СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Еліктеу сөздің түрлері" ашық сабақ

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін білу, еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылықтарын, ортақ белгілерін түсіну. Өмірде еліктеу сөзді қолдана алуға үйрету. Сабақ бөлімдерінде мерекелік мейрамдарды кірістіре отырып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«"Еліктеу сөздің түрлері" ашық сабақ»

Күні: 05.03.2018

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 6 «А»

Ашық сабақ өткізуші мұғалім: Серікболатқызы С.

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін білу, еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылықтарын, ортақ белгілерін түсіну. Өмірде еліктеу сөзді қолдана алуға үйрету. Сабақ бөлімдерінде мерекелік мейрамдарды кірістіре отырып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: миға шабуыл, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, «бес саусақ» әдісі.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, доп, конфеттер, таратпа материалдары, түрлі-түсті қима қағаздар.

Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі 

1. Конфет түстері арқылы 4 топқа бөлу. (2 минут)

2.Үй тапсырмасы. Өткен тақырыптар бойынша ереже жаттау. (7 минут)

Өткен тақырыптар бойынша шолу сұрақтары.

1.Үстеу дегеніміз не?

2. Үстеу құрамына қарай неше түрге бөлінеді?

3. Негізгі үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір.

4. Туынды үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір, дәлелде.

5. Күрделі үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір, дәлелде.

6. Үстеулер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

7. Мезгіл үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

8. Мекен үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

9. Сын-қимыл үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

10. Мөлшер үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

11. Күшейткіш үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

12. Мақсат үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

13. Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не? Мысал келтір.

14. Еліктеу сөз дегеніміз не?

II. Жаңа материалды түсіну.

«Миға шабуыл» әдісі. (1 минут)

Балалар, қолдарымызбен партаны соғып көрейікші, қандай дыбыс шықты? (дүңк-дүңк, тарс-тұрс), орнымызда тұрып аяқтарымызды басып көрейікші, қандай дыбыс шықты? (гүрс-гүрс), енді барлығымыз алақанымызбен шапалақтап көрейікші, қандай дыбыс шықты? (шарт-шұрт,шатыр-шұтыр алақанның дыбысы шығады). Демек біз бүгін еліктеу сөздің түрлерімен танысамыз.

«Еліктеу сөздің түрлері» видеоролик. (3 минут)

III. «Артық білім кітапта» (топпен орындау). (7 минут)

304 –жаттығу, 180 бет. Еліктеу сөздерді қатыстыра отырып, мерекелердегі шеруді, отшашуды сипаттап жазыңдар.

Топтар берілген мерекелер мен арнаулы күндер бойынша, еліктеу сөздерді кірістіре отырып 8-9 сөйлемнен тұратын мәтін құрау. (Мәтін құрамындағы еліктеу сөздің астын сызып көрсету). Мәтін ішінен 3 сөздің орысша, ағылшынша баламаларын айтады.

1-топ: 1-наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні.

2-топ: 1-наурыз – Алғыс айту күні.

3-топ: 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі.

4-топ: 22-наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Жаңа жыл мейрамы.

IV. «Кім тапқыр, кім білгіш?» (7 минут)

4 топқа еліктеу сөздер жазылған парақшалар таратылады. Берілген сөздердің ішінен еліктеу сөздерді құрамына қарай, мағынасына қарай, тұлғасына қарай ажыратып теріп жазады.

1-топ: Дара және күрделі еліктеу сөздерді ажыратып, бөліп жазыңдар.

Қиқаң, күмп-күмп, бұралаң, ербең-ербең, тарс, жарқ-жұрқ, селк, сатыр-сұтыр, бұрқ, ежірең-ежірең, елең, шыр-шыр, жарқ, азан-қазан, зу, қорбаң-қорбаң.

2-топ: Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді ажыратып, бөліп жазыңдар.

Сарт-сарт, лап, бұрқ-сарқ, қылт, сырт, жалт-жұлт, дүңк, қалт-құлт, тық-тық, былқ-сылқ, жыбыр-жыбыр, шықыр, желп-желп, шыр-шыр, маймаң-маймаң, сыбдыр-сыбдыр, бақшаң-бақшаң, сатыр-сұтыр.

3-топ: Негізгі және туынды сөздерді ажыратып, бөліп жазыңдар.

Арс, алшаң, гүрс, арбаң, былқ, елпең, жалт, дікең, гу, сылаң, зу, қылтың, шолп, жайнаң, баж, бұралаң, жылт, едірең.

4-топ: Дара және күрделі еліктеу сөздерді ажыратып, бөліп жазыңдар.

Тырс, опыр-топыр, күрт, тақ-тұқ, морт, қарқ-қарқ, жалаң-жұлаң, шырт, лып, дүр-дүр, барқ, қисаң-қисаң, жарқ, зірк, пышыр-пышыр, бұлқан-талқан.

V. Сергіту сәті. «Мен қазақпын» (1 минут)

VI. Дәптермен жұмыс. Морфологиялық талдау. (5 минут)

4 топтан 4 оқушы шығарылып, сөйлемдерге морфологиялық талдау жұмысы жасалынады. Қалған оқушылар орнында отырып орындайды.

1-топ: Бастығым мырс-мырс күлді.

2-топ: Әкем далаға бағжаң-бағжаң қарады.

3-топ: Ағаштар шатыр-шұтыр сынды.

4-топ: Апасы күңгір-күңгір күліп қояды.

VII. Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі. (5 минут)
Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызыңыз. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойыңызды білдіріңіз:

1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......

2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.

3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.

4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...

5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.

Оқушылар осы бойынша кері байланыс орнату арқылы, сабақтан алған әсерін бес саусаққа жазып, өз қолтаңбалары ретінде тақтаға апарып «Даналық кітабына» іледі.

VIII. Бағалау. (2 минут)

Оқушылардың өзін-өзі бағалауларын ескере отырып, қорытынды баға қоямын.

IX. Үйге тапсырма: Ереже жаттау, көркем шығармадан еліктеу сөздердің түрлеріне мысалдар теріп жазу.











































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!