Просмотр содержимого документа
«7-сынып физика пәні бойынша факультатив»
Түсінік хат
Физика пәні бойынша факультатив бағдарламасының материалы тұрмыс пен техникадағы, өмірдегі және эволюциялық процестегі физика әлемінің рөлін айқындап береді. Ол техниканың өндірістік құбылыстарын түсіндіре отырып, пәнаралық байланысты қамтиды. Практикалық, стихиялық жағдайларда оқу бағдарламасын басшылыққа алып шешім қабылдауына ықпалын тигізеді. Бұл курс әр талапкердің өзін-өзі зерттеуіне, білім мен білік дағдыларын дамытуына жағдай жасайды.
Басты тиімділігі: әрқайсысының жеке ерекшеліктерін дамытуда, оқушылардың танымдық белсенділігін тудыруға талпындыру, қыр-сырларын, іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру арқылы тақырыптардың мазмұнын ашуға, оның ғылымилығымен қатар өмірмен байланысты практикалық есептер шығаруға бейімдей жүзеге асады.
Сабақтың мақсаты: табиғаты адам қажетіне сәйкестендірудегі, адам қажетіне жарасымды етудегі адамның шығармашылық мүмкіндіктерін ұлғайтудағы маңызын ашу;
Ғылыми жаңалықтарды адамзаттың кең қолданбалы мақсатын оқушыларға анықтап көрсету;
Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлануға, ізденуге бағыттау.
Сабақтың міндеті: Физика курсының мазмұнына сәйкес келетін оқу материалын ұғымдылықты ескере отырып кеңейту;
Қарастырылған кезеңдегі ғылым және мәдениеттегі әлем деген көзқарасты қалыптастыру;
Жер бетінде адамзаттың өмір сүру жағдайларына зиянды әсерлерінен қоршаған ортаны қорғауға бейімдеу;
Оқушының тұлға үшін күрес әрекетін игілікті іске жұмсауға әдеттендіру.
«Физика әлемі» факультатив курсының бағдарламасы. 7-сынып
34 сағат. Аптасына 1 сағат
№ | Бөлім атаулары | Сағат саны |
1 | Табиғат пен физиканың бірізділігі | 7 |
2 | Күн туралы таңғажайып фактілер | 7 |
3 | Атмосфералық қысым қызықтары | 7 |
4 | Найзағай тарихынан | 5 |
5 | Күш туралы ұғымдар | 4 |
6 | Табиғат құбылыстарының физикалық мәні | 3 |
7 | Қорытынды конференция | 1 |
| Барлығы | 34 |
Оқу – тақырыптық жоспары
| Тақырып мазмұны | практ | теория | барлығы |
| Табиғат пен физиканың бірізділігі. (7 сағат) | 2 | 5 | 7 |
1 | Табиғаттың кәусар тынысы - атмосфера | - | 1 | 1 |
2 | Физика дүние кілті | 1 | 1 | 1 |
3 | Табиғат құбылыстарының сырын ашу (Брейн-ринг) | 1 | 1 | 1 |
4 | Табиғатты физика тілінде зерттеу | - | 1 | 2 |
5 | Зат құралатын бөлшек | - | 1 | 2 |
| Күн туралы таңғажайып фактілер. (7 сағат) | 2 | 5 | 7 |
1 | Күн техникасы | - | 1 | 1 |
2 | Күн әлеміндегі ең ірі жұлдыз | - | 1 | 1 |
3 | «Қарлы кесек» | | | |
4 | Күннің табиғи маңызы | - | 1 | 1 |
5 | Күн сәулесінің тіршілік үшін маңызы. Күн энергиясы | 1 | 1 | 2 |
| Атмосфералық қысым қызықтары. (7 сағат) | 2 | 5 | 7 |
1 | Атмосфера қабаттары | - | 1 | 1 |
2 | Атмосфера, атмосфералық қысым | 1 | 1 | 1 |
3 | Су құбырларының жұмысының істеу принципі | - | 1 | 2 |
4 | Атмосфераны өлшеу құралдары | 1 | 1 | 2 |
5 | Теңіз деңгейіндегі қысым ерекшелігі | - | 1 | 1 |
| Найзағай тарихынан. (5 сағат) | 2 | 3 | 5 |
1 | Аспан денелерінің физикалық қасиеттері | 1 | 1 | 2 |
2 | Найзағайдың таңқаларлық бейнелері | - | 1 | 1 |
3 | Найзағайдың электрлік қасиеттері | 1 | 1 | 2 |
| Күш туралы ұғымдар. (4 сағат) | 2 | 2 | 4 |
1 | Тартылыс күшін Ньютонша сипаттау | 1 | 1 | 2 |
2 | Техникадағы үйкеліс күшінің зиянды әрекеттері | 1 | 1 | 2 |
| Табиғат жаратылысының физикалық мәні. (3 сағат) | 1 | 2 | 3 |
1 | Күн мен жердің ұқсастығы | - | 1 | 1 |
2 | Ұқсастыққа байланысты диагностика құру | 1 | 1 | 2 |
| Қорытынды | 1 | - | 1 |
1 | «Физика тілінде сөйлесейік» (Эрудиттер сайысы) | 1 | - | 1 |