| | Пәні: Математика |
Сабақ тақырыбы | Функция. Функцияның берілу тәсілдері: аналитикалық тәсіл (формула арқылы беру) |
Мақсаты | Функционалдылық тәуелділік ұғымын қалыптастырып, функцияның жазылуын, оқылуын білу. Функция туралы ұғым, функцияның формуламен берілу ұғымын дамыта оқыту. |
Сабақ түрі | Жаңа білімді игерту сабағы |
Әдіс-тәсілдер | Жұптық, «Зигзаг» стратегиясы |
Сабақ көрнекілігі | Топ ережесі, бағалау критерийі, сұрақтар, смайликтер, қажетті құралдар. |
Өту барысы: |
Сабақ кезеңі | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру /2 мин/ | -амандасу; -түгелдеу; -оқушының назарын сабаққа аудару; -оқу құралдарының дайындығын тексеру | -амандасу; -кезекшілік міндеттерін атқару; -сабаққа дайындалу; |
Қызығушылықты ояту /4 мин/ | ,,Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін, Есеп-қисап,сан-цифр термек үшін. Көрсетіп есептеудің жолын қалай, Келдім оларды айтып бермек үшін,, -деп сабағымызды бастаймыз . -Өмірде әр түрлі ережелерге ұстанамыз, мысалы Жолда жүру ережесі, мектептегі оқушылардың ережесі, әдептілік ережесі, т.с.с.... -Ал математикада ережелер әріптері бар теңдіктермен жазылады. -мысал келтіріп көр.
| Оқушылар өз мысалдарын айтады |
«Жаңа сабақ» /9 мин / | Техникада, шаруашылықта және күнделікті өмірде бір шаманың мәні екінші шаманың мәніне тәуелді болатынын жиі кездестіреміз. Мысалы: заттың құны оның саны мен бағасын тәуелді, жүрілген жолдың ұзындығы жылдамдыққа немесе уақытқа тәуелді. Тірек-сызба арқылы түсіндіру: P=2(a+b;) V=abc; S=ab; s=vt; y=f(x); v=s:t Осы формулаларды функцияда қолданамыз. Мысалы, ауданы S см2 тік төртбұрыштың ені 7 см, ал ұзындығы одан х см артық. S=f(x) функциясын формуламен жаз және f(2)-нің мәндерін табыңдар. Шешуі: S=ab формуласын пайдаланамыз. Есептің шарты бойынша S=7(х+7) болады. f(x)=7(х+7) f(2)=7(2+7) =63 Демек, f(2)=63 болады. |
«Ой-толғаныс» /20 мин/ | 1-есеп.Оқушы 5 тг-ден х дәптер сатып алса,ол қанша ақша төлеу керек?Оқушының төлейтін ақшасын қандай формуламен өрнектейміз? 2-есеп.Шаршының ауданы,оның қабырғаларының ұзындығына тәуелді екенін біле отырып,мына кестенің бос орындарын толтыр. а-тәуелсіз,S-тәуелді. а=2; 3; 4; 5. S-? 3-есеп.Сағатына 6 км жылдамдықпен жүрген жаяу адамның жолы қозғалыс уақытына тәуелді.S әрпімен белгілей отырып,мына кестені толтыр. t =1,5; 2; 2,5. S-? S= 9; 12; 15. t -? 4 – есеп. Кітаптағы №1272 5 – есеп. Кітаптағы №1273 6 – есеп. Кітаптағы №1281 7 – есеп. Кітаптағы №1282 | y=5x S =а2 S =4; 9; 16; 25. S=6t S=9; 12; 15. t=1,5; 2; 2,5. Оқушылар осы есепті шығарады. |
Сергіту сәті. «Кім көп біледі?»ойыны Сандар әлеміне саяхат (тапқырлыққа берілетін есептер) | Шығармашылық жұмыс. Әр оқушы он математикалық термин айту керек.
1. 9 цифрын 4 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (99+99=100) 2. 5 цифрын 5 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (5+5+5+5)*5=100 3. 1 цифрын 6 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (11-1)*(11-1)=100 | Оқушылар логикалық тапсырмаларды орындайды |
Үйге тапсырма беру /1 мин/ | №1274 есеп. | Күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау /3 мин/ | «Ашық журнал» арқылы оқушыларды бағалау | Бағалау парақтарында жалпы ұпайды шығаруды сұраймын. | Өздерінің бағасын білу |
Рефлексия /2 мин/ | «Нысана» әдісі | Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрау | Смайликтерді тақтаға іледі. |