СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Адамның ақыл - ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби болды.

Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде /43 сөзі / бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттілер бара - бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

М. Жұмабаев өзінің педагогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.  

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.»

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық

қабілеттерін дамыту


Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Адамның ақыл - ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби болды.

Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде /43 сөзі / бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттілер бара - бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

М. Жұмабаев өзінің педагогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей келе олар қоғамдық тарихи іс - әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілеттер» - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері - дейді А. В. Петровский. «Қабілет іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауға тырысатын адамның жеке қасиеті»,- деп жазады Т. Тәжібаев.
«Қабілеттер» - адамның іс - әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» - деген де анықтама бар. Мүмкіндік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы»,- деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдеген.
Репродуктивті /өнімсіз/ - іс - әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі. Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде?
«Шығармашылық» сөзінің төркіні /этимологиясы/ «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я. Н. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді.

Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.

Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды деп ойлаймыз. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.
Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халық және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді.

Оқушының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез - келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығарма - шылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілі бар:

Әңгіме бойынша сурет салу
Оқушылардың жаңа ғана айтылған ертегі немесе нақылға орай қандай да болмасын сурет салуды сұраңыз. Бала өзін бейнелеу өнерінің шебері ретінде сезінеді, сонымен бірге әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап қалады. Өйткені ол әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді көздейді.

Белгілі бір суретке қарап, соның суретін салғызуға болады. Ол үшін:
1. Суретті мұқият қарауға уақыт беру.
2. Оқушыларға берілетін тірек - схемалар:
- Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
- Суретші қандай көңіл күйде болған?
Осы сияқты тағы басқа да суреттер бойынша әңгіме құрастыруға болады.

Жалпы адамзаттық құндылықты бейнелеу.
Сабақтың тақырыбы бойынша балалардан адамның әлдебір сапасы туралы айтатын бір нәрсені бейнелеуді сұраңыз. Мүмкін бұл оларға алғашқыда қиын тапсырма болып көрінер. Алайда, балалар уақыты келгенде кез - келген шығармашылық ойды қағаз бетінде түсіруге болатынын түсінеді және оны өзіндік пікірмен қоса, әсерлі жеткізуді мақсат етеді.

Проза және өлең шығару.
Балалардың ішінде әлдекімге өзінің сезімдерін суреттер арқылы емес, сөзбен жеткізу жеңіл болады. Бұл қабілет егер оқушылар ән айту немесе музыка тыңдау кезінде өздерінің әсерленушілігі туралы жазуға талаптану кезінде байқалады. Кейбір балалар сезімдерін өзі шығарған өлеңдерінде айқын көрсетуге қабілетті келеді. Соны - мен қатар өзінің ішкі ойын толықтыру мақсатында ақындардың өлеңдерін пайдаланады.

Ішкі дүниенің бейнелері.
Бұған дейін айтылғандай, тыныштықта отыру шығармашылыққа кеңістік береді. Егер балалардан өз бойына шолу кезінде олардың нені көргенін қағаз бетіне түсіруді сұраса, баланың ішкі дүниесінің қаншалықты бай екеніне көз жеткізуге болар еді. Балалар ойы ғажайып бейнелерді қамтуға қабілеті жететінін тәжірибе көрсетті. Солардың бірі жарыққа малынған бүкіл әләмді бейнелейді, басқалары өз жүрегіндегі әдемі гүл түрінде өзінің сезімдерін жеткізуге тырысады.

Біздің ойымызша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.
Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
Біріншіден, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы, біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жан ұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа!

Екіншіден, баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым - қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

Үшіншіден, шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді.

Төртіншіден, ең негізгі шарт - бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден - бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасауымыз керек.
Осы жағдайларды ескере отырып, өз сыныбымның оқушыларын бастауыш сыныптан бастап бақылау жасай отырып, дамыта оқыту технологиясымен жұмыс жасап келемін.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын.

  1. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  2. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

  3. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  4. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  5. Өлең, мақалдар құрастыру.

  6. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  7. Кейіпкерге мінездеме беру.

  8. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

  9. Рөлге бөліп оқыту.

  10. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  11. Диалог-ертегі.

  12. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземін. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейін. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

«Образға кіру» Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

«Талдау және қиялдау» Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

«Суырыпсалма ақын» Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.

Мысалы «Жаңбыр ойыны» Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл. Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)

«Диалог-ертегі» Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

«Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

  1. Суреті бар, хабарлайды,
    Жәшікте тұрып жыбырлайды.
    Ән салады, би билейді,
    Көңіліңді көтереді. (теледидар)

  2. Бізге жарық береді,
    Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)

Мақал :

Еңбексіз нан жоқ,
Нансыз өмір жоқ.

Бұдан өзімнің іс - тәжірибемді қорыта келіп, мынадай түйін түйдім:

  1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.

  2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.

  3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.

  4. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата- аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.

  5. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына көмектеседі.

  6. Ата-аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.

  2. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.

  3. Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева

  4. Бастауыш білім журналы № , 2004 ж.

  5. Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева

  6. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №  1, 2, 2008 ж.















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!