СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Доппен топтық тапсырмалар.

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Доппен топтық тапсырмалар.»

Бекітемін»

«№2 мектеп-гимназиясы»КММ

директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары: Г.А.Аминова

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Командалық ойынның қозғалыс дағдысы

Мектеп: №2 мектеп-гимназия

Күні: 11.10.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Аймаганбетов Саги Айтуганович


Сыныбы: 10 «а»

5 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Доппен топтық тапсырмалар.

Меңгеру мақсаттары:

10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану

Сабақ мақсаттары:

1. Волейбол ойынының жалпы ережесін біледі;

2. Топтық жұмыс арқылы әр түрлі дене жаттығуын орындайды.

Бағалау критерийлері:

1. Волейбол добын төменнен және жоғарыдан қабылдайды;

2. Топта әр түрлі комбинациялар орындайды.

Бағыттаушы сұрақтар

Комбинация дегеніміз не?

Доппен топтық ойындарды қалай дамытуға болады?

Ойын барысында әр түрлі комбинация неге маңызды?

Миссия, пайымдау, құндылықтар


МИССИЯ

-Шығармашылықты нығайту

-Әлемдік білім беруді түсіну

ПАЙЫМДАУ

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Спорт ойындарының жеке және командалық қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өзінің түсінігін талдап, көрсете алады.

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • қабылдау, беру

  • лақтыру, пас, шабуыл соққысы

  • шабуыл, қорғаныс, нақтылық

  • тәсіл, стратегия, мәселе, шешім

  • қауіпсіздік, ереже, ойын

  • шабуылдаушы, қорғаушы, байланыстырушы

  • ойын қисыны

Талқылау үшін сұрақ:

  • Қорғаныс әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?

Құндылықтарды дарыту:

Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту.

Пән аралық байланыс:

Биология, физика пәнімен кіріктіре ұйымдастыру

Бастапқы білім:

Оқушылар алдағы сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында алынған, сондай-ақ мектептен тыс қызметте игерген спорт ойындарындағы техниканың, тәсілдер мен стратегияның білімдері мен дағдыларын меңгереді.

САБАҚ БАРЫСЫ.

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал жабдықтар

Сабақтың басы:






2 мин.









3 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Сұрақ-жауап арқылы волейбол ойнындағы қауіпсіздік ережесі, допты қабылдаудың түрлілігі туралы ақпарат анықталады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды:

  • Ойын комбинациясын қалай құру қажет?

  • Жалғаушы ойыншымен қандай комбинация ойластыра аласыздар?

Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды).

Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді.


Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Волейбол алаңы мен тор. Волейбол доптары.



Сабақтың ортасы:









5 мин.
















10 мин.















10 мин.





















5 мин.

Доппен топтық тапсырмалар.

Мақсаты: Доппен жүптық және топтық тапсырмалар орындау арқылы қозғалыс дағдыларын жетілдіру, волейбол ойынына керек негізгі қозғалыс дағдыларын спецификалық жаттығулар арқылы дамыту, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: Оқушылар нұсқаулықпен жеке танысады, шағын топтарда жұмыстана отырып сабақ тақырыбын жүзеге асырады.

Мұғалім әрекеті:

Сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді;

Допты үстінен,астынан жалғау, қабылдау және де шабуылдау бейнематериалын көрсетеді;

Сыныпты жұптастырады,топтастырады;

Оқушылардың доппен орындаған жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалайды;

Оқушылардың жіберген қателіктерін айтып отырады;

Жаттығуларды бір біріне көрсету барысында кері байланыс бере отырып қателіктерді түзетіп отырады;

Келесідей сұрақ қою арқылы білімді бекітеді:

  • Ойыншылардың ойын сәтінде орындарын алмастыру неге маңызды?

Оқушы әрекеті: (С,Т,ЖЖ).

Допты жоғарыдан және төменнен беруді жетілдіру

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ жұптасып бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екінші топ екі лекке сап түзеп қарама-қарсы тұрады. Мұғалім көрсеткен жақындату жаттығуларын орындайды:

1-топ.

- жұпта волейбол добын жоғарыдан жалғау және төменнен қабылдау әдісі(қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі);

2-топ.

- Қарама-қарсы лекке сап түзеген оқушылар,яғни лектің басында тұрған оқушы волейбол добын үстінен немесе астынан жалғап келесі қарсы тұрған лектің соңына барып тұрады.

Шабуылдау соққысын жетілдіру

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ жұптасып бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екінші топ үштікке бөлінеді.

1-топ.

- жұпта жұмыс жасайды, яғни бірі секірмей допты алдына лақтырып соққы жасайды, екіншісі төменнен допты қабылдау әдісін орындайды;

2-топ.

- үштікте жұмыс жасайды, яғни бірі допты төменнен қабылдап қарсы тұрған екі жұбына допты кезекпен-кезек көтеріп жалғайды, ал көтерілген ауадағы допты қарсылас тұрған жұптастары кезекпен-кезек секірмей соққы жасайды.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- тапсырмаларды орындау кезінде реттілікті сақтайды;

-волейбол добымен жаттығуларды орындау барысында қол, аяқ, дене қалыптарын талапқа сай қояды;

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтайды.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Волейбол алаңы мен тор. Волейбол доптары. Флипчарт,маркерлер.


Волейболдағы допты берулер туралы шеберлік сыныптары:


https://www.youtube.com/watch?v=-dur0olPoTk

https://www.youtube.com/watch?v=5lVrFWv_8tI

Сабақтың соңы:



5 мин.


«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.

Бос кеңістік.

Кері байланыс түрлеріне сілтеме:

https://www.google.kz/url?sa=i&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwitnLevlPzeAhXMo4sKHQejDmkQjRx6BAgBEAU&url=https%3A%2F%2Fbilimgylym.wordpress.com%2F2017%2F12%2F26%2F%25D1%2582-%25D0%25B6%25D2%25AF%25D1%2580%25D0%25B3%25D0%25B5%25D0%25BD%25D0%25BE%25D0%25B2%2F&psig=AOvVaw2dafs3uotWACCFSPp4kiSw&ust=1543668683009647

Саралау:

Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды.

АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, бағалау үрдісіне қатысады.

Бағалау:

Теориялық білімді тексеру.

Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді.

Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап, бөліседі.


Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия:

  1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?



  1. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?



  1. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



  1. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?



  1. Жалпы оқушыларды бағалау




Сабақтың жақсы екі аспектісі(оқытуға,үйренуге қатысты.)

1)



2)




Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту және үйрену)

1)



2)














Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!