Тақырыбы | С. Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі | |
Сілтеме | 5-оқулығы, Ә.Тәжібаев суреті, www/youtube.ru | |
Мақсаты | Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету; талдау жасау жұмыстарына машықтандырып, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту; Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу;
| |
Күтілетін нәтиже | С. Сейфуллин туралы мағлұмат бере алады. Өлеңнің идеясын ашып, өз беттерімен талдау жүргізеді. Өз көзқарасын жүйелі түрде талдап ойын айқын тұжырымдай алады. Табиғатта болып жатқан өзгерістерге қорытынды жасайды. Өз пікірін ортаға салып дәлелдей алады. | |
Оқыту әдістері | Ой қозғау, баяндау, талдау, топтық салыстыру, ойын, | |
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) | Топқа бөлу (қоржыннан қағаз алу) Психологиялық ахуалын көтеру (жақсы сөз айту) Ережемен таныстыру (тақтадан оқып беру) | |
Үй тапсырмасын пысықтау (2 мин) | «Ыстық орындық» ойыны Өтілген тақырыптарды қайталау | Сыйлық беру |
Миға шабуыл жасау (1 мин) | Балалар бәйтерек ағашы туралы не білесіңдер? Үш бәйтерегіміз кімдер екен?
| |
Мұғалім әрекеті (2 мин) | С.Сейфуллин туралы қысқаша түсінік беру | |
Сергіту сәті (2 мин) | Құрманғазының «Ақсақ киік» күйін тыңдату | |
3-тапсырма (10 мин) | Топтық жұмыс 1-топ Арқа, Бетпақдала туралы 2-топ Киік туралы 3-топ Бәйтерек туралы | Формативті бағалау |
1-тапсырма (5 мин) | Кітаппен жұмыс - Қане, әрі қарай мәнерлеп өзіміз оқып жіберейік. Оқып отырып, түртіп алайық. ( экраннан сөздік жұмыс көрсетіледі) Қу баялыш – шөп атауы Сегіз көштік – ұзындық өлшемі Қос – шатыр, күрке Бетеге - шөп атауы
| Сыйлық беру |
5-тапсырма (5 мин) | Әдеби теориялық талдау жұмыстары (дәптермен жұмыс) |  |
| «Сен Сәкен туралы не білесің?» ойыны.
|  |
Рефлексия (3 мин) | Кері байланыс. Оқушылар сабақ туралы ойларын стикерге түсіреді. |   |