СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бағындырған белестер (Бастауышпен қоштасу)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ұғындыру

Просмотр содержимого документа
«Бағындырған белестер (Бастауышпен қоштасу)»

Тақырыбы: Бағындырған белестер

Мақсаты: білімнің сара жолының бастауыштан басталатынын ұғындыру, білім ордасы мектепті, ұстаздарын құрметтей білуге үйрету, елін, жерін сүюге баулу; сахналық мәдениетін қалыптастыру; өнерге деген ұмтылысын шыңдау.
Көрнекілігі: Иннт. Тақта, слайд, гүл шоқтары

Ұйымдастыру:

Сахнада жайлаудың музыкасымен ауылдың апа- атасы таңғы шайларын ішіп, балалар таңғы ұйқыдан тұрып жатады.

Мал жайлап сырттан кірген атасы:

Ата:- әжесі, әлі балалар тұрмаған ба?

Әже: -жоқ, немерелер ертерек тұрып, жуынып-шайынып жол жүреміз деп жатыр. Олар да өз біліміміз бен өнерімізді, әр елге, басқа қалаға барып, өзіміздің бағындырған белестерімізді елге көрсетеміз деп жианлып жатыр.

(сахнаға балалар шығады, шай үстінде)

-Медина- ата, мен бүгін Алматы қаласына барып өз өнерімді, биімді көрсетемін

-Анэль К -мен де, спорт шебері екенімді көрсетіп Нұр-Сұлтан қаласының атын қорғап жас өспірімдер арасындағы футбол ойынына барамын.

-Ансара- апа-ау мен халқаралық би байқауына Ресейге барайын деп отырмын

Алихан -Ата, апа бәріміз өз өнерімізді көрсетуге барамыз. Айтайын Мен, Анель мен Ақмаржан Астана қаласындағы телеарналардың бірінде киноға түсіп жүрміз, Али роботехника саласы бойынша білімін жетілдіріп сайыстарға барып жүр, білім сайыстарына үлес қосқан Нурила, Бақдәулет, Аяулым, Бекзат айта берсем барлық немерелериниз шетінен өнерлі, білімді Қазақстанның болашағының дамуына үлес қосатын азаматтар деп сеімді түрде айта аламын.

Ата- ие, балаларым мен де сендерге үнемі үміт артып, сендермен мақтанып отырамын. (қобалжыған кейіппен)

Жанболат: -Ата бізге батаңызды беріңіз, Біз жүрейік!

Атасы ақ жол тілеп бата береді,

-Қөршілер келеді: -Уа, көрші амансыз ба? Саусыз ба?

-Аман-саумыз.

-Бугін таңертеңнен абың-губің дайындалып, балалар жолға шығып жатыр деп естіп, тоқымдарын қаққызайық дей келдік.

- Төрлетіңіздер! Келіңіздер! (дастархан басына жайғасады)

-Кешке, тоқым қағар үлкен той, кең дастархан жасап , бүкіл ауыл тойға келіңіздер!

Вокзал (поезд, самолет,автобустың дыбысы, жолға шығып бара жаттқан балалар)

1-Жүргізуші: Ассалаумағалейкум халқым. Ұлы даланың жеті қыры бағдарламасының Салт-дәстүр бағытымен бастау алған 4 «А» сынып оқушыларының Бағындырған белестер атты салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші: Армысыздар, Ия, балалар міне бүгін 4 жыл бойы алған білім мен өнер жолындағы Бағындырған белестерімізді көрсететін уақытта жетті. Осы уақытқа дейін алған асуларымыз бен бағындырған белестерімізде баршылық.

1-Жүргізуші: Бүгінгі біздің шарамызда өнер мен білімнің биігіне қанат қағып отырған ұландарысмызды марапаттау үшін «Жастар жылында» Қазақстанның болашағын көркейтуге үлес қосып жатқан мектебіміздің жас мамандарын арнайы шақырып отырмыз.

2-Жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіңіз де,

Жақсылыққа арналған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге.

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры- Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызына беріледі.


1-Жүргізуші: Біздің сыныпта Республикалық 7 арна балаларға арналған «Кинокио» бағдарламасының «Жасырын камера» фильмінде өнер көрсеткен , кино әлемінің жас өрендері, Болат Ақмаржан, Абдрашев Алихан, Құбаш Анел өнерлерін көрсетті енді мың бұралған бишілеріміз Халқаралық, Республикалық, Қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген сыныптастарымыз Дакен Медина, Сүйімбай Ақдидар, Берлик Ансараны ортаға шақырамыз (Қазақ биі, Индиский танец, Қарша қыз) қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші; Біздің өнерпаздарымызды марапаттау үшін мектебіміздің жас психологы Әлжанова Әйгерім Мұратбекқызын шақырамыз!

1-Жүргізуші: -Қарсы алыңыздар «Астана даңғылдарымен жүреміз» жобасының және «Шаттық-2019» байқауының хор номинациясының қатысушылары .Сонымен қатар сыныбымызда ұйымдастырылған «Құпия оқушы» жобасының жеңімпаздары алдарыңызда.

Біздің топ: Жас Ұлан

Біздің ұран: Біз Жас Ұлан елін, жерін қорғаған

Әрқашан да самұрақтай самғаған.

Біздің ән:

1. Туған жердің бөбегіміз 
Туған жердің өлеңіміз 
Өмірге еркелеп, көңілді өлкеде 
Қараймыз келер күнге туған ел

Қ-сы: 
Отанның ұланы біз жаңа ел 
Жолымыз тұр әні нұр қия-бел 
Өзіңді жырлаймыз туған ел

2. Біз - бақыттың тілегіміз 
Біз - уақыттың жүрегіміз 
Гүлдей боп жайнаймыз 
Бұлбұл боп сайраймыз 
Өлкенің бұлағындай ойнаймыз

2- жүргізуші Біздің ұландарды марапаттау үшін сөз мектебіміздің жас тәлімгері- Ноян Жанерке Сейденқызы және бастауыш сынып мұғалімі- Хаматханова Гульфия Флюровна

1- Жүргізуші: Көк туымызды Әлем көгіне желбіретер спортшыларымыз

-Қазақ күресі- Айтжан Бахтияр

-Каратэ 7-кю белбеу иегері- Бекболатова Камилла

-Жасөспірімдер арасындағы дойбы ойынының жеңімпазы- Икмат Айбек

-Бокстан қалалық сайыстардың жеңімпазы- Секканқызы Анэл

1-жүргізуші : Біздің спортшыларды марапаттау үшін жас маман, қазақ күресін насихаттап жүрген спортшы- Қосым Мереке ағайды шақырамыз.

2-Жүргізуші: -Қазағымның күңірене тарихын, дәстүрін еске түсіретін, киелі қобыз өнерімен «Шаттық-2019» қалалық ашық шығармашылық балалар байқауының ұлттық аспап номинация иегері- Жубайқан Камилла.Карсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Біздің қазақ өнерін дәріптеп жүрген сыныптасымызды марапаттау үшін - жас маман – Ахмердинова Арайлым Ержанқызын шақырамыз

2- Жүргізуші: Қалалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысының жүлдегерлері: Дакен Медина, Смиева Ханшайым, Момыш Елнұр.

«Қысқы кеш» қалалық сурет байқауының жеңімпазы- Раисова Аяулым

«Кенгру»Халқаралық пәндік олимпиадасының, ағылшын тілі қатысушысы- Абылқайыров Бекзат

Халқаралық «Пони» математика пәндік олимпиадасының қатысушысы Жамбыл Бақдәулет.

Республикалық Мұқағали оқуларының 3-орын иегері-Ергеш Нурила

Қалалық «Асыл сөз» мәнерлеп оқу сайысының иегері- Досжанов Алижан

Қалалық «Роботехника» сайысының қатысушысы- Хабибулла Али

Нурила:

Ұстаздардың арқасында шаттандық,

Сөзін ту ғып болашаққа аттандық.

Мектебімде ұстазым бар Зайра апай атты

Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

Бақдәулет:

Орыс тілі әр кезде керек ертең

Света, Ермек апайлардың көңілі өте көркем.

Ашық жарқын жанары қашан көрсең

Барлық жандар осындай болса екен.

Али:

Жүрегімде Сайда,Айжан апай берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын

Мәңгі бақи есімізде қалады.

Елнур:

Баулыған әрбір өренді,

Еңілік апай өнерлі.

Әсем әннің шебері,

Әрбір сөзі мәнерлі.

Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

Бекзат:

Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңілінін хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Айгерім апай осындай.


2-жүргізуші: Біздің сыныбымыздың мақтаныштарын марапаттау үшін жас маман әрі үйлестіруші педагог-Утегулов Асылан Боранбаевич, және жас маман, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Еділбаева Сайда Мұхитқызы (Ұстаздарға мың алғыс)



1-Жүргізуші: Қазақты қазақ танытатын өнерімізбен салт-дәстүрімізді дәріптейтін ұд-қыздарымыздың әр қашанда рухы биік, алар асулары асқақтай берсін! (БИ),

Ән: Бастауышпен қоштасу

2-жүргізуші : Жас әншіні марапаттау үшін жас маман музыка пәнінің мұғалімі-Досанова Еңілік Болатханқызы ортаға шақырамыз!

Мұғалімнің сөзі: Бастауышта оқыдың,
Ойға білім тоқыдың.
Шәкірт бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман - есен болыңдар!

Келесі сөз кезегі:

1-Жүргізуші: Келесі кездескенше Еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын, Сау болыңыздар!