айналысады. Себебі, ылғал, климат шаруашылық үшін қолайлы. Ал негізінде дүниежүзі бойынша биік таулы аудандар және шөлді, ну орманды аймақтар адамның өмір сүруіне қолайсыз болғандықтан, халық сирек қоныстанады.

14-20

(Т) Топтық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлініп, берілген қоныстануда маңызды фактор түрлерін сипаттайды және мысал келтіреді.

1-топ. Халықтың қоныстануына климаттың әсері.

2-топ. Халық қоныстаныунда әлеуметтік-экономикалық факторлардың маңызы

3-топ. Халықтың орналасуына географиялық фактордың маңызы

Кері байланыс:

Бүгін сабақта мен үшін:

Қызықты болды________________________

Құнды болды__________________________

Қиын болды___________________________

(Осы команда чатына қалдырыңыз.)


Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?.

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ Құндылықтар

Барлық оқушылар орындай алады: топырақ ұғымын, оның құрамын біледі;

Көпшілік оқушылар: топырақтың қалыптасу факторларын түсіндіреді; құрылымының сызбасын сызып, оны сипаттайды;

Жекелеген оқушылар: топырақтың маңыздылығына баға береді.

Оқушылар халық тығыздығымен танысады, тығыздығы жоғары және төмен аудандарда өмір сүрудің басымдылықтары мен кемшіліктерін зерттейді. Карталарды талдап, халықтың әркелкі таралу себептерін зерттейді.

АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жүктелген карталармен жұмыс істей алады.


Ой толғау

Сабақ мақсаттары:




Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жиынтық бағалау

Сабақтың қандай екі сәті сәтті өтті (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1:

2:

Сабақтың тиімділігін қандай екі жағдай жақстар еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1:

2:

Сабақты жүргізгенімде сынып туралы және сол сыныптың оқушылары туралы қандай ақпарат алдым, бұл ақпараттың келесі сабақты жоспарлауымда қандай көмегі тиеді?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!