«Біліммен бағындырған белестерді.»
Өркениетті өзгерістерге бет бұрған бүгінгі қоғамда білім ордаларының бәсекеге қабілетті тұлға дайындауы айрықша назарда екені белгілі. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, адамзатқа қызмет ету, әрбір адамның да, әрбір мекеменің де парызы. Өскелең ұрпақ бойына тәрбие мен білімді сіңіріп, үнемі ізденіс үстінде жұмыс істеп келе жатқан облысымыздағы бірден-бір білім ошағы Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық білім бәйгелерінен жүлделі орын алып жүргені жанымызға қуаныш сезімін ұялатады. Биыл ата-бабларымыз аңсап кеткен киелі тәуелсіздік мерекесіне жиырма бес, ал Маңғыстау облыстық қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ашылғанына он жыл толғалы отыр.
Қазақ-түрік лицейі педагогикалық ұжымының басты мақсаты – оқушылардың түрлі қабілеттерін дамыту, олардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау. Мұндағы оқушыларға қойылатын басты талаптар – шығармашылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Қазақ-түрік лицейлерінің ерекшеліктері төрт тілде білім береді, қазақ, орыс, ағылшын, түрік. Математика, физика, биология, химия, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
Білім мен ғылымның дамуы адамзат баласын өркениет шыңына жетелейтіні белгілі. Оқушылар бойына танымдық қызығушылықты сіңіру — көп уақытты қажет ететін үрдіс. Жоғары оқу орындарында педагогикалық үрдісті мектеп бітірушілердің бойындағы ізгі қасиеттерді ескере отырып, ұйымдастырған жағдайда ғана жұмыстың нәтижесі жоғары деңгейде көрінеді. Бұл мәселеден мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық қажеттілігі туындайды. Ғылыми жоба негізінде білім алу - жаңа заманға сай білім мазмұнын қамту арқылы оқушыларды зерттеу жұмысына тарту үшін қолданылатын білім беру әдісі. Осы тұрғыда Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессор-оқытушылары: тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Бекешов, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Ж.Туркпенбаева, экономика ғылымдарының кандидаты Д.Д.Абдешов, лицейімізбен кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізіп, болашақта бірлесіп жұмыс жүргізу мақсатында оқушыларға ғылыми жобалар жұмыстарынан жетекшілік етіп келеді.
Жыл сайын лицейде оқушыларға әдеби кітап оқудан жарыстар өтеді, нәтижесінде оқыған кітаптары бойынша сынақтар алынып, жүлдегер оқушыларды бағалы сыйлықтармен (велосипед, планшеттер т.б.) марапаттап отырады. Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ұлы тарих пен жас ұрпақты байланыстырушы зиялы қауым өкілдерімен, танымал тұлғалармен кездесулер өткізіліп отырады. Жеке тұлғаның бойында ұлттық тәрбиенің қалыптасуында маңызды рөл ойнайтын фактор ата-аналардың оқушыларға берер тәрбиесі. Осы мақсатта лицейіміз ата-аналармен бірге тәрбие сағаттарын және спорттық іс-шараларды мықты ұйымдастырып, тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Маңғыстау облыстық қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылыары АҚШ, Бразилия, Үндістан, Венгрия, Румыния, Чехия, Ресей, Якутия, Түркия, Әзірбайжан елдеріндегі дүниежүзілік олимпиадалар мен ғылыми жобалардан жүлделі орындарға ие болып, еліміздің мерейін асқақтатып келеді.
Соңғы 3 жылдың қорытындысы бойынша лицейдің жетістіктерін салыстырмалы түрде қорытындылай кетсек, «Саламатты мектеп – 2013», «ҰБТ бойынша үздік мектеп - 2014», Республикалық «Ең үздік олимпиадалық команда 2014», Диплом І дәрежелі «Білімді, парасатты жас дарындарды оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық жетістіктері үшін – 2016», «Ең үздік команда 2016» Облыстық пәндер олимпиадасында 2012-2013 оқу жылында І орынды -14, ІІ орын – 10, ІІІ орынды -12 оқушы иеленіп, Республикалық олимпиадаға 22 оқушы жолдама алып, оның І орынды – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орынды- 7 оқушы иеленді. Ал 2013-2014 оқу жылында І орынды – 12, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 14 оқушы иеленіп, Республикалық олимпиадаға 21 оқушы жолдама алып, І орынды – 1, ІІ орынды – 5, ІІІ орынды – 6 оқушы иеленді. 2014-2015 оқу жылында І орынды -10, ІІ орынды -15, ІІІ орынды -8,
Облыстық ғылыми жоба қорытындысы бойынша 2012-2013 оқу жылында І орынды – 5. ІІ орынды – 7, ІІІ орынды – 8 оқушы иеленсе, 2013-2014 оқу жылында І орынды – 3, ІІ орынды – 16, ІІІ орынды – 3 оқушы, 2014-2015 оқу жылында І орынды - 11, ІІ орынды – 7, ІІІ орынды – 12 иеленді. Республикалық ғылыми жоба қорытындысы бойынша 2012-2013 оқу жылында І орын -1, ІІ орынды – 1 оқушы иеленіп жоғары нәтиже көрсетсе, 2012-2013 оқу жылында 3-ші орынды 1 оқушы, 2014-2015 оқу жылында 3-ші орынды 2 оқушы иеленді.
Халықаралық пәндер олимпиадасында 2012-2013 оқу жылында І орынды – 3, ІІ орынды – 7, ІІІ орынды – 3 оқушы қанжығаларына байласа, 2013-2014 оқу жылында ІІ орынды – 3, ІІІ орынды – 4 оқушы иеленіп лицей мәртебесін көтеріп тастаса, 2014-2015 оқу жылында ІІ орынды – 5, ІІІ орынды - 3 оқушы иеленді. ал Халықаралық ғылыми жоба сайысында 2012-2013 оқу жылында І орынды – 5, ІІ орынды – 5, ІІІ орынды – 2 оқушы иеленсе, 2013-2014 оқу жылында І орынды – 5, ІІ орынды – 2, ІІІ орынды – 9 оқушы, 2014-2015 жылы І орынды – 2, ІІ орынды – 2, ІІІ орынды – 5 оқушы иеленді.
2012-2013 оқу жылында 36 түлектің 22-сі мемлекеттік грант иегері атанса, оның 3-еуі Халықаралық Назарбаев университетінің студенті атанып, 6-уы шетелдік танымал оқу орындарына қабылданды. Қалғандары еліміздегі түрлі жоғарғы оқу орындарына түсті. 2012-2013 оқу жылында ҰБТ-ның орташа ұпай көрсеткіші 98,07 болып, облыста 1-ші орынды иеленіп, 3 оқушы «Алтын белгі, иегерлері атанды.
2013-2014 оқу жылында 44 түлектің 2-еуі «Алтын белгі» иегері атанып, ҰБТ-ның орташа ұпай көрсеткіші 95,2 болды.
2014-2015 оқу жылында 47 түлектің 2-еуі «Алтын белгі» иегері атанып, ҰБТ-ның орташа ұпай көрсеткіші 93,95 болды. 3-еуі Халықаралық Назарбаев университетінің студенті атанып, 12-сі шетелдік жоғары оқу орындарына, 32-сі еліміздің жоғары оқу орнында оқып жатыр.
Бүгінгі таңда лицей оқушылары Қазақстаннан басқа Ұлыбритания, Малайзия, Жаңа Зеландия, Франция, Қытай, Чехия, Польша, Ресей, Түркия сынды алпауыт елдердің әйгілі университеттерінде оқып келеді.
Бұл ең алдымен, лицей ұжымындағы ұстаздардың жемісті еңбегі. Ізденімпаз ұстаздар оқушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың озық ойлы жеке тұлға болып қалыптасуына аянбай тер төгіп, еңбек етеді.
Лицей-интернат ұжымы білім беруде жоғары сапаға қол жеткізе отырып, үлгілі педагогикалық шеберлікпен үнемі ізденіс үстінде шәкірттерге білім-тәрбие беруде аянбай қызмет ете береді.
Нұрболат Жалжанов
Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік лицейінің география пәні мұғалімі