СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ: "Периодтық кестенің құрылымы"

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Периодтық кестенің құрылымы ,туралы оқушыларға түсінік беру

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Периодтық кестенің құрылымы"»

Күні: 20.02.2018 жыл

Сынып: 7 «А»

Бекітілді:

Ұзақ мерземді жоспар бөлімі:

7.3 В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

Сабақтың тақырыбы:

Периодтық кестенің құрылымы

Оқу мақсаты

7.2.1.2 Периодтық жүйенің құрылымын білу және сипаттау. топтар мен периодтар

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білуі керек:

  • Периодтық жүйенің заманауи құрылымын білу, топтар мен периодтарды ажырата алу

Көптеген оқушылар білуі керек:

  • периодтық жүйедегі негізгі және қосымша топшаларды, кіші және үлкен периодтарды талқылау

Кейбір оқушылар білуі керек:

  • периодтық жүйедегі кез келген элементті орны бойынша анықтай алу

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Периодтық жүйенің заманауи құрылымын біледі, топтар мен периодтарды ажыратады

  • периодтық жүйедегі негізгі және қосымша топшаларды, кіші және үлкен периодтарды талқылайды

  • периодтық жүйедегі кез келген элементті орны бойынша анықтайды

Тілдік мақсаттар

Периодтық жүйенің құрылымы бойынша сұрақтарға жауап бере алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Реттік нөмір, период, топ, топша, сілтілік металдар, галогендер, инертті газдар, ауыспалы металдар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Периодтық жүйедегі химиялық элементтерді қалай бөлуге болады?

Период/Бұл...

Бұл ...болуы керек, (себебі)олар электр тогын өткізбейді..

Оқу дaғдыларының деңгейі

Білу, түсіну және қолдану

Құндылықтaр

Мәңгілік елдің 4–ші құндылығы: Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық бəсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық жəне кəсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

Пәнарaлық бaйланыс

Жаратылыстану

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ бөлімдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері:

Бағалау

Ресурстар














Мотивациялық кезең.

(5 мин)




Жан дүниесі білімге құштар оқушы – көрікті, әсем ағаштай!









































Жаңа тақырыпты ашу:

(6 мин)





















Постер құру:

(6 мин)











Миға шабуыл:

(үш тілді қолдану)

(5 мин)





Қалыптастырушы бағалау:

(7 мин)



































Сабақты бекіту тапсырмасы

(5 мин)







Кері байланыс:

(5 мин)















Үй тапсырмасы:

(1 мин)

Танымдық белсенділіктерін арттыру

Психологиялық ахуал

  • Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын бақылап, сәттілік тілеймін.

  • Балалар, тақтада ілініп тұрған мына бір ағашқа қараңыздаршы. Әдемі ме? Әрине жоқ. Себебі, жапырақтары жоқ, безендірілмеген.

Ендеше осы ағашты алдарыңызда жатқан түрлі-түсті жапырақтардың, гүлдердің т.б. ішінен өздеріңізге ұнаған түсті алып, ағашты безендіре қойыңыздаршы.

(оқушылар жапырақтарды, гүлдерді, ағаш діңін жабыстырады)

.




Балалар, жарайсыздар! Ағашымыз әп-сәтте өзгеріп шыға келді! Ағашты безендіруге таңдаған түстеріңіз бойынша топқа біріге қойыңыздар!

Үй тапсырмасын қайталау, бекіту.

1 топ: «Химиялық элементтердің жіктелуі» тақырыбына кластер құрастырады.

2 топ: «Химиялық элементтер қызықтары» тақырыбына қосымша мәлімет айтады.

3 топ: 78 беттегі 6 тапсырманы орындайды.

4 топ: 78 беттегі 7 тапсырманы орындайды.

5 топ: 78 беттегі 8 тапсырманы орындайды.

6 топ: 77 беттегі 3 тапсырманы орындайды.


«ТРИЗ» технологиясы бойынша сабақ тақырыбын анықтау мақсатында құрастырылған шағын әңгіме оқылады:

  • ХІХ ғасырдың бірінші жарты жылдығында зерттеушілер 25 тұрғыннан тұратын шағын мемлекетті ашты. ХІХ ғасырдың ортасында атаулы мемлекет тұрғындарының саны 60-қа жетсе, қазіргі уақытта тұрғындар саны 118-ге жеткен. Бұл мемлекет қандай атауға ие болды және мемлекет президенті кім?

Оқушылар бүгінгі өтетін жаңа тақырыпты ашып, дәптерлеріне күнді, айды, тақырыпты жазып алады.

Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңіздер? Топ болып ақылдасып, алдарыңызда тұрған параққа мақсаттарыңызды жаза қойыңыздар да ауа шарына жабыстырыңыздар. (жазған мақсаттарын ауа шарына бекітіп, әрбір топтың төбесінен түсіріп іліп қоямын).

Оқушылар, тақырыпқа сай бейнефильм тамашалайды:

Балалар, бейнефильмде не туралы, кім туралы айтылады? Біздің бүгінгі тақырыбымыздың өткен тақырыппен байланысы барма екен? Өткен тақырыпта естеріңізде болса, ХЭПЖ ағылшын ғалымы Дж. А. Ньюлендс октава заңдылығы бойынша ашпақ болғаны туралы айтқанбыз иә, сонымен қатар неміс химигі И.В.Деберейнер ұсынған триада-үштік топтар заңдылығы туралы да айтып өткенбіз. Оқушылар, біз көз алдымызда көріп отырған ХЭПЖ ашылуының қаншалықты маңызды болғанын түсініп отырмыз иә? Ендеше, бүгін біз химия атасы Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ қалай ашқандығы туралы білім меңгеретін боламыз!

Ендеше, оқулықтағы 14-15 парагрофтар бойынша әр топтар постер құрайық:

1 топ: «Период» (79 бет)

2 топ: «Топ» (80 бет)

3 топ: «Сілтілік металдар» (83 бет)

4 топ: «Галогендер» (84 бет)

5 топ: «Инертті газдар» (84 бет)

6 топ: «Ауыспалы металдар» (85 бет)

Әр топ мүшелері жоғарыда аталған тақырыптар туралы постер құрып, қорғайды.


«АБС» әдіс-тәсілі бойынша жаңа тақырып бойынша академиялық тілді дамыту мақсатында терминологиямен жұмыс жүргізу: период – период – period, топ – группа – group, периодтық кесте – периодическая таблица – periodic table т.б.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларымен (деңгейлік тапсырмалар) жұмыс жүргізу:

І - деңгей


  1. Келесі сөйлемдерді дәптерге жазып толықтырыңдар:

Периодтық жүйедегі барлық элементтер ____________________________________ артуы бойынша орналасқан. Элементтердің горизонталь қатарлары _____________ деп аталады. Тік қатарлар ________________ деп аталады. Төменгі сол жағында ________________ орналасқан, ал жоғары оң жағында _______________ орналасқан. Элементтердің көпшілігі __________________.


ІІ – деңгей


  1. Периодтық кестеден натрий, аргон, мырыш, бром, рутений, платинаны табыңдар.

Олардың рет нөмірін, атомдық

массаларын, сондай-ақ период және топ нөмірлерін

көрсетіңдер.


ІІІ – деңгей


  1. Элементтердің периодтық кестесін пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер: а) ең жеңіл элементті;

ә) рет нөмірі 12-элементті;

б) 3-периодтағы металдарды;

в) 2-периодтағы бейметалдарды;

г) атомдық массасы 80-ге тең элементті;

ғ) 4-период, 1-топтың қосымша топшасында орналасқан элементті атаңдар.



«Сұрақтарға жауап беру» әдіс тәсілі:

Кім?

Кіммен?

Қайда?

Қашан?

Не істеді?

Мен көрдім де ...... дедім?


«Ойлаудың алты қалпағы» әдіс-тәсілі бойынша кері байланыс беру:

Ақ түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша өз пікірін білдіреді;

Қара түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша сын айтады;

Қызыл түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша эмоциялық көңіл-күйін білдіреді;

Сары түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша нәтижелі, сәтті тұстарын айтады;

Жасыл түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша жаңа идея, болжам ұсынады;

Көк түсті тақия киген оқушы: сабақ бойынша басшылық жасап, қорытынды айтады;


§ 14-15, 81 бет № 4 тапсырма.

86 бет № 6 тапсырма


























Жарайсыздар!





Керемет!

Тамаша!






























Керемет!

Жарайсыздар!


























«Бағдаршам» кері байланысы









«Бағдаршам» кері байланысы






Оқушылар жұптарымен жұмыстарын ауыстырып, алдарындағы тапсырма бойынша берілген дескриптерлермен тапсырмаларды тексеріп, бағалайды


























«Бағдаршам» кері байланысы






Жарайсыздар!


Өте жақсы!










Қағаз беттерінде әзірленген түрлі-түсті жапырақтар: жасыл, сары, гүлдер: ақ, қызыл, ағаш діңі: қара-қоңыр, бұлттар: көкшіл













Жеке, жұптық, топтық жұмыстар





























Алты түсті (ақ, қара, қызыл, жасыл, сары, көк) ауа шарлары























Топтық жұмыс.

А-3 қағазы, түрлі-түсті фламастер.







Жеке жұмыс.

Кесте.







Жеке, жұптық жұмыс.

Жұмыс парағы.





































Жеке жұмыс әрі сергіту сәті.

Қағаз қиындысы, қалам.



Топтық жұмыс.

Тақия.










Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқу материалдары оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дербес қолдау көрсетемін. Саралау әрбір оқушыға мақсатқа жетуге ықпал жасайды.

Құрастырылған критерийлер, дескрипторлар бойынша бір-бірін бағалайды. Сонымен қатар мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.

Оқу материалдары оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дербес қолдау көрсетемін. Саралау әрбір оқушыға мақсатқа жетуге ықпал жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?












Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





































Миға шабуыл «АБС»

Тақырып:

А, Ә




Б

В

Г, Ғ

Д

Е




Ж

З

И, Й, Ы

К, Қ

Л




М

Н, Ң

О, Ө

П

Р




С

Т

Ү, Ұ, У

Ф

Һ, Х




Ц, Ч

Ш, Щ

Э

Ю, Я

Миға шабуыл «АБС»

Тақырып:

А, Ә




Б

В

Г, Ғ

Д

Е




Ж

З

И, Й, Ы

К, Қ

Л




М

Н, Ң

О, Ө

П

Р




С

Т

Ү, Ұ, У

Ф

Һ, Х




Ц, Ч

Ш, Щ

Э

Ю, Я

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ақмола облысының білім басқармасы

«Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ

«Мектеп жанындағы интернатымен № 8 орта мектебі» КММ






Аудандық

семинар









Тақырыбы:

П



ән атауы: Химия

Сынып: 7 «А»


Өткізетін: Айтпаева Гаухар Мырзагуловна






2017-2018 оқу жылы



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!